Студенттер "Тиіннің" көшірмесін тегін жасаған

Алматы облысы Қарасай ауданында Егін шаруашылығындағы инновациялық агротехникалық паркі көрме ұйымдастырды. Шараға жұртшылық назарын аудару үшн Қазақ ұлттық аграрлық университетінің студенттері әлеуметтік желіде көп талқыланған Алматыдағы құны 23 миллион теңгелік «Тиін» ескерткішінің көшірмесін тұрғызған.
Әрі қарай

Жамбыл өңіріндегі киелі жерлер

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы «Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясы» КММ-нің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Жамбыл облысы «Қазақстан студенттернің Альянсы» жастар қоғамдық ұйымдастыруымен «Жалпыұлттық қоғамдық сананы қалыптастыруда маңызды болып табылатын киелі орындарды анықтау, насихаттау және зерделеудің техникалық ерекшеліктері» жобасы аясында Жамбыл облысының өңірлік деңгейдегі қасиетті нысандар тізіміне енген Көшек батыр кесенесіне экспедиция жұмысы ұйымдастырырылды.
Көшек Қарасайұлы – жоңғарлар шапқыншылығына қарсы күрес кезінедегі қазақ қолбасшысы, батыр. Есім хан мен Жәңгір ханның сенімді серіктерінің бірі. Талас өзенің төменгі бойында туып өскен. Тектұрмас түбіндегі биік шоқы Көшек батырдың жазғы жайлауы болған. Бұл шоқыны халық Көшек батыр көзі тірісінде – ақ Көшек шоқысы деп атап кеткен. Аңыздарға қарағанда Көшек батыр хан атанған. Оған хан атағын Есім ханның өзі берген көрінеді. Көшек батырдың даңқы Батыр қонтайшының басқыншылығына қарсы соғыста барынша асқақтайды. Көшек батыр Тектұрмас қамалын нығайта отырып, көршілес қырғыздармен қосылып, жау әскерлеріне тойтарыс берген. 1643 ж. Андасай бойындағы Кеңгір деген жерде Жәңгір ханның Батыр қонтайшысының елу мыңдық әскеріне ойсырата соққы берген шайқасында Көшек батыр ерлігімен көзге түсті. Тектұрмас түбінде болған шайқаста Қарадөң деген жоңғар батырмен жекпе – жекке шығып оны жер жастандырады. Көшек батыр жоңғар қонтайшысы Оншанмен де жекпе – жекке шыққан. Жекпе – жекте жеңіліс тапқан Оншаннан қазақтармен соғыспау туралы ант алып, еліне қайтарған. Салқам Жәңгір дүниеден қайтқан соң болған сұрапыл шайқастың бірінде Көшек батыр ерлікпен қаза табады. #Жамбылоблысы #Көшекбатыр #экспедиция #Руханижаңғыру #ask_taraz
Әрі қарай

Астана блокчейн платформасына қалай өтеді?

Блокчейн деген кезде адамның ойына ең алдымен криптовалюталар және солармен жасалатын транзакциялар келеді. Негізінде блокчейн тек криптовалюта үшін ғана емес, түрлі функцияларға ие жүйе.

Блокчейн — мәліметтерді, деректерді, жазбаларды тізбектеп сақтау технологиясы. Ада өміріне қатысты барлық құжаттамалы деректер блоктарда тізбектеліп сақталады. Яғни, қағазға жазылатын деректердің бәрін blockchain-ге де тіркеуге болады. Бірақ бұл деректерді өзгертуге, жоюға, қолдан жасауға болмайды. Өткен күнмен жазба жасай салатын нотариустар, айыппұлыңызды базадан өшіретіндер, несие тарихын жаңартатындар дәурені өтеді. Blockchain деректерін яғни блоктарды және олардың мазмұнын иесі рұқсат етсе кез-келген адам көре алады. Демек blockchain желісінің пайдаланушысына оның деректерін растайтын нотариус, тіркеуші, аудитор, сақтандыру агенті, бақылаушылар сияқты делдалдар қажет болмайды.

