Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов АҚШ-та ұсталған қазақстандықтар туралы айтты

Қазақстанның сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов «сирек көліктер саудасында алаяқтық жасады» деген күдікпен АҚШ-та ұсталған үш қазақстандықтың аты-жөнін атады.
Әрі қарай

Бурабайда жыл сайын қайырымдылық Burabike веложарысы өтеді

Астана жаңалықтары: Бурабайда жыл сайын қайырымдылық Burabike веложарысы өтеді

Қайырымдылық Burabike 2018 веложарысы дәстүрлі түрде 30 тамыз күні Щучинск – Бурабай курорт аймағындағы Rixos Borovoe отелінің территориясында өтеді. Ұйымдастырушылар — Rixos Borovoe отелі және Ақмола облысы әкімдігінің қолдауындағы Болат Өтемұратовтың қоры. Шараның өткізілу уақыты 9:00-ден 16:00-ге дейін.

Burabike – отбасы мен спорт мерекесі, яғни мақсаты Қазақстандағы балалар ауруханасына қажетті өмірлік медициналық құралдармен жабдықтау үшін қаражат жинау. 5 жыл ішінде Burabike жарысына қатысушылар мен қонақтар қайырымдылыққа 470 миллион теңге аударған. Былтыр 168 429 890 теңге жиналған, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 15 есе көп (ол жылы веложарыс бірінші рет өткізілген болатын).

Қатысушылар саны да 5 жы ішінде 8 есеге көбейе түсті: 130-дан 1023 адамға дейін. Осы жылы 2000 адам қатысады деп күтілуде. Оның 600-і 30 километр қашықтықты бағындырып, өздерінің үлесін балалардың өмірін құтқаруға арнайды.

Веложарыстан түскен қаражаттың бәріне Меркі ауданындағы Орталық аурухана (Жамбыл облысы), Тимирязев аудандық орталық ауруханасы (СҚО), Панфилов ауылындағы перзентхана мен Алакөл аудандық орталық ауруханасы (Алматы облысы), Ағадыр кентіндегі ауылдық аурухананасына (Қарағанды облысы) қажетті өмірлік медициналық құрал-жабдықтар сатып алынады.

Жарыстан кейін қатысушылар мен қонақтарды Риксостың атынан үлкен пикник пен қазақстандық және ресейлік жұлдыздардың концерті, қайырымдылық жәрмеңкесі, тағамдарға арналған мастер-класс пен балалар мерекесі күтіп тұр. Сонымен қатар курорт аймағында Болат Өтемұратовтың қорындағы «Асыл мирас» орталығындағы аутизм ауытқуы бар балалардың қолымен салынған шығармашылық жұмыстарға арналған қайырымдылық аукционы өтеді.

Burabike жарысына қатысушылар мен қонақтардың бәріне Астанадан Щучинскіге барып келуіне трансфер беріледі. Астанада адамдар елордалық цирктің алдында сағат 6:00-ден 6:45-ке дейін жиналады. Ал велосипедті тасымалдау үшін арнайы жүк трансфері қарастырылған әрі таңғы және түскі тегін ас та беріледі.

11-12 тамызда Түркістан облысының жәрмеңкесі болады

Астана жаңалықтары: 11-12 тамызда Түркістан облысының жәрмеңкесі болады

Аймақ өндірушілері жәрмеңкеге 101 млн теңге сомасында 411 тонна ауылшаруашылығы өнімдерін әкеледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жәрмеңкеде оңтүстік өңірдің 200 тоннадан астам көкөнісі мен жемісі ұсынылады және де астана тұрғындарының сұранысы бойынша «Дәмді ет» сауда белгісі бар «Ордабасы құс» ЖШС-нің шұжық және күркетауықтан жасалған ет өнімдерін де әкеледі.

Сондай-ақ сүт өнімдері ұлттық тағамның ассортименті ұсынылады.

