Түнгі вай-фай((

Кеше жұмыстан ертерек зытып кетіп, юзби модем сатып алдым. Әлгі жылдамдығы 512 мегабит/с деп жарнамаланып жүрген «Диджимакстың» өзінен алып ем. Үйге бара сала жерден жеті қоян тапқандай орнатып, байқап көрісімен, қуанышым су сепкендей басылды. Мегабит тұрмақ, килобиттің де иісі шығар емес. Ең тез ашылатын керекинфома әрең кірдім. Не ғо, екі апта байқап көрем, жылдамдық жақсармаса, қайтаруға болады екен.
Әрі қарай

Сүйінші, сатирик блогшы болды

Кеше жұмыс бітіп, аядамада автобус күтіп тұрсам ұялы телефон шыр етті. Алсам Аққыз, тағы бір адамға блог ашу керек болды, дейді.(Өткендегі блог ашуды көрсетіп бергелі, мен оған атақты программист сияқты көрініп жүрмін.Сайт дегеннен қақпайтынымды қайдан білсін) Ойбай ләппай дедім. Ұшып отырып Түркістанның кеңсесіне бардым. Блогшы болғысы келген адам белгілі сатирик Мұхтар Шерім екен. Аққыз екеуміз отырып, Мұқаңа блог ашып тастадық. Интернеттен іздеп жүріп бір-екі жазбасында салып тастадық. Сөйтіп Мұқаңды сырттай блогшы қып

Әрі қарай

Кешіріңіз...

-Кешіріңіз, Ержанов көшесі қай жақта екенін айтпас па екенсіз?
-Е, оның несіне кешірім сұрайсың. Білмейтін көшеңді сұрағаныңа сен айыпты емессің ғой. Адам кешірімді аңдаусызда өрескел қылық көрсетіп алса сұрайды. Айталық сен мені көшеде байқамай қағып кеттің…
-Кешіріңіз, ағай, мен асығып тұр едім…
-Бұл жолы да орынсыз кешірім сұрап тұрсың. Сен асығып бара жатқаның үшін менің алдымда кінәлі емессің ғой. Егер сен мені өзіңнің бір танысың екен деп қалсаң. Жаныма жетіп келіп қал-жағдайымды сұрап әңгіме айта бастасаң. Мен сол кезде саған «Мені біреумен шатастырып тұрсың»- десем, сен ыңғайсызданып қалып кешірім сұрайсың. Міне, бұл жағдайда кешірімің орынды болар еді.
-Ағай, орынсыз кешірім сұрағаным үшін кешіріңіз.
-Шырағым-ау, сен өзі бір түрлі қызық екенсің. Адам кешірім сұрағаны үшін жазықты болмайды ғой. Кешіріңіз дегенім үшін кешіріңіз дегенің қалай? Мәселен, сен мені балағаттасаң, жазықсыз тілдесең. Соңынан өзіңнің қателігіңді түсінсең кешірім сұрауыңа болады.
-Ағай!
-Ау.
-Сіз қырт екенсіз.
-Немене?
-Қырт екенсіз деймін. Онда да жәй қырт емес, көк қырттың өзі екенсіз!
-Әй, шырағым, сен неге маған тіл тигізесің-ей!
-Ағай, кешіріңіз. Енді дұрыс болды ғой деймін, ә?
Авторы: Мартбек Тоқмырза
Әрі қарай

Бекболат Тілеуханның блогы

WP.com-ға сенсек, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, сазгер, әнші Бекболат Тілеухан ағамыз блог ашыпты. Блогын "Айтайын дегенім…" деген жазбасымен бүгін бастапты.

Бүгін шулы тақырып болған бұрын КСРО Отан қорғаушылар күніне қатысты айтқанының бізге белгісіз тұстарын "Это ведь история” ма?!" деген жазбасында кеңінен түсіндіріпті.
Әрі қарай

Ит адамның досы ғой, талас бар ма...