Мемлекеттік басқару және атқару саласы бойынша қарайтын болсақ, Астанада блокчейн қаржы, денсаулық сақтау және медицина, логистика, жер кадастры, мемлекеттік және корпоративтік құжатайналым бойынша пайдаланылатын болады.

Қазірдің өзінде бірнеше сала бойынша блокчейн платформасы қолданылуда:

— Давоста өткен Дүниежүзілік экономикалық форум аясында «Астана» халықаралық қаржы орталығы мен Waves блокчейн-платформасы ынтымақтастық және стратегиялық серіктестік туралы меморандумға қол қойды. Серіктестік мақсаты – жаңа блокчейн-платформаны қолдана отырып, қаржылық технологияларға арналған озық экожүйені қалыптастыру.

— Осы жылдың тамыз айында блокчейн технологиясын қолдана отырып, салықтың орындалуының айқындығын қамтамасыз ететін жобаның тұсаукесерін өтеді. Жобаның мәні — салық төлеушілердің қаржылық-транзакцияларын онлайн түрде қадағалап, оларға салықты уақытында қайтару.

— Жер қатынастары саласында онлайн аукциондар өткізілуде. Аукционға қатысатындар өз үйлерінде, я болмаса кеңселерінде отырып, онлайн режимде аукционға қатыса береді.

— Биылғы «StartUp Weekend» денсаулық сақтау мен білім салаларындағы блокчейн және смарт-келісімшарттарға арналды. Қатысушылар командалар осы технологиялар негізінде мекемелердің тапсырыстарын орындауға тырысты.

— «1000 орын – көше саудасы» бағдарламасын жүзеге асыру блокчейн жүйесі бойынша мамыр айында өтті. Бұл өз кезегінде адами факторды барынша қысқартып, орындарды ашық түрде бөлуге септігін тигізеді.

Болашақта Астанада блокчейн арқылы жасалатын нәрселердің мысалы:

Авторлық құқық тіркеу. Ascribe платформасы қазірдің өзінде суретшілер, өнер және шығармашылық адамдарының туындыларының авторлық құқықтарын тіркеуде.

Жеке бас қауіпсіздігі. BAASIS ID және Civic  платформалары тұлғалардың жеке мәліметтерін сақтайды. Несие және басқа операциялар бойынша алаяқтардан қорғайды.

Сайлау немесе дауыс беру. Follow My Vote арқылы болашақта тұрғындар сайлау учаскесіне бармай-ақ үйлерінде отырып-ақ дауыс бере алады.

Билікпен қатынас. Жергілікті атқарушы органдармен түрлі азаматтық, тұрмыстық, құқықтық мәселелер блокчейн платформалары арқылы шешіледі. Құжат рәсімдеу, тіркеу, қол қою операциялары.

Құжатайналымы. мемлекеттік және кәсіпкерлік құжатайналымы толықтай блокчейн платформасына өтетін болады.

Мемлекеттік сатып алу және аукциондар. Қазірдің өзінде кей аукциондар блокчейн жүйесінде өтіп жатыр. Ал мемлекеттік сатып алу олығымен осы жүйеге өтеді.

Білім жүйесі. Балабақша, мектепке тіркеу, оқушы үлгерімін бақылау түбегейлі блокчейн жүйесіне өтеді. Оның алғышарттары жасалуда.

Денсаулық сақтау. Емханаларға кезек, медициналық карталар, тіркелулер, ауруды алдын ала анықтау сияқты процедуралар толықтай блокчейн жүйесіне көшеді.

Бұның барлығы Астанада қалай орындалады?

