Батысқа еліктеу "трендке" айналуда

«Мейнстрим», «Хайп», «Жиза», «Лойс»…
Бұл не деп ойлап отырған шығарсыздар?!
Біле білсеңіздер, бұл қазіргі жастар қоғамында кеңінен таралған түсініктердің атауы. Сіз бен біздің балаларымызды, іні-қарындастарымызды, еліміздің ертеңін елеңдетіп жүрген «трендтегі» сөздер.
Тамыры тереңде жатқан тарихымызға бір сәт көз жүгіртіп қарасақ, кешегі хан-батырларымыздың ерлігі, тіпті бертін келе «Алаш» азаматтарының да аңсағаны еліміздің егемендігі еді. Ал енді, ел болып өз еліміз бен дініміздің тізгіні өз қолымызға берілген уақытта мәдениетіміздегі жабайы көріністердің себебі неде?
Осы сұрақтың жауабын іздеп көруге тырыссаңыз «ХХІ ғасыр», «Заман талабы», «Дамып жатырмыз» деген ақталушылық жауаптарды естисіз. Бірақ, бәрінің түпнегізінде «еліктеушіліктің» жатқаны бәрімізге мәлім.
Сан ғасырлар көлемінде қалыптасып, ақын-жазушылардың шығармаларынан оқитын мәдениетіміз, салт-дәстүріміз басқа халықтардан жоғары десек те, өресі күннен-күнге тарыла түсуде. Қоғамымыздың бір бөлігі қазақ тілін, мәдениетін ұрандатып жүрсе, енді бір бөлігі жат елдің мәдениетін жарыса кіргізіп жатыр. Батыс басын айналдырған жастар үшін қазақ мәдениеті ескінің қалдығы ретінде қабылданатыны жаныңды қынжылтады. Бірақ, бұл да тарихи оқиғалардың екпіні болу керек. Қазір де, бірнеше жыл бұрынғыдай, орыс не ағылшын тілінде сөйлеу мықтылыққа теңестіріліп, қоғамдағы беділіңді асырады. Біз де қалмайық деп шет тілдерге тілімізді сындырып жатамыз. Жо-жоқ, тіл білуді жаман демеймін. Керісінше. Тек, қазақ тілінің солардың көлеңкесінде қалып қоятынына қарным ашиды.
Жастардың арасында қарапайым қазақ баласына гөрі, орысша сөйлеп, жұлмаланған жыртық шалбар кигендердің беделі бір елі жоғары тұрады. Заманауи тілмен айтқанда, екіншісі «крутой». Артынан ергендер сол «крутойдың» орнына ұмтылып, шала-пұла орысшаларын шүлдірлетіп, қазақтың тілі мен мәдениетіне менсінбеушілікпен қарай бастайды. Ал туған тіліңе, дініңе, мәдениетіңе деген бұндай қарым-қатынастың нәтижесі неге алып келетіні жайлы айтып та қажеті жоқ шығар.
«Батыс, батыс» дегенге олардағының бәрі жаман деп ойлап қалмаңыздар. Керісінше, білім де, ғылым да, мәдениет те, даму да соларда. Мәселе, біздің «мәдениетін аламыз» деп, мәдениетсіздігіне ұмтылып жатқанымызда. Мұхтар Шаханов атамыз айтқандай: «Цивилизация каналына қосыламыз деп, канализация каналына қосылып кеттік.» Әйтпесе, бағандан бері сөз болған «Батыстан» үйренеріміз де көп. Бастысы, жақсы мен жаманын саралай білсек болғаны. Еліктеудің де естісі бар, есері бар…
Жоғарыда айтылған сөздер жастарға қатыста болса да, түзетудің төркінін жоғарыдан бастау керек. Қазақша екі сөздің басын дұрыс қоса алмайтын билік өкілдері мен «Эщкере» деп ән салған «мәдениет өкілдерін» дұрыс жолға сала алмай, керісінше қошеметке бөлеп отырсақ, жастардан не сұрай аламыз?!

Авторы: Советқан Гүлім
«Тұран» университеті «Журналистика» мамандығының 3 курс студенті

Студент жыры

Өмірдің ұмытылмас ең қызық шағы студенттік өмірге алғаш қадам басып, студент атанып «студенттер үйіне» жайғасқаннан кейінгі əкеме жолдаған өлең жолдарым.

