Түнгі вай-фай((

Кеше жұмыстан ертерек зытып кетіп, юзби модем сатып алдым. Әлгі жылдамдығы 512 мегабит/с деп жарнамаланып жүрген «Диджимакстың» өзінен алып ем. Үйге бара сала жерден жеті қоян тапқандай орнатып, байқап көрісімен, қуанышым су сепкендей басылды. Мегабит тұрмақ, килобиттің де иісі шығар емес. Ең тез ашылатын керекинфома әрең кірдім. Не ғо, екі апта байқап көрем, жылдамдық жақсармаса, қайтаруға болады екен.
Бөлісу:

17 пікір

Qydaibergen
Бізде байланыстың осы түрі әлі кенде келе жатыр
nurbergen_makym
Қаптамасын, не нұқсамасын мұқият оқысаң «512 мегабит/с-ке дейін» деп көрсетілген болуы керек, жылдамдығы. «Дейін» дегесін-ақ, оның 0,1 мегабит/с болуы да ғажап емес.
AKY
Ия, солай. Келісім-шартта бастапқы нүктеден «512 мегабит/с» деп тұр. Менің үйіме жеткенше әжептәуір азаяды екен)))
meirzhan
Осы Beeline мен Kcell-дің USB-лерінің онлайн видео көріп, не музыка жүктеуге қауқарлары жет ме екен?
Abilakim
Далакомдікі жақсы аналарға қарағанда
meirzhan
менде Dalacom, бірақ видео дұрыс көрсетпейді. Huawei деген.Beeline-ға ауысайым ба деп жатырмын.
asaubota
Бұл қайсысынікі? кисель ма?
omarbirat
Digital TV дейтін кабельдік телевизия қызметін көрсететін компанияның 4G модемі. Бұл модем Алматы, Астана мен Атырауда істейді.
Алматыда тек орталыққа жақын аудандарда нәрмәлні тартады. Ақсайда тұратындар шашымызды тақырлап алып жүруге мәжбүрміз :))
asaubota
Астананың барлық жерінде жақсы ұстамайды.
omarbirat
Тойыс, мұсылмандар ғибадатханасының бір бұрышында мысыққа жыныстық қатынасқа түсуге итермелейтін іс-әрекеттер жасауға мәжбүрміз :)
asaubota
АКҮ де Астананың сондай жерінде тұрады ау деймін :)
AKY
Универде жақсы ұстап тұр. Соған жақын 22 мектептің жанында тұрам. Түсінбейм(
Zilola
зона покрытиясын ғаламтордан қараса болады, менің ағам сондай сатып алды, қазір мақтап жүр. Әйтпесе ксель, билайн, мегалайн т.б бәрін көрген уже.
satibaldi
[Соған жақын 22 мектептің жанында тұрам. ]

ық-ық…
AKY
Сен-ақ тұншығады да жүреди екесің))