Айта кетейік, биыл облыс астанаға 5 рет келді және жалпы көлемі 14 мың тоннадан асатын 26 өнімнің түрін ұсынды.

Бұдан басқа, әрбір сенбі, жексенбі күндері Сауран 7, Рысқұлбеков 7 мекенжайы бойынша қаланың 2 ауданында жақын маңдағы кәсіпорындардың қатысуымен жәрмеңке өтті. Ол жердегі өнімдерді базардағы бағадан 10-15% төмен алуға болады.

Тағы бір еске салатын жайт, биыл 100-ден астам ауылшаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Әрі қарай

«Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» конкурсына өтінімдерді қабылдау жалғасуда

Астана жаңалықтары: «Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» конкурсына өтінімдерді қабылдау жалғасуда

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Кітапханасы мен Қоры баспа, электрондық және аудиовизуалдық бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің арасында белгіленген тақырыпқа арналған үздік материалға ашық шығармашылық конкурс жариялайды.

Конкурстың мақсаты – елдің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін көрсету, Қазақстан мемлекеттілігінің негізі ретінде «Назарбаев моделін», Елбасының идеялары мен бастамаларын танымал ету, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Конкурс төрт номинация бойынша өткізіледі:

1) «Үздік теледидар материалы»;

2) «Үздік радиоматериал»;

3) «Газеттер мен журналдардағы үздік мақала»;

4) «Ғаламтор-БАҚ-тағы үздік жарияланым»;

5) «Ел жүрегі – Астана».

Номинациялардың әрқайсысы бойынша жеңімпаздарға 1 миллион теңге мөлшерінде ақшалай жүлде беріледі, ал екінші және үшінші орындар үшін тиісінше – 500 мың және 200 мың теңге табысталады. Барлық жүлдегерлер дипломдармен, төсбелгілермен марапатталады.

Конкурсқа 50 жасқа дейінгі жеке және ұжымдық авторлар қатыса алады. Жеке немесе ұжымдық автор тек бір номинация бойынша қатысуға құқылы. Сондай-ақ, бір тақырыппен біріктірілген материалдар циклын ұсынуға болады.

Конкурсқа 2018 жылғы 1 маусым мен 10 қазан аралығында ресми түрде жарияланған (алғаш жарияланған, эфирге шығарылған, ғаламторда орналастырылған) бірегей материалдар қабылданады.

Конкурстың қорытындысын құрамына белгілі журналистер, Қазақстанның көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері енген комиссиясы шығарады.

Жеңімпаздарды марапаттау салтанаты Тәуелсіздік күні қарсаңында өткізіледі.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер 2018 жылғы 1 маусым мен 10 қазан (қоса алғанда) аралығында келу тәртібімен немесе пошта арқылы Z05S5X1, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Ә. Бөкейхан көшесі, 1, 213 каб., мекен-жайы бойынша «Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» конкурсына» деген белгімен қабылданады. Байланыс тел.: (7172) 69-30-54, 69-30-56, 69-30-57, 75-12-15).

Конкурсты өткізудің шарттары мен уақыты туралы барлық ақпаратпен www.presidentlibrary.kz,www.fpp.kz сайттары арқылы танысуға болады.
Әрі қарай

Астанада мүлдем жол салынбаған қаланың шет аймақтары қалай өзгеруде?

Қаланы дамыту бағдарламасын іске асыру шеңберінде Астана әкімі Ә. Исекешевтің тапсырмасы бойынша «Көктал – 1», «Көктал — 2»  және «Агроқалашық» тұрғын алаптарында салу, жөндеу жұмыстары мен 30 км жол салынуда. Жыл соңына дейін Сарыарқа ауданының шет аймағында жаңа жолдар, тротуарлар, аула алаңдары мен нөсер кәріздері салынады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Астана жаңалықтары: Астанада мүлдем жол салынбаған қаланың шет аймақтары қалай өзгеруде?

