Ораза айт мерекесі



Ертең мұсылмандардың Ораза айт мерекесі. Мереке күндері мыналарды жасау сүннет:

1. Ерте тұру.
2.Ғұсыл алу.
3. Мисуак қолдану.
4. Хош иіс себу.
5. Жаңа және таза киім кию.
6. Араздарды татуластыру.
7. Қабірлерді зиярат ету.
8. Жүзік тағу.
9. Жылы жүзді болу.
10. Мешітке ерте бару.
11.Мешітке бара жатқанда жай дауыспен тәкбір айту.
12. Мұсылмандарға сәлем беру.
13. Мұсылмандарды құттықтау.
14. Кедейлерге садақа беру.
15. Туыстарды көруге бару.
16. Діндес бауырларымен араласу.
17. Сыйлық апару.
18. Қонақтарды күту.
19. Көп дұға оқу, тәубе ету.
Бөлісу:

19 пікір

Beytanis
Бүгін Арапа, ниет етіп иіс шығарып, бауырсақ пісіріліп жатыр. Ораза Айт берекелі болсын!

6. Араздарды татуластыру.

izbasar
Достар, ертеңгі ораза айт намазына барып дұға қылайық!
JebeNoyan
sagat kanshada bolady? yagni tangy ait namazy?
izbasar
Әр қаланың уақыты әр түрлі ғой. Қай қалада тұрасыз сол жердің мешітінің сайты болса сол сайттан намаз уақытынан қарауға болар. Негізі күн арқан бойы көтерілгенде оқылады. Бізде 6-45 те оқимыз. Ниетіңіз қабыл болсын дос!
mampasi
мисуақ деген не? Сосын жыным келетіні бүкіл қазақ арабша білмейді, осындай сөздердің қазақшасын неге айтпайды екен?
Пікір түзетілген: 29 тамыз 2011, 22:55
mampasi
ислам туралы міңгірлеп отырғандарды тыңдап айтқанынын жартысын түсінбейсін осы араб сөздерін қосқандарынан.
JebeNoyan
bauyrym katelespesem misuaq — degen auyz tazlaityn agash, osimdik. Shyn aitsam mende arab tilindegi sozderdin kobisin bilmeidi ekenmin
Qojeke
Білмесең, оқып ал
Пікір түзетілген: 29 тамыз 2011, 23:57
mampasi
арабша айтпай неге қазақшасн айтпайды? құран мен намазды да арабша оқығанға жыным келеді. Аудармасы бар қазақша оқи салса болмай ма сонда? Құдаймен әркім өз ана тілінде сөйлесу керек қой. Арабша нақышына келтіріп айтып жүргендері шамалы бәрібір. Кейбір адамдардың құран оқып отырғандарын естіп кейде еріксіз күліп жіберемін.
janbolat
мынаны оқып шыққан соң жауабын түсінерсіз: www.muftyat.kz/index.php?newsid=3696
Gamk
Шива құдайыңа өзіңше жалбарына берсей.
janbolat
жоғарыдағыны кімге жаздыңыз?
meirzhan
Әр ұлт өз тіліне аудара берсе мағына өзгереді. Қай тілде түсті сол тілді пайдалану керек дінде. Әйтпесе христиандар сияқты бөлініп қырықпышақ болып жатамыз. Қазіргінің өзінде бөлініп жатыр. Ал әркім өз тіліне аударып құлшылық етсе. Ислам дінінің түрлері өте көп болып кетеді.
Мұсылман болу үшін қазақ болу керек деп айтады кейбірлер. Арабша білудің қажеті жоқ дейді. Сонда қазақтан басқа мұсылман жоқ па. Бұндай надандықтың керегі не.
Onlasyn
Қазақта «мәсуек» деген сөз осы «мисуақ» дегеннен келіп шыққан.
Сонымен қатар, «мисуақ» сөзін қазір қазақтардың басым бөлігі түсінеді.
a63a1
Айт қабыл болсын!
sigma
12. Мұсылмандарға сәлем беру.
16. Діндес бауырларымен араласу.
Басқалармен сәлемдесіп, араласуға болмайды ма?
Осы секілді бөлінуді соңғы кездері көп айтады, мұсылман бауырларым, кейде ойландырып та тастайды осындай әрекеттері
Lyaila
Жамағат, айт қабыл болсын!