АҢЫЗ АДАМ СПОРТТЫҚ МАНСАБЫН АЯҚТАДЫ

Мэнни Пакьяо өзінің спорттық мансабын аяқтады. Ол өзінің кездесуін Тимоти Брэдлимен өткізіп, айқын басымдылықпен жеңіске жетті. Бұл Пак мэннің Брэдлимен өткізіп отырған үшінші кездесуі. Өткен екі кездесуде бір жолы Мэнни, бір жолы американдық жеңіске жеткен. Бұл жеңіс Филлипиндықтың кәсіпқой рингтегі елу сегізінші жеңісі. Бұған дейін ол "Ғасыр кездесуі" атанған Флойд Мэйуезер мен кездесу өткізіп 12 раунд қорытындысы бойынша есе жіберді. "Ғасыр кездесуінен" кейін өзінің соңғы кездесуін өткізіп, жеңіспен аяқтады. Пакьяо қазақ жанкүйерлерінің есінде де қалып үлгерген. Осыдан 13 жыл бұрын, яғни 2003 жылдың 15 наурызында қазақстандық Серікжан Ешмағамбетовпен өзінің отанында кездесу өткізіп, бесінші раунда техникалық нокаутпен жеңіске жеткен.
Мэнниді аңыз дейтініміз- бүгінгі күнге дейін кәсіпқой рингте сегіз салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпионы атанған жалғыз боксшы. Жетістіктері бір басына жетіп артылады. Атап айтар болсақ: 2006,2008,2009 жылдары «Жыл Боксшысы», атақты «РИНГ» журналы Мэнниді 2008-2011 жылдары үздік деп таныған. 2009 жылдың «Жыл Спортшысы».
Спорттық мансабын 1995 жылы бастап, ақырындап салмағын көтеріп отырған. Өз салмағына қарамастан, нағыз үздік боксшы деп айтуға толықтай негіз бар.
Әрі қарай

Балалар үйі

Балалар үйі-
Шаттанып сәби күлмейді,
«Менікі» деуді білмейді.
Жыласа шаршап қояды,
Өксімей көзін ілмейді.
Қ. Әбілдәқызы

Түс ауған шақ. Биік дуалдармен қоршалған бақтың ішінде асыр салып ойнап жүрген балалар. Тек Диляра ғана ағаштың бір түбінде көңілсіз отыр. Диляра небары 8-жаста, бұйра шашы иығынан асып, ерке, жәудіреген көзі елжіретпей қоймайтын, жүрегі мейірімге толы, өтірік айта алмайтын, жат қылықтан ада, жан жүрегі таза бала.

Аспан жартылай бұлтты, арасында қатты жел ұрып өтеді. Жел ағаштарды тербеткенде айнала гуілдеп, бойыңды үрей билейді. Диляра ағаш жапырақтары қозғалған сайын қорқып, анасының құшағына енгісі келеді. Жанына жақын адамнан пана тапқысы келеді. Бірақ, бұның бәрі арман,қиял ғана… Диляраның жалғыздыққа бойы үйреніп келе жатқанына 2 жылдай болып қалды. Сол 2 жылда жүрегінде жазылмас ауыр жара қала берді…

Уақыт, орта Диляраны өзгертпей қоймас. Бастапқыда ол: «Мамам келеді. Оның «Мерседесі», ал папамның «Тайотасы бар», -дейтін… Және әр сөзін «біздің үйде...» деп бастайтын. Қазір төмен қарауы басым.

Сүп-сүйкімді Диляра кіп-кішкентай болып, тағдырынан екі мәрте оңбай соққы алған бейкүнә. Оны 18 жастағы туған анасы бөбектер үйіне, одан екі айдан соң, асырап алған анасы 8 жасында балалар үйіне өткізіп отыр.

Бұл қатыгездікті қойсаңызшы! Егер Диляраның ақыл-есінде, он екі мүшесінде бір кемшілік болса, «пендешілік ай» дейсің ғой!..

-Қане, балалар, енді өз бөлмелеріңе барып, шуламай ғана сабақтарына дайындалыңдар»-деген Гүлзира апайдың даусы шықты. Гүлзира апай осындағы ең мейірімді тәрбиеші апай. Мұны естіген балалар ойындары қанбай, еріксіз, «төрт қабырғалы үйге» кіріп бара жатты.