«Көктал-1» ТА. Шаң мен батпақтан көз ашпайтын биыл ол жерге жаңа жолдар салынды. Мұнда жалпы ұзындығы – 3,9 км 9 көшенің жолдарына жөндеу жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, Ақтолқын, Ж. Ақпаев, Құлтума, Байқоңыр және басқасы. 

Астана жаңалықтары: Астанада мүлдем жол салынбаған қаланың шет аймақтары қалай өзгеруде?

«Біз жолдарды бұрын мүлдем салынбаған жерлерге жүргіздік. Одан басқа,
тұрғын алабында Алмалық, Ардагерлер және Шұғыла көшелерінде аялдайтын арнайы
жер құрылысы салынып жатыр. Ал жабық типтес павильондар Ақан Сері көшесінде
орналасқан»,
— деді Сарыарқа ауданы әкімдігінің бас инспекторы Самат
Топатаев. 

Астана жаңалықтары: Астанада мүлдем жол салынбаған қаланың шет аймақтары қалай өзгеруде?«Көктал-2» ТА биыл абаттандыру бойынша рекорд орнатты. Жыл соңына дейін ұзындығы 18,9 км 41 көше салынып, жөндеуден өткізілуде. Бұдан бөлек, жолдарды жөндеуден басқа нөсер кәрізін монтаждау жұмыстары да жасалуда. 

Астана жаңалықтары: Астанада мүлдем жол салынбаған қаланың шет аймақтары қалай өзгеруде?

«Қазіргі таңда нөсер бойынша және орталық кәріз жұмыстары аяқталды – яғни 16,8 км бітіп, 2,1 км қалды.  Орталық су құбыры 100 пайыз жүргізілді. Өзіңіз
көріп тұрғандай қазір Ұлытау көшесі бойынша жол жөндеу жұмыстары мен нөсер
кәрізі жасалынып жатыр»,
— деді инспектор.  

Астана жаңалықтары: Астанада мүлдем жол салынбаған қаланың шет аймақтары қалай өзгеруде?
Осы күзде № 68 мектептің оқушылары үшін білім ошағына баратын жолдар өте ыңғайлы болмақ. Онда мыңнан астам оқушы білім алады. Оқу ғимаратының айналасына тротуарлар салынады. 

Астана жаңалықтары: Астанада мүлдем жол салынбаған қаланың шет аймақтары қалай өзгеруде?

Астана жаңалықтары: Астанада мүлдем жол салынбаған қаланың шет аймақтары қалай өзгеруде?
 «Агроқалашықта» ұзындығы 4,5 км 11 көше жөндеуден өтеді. Құрақты және Сеченов көшелеріндегі жұмыс аяқталды. Қазіргі таңда Керегетас көшесіндегі жұмыстар жалғасуда. 
«Мен Агроқалашықта Радлов көшесіндегі жекеменшік үйде 2011 жылдан бері тұрамын. Үй екі көшенің ортасында тұр. Бұрын лай, шалшықпен жүретінбіз. Қазір үйдің екі жағына да бұрын ешқашан болмаған жолдар салынды», — деді мөлтекауданның тұрғыны Мадина. 

Сонымен қатар, Н. Тілендиев даңғылы бойында да екі аула көркейтілді. 

Астана жаңалықтары: Астанада мүлдем жол салынбаған қаланың шет аймақтары қалай өзгеруде?

Астана жаңалықтары: Астанада мүлдем жол салынбаған қаланың шет аймақтары қалай өзгеруде?

Герцен, Қарталы, Қарасай батыр көшелеріндегі ескі үйлер сүріліп тасталынды.
Оның айналасын жауаптылар осы күзге дейін аяқтауға уәде беріп отыр. 

