Жігіт А. Карентаев деген ағайдың ұлы еді, ескерткіш сол кісінің бастамасымен, әрі сол кісінің қаржысымен қойылды. Қазір халық аузында ескерткіш тұрған аллея да «Маххабат аллеясы» аталады.Өткен 3-4 жыл көлемінде қателеспесем Маңғыстау жақтан болар Айнұр қыздың да ата-ана, туыстары келіп ескерткішке гүл қойып, Таразда қонақ болып қайтқан. Сырт жұрт А.Карентаев ағаларман құдандалды болып араласып тұрады деп жатады.
Аршат, мен әлі еш блогкэмпқа қатыспасам да алғашқы өткен блогкэмптардың барлығының тыныс-тіршілігінен хабар үзбей қарап отыратын жанкүйерлеріңнің бірімін. Алғашқы Алматы мен Астанадағы өткен блогкэмп сол өздерің басында жариялағандай бейресми, еркін блогерлер жиыны болды деп ойлаймын. Ал Шымкентте әкімшілік араласқаннан ақ бұл жиында билік қармағын қапты-ау деген ой келді. Бірақ Шым блогерлері өздерінің табандылықтарының арқасында еш сыр бермей өте жоғарғы деңгейде алып шықты. Бірақ барлық өлкенің ұйымдастырушылары Шымкенттік жігіттер сияқты емес қой. Қарағанды блогкэмпі әкімшілік ықпалынан шығуы өте қиын болатын сияқты, қазірдің өзінде бәйгеге қатысатын посттар Қарағанды туралы болу керек. т.т әңгімелер қылаң беруде, ұйымдастырушылардан түсінбегеніңді сұрасаң жауаптары командалық тонда, несіне сұрадым деп жасып қаласың. Сенің шығындар туралы айтқандарың жүз пайыз ұнады. Шын ниетті блогерлер өз қаражаттарымен барып, өзіне кажетті рухани азығын алудан қаша қоймас деймін, қазақ жер түбіне тойға да барып жатады емес пе? Бұл өз ойым ғой, әйтпесе блог туралы түсінігім де шамалы қате болса кешіріңдер, ниеттес болған соң жазып жатырмын.
Жоқ, көңілсіз деп айта алмас едім, бірақ алғашқы бас қосу болғаннан соң бірін-бірі тосмырқау болғаны рас, олда ұзаққа созылмады. Пати біршама жақсы өтті деп айта аламын. Аптаның төртінші күні болғандықтан орталық паркті таңдап алып едік, басқа парктерде бұл күні адам аздау бола ма деген қорқынышқой баяғы.
Мен келінде түсірген,қызда ұзатқан адаммын. Еш қинала қоймадым, бірақ елдің бәрі жағдайлы емес қой, сондықтан Anuarbekkyzyның айтқандарына толық қосыламын. Мен өз халқымның салт-дәсрүрін дәріптейтін, силайтын адамдардың бірімін. Десек те қазіргі біздің жасап жүрген тойларымыздың бәрі де халықтық дәстүрден заманауи дәстүрге ауысып кеткен тәрізді. Байқасақ бақытымызды тойлаудан көрі байлығымызды көрсететін бәсекелестік пен бизнес(мейрамхана, тамада, бет ашушы,әншілер т.с.с) құрығына(белгілі бір бизнес өкілдеріне жем болуға) құлдық ұруға, соның арқасында қарызға шырмалып түрлі келеңсіздіктерге тап болуға ұрыну болып отыр.Бұл пост кез-келген адамды ойлантады деп ойлаймын.
Ал қалың мал, көрпе-төсек, жасау, қыз соңынан киімін апару дегендерді өз басым қолдаймын, сөбебі бұл халқымыздың жас отаудың аяқтан тұрып кетуі үшін ойластырған тамаша дәстүрлерінің бірі.
Ал қалың мал, көрпе-төсек, жасау, қыз соңынан киімін апару дегендерді өз басым қолдаймын, сөбебі бұл халқымыздың жас отаудың аяқтан тұрып кетуі үшін ойластырған тамаша дәстүрлерінің бірі.