Диляра да орнынан әрең тұрып, көзінен бір-екі моншақ жас домалап жерге түсті. Ол көз-жасын сүртіп алдына қарап еді, Гүлзира апаймен бірге әдеміше келген, жас, бойы ұзын, тал шыбықтай нәзік, жүзінде мейірім толы бір жас қызбен әңгімелесіп тұр екен. Гүлзира апай:

-Диляра қызым, бері келіп кетші- деп шақырды.Диляра жылағанын байқатпай апайына барды. Гүлзира апай қасындағы жас қызды осында тәрбиеші болып келгенін айтып, Диляра екеуін таныстырды. Ары қарай екеуі әңгімелескен күйі кетіп қалды.
Диляра тағдырының тағы да бір келесі таңы атты. күн күркіреп, жаңбыр төгіп жауып тұр. Тағы да көңілсіз күймен Диляра терезеге үңіліп тұр. Арғы жақтан сықырлап есіктен біреу кіріп келе жатты. Диляра елең етіп қараса жаңа келген тәрбиешісі екен. Қолында тәтті-дәмділер бар. Ол тәрбиешісінің аты Ботагөз. Диляра орнынан тұрайын дей бергенде, тәрбиешісі «отыра бер» деп, қасына ептеп жайғасты. Ботагөз тәрбиешісі Диляраны бауырына тартып:

-Диляра, жасың нешеде?
-Жасым 8-де.
-Ммм… 2-сыныпта оқиды екенсің.
-Иә…

-Осында келгеніңе көп болды ма?-деп сұрай бергені сол еді, Диляраның көңілі босап, жылап жіберді. Ботагөз апайы сәл сасқалақтап «Жаным, кешірші»-деп, бетінен сүйіп, «Кел, тәтті жейік»- деп, ақыры көңілін жұбатты-ау. Ботагөз тағы да Дилярамен сырласқысы келіп:

-Есіңде қалған ең қуанышты сәтіңді айтып берші?
Диляраның сол сәтте көңілі көтеріліп:
-Менің туған күнімді бір күн үйде, бір күн тауға барып тойлайтынбыз. Киімдерім шкафқа сыймай тұратын. Папам әкеле беретін. Қуыршақтарымның бір үйі бар-тын. Мамам әткеншекке отырғанда, мені қатты қысып құшақтап алаты. Бір бөлмеде бес жас үлкен Ақжол ағам екеуіміз ғана жататынбыз.
Менен кейінгі Жансая жаңа туғанда, қолы қуыршақтікіндей болатын. Санжар бауырымды тоссам, отырмай, жүгіріп бара жатып «жіберіп» қоятын.-деді күрсініп.

-Енді ең қорыққанымды, қатты шошып кеткенімді айтайын ба?..
Сабақтан келгенде, мамам мені қасына отырғызып: «мен сенің туған анаң емеспін, сені «дом малюткадан» алғам. Папаң қарсы болған. Онда Ақжол ғана бар-тын...»-деді. Мен қатты жылап, жалаң аяқ далаға шығып кеттім. Алдымнан Ақжол шығып, өтірік, өтірік айтады деп жұбатты. Сосын бір күні менің барлық киімдерімді сыртқа жайып қойыпты. Ертесіне бір сумканы көтерді де: «Жүр, машинаға отыр» деді.

Бір бөлмеден Ғазиза анам жылап шықты. Мені бір тәте үстіне ертіп әкетті. Ішім солқылдап, денем дірілдеп бір күн жыладым. Гүлзира апай: «Жылап болдың ба, әбден жылап ал, тазар, сосын жыламайсың»,-деді.
Жаңа жылда үйге телефон соғып, құттықтайын дегем, маған мамам қатты ұрысты, «бізді ұмыт» ,-деді Мен ұйықтағанда, көп түс көремін. Үйдегілердің бәрі сөйлеметін фото сияқты боп кете береді! Кете береді…

Ботагөз тәрбиешісі шынында қатты тебіреніп, жүрегі елжіреп, жанарына жас толып, « жарайды, қазір келемін»-деп, тысқа шығып кетті.

Ботагөз баққа барып, орындыққа жайғасып, терең ойға шомып кетті.
… Мейірім орнын жауыздық басып бара ма? Жетімдер… ата-анасынан, ана тілінен, ұлттың қадір қасиетінен, мейірімділіктен айырылған қара домалақтардың қамын, тағдырын кім ойлайды?.. Бізге ата-бабаларымыз осындай қатыгездік пен реніші өшпес өрескелді мұра етіп қалдырып па еді?! Жоқ. Халқымыз ата-анасыз қалған баланы жетімсіретпей, ел болып қамқорлықтарына алған-деп Ботагөз тәрбиешінің жүзінен мұң, ертеңге үрей мен қарайтын сезім байқалады.
Расында, торғай екеш торғай да балапанын қорғайды. Сонда біздің кім болғанымыз. Ойланайықшы. Біз ұлттық сана сезімнен, шынайы болмысымыздан айырылып бара жатырмыз. Сондықтан біз ұлттық сана сезімге және ұлттық тәрбиеге зәруміз.Өмір жалғасуда, бірақ, жетімдер мәселесі шешілмей, болашақта да үлкен мәселе болып қалмаса екен деген іштей үрей бар…
Әрі қарай