Астана жаңалықтары: Астанада мүлдем жол салынбаған қаланың шет аймақтары қалай өзгеруде?
Әрі қарай

Астананың көшелеріне код пен индекс енгізуді ұсынды

Астана жаңалықтары: Астананың көшелеріне код пен индекс енгізуді ұсынды

Астананың қала көшелеріне біртіндеп индексация енгізуді ұсынды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Идентификациялық префикс – көшенің коды немесе басқалай сөзбен айтқанда қала бойынша үздік бағыт-бағдарға арналған бірегей әріп-цифрлы почта индексі.

Астаналық урбанистика орталығы хабарлағандай тиісті жоба қала салу кеңесінде қаралды.

Көшелерге индекс енгізудің қағидасы қаланы 6 бағыттаушы ауданға бөлуде жатыр – ол Оң (жағалау), Орталық, Шығыс және Сол (жағалау) – Батыс, Орталық, Шығыс. Ал шекаралар табиғи шекараларға сәйкес бөлінеді яғни Есіл өзені, Сарыбұлақ, Ақбұлақ, Талдыкөл өзені және Нұра-Есіл каналы.

Астаналық урбанистика орталығы хабарлағандай көшенің индексін білген адам оған керекті көшенің қай ауданда екенін нақты біледі және шамамен қайда орналасқанын болжайды.

«Индекс әлдеқайда ыңғайлы, көп адамдар көшенің атауынан жаңылысып жатады немесе есінде қалмайды. Мысалы, көлденең және тігінен орналасқан көшелер бар. Олар белгілі бір тәртіппен салынған – бірі жұп көшелер, ал басқасы тақ. Көшенің атауы префикс көшелермен кетеді және цифрлық көрсеткіші болады. Егер жұп болса яғни 2, 4, 6… Демек, келесі көше 6-дан кейін 8 болады деп ойлайсыз. Бұл бағыттауға арналған және префикс сенің қаланың қай тұсында екеніңді түсінуге мүмкіндік береді. Бұл жаяу жүргіншілер мен автомобилистерге ыңғайлы», — деді Урбанистика орталығының орынбасары Асхат Садуов.

Префиксті біз адамдарға қай жақпен кетіп бара жатқанын білетін құрал ретінде пайдаланамыз. Сектордың аталуының екі нұсқасы бар: қазақ және ағылшын белгілерімен. Мәселен, ағылшынша N – North, S – South солай кете береді», — деді А. Садуов.

Бағдарлау үшін ағылшынша жазылған жағын пайдаланған жөн, өйткені олар көптен бері тұр және астанаға келген шетелдіктерге де түсінікті.
Астана жаңалықтары: Астананың көшелеріне код пен индекс енгізуді ұсынды
«Біз әрбір көшемен жеке-жеке жұмыс жасауды жоспарлар отырмыз. Оның концептін бекітіп те қойдық. Мекенжайды тіркейтіндермен бірге жұмыс істейміз, қазірдің өзінде кадастрлық мәліметтерді көшенің индексімен бірге қосымша көрсеткішпен игерудеміз. Көше атаулары әзірге бұрынғысынша қалады, тек қосымша қабат қосылады. Адамдарда қосымша таңдау пайда болады – әдеттегідей көшенің атауымен бағыт алады немесе астананың жаңа тұрғындары үшін префикс бойынша қозғалады», — деді Асхат Садуов.

«Қосымша функция бағдарлауға арналған. Мекенжай тіркеуінде әзірге бәрі бұрынғысынша қалады, тек қосымша тағы бір көрсеткіш пайда болады», — деді сарапшы.

Урбанистика орталығы сондай-ақ қазіргі таңда орындаушылардың қала көшелеріне индекс қағиадаларын енгізуге қатысты қоғамның пікірі мен бағасын білгісі келетіні айта кетті.