Астана Innovations жанынан құрылған Смарт технологиялар бойынша құзірет орталығы блокчейн технологияның қандай салалар және қандай қалалық түйткілдерді шешу үшін қолданылатынын зерттеді. Мемлекеттік сектордағы технологияларды пайдаланудың көптеген нұсқалары қарастырылды. Олар – дипломдар мен аттестаттар беру, балаларды балабақшаға кезекке қою, еңбекке жарамсыздық парақтары мен рецептілерді рәсімдеу, дауыс беру мен әлеуметтік сауалнамалар жүргізу. Барлық әлеуетті сценарийлер (юс-кейстер) STREET (scope, track, rank, evaluate, evangelize, transfer) әдіснамасы аясында инстинкттер мен басқа елдер тәжірибесіне негізделген шешімдерді қабылдауға жол бермеу мақсатында блокчейн-бастамаларды бағалау және оларды басқаруды сәйкестендіру үшін бағаланды. Смарт технологиялар бойынша құзірет орталығының бірнеше апталық жұмысының нәтижесі – жылжымайтын мүлік нарығын блокчейн технологияға өткізудің ұзақмерзімдіқ стратегиясы болды.

Бірінші кезеңдерде пилоттық жоба ретінде құзірет орталығы «Bitfury» компаниясымен арада жасалған әріптестік туралы меморандум аясында «Bitfury» компаниясымен, «Астана қаласының инвестициялар және даму басқармасы» ММ және «Астана қаласының Жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» ММ-мен Астана қаласындағы жер пайдалану құқықтарын сату бойынша аукциондар өткізуге арналған технологияны сынап-көруді жоспарлап отыр. Екінші кезеңде, команда смарт-келісімшарттарды пайдалана отырып, мемлекеттік жер кадастры мен жылжымайтын мүлік регистрінің қолданыстағы жүйелері негізінде жер телімдері мен басқа да жылжымайтын мүлік түрлеріне меншік құқықтарын рәсімдеу үшін технологияны тарататын болады. Үшінші кезеңде команда үлескерлік қатысу шарттарын тіркеу және құрылыс кезеңіндегі нысандарды есепке алу үдерістерін «блокчейндейтін» болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына!

Астана жаңалықтары: Елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына!

Астана қаласының Ішкі істер департаменті елорданың 20 жылдығына арналған салтанатты іс-шаралардың аясында 16 жасқа толмаған азаматтарды «Қазақ елі» монументінің алаңында өтетін гала-концертке бармауды, кішкентай сәбилері бар ата-аналарды сол концертке балаларын ертіп келмеуін сұрайды.

Жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету және тәртіпсіздікке жол бермеу мақсатында жоғарыда аталған санатқа жататын азаматтар гала-концерт өтетін аумаққа кіргізілмейтін болады.

Сондай-ақ, көліктердің көптеп жиналуын, кептелістерді болдырмау үшін Астана қаласының ІІД азаматтарға қоғамдық көлікте жүруге кеңес береді. Гала-концерт көрермендерін елорда әкімдігінің ұйымдастыруымен арнайы автобустар белгіленген орынға жеткізетін болады. Қоғамдық көліктер мына нысандарға аялдайды:

1)«Жастар» сарайы (Республика даңғылынан)

2)«Қазақстан» спорт сарайы (Қажымұқан көшесінен)

3)Елорда циркінің Қорғалжын тас жолы көшесіндегі тұрағы

4) Достық көшесіндегі «Нұр Астана» мешітінің тұрағы

Жол ақысы – 90 теңге, жол жүру билеттері – жарамсыз.

Сонымен қатар, «Қазақ Елі» монументі алаңының ауданына қызмет көрсететін қалалық он бағдардың жұмысы түнгі сағат 2-ге дейін ұзартылатын болады.

Бұдан бөлек, елорда тұрғындары мен қонақтарына сағат 18:00-ден гала-концерттің соңына дейін М-1 көпірінен Аманжолов көшесінің аралығындағы Байтұрсынов көшесінде, Байтұрсынов пен Нәжімеденов көшелерінің аралығында жатқан Аманжолов көшесінде, М-3 көпірінен Аманжолов көшесіне дейінгі аралықта жатқан Нәжімеденов көшесінде, Қошқарбаев пен Нәжімеденов көшелерінің аралығындағы Тәуелсіздік даңғылында (қоғамдық көліктерден басқа) көлік құралдарының қозғалысына шектеу қойылады.

