Головкин 36-0-0

Генамыз кезекті жеңісімен барша қазақ елін тағы да бір қуантты… Оның бұл жолғы қарсыласы 36 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен британдық Келл Брук есімді азамат болды. Алдымен Брук туралы айтатын болсам, мен бұл жігіттің ержүректілігіне риза болдым, себебі, Головкинге қарағанда салмағы жеңіл дәрежеде өнер көрсетеді, соған қарамастан Генамызға қарсы тұрып, əлемді таң қалдырды. Мен Головкиннің қарсыласы Брук болады дегенде, уайымдамай, Гена құлатады ғой деп жүрдім, бірақ кездесуге санаулы күндер қалғанда бір журналист, «Головкиннің мұндай түрін бұрын соңды көрмеппін, Головкин өте шаршаңқы көрінді», тіпті сырқаттанып қалыпты деген сыбыста шыққан болатын. Ол сөзге де сенбедім, бірақ салмақ өлшеу рәсімінде Генаның түрін көріп бойымды үрей билей бастады. Головкин осы уақытқа дейін жинаған бар чемпиондық белбеулерін қойып, тәуекелге басын тіккен еді. Қорықтық… Бірақ Гена барлық қорқынышымызды сейілтіп, жеңіске жетті. Сараптама жасап өтетін болсам…
1-раунд: толықтай Геннадидің пайдасында деп ойлаймын, өзінің əдетімен 1- нөмір болып жұмыс істеді, тіпті Брукты бір соққысымен есеңгіретіпте алды.
2-раунд: бұл раундты да жерлесімізге берер едім, жойқын соққыларын қарсыласына сауатты дарыта білді.
3-раунд: Головкин бұл раундты Брукқа əдейі берген сияқты, қарсыласын сезіну үшін соққылар жіберіп, тактикалық қулық деп түсіндім.
4-раунд: Геннадий моторын осы раундта қосып, британдық боксшыны өз жанкүйерлерінің алдында сабай бастады,(кездесу Келл Бруктың туған елі Ұлыбритания жерінде өткен болатын) Брук осы раундта рингтің бесінші бұрышын іздеп, əбден таяқ жеді.
5-раунд: Ақ орамал лақтырылып британдықтар Генамыздың мықтылығын мойындаған раунд болды. ЖЕҢІС… 23 мыңдық аренаға тəкаппар ағылшын жұртын жиып қойып қазақ əнұранын тыңдатқыздың, біз сені мақтан тұтамыз. Рақмет саған ГЕНА! Енді келесі жекпе-жегін асыға күтейік ағайын. Альварес болса екен… Жеңісті күндеріміз көп болсын!
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше