Саннан сапаға өту үшін бұрынғы қателіктерді қайталамау керек

БлогКэмп осымен 4-ші рет өтейін деп жатыр. Демек артта біраз тәжірибе қалды деген сөз. Сол бұрынғы қателіктерді, кемшіліктерді қайталамай, биыл атына заты сай Құрылтай өтсе екен деп тілеймін.

BlogCamp: Саннан сапаға өту үшін бұрынғы қателіктерді қайталамау керек

Менің ойымдағы БлогКэмп — блогерлердің жәй жиыны. Бір бірімен оффлайнда танысу, қауышу, тәжірибе алмасу, араласу, бірге көңіл көтеру. Ал біздің көретініміз қандай БлогКэмп? Бұрын қандай қателер жасадық?

Ресмилік
Лауазымды тұлғалар, меморган басшылары, қоғам қайраткерлерін шақырып, оларға сөз беріп тым ресмилендіріп жібердік. Қарапайымдылық жоқ. Тым байсалды болып кетті.

Формат
БлогКэмпты көп адам ІТ-форумдармен шатастырып кетті. Ұсынатын, тыңдағысы келетін тақырыптар да блогосфера аясынан шығып кететін тақырыптар. Ондай ІТ тақырыптар үшін Шымкенттегі TechX, Астанадағы АИФ жеткілікті сияқты. Блогкэмпта блогерлер өз жазу техникаларымен, жарнамалау әдістерімен, пост жазу барысында қолданатын онлайн сервистер туралы, мультимедиа құралдары туралы әңгімелегенін қалар едім.

Контингент
Тақырыптан тым алыс жүргендердің келгенін қаламас едім. Блогосферамыз мықты болуы үшін алдымен элитар орта құрылуы тиіс. Жұрт сол шеңберге кіруге талпынуы керек. Сапа сол кезде артады.

Ынталандыру
Старт-аптардың не үшін өтетінін түсінбедім және солардың нәтижелерін де көрмедім. Егер демеушілерден түскен қаражат бар болса оны Алматыдағы алғашқы Құрылтайдағыдай түрлі номинациялар бойынша блогерлерге бөліп беру керек. Осындай ынталандырулар қажет.

Шығындар
Ұйымдастырушылар келушілердің жол және жатын орын шығындарына бас ауыртпаулары қажет деп ойлаймын. Әркім өзі үшін келетін болғасын әркім өз мәселесін өзі шешуі қажет. Шығындар мейлінше азайтылса біреуге тәуелділіктен де, жоғарыда айтылған ресмиліктен де құтылуға болады. Өткізетін орын, кофе-брейк, атрибутика шығындарын жергілікті органдарсыз-ақ 1-2 демеушінің көмегімен өткізуге болады деп ойлаймын.
Бөлісу:

15 пікір

zholantai
маған керегі осы,
Блогкэмпта блогерлер өз жазу техникаларымен, жарнамалау әдістерімен, пост жазу барысында қолданатын онлайн сервистер туралы, мультимедиа құралдары туралы әңгімелегенін қалар едім.
rakisheva
Толық келісемін! Әсіресе нәтижесіз стартаптардың жайымен.
KuanyshKozhabayuly
Блогер тек ІТ мамандар болу керек деп ойлайтындар да бар.
Abilakim
Мен толық келісемін.Бірақ, бұл мәселе биылғы құрылтай үшін кеш көтерілді-ау деп отырмын. Осы жолғы старт ап шығындарын басқа жаққа бұрып жіберуге әлі де кеш емес секілді. Бірақ, оны шешетін мен емес. Себебі, қаржы ресми орындардан бөлініп жатыр. Ал, олар мына біздің БҚ түсіне алмайды. Жәй бір жиын деп ойлайды басында. Кейін жай жиын емес екенін түсінеді. Бірақ, не жиын екенін тағы түсіне алмайды. Біздер үшін қарапайым ғана беріле салатын ынталандыру сыйлығы үшін олар түрлі құжаттар талап етеді. Мысалы «Жақсы пост иесіне бір планшет» деп, үздікті таңдап алып бере салу қатты қиын емес қой. Бірақ, олардың өз калькалары бар. Олар оны байқау ретінде жариялайды. Ереже, шарт жасайды. "Әкіматтың калькасын" киген құжаттары көп. Мен, келер жылы БҚ бір қалада өтер болса, облыс әкімдігінсіз өтуін қалаймын және сол БҚ «Блогқұрылтайды әкімат көмегімен өткізтудің қиындықтары» деген презентация апарар едім
asaubota
иә, кеш жаздым. жалпы интернетке жете алмай жүрмін отбасылық жағдайларға байланысты. бірақ биыл ең болмаса тақырыптарды реттеуге және келушілерді сұрыптауға үлгересіңдер
Abilakim
Ия, бәріне жағу мүмкін емес қой
Мұсылман болу әсте-әсте, кәпір болу бір пәсте деген секілді ғой. Өстіп-өстіп, блогқұрылтай бір тамаша жолға түседі
Janasil
қызығы сол ұйымдастырушылар жыл сайын ауысып кетеді де, алдыңғы адамдардың жіберген қателіктері мен тәжірибелері ескерусіз қалып кетеді. )
Aldeken
Жәй бір жиын деп ойлайды басында. Кейін жай жиын емес екенін түсінеді. Бірақ, не жиын екенін тағы түсіне алмайды.

