Ғашықтарға ескерткіш (суретбоян)

Біреуге жаңалық, біреуге боян болуы мүмкін.

Валентин күні, ғашықтар, махаббат, т.б. деген әңгімелер айтылып жатқасын, осыдан бірталай уақыт бұрын Интернеттен көрген бір суретті бөліскім келіп кетті. Просто, бұл туралы орысша 2007 жылғы бір жаңалықта болмаса, басқа еш жерде қазақша жазылмаған екен (мақалада суреті жоқ) :)

Мына суреттегі ескерткіш Тараз қаласында қойылған. Шетелде «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алып жүрген ақтөбелік Айнұр деген қыз бен жамбылдық Болат есімді екі жас үйленбекке уәделесіп, «Баку-Ақтау» рейсімен елге қайтып келе жатқанда, ұшақ апатқа ұшыраған екен. Іздеу жұмыстары кезінде екеуінің денелерін теңіз түбінен құшақтасқан күйі шығарып алған деседі. Оқиға 2006 жылы болыпты.

Содан бір жылдан кейін, яғни 2007 жылы Тараз қаласында екі жастың құрметіне осы ескерткішті тұрғызыпты. Авторы — Қадырхан Кәкімов.



Сурет мына жерден алынды. Егер Таразға жолым түсіп жатса, өзім түсірген суретпен алмастырып қоярмын :)
Бөлісу:

12 пікір

sammita
шынымен әсерлі ескерткіш екен. Төменгі жағында сөздері жазулы тұр. Махаббат, ғашықтар жайлы күшті бір жазба\өлең болса керек.
Zere
С любимыми не расставайтесь! — өлеңі болса керек. Мына жазбада солай айтылған сияқты. www.kazpravda.kz/print/1138317234
sammita
қайдан тауып алдың, маладессің бар ғой! Жылағым кеп кетті…
Zere
Мен бірінші рет естіп тұрмын. Жыл сайын авиакатастрофалар болады, тіптен ұмытып та қалады екенбіз. Рахмет инфоға!
Пы.Сы. Блог жүргізу өнеріңіз бар екен ғой, баяғыдан бері тығылып жатыпсыз ;)
Zilola
мен баяғыда естігенмін бұл оқиғаны Жамбылдық болғаным үшін естігем шығарм, а так ескерткіш керемет екен!
monti
ТВ көргем, апат болғанын :( ескерткіш салғанын білмейді екенмін…
omarbirat
Бұдан басқа, Таразда Қыз Жібек пен Төлегенге қойылған да ескерткіш бар. Айша бибі мен Қараханның мазарлары да дәл осы қалада екенін қосып қойыңдар.
Мыналардан кейін «Астана — ғашықтар мекені» деген фильм атауының дұрыс қойылғанына күмән пайда болды менде :)
konvict
Лібәәә, мен мынаны байқамаппын. Суретке түсіріп, алып келемін
omarbirat
Шахристан базарындағы әлгі жентелмендердің ескерткішін көргім келіп жүр. Мына ескерткішке де жақынырақ барып көру керек еді :)
konvict
Лібә, мен онша назар аудармаппын. Ертең арнайы соларды көріп келмесем бе
Aizhantabyn
Астанадағы ескерткіш бар, осы екі жасқа арналған дейді… Бірақ, мұндай емес әрине…

Зере, ана мақала жылатты ғой ((((
JAKO
Жігіт А. Карентаев деген ағайдың ұлы еді, ескерткіш сол кісінің бастамасымен, әрі сол кісінің қаржысымен қойылды. Қазір халық аузында ескерткіш тұрған аллея да «Маххабат аллеясы» аталады.Өткен 3-4 жыл көлемінде қателеспесем Маңғыстау жақтан болар Айнұр қыздың да ата-ана, туыстары келіп ескерткішке гүл қойып, Таразда қонақ болып қайтқан. Сырт жұрт А.Карентаев ағаларман құдандалды болып араласып тұрады деп жатады.