Уайымдама əке,
Қарным тоқ, жақсы бəрі.
Ұйқым қанған тек сабақ мас қылады,
Оқуданда озатпын бірақ əке
Озаттылық ортаңа қас қылады.

Уайымдама əке,
Көңіл күйім тым керемет.
Өз дауысың бір тылсым күш берермет,
Сағындымғой қызым деген сөзіңнің
əрқашанда мен үшін орны бөлек.

Уайымдама əке,
Апайлар мақтап жүрет.
Достарымда ерекше жақсы көрет.
Торда қалған тоңып торғай емес
Қызың бүгін қыран боп самғай білет.

Уайымдама əке,
Сен берген ақша жетет.
Киіміме, тамағыма тура кетет.
Артық ақша сұрасам кешір мені
Қызыңның қыдырғысы келіп кетет.

Уайымдама əке,
Уайымға салсам егер.
Студентқой қызыңды демеп жібер.
əкесіне ұқсаған деген сөзді
Қызың əке керемет сөз деп білер.

Уайымдама əке,
Бəрі үшін алғыс сөзім,
Не айтсамда құшағыңды жайған өзің,
Сенди əке тек менде бұл əлемде
Солай болат таусылғанша соңғы демім!

Әттеген-ай...

Қазіргі таңда ең көп естейтін сөзіміз "Қазіргінің жастары кітап оқымайды, мына интернет дегендері бәле болды" деген алдыңғы толқынның артқы толқынға өкпесі. Онысы да распа дейсің кейде, ұлы Абай мен Мұхтарларды танымайтын жастарды көргенде.Бірақ қозғайын деп отырған тақырыбым ол емес кітап оқу жайлы болмақ.
Кітап оқу дегенді зырылдатып басымен аяғына жеткізе салу деп түсіну үлкен қателік. Кітапты оқып бастағаннан кейін оқиғаның ішіне кіріп кейіпкермен бірге күліп, бірге жылап толықтай сезіну керек. Бір кітаптар бірнеше оқиғаға құралған шытырман дүниеге толы болады, ал кей кітаптар жаныңыздың шеткі пернесін түртіп нәзік сезімге жетелейді, жаныңыз нәзік болмаса да жылатады, жастардың қызығушылығына айналған доромасынан артық әсер сыйлайды сеніңіз.
Осы орайда өзім жақында ғана оқып бітірген бірнеше күн уайымнан шыға алмауыма, әр оқиғасын оқыған сайын көзіме жас үйіруіме себеп болған Мұхтар Әуезовтың "Қорғансыздың күні" әңгімесі жайлы қысқаша айтқым келіп отыр. Әр қайсысыңыздың өмірде өз тарапыңызға жасалған әділетсіздік куәсі болып, ішіңіз ашып қалған сәттеріңіз болған шығар. Міне, бұл кітаптың ішіндегі әр оқиғада да әділеттілік жеңіліске ұшырап, қорғансыз адамдар жапа шегіп, опасыз адамдар еш жазасыз жеңісіне масаттана кете барады. Кино мен ертегілердегідей соңы бақытты болып аяқталмайды, дәл өмірдегідей әттеген-айы басым. Бұл кітапқа әлі үңілмеген болсаңыз оқуға кеңес беремін. Жасыған жігеріңізге талпыныс беріп, адал мен арамды ажыратып өмірдің басқа бетін ашасыз. Келесіде әділетсіздік құрбаны болып, қорғансыздың күнін кешпейтініңіз анық.

Мамыражай шаһардың 20 фотоқыры: әуесқой фотографтың көзімен

Астана — бейбітшілік пен тыныштықтың қаласы десе, әркім әртүрлі қабылдайды. Әртүрлі елестетеді. Әртүрлі сезінеді.
Біреуге бұл 100-ден аса ұлт пен ұлыстың мерекелі думаны.
Біреуге теңдессіз Бейбітшілік пен келісім сарайына жиналған әлемдік және дәстүрлі дін өкілдерінің бас қосуы.
Біреуге Астананың әлем қалаларымен, өзінің 10-дан астам бауырлас қаласымен қарым-қатынасы.
Енді бәзбіреу EXPO болсын, Азиада болсын, ірі шараларды өткізіп, дүние жүзінің көп жұртының елорда қырларына куә болғаны дер. Басқаға алуан театр мен Cirque du Soleil, Бадди аюлары мен Наполеон көрмесінің келуі болар. Мұның бәрі — әлемге жолданған рухани хат. Мұның бәрі — тәуелсіздіктің төлдері. Мұның бәрі...