Әбіләкімнің  ауылы: Ит адамның досы ғой, талас бар ма...
Ит адамның досы ғой, талас бар ма
Ортамыздан хақың жоқ аластауға
Компасың боп үйіңе алып келер
Борандарда, түндерде адасқанда- деп басталатын Свет Оразаев атты ақынның өлеңі болушы еді.
Алыпсоқ
Мен де барлық ер балалар секілді күшік асырағанды ұнататынмын. Мен бірінші класқа барған жылы аудан орталығындағы ағамыз овчарка күшігін әкеліп берді. көзінің үстінде екі сарғыш ноқаты бар әдемі төрткөз күшікке «Алыпсоқ» деп ат қойдым. Маңайдағы күшіктерді алып соқсын деген ниетпен. Алыпсоқ үлкен, әдемі ит болып өсті. Кейінірек әлгі ағам мал ұстағандықтан үлкен, сақ ит керек деген соң Алыпсоқты беріп жібердік. Ит қанша жасайтынын біле алмадым. Өздерінше жыл қайыруларымен нешеге келгенін қайдам, мен әскерге кеткенде ағамның ауласында шынжырын сүйретіп жүргені есімде. Басы ғана қалыпты байғұстың. Күзетуден де қалыпты, алдындағы асын әрең ішетін.Ағам атуға аяп, машинасының артына салып алып басқа жаққа апарып тастасада қайтып келіп жүрді. Мен әскерден келетін жылы бір көршісі атып тастапты, кімнің өтініші екенін…
Көкқасқа
7-8 оқитын кезімде Көкқасқа атты төбеттектес күшігім болды.Тазыдан туған(тазының да тазалығына күмәнім бар).Ерекше күтім көрсеттім бұл итке. еркелеткенде терісін жүннің ығына кері қарай сипап өсірдім. Бетті ит болып өсті. Маңайдағы күшіктерді талап өскен неме ит болған соң тіпті құтырды.Көрші Ербол деген баланың иттері өмір бойы менің иттерімді талап кететін.ол үйде 5 ит болса бесеуі де ұйымшыл болушы еді. Маған біткен иттерді күшігінен талап бетін қайтаратын. сол ерболдың бар иті талап жатқанда қыңсылауды білмейтін. Көзі қызарып, желкесін күжірейтіп әлі жетілмеген азуын көрсете айбат шегетін. Ерболдың қасқыр алған Ақдауылынан да ықпайтын. Бір-екі қар басқан соң ауылды аралап кететінді шығарды.Мал сойған үйдің бар жылы-жұмсағын жеп, сол үйдің иттерін талап кетіп жүрді.Ит тойған жеріне деген сол дағы… Кейін біреу атып тастады ма жоқ болып кетті. «Тау жақтан ит пе қасқырма бірдеңе көрдік» дейтіндердің сөзіне елең ете қалатынмын. Көкқасқа қайтып келе ме екен деп…
Құмай
«Жаман иттің аты Бөрібасар»-демекші бұл аты айтып тұрғандай құмай тазы емес еді. кзет мақсатында қойылған дүбара ит. Бірақ маған қатты берілген ит еді. көршінің иттерімен қосылып өз тауықтарымызды жеп кететін. Бұл итті жазып отырған себебім бар. Мылтықты итке қарата көтеруім осы Құмайдан басталады. Атқа ерітіп, алысқа апарып атайын десе ағаларыма атқызбай қашып кетіп отырған. Ал, кезек маған келгенде Құмай қашпады. көзін жұмбастан маған қарап тұрды.Керісінше мен көзімді жұмып аттым ғой деймін. Тілі салақтап қисая құлап бара жатқандағы көзі көпке дейін көз алдымнан кетпей жүрді…
Әрі қарай

Рейтинг. Кәндидаттың кәкайы

Блог - Orkenegro: Рейтинг. Кәндидаттың кәкайы
Арамызда үміткерлер ұсыну кезеңінің «тез» біткеніне басын тізесін қойып тұрып қайғыратындар табылатын шығар. Себебі, бұл шеруде сұр бетоннан шыланған саяси сахнамыздың сәнін келтірген сәттер молынан болып еді, білесіздер. Қызықты «сәттерді» мен де қызықтап, орын-орындарына қоюға тырысқан едік. Олай-бұлай ауытқып кетсе, айып етпеңіз. Бұл – Өркеннің таңдауы!
Әрі қарай

21 келіп шал атандым!


Кеше түні бойы ұйқы бермеген 3 тісті, стоматолог наққа жіберді. Түні бойы көз ілмедім, бала кезім болуы керек 4-5 сынып оқитын кезім. Бір тісім ауырып, дәрігерге әкем ертіп апарған. Ол дәрігер ауызға бірденкені сеуіп, укол салмаған еді. Содан не керек тісімді шыңғыртып жұлған. Бала негізі өмірінде сондай бір жайттарды естен шықпастай жаттап алады екен. Сол кезде ендігәрі дәрігерге бармаспын деп өзіме серт бергенмін. Сомен не керек ол тістің орнына тіс шыққан. 1 айдан кейін қайтадан үйде кәмпит қоймайтын едік қой. Кеше түнімен ұйықтай алмай қойғансаң, Қарасақалдың Отырар университетінде өткішген лекциясына қатысып, Облыстық Стамотологияға бардым. Кассаға барып 3700 теңге төлеп кел, үш тісіңді жұламыз деп қояды. Сомен төле дегенін төлеп келдім. Жарықтық уколды салды, аузымды сезер емеспін. Қатарынан 3 тісті лезде жұлып тастады. Түк те сезген жоқпын, баяғы дәрігердегідей ойбайлайтын болдым ғой деп отқанмын. Болды боссың деді. Ертеннен бастап тұзды сумен аузынды шаясын деген кеңес берді. Үйге келген соң бас айналып, организмнің әлсірегенін сезіндім. Қой жата берегн болмайды деп, телмірейіп компьютердің алдына келіп отырып алыдым. Баяғыдай тіс ауырмаса да, еттері ауырып қалған болуы керек. Жай сыздап ауырып қояды. Басым ауырып тұрған еді, оның себебі шай екен. 3-4 пиала шайдан кейін бойыма қан жүгірді. хе-хе-хе Ең бастысы енді қиналмайтын шығармын, 1-2 күн шыдауға болады!
Әрі қарай