Аталған ауданға сапарлауды жоспарлайтын азаматтарға өз қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Көлікті қоюға ұсынылатын орындар:

— Оқушылар сарайының Б. Момышұлы даңғылындағы тұрағы

— «Astana Music Hall» мейрамханасының Б. Момышұлы даңғылындағы тұрағы

— «Нұр Астана» мешітінің Достық көшесіндегі тұрағы

— «Жетісу» саябағының Сарайшық көшесіндегі тұрағы

Гала-концерт аяқталған соң, Астананың триатлон саябағы, Есіл өзені жағалауы, Нұржол желек жолы аумағынан мерекелік от шашуды тамашалауға болады.
Әрі қарай

Астана Күнінде қайда баруға болады?

Астана жаңалықтары: Астана Күнінде қайда баруға болады?

Тәуелсіздік сарайында бірден бірнеше көрме өз жұмысын бастады. «Astana Evolution» фотокөрмесі 8 шілдеге дейін өз келушілерін күтеді. Келесі күні С. Мүсіреповтің «Жаңа бастау» жеке көркемсурет көрмесі аяқталады. Астана қаласының «Жастар – Астана болашағы» жастар бірлестігімен бірлесе өткізілетін көрме 15 шілдеге дейін жалғасады.

«Моя любимая столица» көрмесі

1 шілде күні «Жастар» сарайында өз жұмысын бастаған «Моя любимая столица» көрмесі 6 шілдеге дейін өтеді. Еске салайық, фотоконкурсқа ниет білдіргендердің барлығы қатыса алды. Қорытынды көрмеге қойылатын еңбектерді арнайы конкурстық комиссия іріктеді. Үздік суреттердің авторларына Елорда күні естелік сыйлықтар мен марапаттар табысталады.

«ASTANAAROUNDUS» фотоөнер фестивалі

4 шілдеде сағат 17:00-де «Нұржол» сулы-жасыл желекжолында елордалық «ASTANAAROUNDUS» фотоөнер фестивалі ашылды. Қатысушылардың еңбектерін 31 шілдеге дейін көруге болады.

«Азия жаңғырығы» халықаралық цирк өнері фестивалі

4 шілдеде сағат 16.00-де Астаналық циркте «Азия жаңғырығы» халықаралық цирк өнері фестивалі басталды. 6 шілдеге дейін жалғасатын екі конкурстық бағдарламада әлемнің 12 мемлекетінен келген 60-тан аса цирк артисі өнер көрсетеді.

6 шілдеде сағат 11.00-де фестивальдің ең жарқын бөлігі – оркестрлер шеруі өтеді. Шараға қатысушылар Республика даңғылының бойымен Әскери-тарихи музейден «Жастар» сарайына дейін жүріп өтеді. Осы күні сағат 17.00-де ұжымдар қалалық алаңда өтетін қорытынды плац-концертте өнер көрсетеді.

«Шаттық» халықаралық балалар шығармашылығы фестивалі

4-6 шілде аралығында осы алаңда «Шаттық» халықаралық балалар шығармашылығы фестивалі өтеді.

Караокеден «Бәрі де ән салады» ашық қалалық чемпионат

5 және 6 шілдеде «Жастар» сарайының жазғы сахнасында Астана қаласы әкімінің кубогына караокеден «Бәрі де ән салады» ашық қалалық чемпионаты өтеді.

«International Street dance Session in Astana» халықаралық көше биі фестивалі

Мұнымен қоса, қалалық алаңда «International Street dance Session in Astana» халықаралық көше биі фестивалі ашылады. Қатысушылар 6 шілдеге дейін өнер көрсетеді.

