Сүйген адам кешірімді (Бәйтерек)

Сөзі: Қанат Жүнісов
Әні: Қайрат Баекенов


Аңғармадым қалай?
Өтті күндер талай,
Айтшы, алыстады арамыз неге?
Жүрек күйін шертер,
Өзегіңді өртер,
Жылаттық-ау біз бекер…
Бал сезім тәтті,
Қауышқан сәтті,
Қия алмадым, көңілімнен кетер ме?
Біз аңсаған арман,
Бақыт болып алдан,
Жанымызға жетер ме?
Әрі қарай

"Dabai. kzті" тастап шығу(((


Бәрің де білетін жағдаят қой…
Керекке кіріп, бару керек, бармау керек бұрыштардың бәріне кіріп… Күнделікті Интернетке бөлінген уақыттың көп бөлігін осында өткізіп, «ептііі… неше сағат отыр пыстадым» деп тұра бастаймын ғой орнымнан. Әрине, сайттан шығып кетуді ұмытпаймын. aza(шығу) деген жазды басып қалам ғой… Секундтан да аз уақытта мониторда

Dabai.kz
Тағы да келіп тұрыңыз…
деген жазу пайда болады… Эээххх, маған осы жазу қатты ұнайды, жігіттер! Қазнетте қанша сайтқа мүшемін, күніне қанша сайтқа зияраттаймын, келген кеткенде ешбірі ілтифат білдірмейді ау… (Тек «Жастар» ғана «Сіз шықтыңыз» дейді)
Тағы да келіп тұрыңыз деп сызылып тұрғаны ақ шақырып тұрады өзіне. Аршаттың «романтикасы»!!!
Әрі қарай

Алматыға хат

Сәлем болып жетсінші жырларымыз
Бізбен еріп кетті ме ызғарыңыз
Қалына бес Франция сиып кетер
Аман ба Қалдықыздай қыздарыңыз?

Сау жүр ме Патик пенен Қисық ерлер
Аман ба ол жақтағы көз көргендер
Заман алға жылжып жатсадағы
Сендер де Нұркөкемдей өзгермеңдер!
Әрі қарай

Кемпірлер айтыпты.... немесе Ванганың көріпкелдіктері

Бүгін бір дос баладан поштама келді. Хаттың тақырыбынан түсінгенім — хат авторының зәре-құты қалмаған сияқты. Төмендегі кітаптан сканерлеп алынған беттердегі сәуегейліктер Вангаға тиесілі-міс.

Әрі қарай

Тезек шешеңнің жауабы

Сатекең салып берген дариға, кешіріңіз, сара жолдың шеңберінде басталған Дәруіштің херметті тұлғалары туралы аңыз-әңгімелер өрісі әрі қарай жалғасын тауып жатыр (Будда азсынбасын). Осы орайда, өткір тілімен, даналығымен, сөз тапқырлығымен халықтың есінде қала алмаған
Тезек шешең туралы да бірдеңе деп жіберуді жүн санап отырм.


Бірде Тезек шешең кенттің бір азаматының қайтыс болу құрметіне орай жайылған қаралы дастарханға әбет мезгілінде тамақ ішуге кіріп шықпақшы болады. Қаралы үйге кіріп келсе, түстеніп кетуге келгендер саны үйге сыймай отыр екен деседі. Кенттің әкімінен бастап көршісі Гүржамаш Муссолинидің ақсақ итіне дейін осы үйде тамақ ішіп отыр екен. Тағы бір артық ауыздың келгенін жақтырмай қалған кент әкімі Тезекке қарап:
— Шіркін-ай, жүрген жеріңе есекмия шықпағыр, тамақ ішу үшін келдің бе, әлде қайғыға ортақтасып, көңіл білдіруге келдің бе? – деп мысқылдапты. Сонда ешкімді бетіне қаратып сөйлетіп көрмеген Тезек шешең:
— Кетш нах, мал әнәң! – деп көршісінің итін бір теуіп қуып, орнына өзі отырып алыпты деседі ел артындағы аңыз.
Әрі қарай

Астаналық блоггерлерді шаңғыға шақырамыз!



Астаналық блоггерлер, 13 наурыз жексенбі күні сағат 15-00де Есіл өзені үстінде шаңғы тебуге келуіңізді өтінеміз. Шаңғыны жалға алу сағатына 500 теңге. 1 сағаттық спорттан кейін Алматыда өтетін блогкэмп туралы маслихат өткіземіз.
Әрі қарай