SMM-шінің негізгі міндеттері

Блог - asaubota: SMM-шінің негізгі міндеттері

Қазір сұранысқа ие мамандықтардың бірі — SMM менеджері. SMM бәріне керек, бірақ оның міндеттерін, SMM-шіге қойылатын талаптарды білеміз бе? Жұрт неге арзан SMM іздейді? Жұмыс нәтижесін қалай анықтайды? Кімдер SMM жүргізе алады? SMM деген тек әлеуметтік желілерде аккаунт ашып, сілтеме бөлісу ме? Осы сұрақтарға жауап іздеп көрейік.

SMM (Social Media Marketing) — Әлеуметтік желілердегі маркетинг. Яғни, желі қолданушыларын өз сайтыңа, жарнамалаушы өніміне тарту.

Жұмыс әлеуметтік желіде болғандықтан SMM маманы әр желінің мүмкіндіктері мен функционалын жақсы білуі тиіс. Аккаунт ашу, топ құру, парақша бастау, іс-шаралар ұйымдастыру — бұл жұмыстың басы ғана. SMM-ші лайк санын көбейтуді, дұрыс жарнамалауды, желіде жарнама алаңдарын сатып алуды білуі керек. Толығырақ міндеттеріне тоқталайық.

Стратегия
  • негізгі аудиторияны анықтау (жасы, жынысы, география және т.б санаттар бойынша)
  • оларды немен қызықтыруға болатынын білу
  • аудиторияның шоғырланған жерлерін анықтау
  • жұмыс жоспарын құру
  • күтілетін нәтижені болжау
  • жұмыс бойынша жаңа ұсыныстар дайындап отыру

Маркетинг
  • дұрыс имидж қалыптастыру (шыншыл ақпарат, модерация, боқтық сөздерді өшіру, сыпайы диалог)
  • желіде таргетинг арқылы жарнама жасау
  • жарнама шығындарын сараптау және болжау
  • конкурстар, ойындар өткізу
  • іс-шаралардың анонсын жасау және күнтізбелі парақшасын құру
  • аймақтық топтармен жұмыс істеу (жергілікті танымал топтармен байланыс құру)
  • лентада жоғары шығудың механизмдерін білу
  • әлеуметтік желінің барлық мүмкіндіктерін және қызметтерін қолдана алу

Диалог
  • жағымсыз қолданушыларды қара тізімге кіргізу
  • жанжал туғызатын пікірлерді және боқтық сөздерді өшіру
  • әңгімені дұрыс бағытқа бұру
  • қолданушыларды пікірталасты өрбітуге итермелеу
  • барлық сұрақтарға және хаттарға жауап беру
  • қолданушыларды басқа адамдарды шақыруларына түрткі болу, оларды сондай дәрежеге жеткізе алу
  • негатив пікірлерге және сұрақтарға сыпайы жауап беру

Постинг
  • сілтемелерді қолданушыларды қызықтыра алатындай тақырып және мәтінмен шығару
  • постқа дұрыс сурет таңдай білу
  • сауатты жазу
  • контентті әр желінің ерекшеліктеріне қарай әр түрлі етіп дайындау
  • жариялау уақытын дұрыс таңдау
  • постинг жиілігін реттеу

Шығармашылық
  • логотипті дұрыс фонда, дұрыс түстермен, дұрыс көлемде орналастыру
  • парақшаларда мұқаба суретін дұрыс таңдау
  • фон суретін дұрыс таңдау
  • промо-роликтер сценарийіне қатысу

Мониторинг
  • желі мониторингін жасайтын қызметтерді қолдана алу
  • статистиканы бақылау және нәтижелерін сараптау
  • жағымсыз пікір көздерін табу
  • өз жұмысын және бәсекелестердің SMM-ін сараптап, салыстыра алу
  • сауалнамалар және зерттеулер жүргізу

Менеджмент
  • қолданушыға ақпаратты дұрыс жеткізе алу
  • келіссөздер жүргізу
  • кей нәрселерді орындаушыларды табу және жұмыстарын қадағалау
  • провакацияларға берілмеу, ұстамды болу
  • жобаны басқару

Байқағаныңыздай SMM жүргізу оңай нәрсе емес. Сәйкесінше ақысы да жақсы болуы тиіс. Өйткені ол — әлеуметтік желідегі басты жарнама менеджері. Арзан, тәжірибесіз SMM-ші іздейтіндердің қателіктерін қайталамаңыз. SMM жұмысының нәтижесін бақылаудың ең жақсы жолы — Klout жүйесіндегі ұпайы. Қазақстандық рейтингті kaznet.me/rating/ сайтынан Үкімет, БАҚ, Мекеме санаттары бойынша қарай аласыз.

Блог - asaubota: SMM-шінің негізгі міндеттері
Бөлісу:

8 пікір

RaymbekEgemberdiev
жағымсыз қолданушыларды қара тізімге кіргізу
мынау қалай анықталады? өзіңе жақпаған адамдарды тығып тастайсың ба немесе өніміңе жағымсыз пайдаланушыны ма?))
asaubota
теріс пікір жазатын, әдейі арандату жасайтындарды
Daniar-Alan
Теріс пікір жазып, арандатушыларды досыңа айналдыру дұрысы емес па? Өнер сонда емес па?
asaubota
жоқ, енді қасақана кедергі келтіретін, боқтық сөздер жазатын, трольдейтіндер болады ғой. соларды жолатпау керек. жалпы модерация болуы керек бұл істе де
BanukaAlgozha
мысалға вконтактеде топ дамытсам ол да смм щиктерге жатама
nazamat
Жартылай жатуы да мүмкін.
RaymbekEgemberdiev
Неге жартылай? Ол нағыз smm-шиктер полигоны емес па?)