"Арсенал-Барселона" ойынынан кейінгі Аарон Рэмзидің сұқбаты

Аарон Рэмзи: «Біз бірінші таймда жақсы ойын өрнегін көрсеттік және тіпті бірнеше қауіпті шабуылдар ұйымдастырдық. Өкінішке орай, ең болмаса бізге олардың біреуін голға айналдыру бақыты бұйырмады. Біз үшін енді ширек финалға шығу қиынға соғады, себебі жауапты кездесу айтарлықтай қиынға соғары анық. Бірақ сонда да өз мүмкірдіктерімізді пайдаланып, тырысуымыз керек».Блог - BekezhanZhumanov: Арсенал-Барселона ойынынан кейінгі Аарон Рэмзидің сұқбаты
Әрі қарай

Псиxологиялық тест

Бұл тест сіздің зеректілігіңіз бен байқағыштығыңызды дамытады. Сондықтан бір рет емес, бірнеше рет қайталап көрсеңіз болады.
Өте қызықты. Менің уақытым 14 минут)))
Ережесі: 1-90-ға дейінгі сандарды суреттен қарап санап шығуларыңыз керек… уақытты санаймыз… кеттік:)

Егерде 1-90-ға дейін санау барысында сізге:

10 минутқа дейін уақыт кетсе, – сіз өте зерек және байқампаз адамсыз.
10 – 15 мин, — сіздің зеректілігіңіз бен байқағыштығыңыз жақсы.
15 – 20 минут, — сіздің байқағыштығыңыз бен зеректілігіңіз орташа.
20 минутан көп уақыт кетсе, —сіздің зеректілігіңіз бен байқағыштығыңыз төмен, бірақ сіздің сабырлылығыңыз бен шыдамдылылығыңызға қызығуға болады.
Блог - alya: Псиxологиялық тест
Пы.Сы. Суреттің жоғарғысында тұрған 5 саналмайды.))
Әрі қарай

SMM-шінің негізгі міндеттері

Блог - asaubota: SMM-шінің негізгі міндеттері

Қазір сұранысқа ие мамандықтардың бірі — SMM менеджері. SMM бәріне керек, бірақ оның міндеттерін, SMM-шіге қойылатын талаптарды білеміз бе? Жұрт неге арзан SMM іздейді? Жұмыс нәтижесін қалай анықтайды? Кімдер SMM жүргізе алады? SMM деген тек әлеуметтік желілерде аккаунт ашып, сілтеме бөлісу ме? Осы сұрақтарға жауап іздеп көрейік.

SMM (Social Media Marketing) — Әлеуметтік желілердегі маркетинг. Яғни, желі қолданушыларын өз сайтыңа, жарнамалаушы өніміне тарту.

Жұмыс әлеуметтік желіде болғандықтан SMM маманы әр желінің мүмкіндіктері мен функционалын жақсы білуі тиіс. Аккаунт ашу, топ құру, парақша бастау, іс-шаралар ұйымдастыру — бұл жұмыстың басы ғана. SMM-ші лайк санын көбейтуді, дұрыс жарнамалауды, желіде жарнама алаңдарын сатып алуды білуі керек. Толығырақ міндеттеріне тоқталайық.

Стратегия
  • негізгі аудиторияны анықтау (жасы, жынысы, география және т.б санаттар бойынша)
  • оларды немен қызықтыруға болатынын білу
  • аудиторияның шоғырланған жерлерін анықтау
  • жұмыс жоспарын құру
  • күтілетін нәтижені болжау
  • жұмыс бойынша жаңа ұсыныстар дайындап отыру

Маркетинг
  • дұрыс имидж қалыптастыру (шыншыл ақпарат, модерация, боқтық сөздерді өшіру, сыпайы диалог)
  • желіде таргетинг арқылы жарнама жасау
  • жарнама шығындарын сараптау және болжау
  • конкурстар, ойындар өткізу
  • іс-шаралардың анонсын жасау және күнтізбелі парақшасын құру
  • аймақтық топтармен жұмыс істеу (жергілікті танымал топтармен байланыс құру)
  • лентада жоғары шығудың механизмдерін білу
  • әлеуметтік желінің барлық мүмкіндіктерін және қызметтерін қолдана алу

