Генканы (Ғаниді) арақтан емдеу

Ғани еді негізі азан шақырған аты. Апымыз бір күні төрт құбыласы түгел орыс-қақолдан тұратын ауданға байға шығып кетті де… бір күні Ғани — Генка, ал иті Ақтөс — Кузька болып, қайтып келді. Епті, орысша сөйлейд! Ол қойня: ойын нағыз қызған шағында, Генка «обед!» деп кетіп қалатынды шығарды! Үш мезгіл тамақ, демалыста — демалу деген мәдени шараларды біз со Генка шырақтан көргенбіз.
Әрі қарай

ҚҰДАЛЫҚ ХИКАЯСЫ

Біздің ауыл сұрағанға Тастай деп аталады. Біреу білер, біреу білмес. Қараүзген ауданы, Қоқан совхозының білдей бір бөлімшесі. Он екі түтіні бар алақандай ауыл. Оған қоса, 4 кластық бір мектеп, 2 мұғалім және Кеңес кезінен мұраға қалған жалғыз мәдениет үйіміз бар. Жылына бір жиналатын біз секілді қаладағы студенттер жазда мәдениет үйінің аузындағы қара құлыпты алып, үлкендерге кәнсерт қойып береміз. Басқалай ауылдың өз қызығы өзінде.
Әрі қарай

Ораза айт мерекесі



Ертең мұсылмандардың Ораза айт мерекесі. Мереке күндері мыналарды жасау сүннет:

1. Ерте тұру.
2.Ғұсыл алу.
3. Мисуак қолдану.
4. Хош иіс себу.
5. Жаңа және таза киім кию.
6. Араздарды татуластыру.
7. Қабірлерді зиярат ету.
Әрі қарай

Мұқағали Мақатаев мүшәйрасы.

@boztorgai аға сұрағасын жазып отырмын. Мүшәйрада тек финалға шыққан ақындардың өлеңдері ғана оқылды. Жалпы саны 150 ақын қатысқан, оның ішінде 15 ақын ғана финалға өткен екен. Барлық ақындардың өлеңдері мен ақындардың тізімін таппадым, тек финалда орын алғандары туралы ғана ақпарат бар екен:
Ғылыми конференциядан соң «Кең дүние төсіңді аш мен келе­мін!..» атты жазба ақындар мүшайрасының қорытынды бөлігі өтті. 150 ақын қатысқан жыр додасында бас жүлде – жеңіл ав­токөлік ақын Жүрсін Ерманға бұйырды. Бірінші жүлде (1млн. теңге) – Қапшағайдан келген Мақпал Мұсаға бұйырды. Екінші жүлде (750 мың теңгеден) – Иранғайып (Иранбек Оразбаев) пен қытайдан келген ақын Білісбек Әбдіразаққа тиді. Үш үшінші жүлдені (500 мың теңгеден) –Сәкен Иманасов, Әділға­зы Қайырбек, Ырысбек Дәбей жеңіп алды. Бес ынталандыру сыйлығын (200 мың теңгеден) –Жәркен Бөдеш, Қуандық Шолақ, Серік Ақсұңқарұлы, Батық Мәжит, Кәдірбек Құныпияұлы иемденді. Еркін Ібітанов атындағы екі арнаулы сыйлық (150 мың теңгеден) –Болат Үсенбаев пен Жарас Сәрсекке бұйырды. Ақпарат мына жерден алынды.
Әрі қарай

Атыраудағы кезектен тыс @satibaldi оқулары

Осыдан біраз күн бұрын (алдыңғы күні) Атырауда керемет жиын болды. Таңертең Атырауға гастаның келуінен басталды. Бағдарлама бойынша, 9.40 вокзалда Гастарбайтерді күтіп алу, 9.55 жәймен әңгімелесіп, парковкадағы машинаға келу.
Әрі қарай

Керек сайт

Керек инфоға күніне бір рет те кірмеймін десем, өтірікші болармын. Күнде ертеңгісін поштамнан соң кіретін сайттардың бірі. Өткен әзірде керек сайтымыз жабық дегенде, „жоғарыдан„ келген пәле деп топшылап едім,
Әрі қарай

Керек-айтыс

Бұл күнде біздің өмір барыс-қайтыс,
Жолымыз да кедір-бұдыр, ұйқыш-айқыш,
Жұмыс пен үй ортасын шаң қылғанда,
Көңіл, шіркін, сұрайды екен Керек-айтыс.
Әрі қарай