«Елорда жүрегімде» концерттері көпшілік назарына ұсынылады

Әдеттегідей, мереке күндері қалалық саябақтар да белсенді жұмыс істейді. 6 шілдеде сағат 13.00-де және 7 шілдеде сағат 13.00-де және 20.30-да Студенттік, Жерұйық саябақтарында «Елорда жүрегімде» концерттері көпшілік назарына ұсынылады.

«Әзіл әлемі» әзіл-сықақ кеші

Сонымен қатар, 6 және 7 шілдеде елорда тұрғындары мен қонақтарын Nomad city hall сарайына «Әзіл әлемі» әзіл-сықақ кешіне шақырамыз.

«Spirit of Astana» халықаралық фестивалі

Шілденің 6-8 аралығында «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңда «Spirit of Astana» халықаралық фестивалі өтеді. Үш күн бойы сахна төрінде 18 ұжым, яғни 120-дан аса музыкант өнер көрсетеді. Биыл фестивальге әлемнің 20 мемлекеті қатысады.

Бибігүл Төлегенованың Астанаға музыкалық тартуы

6 шілдеде «Астана» концерт залында КСРО халық артисі, Социалистік еңбек ері, академик Бибігүл Төлегенова Астанаға мерекелік музыкалық тарту жасайды. Аңызға айналған әншінің жеке концерті кешкі сағат 18.00-де басталады.

«Қазақ Елі» монументінің алдындағы алаңда Гала-концерт өтеді

Астананың 20 жылдығы орайластырылған іс-шаралардың шарықтау шегінде «Қазақ Елі» монументінің алдындағы алаңда қазақстандық және шетелдік артистердің қатысуымен Гала-концерт өткізіледі. Бессағаттық музыкалық шоу ашық аспан астында өтеді және оны көрем деушілерге есік ашық. Қайрат Нұртас, Мәдина Сәдуақасова, Қарақат Әбілдина, Ардақ Балажанова, Қайрат Баекенов және «Формат» тобы және басқалары Астананы туған күнімен құттықтайды. Кеш хэдлайнерлері – қазіргі заманғы музыканың К-поп бағытының жарқын өкілдері Ninety One және оңтүстіккореялық Boyfriend топтары. Сондай-ақ, елорда тұрғындары мен қонақтары 1998 жылы Қазақстанның жаңа елордасын барша әлемге таныстыру рәсіміне қатысқан «На-На» тобының өнерін тамашалайды. Бұдан басқа, концерт көрермендері мерекелік отшашу тамашалайды. Биыл отшашу 6 шілде күні Бейбітшілік және келісім сарайы аумағында болады. Гала-концерт пен мерекелік отшашу «Хабар» телеарнасынан тікелей эфирде трансляцияланады. Басталуы сағат 20.00-де.

«Музыка энергиясы» концерті

7 шілде күні сағат 19.00-де қалалық алаңда италиялық «FORWARD» джаз квартеті өнер көрсетеді. Бір сағаттан кейін осы жерде «Музыка энергиясы»концерті өтеді. Аталмыш шара 8 шілде күні де осы уақытта осы жерде өтетін болады.

«FOTOfest.KZ» халықаралық фестивалі

Шілденің 10-ымен 30-ы аралығында «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңда ІІ «FOTOfest.KZ» халықаралық фестивалі жұмыс істейді.

Оқ атудан Астана қаласының ашық чемпионаты

4-9 шілдеде «Алау» мұз айдыны сарайы аумағында оқ атудан Астана қаласының ашық чемпионаты өтеді.

Бәйгеден «Астана кубогы» жарысы

6 шілдеде сағат 14.00-де «Қазанат» атшабарында бәйгеден «Астана кубогы» жарысы ұйымдастырылады.
Әрі қарай

Астанада Жібек жолы бойындағы қала мэрлерінің I халықаралық форумы өтіп жатыр

Астана жаңалықтары: Астанада Жібек жолы бойындағы қала мэрлерінің I халықаралық форумы өтіп жатыр

2-3 шілде Тәуелсіздік сарайында I халықаралық «Global Silk Road» Жібек жолы бойындағы қалалар мэрлерінің форумы өтуде. Форумға қатысушылар «Белдеу мен жол» жобасында аймақтағы экономикалық байланыстың жаңа тетіктерін, осыған тартылған елдердің экономикалық дамуын, мәдени салада және басқа да бағыттарда ой алмасу, әлемге тұрақты дамуға сеп болу.