Мен, келер жылы БҚ бір қалада өтер болса, облыс әкімдігінсіз өтуін қалаймын және сол БҚ «Блогқұрылтайды әкімат көмегімен өткізтудің қиындықтары» деген презентация апарар едім
 өртедің, амиго!
Ispek92
Контингент
Тақырыптан тым алыс жүргендердің келгенін қаламас едім. Блогосферамыз мықты болуы үшін алдымен элитар орта құрылуы тиіс. Жұрт сол шеңберге кіруге талпынуы керек. Сапа сол кезде артады.
Мен мынаумен толық келісемін, негізі өзін нағыз блогер сезінетін адам баруы тиіс деп санаймын.
asaubota
алғашқы блогкэмпың құтты болсын. танысқаныма қуаныштымын
JAKO
Аршат, мен әлі еш блогкэмпқа қатыспасам да алғашқы өткен блогкэмптардың барлығының тыныс-тіршілігінен хабар үзбей қарап отыратын жанкүйерлеріңнің бірімін. Алғашқы Алматы мен Астанадағы өткен блогкэмп сол өздерің басында жариялағандай бейресми, еркін блогерлер жиыны болды деп ойлаймын. Ал Шымкентте әкімшілік араласқаннан ақ бұл жиында билік қармағын қапты-ау деген ой келді. Бірақ Шым блогерлері өздерінің табандылықтарының арқасында еш сыр бермей өте жоғарғы деңгейде алып шықты. Бірақ барлық өлкенің ұйымдастырушылары Шымкенттік жігіттер сияқты емес қой. Қарағанды блогкэмпі әкімшілік ықпалынан шығуы өте қиын болатын сияқты, қазірдің өзінде бәйгеге қатысатын посттар Қарағанды туралы болу керек. т.т әңгімелер қылаң беруде, ұйымдастырушылардан түсінбегеніңді сұрасаң жауаптары командалық тонда, несіне сұрадым деп жасып қаласың. Сенің шығындар туралы айтқандарың жүз пайыз ұнады. Шын ниетті блогерлер өз қаражаттарымен барып, өзіне кажетті рухани азығын алудан қаша қоймас деймін, қазақ жер түбіне тойға да барып жатады емес пе? Бұл өз ойым ғой, әйтпесе блог туралы түсінігім де шамалы қате болса кешіріңдер, ниеттес болған соң жазып жатырмын.
Abilakim
Мен әр жақтың әкіматында әр түрлі адамдар отыратынын тағы бір жазсам деп отырмын)))Содан кейін меморындардан қолдау күткеннен соң олар да сеннен жауап күтеді. «Судың да сұрауы бар» дегендей. содан кейін сол аралықта болып жатқан саяси оқиғалар өз әсерін тигізбей қоймайды.Қаражат меморыннан келіп жатқан соң ол жақ қайтсе де өз ниетін, көзқарасын бір білдіргісі келеді. Нәтижесінде, біздің құрылтайға белгілі бір көлемде салқыны тиіп өтеді. Мысалы, биылғы блогқұрылтайда «Мәңгілік ел» логосын көресіздер. «Мәңгілік блогерлер» болуымыз үшін бұны да бір қолдап қойған жөн шығар)))
Abilakim
Біз отыра қалып «Мәңгілік елді» талдамаймыз. Бірақ, логосы тұрады
asaubota
осы пікір бүгін құнды материал болып отыр бір постыма :)