Алматыға хат

Сәлем болып жетсінші жырларымыз
Бізбен еріп кетті ме ызғарыңыз
Қалына бес Франция сиып кетер
Аман ба Қалдықыздай қыздарыңыз?

Сау жүр ме Патик пенен Қисық ерлер
Аман ба ол жақтағы көз көргендер
Заман алға жылжып жатсадағы
Сендер де Нұркөкемдей өзгермеңдер!
Бөлісу:

1 пікір

qisyq
О, пәлі, сөзің жетті, Әбіләкім,
Сөз айтса, тоқтамайтын, ағылатын.
Қырық кісі бас қосса жаны кірер
Айсұлтан асабалы нағыз ақын.

Сәлемің қабыл болар алған елмен,
Жетіпті жұпар иіс самал желмен.
Қайтейік, мойындаймыз, қала берді
Бауырлық ыстық көңіл саған деген.