Жоба бойынша өз пікіріңіз бен ұсынысыңызды office@urbanastana.com. электронды мекенжайына жолдауыңызға болады.
Әрі қарай

Астанада 6-12 тамыз аралығында өтетін мәдени және спорттық шаралар

Астана жаңалықтары: Астанада 6-12 тамыз аралығында өтетін мәдени және спорттық шаралар

Астананың «Столичный», «Жерұйық», «Студенческий» саябақтары мен қаланың тұрғын үй алаптарында елорданың 20 жылдығына арналған концерттік бағдарламалар жалғасын табады. Тұрғын үй алаптарының тұрғындары «Думанды Сарыарқа» концертін жексенбіде сағат 15:00 және 19:00-де тамашалай алады. Ал елорда саябақтарында өтетін «Саябақтың жеті кереметі» концерттерін жұмыс күндері сағат 14:00-ден 18:00-ге дейін, демалыс күндері сағат 12:00-ден 16:00-ге дейін көрермен назарына ұсынылатын болады.

6-12 тамыз аралығында Тәуелсіздік сарайында ҚР Өнер Академиясы дайындаған «Астана – арман қала» атты қолданбалы және көркем сурет көрмесі, «Ақанаевтар әулеті» және С. Мүсіреповтың «Жаңа бастау» жеке көрмелері, сондай-ақ, фотожурналист, жергілікті тарихшы Нұрмұхамат Имамовтың шығармашылығына арналған көрме жұмыс істейді. Экспозицияны сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін көруге болады.

Ал 7 тамыздан 26 қыркүйекке дейін елорда тұрғындары роботтар балының қонағы атана алады. Келушілерді Америка, Еуропа, Оңтүстік Корея және Жапония сияқты елдерден әкелінген роботтар қуантайтын болады. Кештің басты қонағы – ұлыбританиялық робот гуманоид Теспиан. Күліп-жылай алатын робот қонақтармен әңгіме -дүкен құрып қана қоймай, Шекспирдің шығармаларын оқи алады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, робот театрландырылған қойылымдарға да қатысқан. Ән салып, кітап оқитын техниканы «Нұр Әлем» павильонында сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін көруге болады.

Ретро әуендерді ұнатындар үшін Есіл өзені жағалауының амфитеатрында 9 тамызда сағат 19:00-де 90-шы жылдардың «IloveAstana, Ilove 90-th» концерті ұйымдастырылады деп күтілуде.

Бұдан бөлек, 9-12 тамыз аралығында «Этноауыл» ұлттық мәдени кешенінде «Алпамыс» атты театрландырылған цирк шоуын тамашалауға болады. Қойылым сағат 19:30-да басталмақ.

«Астана – Операның» камералық залында 10 тамызда сағат 19:00-де өнер сүйер қауымның назарына «Музыкалық демалыс» концерттік бағдарламасы ұсынылады.

Сенбі және жексенбі, 11 және 12 тамызда, елорда циркінде Астана тұрғындары мен қонақтарының алдында мәскеулік «Планета 13» Никулин циркі өнер көрсетеді деп жоспарланған. Басталуы сағат 16:00-де.

Қуыршақтар театры өзінің кішкентай көрермендері үшін А. Салаевтың «Жалқаудың айласы» атты ертегісін дайындапты. Балалар қойылымды сағат 12:00-де және 14:00-де тамашалай алады.

Сонымен қатар, 6-12 тамыз аралығында елорданың спорттық нысандарында да іс-шараларды өткізу жоспарланған. Бұл күндері «Дәулет» спорт кешенінде 12 жасқа дейінгі балаларға арасында теннистен ҚР Кубогі жарыстары өтеді.

Ал «Барыс-Арена»спорт кешенінде 9-12 тамыз аралығында хоккейден халықаралық ІХ турнир «ҚР Президенті Кубогі» аясында матчтар өтеді. Матчтар сағат 14:00-ге белгіленді.

Аптаны драг-рейсингтен Астана қаласы кубогінің 4 кезеңі мен қала саябақтарында «FitnessParkAstana» бағдарламасы бойынша өтетін спорттық іс-шаралар аяқтайды. Жарыстар 12 тамызда өтеді.
Әрі қарай