Іс-шараға әлемнің 60 елінен 3 мыңнан астам делегат тіркелген. Жібек жолы бойындағы қалалардың 73 басшысы, 30 саяси көшбасшы, 200-ден астам ірі сауда палаталары мен трансұлттық компаниялардың өкілдері, 150-ден астам шетелдік спикерлер мен модераторлар бар.

Шараның ерекше қонағы – гонконгтық «Hanson Robotics» компаниясы әзірлеген София есімді гиноид. Ол адамдармен қарым-қатынасқа бейім және түрлі халықаралық шараларда танымал қонақ. 2017 жылдың қазан айынан бастап София Сауд арабиясының азаматы және ол қандайда бір елдің азаматтығын алған алғашқы робот.

Форум аясындағы бір сессияның бірінде «Қазақстан-Қытай бизнес лидерлері 10+10 әріптестік форумында» Қазақстан даму банкінің төрағасы Болат Жәмишев Қазақстан мен қытайдағы үкімет бағдарламаларын жүзеге асыруда жеке бизнес рөлін атап өтті. «Қазақстан-қытай бағдарламасы шеңберінде 55 ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда, оның едәуір бөлігіне жеке бизнес бастамашылық жасаған», — деп айтты Жәмишев.

Айта кету керек, форумға қатысушылар «ақылды қала» жаңа технология жүйесіне басым назарын аударған. «Astana Innovation» АҚ басқарма төрағасы Олжас Сартаев шетелдік әріптестеріне Президент Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған Смарт сити тұжырымдамасы туралы айтты. «Смарт Астана» концепциясы» 6 бағыт бойынша жүзеге асырылуда: «ақылды» басқару, «ақылды» экономика, «ақылды» көлік, «ақылды» қоршаған орта, «ақылды» қоғам, «ақылды» өмір салты. Тұжырымдама экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, көгалдандыруды дамыту, қалдықтарды басқару, «ақылды аудандар» құрылысын салуды қамтиды», — деді Сартаев.

Сонымен қатар, Жібек жолы елдерінің өңірлік интеграциясы және бизнестің өзара іс-қимылының перспективаларын талқылауға арналған панельдік сессия жұмысы барысында, «GrottBjorn» қаржы ателье директоры Виктор Лебедев атап өткендей, ислам (МАИБ) халықаралық қауымдастық интеграторы болып табылады, ТМД елдерінің инновациялық ынтымақтастық форматындағы өзара тиімділікті қамтамасыз ететін алаң. «Қазірдің өзінде Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан банктері мен компаниялары биржалық сауданың тиімді тұстарын айтуда. Бұл елдерді мәдени-экономикалық байланыстар және этикалық принциптер біріктіреді», — деп атап өтті Виктор Лебедев.

Сонымен қатар, әлемге танымал қытай архитекторы Шу Юннің «Жібек жолының Алтын көпірі» архитектуралық кешенінің іргетасын қалау тарихи оқиға болмақ. Ескерткіштің ұзындығы 28 метр болмақ. Ол жаһандық қоғамдастықтың ортақ тағдыр, ортақ мүдделері мен ортақ жауапкершілігін құру туралы арманын бейнелейді.

Сондай-ақ, шара аясында мэрлер мен губернаторлардан құралған құрама мен әлемдік футбол ардагерлерінен жасақталған құрама арасында футболдан достық кездесу өтеді.

Форум қорытындысы бойынша Жібек жолы бойындағы елдердің қалалары мэрлерінің клубын, кәсіпкерлер, университеттер, журналистер, ақындар қауымдастығын, сондай-ақ, әйелдер мен жастар ұйымдарының платформасын құру жоспарлануда.
Әрі қарай