Сүйінші, сатирик блогшы болды
Кеше жұмыс бітіп, аядамада автобус күтіп тұрсам ұялы телефон шыр етті. Алсам Аққыз, тағы бір адамға блог ашу керек болды, дейді.(Өткендегі блог ашуды көрсетіп бергелі, мен оған атақты программист сияқты көрініп жүрмін.Сайт дегеннен қақпайтынымды қайдан білсін) Ойбай ләппай дедім. Ұшып отырып Түркістанның кеңсесіне бардым. Блогшы болғысы келген адам белгілі сатирик Мұхтар Шерім екен. Аққыз екеуміз отырып, Мұқаңа блог ашып тастадық. Интернеттен іздеп жүріп бір-екі жазбасында салып тастадық. Сөйтіп Мұқаңды сырттай блогшы қып жібердік. Сырттай болғанда сырттай да емес, өзі Аққыздан ашуға көмек көрсетіп жіберсеңдер депті. Блогының барлығын өзі де естіп үлгермеген шығар. Айтпақшы біреулер құсап болмайтын іске мақтанып отыр екен деп қалмаңдар. (Көкіп отыр деп итше талап жүрмеңдер. Кейбір пікір жазғыштардың сондай әдеті бар еді ғой.) Тағы бір адам блогшы болды деп сүйінші сұрап отырғаным ғой. Оқи жүріңіздер http://mukhtarsherim.wordpress.com
4 пікір