Мұның бәрі — бейбіт замандағы мамыражай өмірдің жемісі. Мен үшін, және менің әуесқой фотосуретші құрбым Дария Жақыпова үшін бейбітшілік пен келісім дегеніміз — жай ғана қала өмірі. Адамдар және қарбалас. Заманауи құралдың айнасына бедерленіп түскен мимырт және мамыражай кадрлар. Құрбымның айрықша фототоптамасымен бөлісуді жөн деп таптым.


Ана мен бала


Ашық аспан, ару қыз


Демалысың белсенді, түсірме еш еңсеңді


Қалалық пейзаж


Кешқұрым


Күн батыстан батқанда


Қарапайым урбанистика


Сезімі шоқ қала

Бейбіт күнің мәңгі болсын, Елордам!


Бозбала күнделігі: махаббат - мотивация.

Махаббат — ең үлкен мотивация!
Практикалық пайдасы бар мол жазба. Қыздар, тыңдаңыздаршы!
Менің көптеген достарымның ішіндегісінен екеуіне назар салғым келеді. Екі жағдайда да махаббатары баянсыз болды, тек, сол ғашықтық оларды қалай өзгерткені жайлы әңгіме.

Салауат!

Салауат, менің құрдасым, студенттік шақта бір жобаны бірге іске асырған едік. Сол кезде күнімен бірге жүріп, кешке қыздарға да бірге баратын едік. Қыз болғанда, оның қызы, классика бойынша, оның қызының өте әдемі жалғыз жүрген құрбысымен мені таныстырады. Мен оңбағанның Баянауылда қызы барын ол «жеңгелер» білмеді де, мен де айтпадым. Бірақ, мәселе Салауаттың өзі жайында: кезінде бойы менен бір бас үлкен, денесі менен екі есе арық. Әлгі қызға ғашық болған соң басталды барлығы: кешкі жүгіріс, штанга, турник. Сөйтіп бір айдың ішінде денесі орнығып, өзі де сұсты жігітке айналды. Сордағы бар ойы — «ертең қызыма біреу тиіссе кім қорған болады?!». Тек, кейін әлгі қыздың өзге жігітпен күлімдесіп тұрғанына шыдамай, қызғанып кетті. Кейін екеуі ұрысып тыңды, Салауаттың ішімдікке беріліп, салы суға кетті.

Батыржан — аптасына темекіге 2000 теңге жұмсайтын, бос уақытын футбол мен дебатқа арнайтын, әйтеуір азарт десе ішкен асын жерге қоятын "қутриот" бала. Бірде Разия деген қызбен танысып, оған темекі атуды қоюға уәде берді. «Маған көмектесші» деп өзінің де ниет білдіріп Разияға айтқаны бар. Онысынан түк шықпаса да, бір-екі апта шыдады. Кейін, Разия сүймейтінін айтып, екеуі қоштасқан-ды.

Екі жағдай да жақсы аяқталған жоқ, алайда, шын сүйген қыз жігіттің ең үлкен мотивациясы бола алатындығын осы жағдайдан да, басымнан өткен бір-екі жағдайдан соң да түсіндім. Қыздар, өзіңізге ұнаған жігітті ғашық қыла аласындар ғой, ендеше көкке жетелеу де қолдарыңыздан келеді. Жақсылап ойланыңыздаршы, бәлкім Мишельше «Мен болмасам сен президент болмас ең!»-деп әдемі жауап қайтарғыларын келеді ғой Сіздің де болашақта жарыңызға?! Мотивацияландар!
P.s: и пожалуйста, өздерің ұнатпаған жігітке көздеріңді қыса бермендерш. Ит болмандаршы.
Әрі қарай