Диалог
  • жағымсыз қолданушыларды қара тізімге кіргізу
  • жанжал туғызатын пікірлерді және боқтық сөздерді өшіру
  • әңгімені дұрыс бағытқа бұру
  • қолданушыларды пікірталасты өрбітуге итермелеу
  • барлық сұрақтарға және хаттарға жауап беру
  • қолданушыларды басқа адамдарды шақыруларына түрткі болу, оларды сондай дәрежеге жеткізе алу
  • негатив пікірлерге және сұрақтарға сыпайы жауап беру

Постинг
  • сілтемелерді қолданушыларды қызықтыра алатындай тақырып және мәтінмен шығару
  • постқа дұрыс сурет таңдай білу
  • сауатты жазу
  • контентті әр желінің ерекшеліктеріне қарай әр түрлі етіп дайындау
  • жариялау уақытын дұрыс таңдау
  • постинг жиілігін реттеу

Шығармашылық
  • логотипті дұрыс фонда, дұрыс түстермен, дұрыс көлемде орналастыру
  • парақшаларда мұқаба суретін дұрыс таңдау
  • фон суретін дұрыс таңдау
  • промо-роликтер сценарийіне қатысу

Мониторинг
  • желі мониторингін жасайтын қызметтерді қолдана алу
  • статистиканы бақылау және нәтижелерін сараптау
  • жағымсыз пікір көздерін табу
  • өз жұмысын және бәсекелестердің SMM-ін сараптап, салыстыра алу
  • сауалнамалар және зерттеулер жүргізу

Менеджмент
  • қолданушыға ақпаратты дұрыс жеткізе алу
  • келіссөздер жүргізу
  • кей нәрселерді орындаушыларды табу және жұмыстарын қадағалау
  • провакацияларға берілмеу, ұстамды болу
  • жобаны басқару

Байқағаныңыздай SMM жүргізу оңай нәрсе емес. Сәйкесінше ақысы да жақсы болуы тиіс. Өйткені ол — әлеуметтік желідегі басты жарнама менеджері. Арзан, тәжірибесіз SMM-ші іздейтіндердің қателіктерін қайталамаңыз. SMM жұмысының нәтижесін бақылаудың ең жақсы жолы — Klout жүйесіндегі ұпайы. Қазақстандық рейтингті kaznet.me/rating/ сайтынан Үкімет, БАҚ, Мекеме санаттары бойынша қарай аласыз.

Блог - asaubota: SMM-шінің негізгі міндеттері
Әрі қарай

Ықылас жалыны

Блог - Harun: Ықылас жалыны
Дәрі тамшылатқышқа байланса да намазын қалдырмай оқып жатқан адамның амалын қараңыз.Қандай бақытты! Бұл адамда көпшілікте бола бермеген Аллаһтың алдындағы бекем ыкыласы бар!Қанша деген дені сау адамдар бақыттылыққа жеткізген осы қасиеттен құр
Әрі қарай

ЖЖЖЖЖ

Блог - Harun: ЖЖЖЖЖ
Желтоқсанға жеттік.Жүректегі жарам жазылмады.Жора-жолдастарым жанына жақын жанашыр жандарымен жүр.Жігерімді жанитын жүрегімде жалын жоқтай.Жүзі жабыркаған жандаймын.Жүрегімдегі жарақатқа жылайтын жайым жоқ.Жылайтындар жалқау, жігерсіз
Әрі қарай

Әбіштің көк кітабы

Түн батса да қыңыр ойлар маза бермейді. Сондай жаман әдетіміз бар. Сейдахмет Құддықадамның кітабын оқып жатсам да қатты «миыма кірер емес». Есіме "Үркер" түсе береді…
Мектептің кітапханасына жиі барушы едім оқушы шағымда. Кітапхананың жоғары
Әрі қарай

Балық бастан шіриді

Блог - DinaAbdigalieva: Балық бастан шіриді
Жаңа жылды тойлауға әбігерлерніп жүрген шығарсыздар, солай ма? Иә, иә күлкіге қала беріңдер! Бір өкініштісі, бүкіл жерлерге шыршаларды құрып қойыпты. Ал, тәуелсіздіктің иісі шығып тұрған жоқ. Жоқ, неге тәуелсіздікті тойлап болған соң ғана
Әрі қарай

Тақырыбы жоқ, жай ғана жан айғайы!

Блог - Great: Тақырыбы жоқ, жай ғана жан айғайы!
Өмірінде көп кітап оқымаған, оқысада бірен-сараңын қарап бірнәрселерді түйген, жартысын алып, керек емесін тастаған адам саған бірнәрсе айта алады деп ойлайсың ба? Иә, әрине, дәл қазіргі қоғам «попугайға»да микрофонды беріп, сөйлетіп қоятын заман
Әрі қарай