Головкин 36-0-0

Генамыз кезекті жеңісімен барша қазақ елін тағы да бір қуантты… Оның бұл жолғы қарсыласы 36 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен британдық Келл Брук есімді азамат болды. Алдымен Брук туралы айтатын болсам, мен бұл жігіттің ержүректілігіне риза болдым, себебі, Головкинге қарағанда салмағы жеңіл дәрежеде өнер көрсетеді, соған қарамастан Генамызға қарсы тұрып, əлемді таң қалдырды. Мен Головкиннің қарсыласы Брук болады дегенде, уайымдамай, Гена құлатады ғой деп жүрдім, бірақ кездесуге санаулы күндер қалғанда бір журналист, «Головкиннің мұндай түрін бұрын соңды көрмеппін, Головкин өте шаршаңқы көрінді», тіпті сырқаттанып қалыпты деген сыбыста шыққан болатын. Ол сөзге де сенбедім, бірақ салмақ өлшеу рәсімінде Генаның түрін көріп бойымды үрей билей бастады. Головкин осы уақытқа дейін жинаған бар чемпиондық белбеулерін қойып, тәуекелге басын тіккен еді. Қорықтық… Бірақ Гена барлық қорқынышымызды сейілтіп, жеңіске жетті. Сараптама жасап өтетін болсам…
1-раунд: толықтай Геннадидің пайдасында деп ойлаймын, өзінің əдетімен 1- нөмір болып жұмыс істеді, тіпті Брукты бір соққысымен есеңгіретіпте алды.
2-раунд: бұл раундты да жерлесімізге берер едім, жойқын соққыларын қарсыласына сауатты дарыта білді.
3-раунд: Головкин бұл раундты Брукқа əдейі берген сияқты, қарсыласын сезіну үшін соққылар жіберіп, тактикалық қулық деп түсіндім.
4-раунд: Геннадий моторын осы раундта қосып, британдық боксшыны өз жанкүйерлерінің алдында сабай бастады,(кездесу Келл Бруктың туған елі Ұлыбритания жерінде өткен болатын) Брук осы раундта рингтің бесінші бұрышын іздеп, əбден таяқ жеді.
5-раунд: Ақ орамал лақтырылып британдықтар Генамыздың мықтылығын мойындаған раунд болды. ЖЕҢІС… 23 мыңдық аренаға тəкаппар ағылшын жұртын жиып қойып қазақ əнұранын тыңдатқыздың, біз сені мақтан тұтамыз. Рақмет саған ГЕНА! Енді келесі жекпе-жегін асыға күтейік ағайын. Альварес болса екен… Жеңісті күндеріміз көп болсын!
Әрі қарай

"Құсу оразаны бұзады ма" жиі кездесетін сұрақтар


Жиі кездесетін сұрақтар мен жауаптарды dintube.ru сілтемесі бойынша таба аласыздар.

✨✨✨ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕР✨✨✨

Вк (негізгі топ): vk.com/juregimde
Вк (әйелдер форумы): vk.com/juregimde1
Вк (ораза 2016): vk.com/juregimde_oraza
Твиттер: twitter.com/juregimde
Инстаграм: instagram.com/zhuregimde
Әрі қарай

"Оразада қан, анализ тапсыруға болады ма?" жиі кездесетін сұрақтар



Жиі кездесетін сұрақтар мен жауаптарды dintube.ru сілтемесі бойынша таба аласыздар.

✨✨✨ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕР✨✨✨

Вк (негізгі топ): vk.com/juregimde
Вк (әйелдер форумы): vk.com/juregimde1
Вк (ораза 2016): vk.com/juregimde_oraza
Твиттер: twitter.com/juregimde
Инстаграм: instagram.com/zhuregimde
Әрі қарай

"Күн батты екен деп ойлап, ауыз ашып жіберсе, қайтеді?" жиі кездесетін сұрақтар



Жиі кездесетін сұрақтар мен жауаптарды dintube.ru сілтемесі бойынша таба аласыздар.

✨✨✨ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕР✨✨✨

Вк (негізгі топ): vk.com/juregimde
Вк (әйелдер форумы): vk.com/juregimde1
Вк (ораза 2016): vk.com/juregimde_oraza
Твиттер: twitter.com/juregimde
Инстаграм: instagram.com/zhuregimde
Әрі қарай

"Жыласа ораза бұзылады ма?" жиі кездесетін сұрақтар


Жиі кездесетін сұрақтар мен жауаптарды dintube.ru сілтемесі бойынша таба аласыздар.

✨✨✨ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕР✨✨✨

Вк (негізгі топ): vk.com/juregimde
Вк (әйелдер форумы): vk.com/juregimde1
Вк (ораза 2016): vk.com/juregimde_oraza
Твиттер: twitter.com/juregimde
Инстаграм: instagram.com/zhuregimde
Әрі қарай