ҚҰДАЛЫҚ ХИКАЯСЫ

Біздің ауыл сұрағанға Тастай деп аталады. Біреу білер, біреу білмес. Қараүзген ауданы, Қоқан совхозының білдей бір бөлімшесі. Он екі түтіні бар алақандай ауыл. Оған қоса, 4 кластық бір мектеп, 2 мұғалім және Кеңес кезінен мұраға қалған жалғыз мәдениет үйіміз бар. Жылына бір жиналатын біз секілді қаладағы студенттер жазда мәдениет үйінің аузындағы қара құлыпты алып, үлкендерге кәнсерт қойып береміз. Басқалай ауылдың өз қызығы өзінде.
Ауылымыздың бастауыш мектебінде оқитын балалары сабақ арасындағы үзілістің болатынынан бейхабар келеді. Бүкіл сабақты қосып бір-ақ оқиды. Уақыт үнемдейтін әдісті ойлап тауып, тәжірибеге енгізіп жүрген мектеп директоры, ауылымыздағы жалғыз мансап иесі Қалимаш Тоқтыққызы – біздің құдайы көршіміз.
Апайымыздың гардеробының сәнінен шықпайтын, төрт маусымда тастамай киетін әмбебап аяқ киімінің біздің айналадағы танымалдылығы – 100%. Мектеп, қонақтық, сиыр сауу, аудандағы білім басқармасында өтер жиналыс болсын қызыл кәлошіне аяғын сұғып жіберіп, аттай шауып бара жатар еді. Тіпті былтыр 9 шақырым жердегі Жартескен ауданының Жайнақ совхозына қызын ұзатқанда: «Құдағиым көреген екен, кәлошіме подцвет қызыл кәстөм кигізді»,- деп, ауылдың әйелдерін сарқытқа шақырып, қуанышын бөліскеніне куә болғанбыз.
Биыл жаз шыға үйіміздің жары, қойымыздың қорасы бір Қалимаш апай мен Сағит ағай сол былтыр күйеуге кеткен «жатжұрттықтарының» құдалығын шақырмақшы болды. Бүкіл ауыл болып дайындалдық. Он екі үйдің «ақ орамалдысы» дастархан қамына кірісіп бергенде, істейтін іс қалмады. Той мен қонақтық өтетін күн ретінде «апторлық құқыққа ие» сенбінің кешінде азан-қазан мал түгенделіп, қой қамалып, сиыр сауылып, қаймақ сүттен ажыратылды. Ұлттық арнадан «Мың бір түннің» кезекті хикаясы баяндалып, ауыл халқы тайлы-таяғы қалмай, көршіміздің үйінен табылды. Құда қарсылап, мәре-сәре болдық та қалдық.
Ауылымызда той-томалақ өтсе, «қонақтықтың қалай өтіп, не қызық болғаны» туралы ертесіне «11:00 шайында» міндетті түрде баяндалады. Бұл құдалықтың басты қызығы сағат түнгі 02:00 шамасында басталса керек. Қос үйдің бала-шағасы қазан басынан қуырдаққа тойып ап, ұйықтап қалғанбыз. Түн ауа түзге шықсам, біздің дәретханаға көршінің құдалығындағы қонақтар «живой өшіретте» тұр екен. «Бұл не керемет, көршінің туалеті құлап қалғаннан сау ма?!» деп таңданып, көз қиығын салсам, онда екі есе адам кезек ап қойыпты. Ең соңғысы шыдамай, қора айналып барады екен. Таң-тамашада жарты сағат тұрып, жатып қалдым. Бір мызғып алып, сіңлім екеуміз тағы шықтық. Екі үйдің дәретханасында біреулердің отырғаны анық. Қос қанаты мен артында да адамдар отыр. Үй артында да кісі барға ұқсайды. Оған қоймай, құдалық өтіп жатқан жазғы шайхананың алдында үлкен-кішісі аралас қаз-қатар жайғасыпты. «Өлімнен ұят күшті» деген мақал әдірем қалатын кездер де болады екен қазақта. Бір-бірінен айырып болмайсың. Бір адамның ішіне бір аяқ ас сыйғанмен, ішкен-жегені аузы-мұрындарынан ытқыпты. «Бас жарылса, бөрік ішінде, қол сынса, жең ішінде». Ал іш өтейін десе, қарынның қалтарыстарында ішкеніңнің тұрақтауы қиын екен. Құдалық жайына қалып, бас қайғы болып кетті.
Ұялған тек тұрмас. Іші кеткеннің күші кететінін де білді ме, қаладан келген Қалимаш апайдың сіңлісі Сәлима ұятты жиып қойып, марганцовка езіндісіне толы шелекті қатар қонғандардың әрбіреуінің алдына қонжитып, бақырашпен «дәм таттырып» жүр екен. Аңырып тұрып қаппыз. Ұялғаннан үйге зып бердік.
Таңертең оянсақ, біздің ауылдың тұрғындары бастап, көршілерміздің алыс-жақыннан жиылған етжақындары қостаған «құдалықшылар» үйіміздің үлкен жағына бір-біріне табандарын түйістіре жатқызылыпты. Тамырларына ине шаншылып, күні кеше ағартқан жарға добалдай шегелер қағылып, суға толы дорбалар ілініпті. Сөйтсем, система деген пәле екен. Ыңыранайын десе, ауруы жоқ, жалғыз біздің отбасының адамдары мен дастарханға жете алмай, арманда ұйқыға кеткен бала-шаға болып шықты.
Құдалықтың алдында «қазанының» қамын ойлап жүретін әкеміз үйге шөп түсірткен. Шөпшілермен «шөлін» басып, өз сөзімен айтқанда «гүлденіп» алса керек. Суға езілген спирт себепкер болды ма, әлде қонаққа барғасын бұйырмағаннан жемеді ме, кім білсін! Айтып келмейтін аурудан аман қалғанына мәз болғаны ма: «Анау-мынауды біздің қарын елемейді»,- деп қояды. Жүгіріп барып. «Тамырға дәрі жібертесің бе?», — деп шешемді оятып жатыр. Түндегі дабырдан таң ата көз ілген ол қапелімде: «Ойбууй, біздің үйге хрустальный люстра әкеп таққан кім-әй?!»,- деп атып тұрды. Сап түзеген система құрғырлар ұйқылы-ояу көзіне сыңғырлаған су жаңа хрусталь люстра боп көрінсе керек. Екі үйдің айналасы жай түскен полигондай екен. Әттең, противогаз көбейгірің емге табылса ғой, шіркін! Сол күні көзкөрген нән шыбын-шіркейлер үйір-үйірімен кеш батқанша балға үймелеген арадай дамыл таппады.
Сөйтсе, құдалықшылар қуырылған балық пен тауықтан ұшыныпты. Балық пен тауықтың куәсі – Қалимаштың сіңлісі Сәлима. Қаладан пісіріліп шыққан «буштың бұттары» мен «балықекеңдер» шілденің ыстығына шыдамаса керек…
Жайнақтан жеткен су жаңа құда-құдағай отырыстың сәні кеткесін, «әлі де аманымызда осы тойғанымызбен қайта қояйық» деген болуы керек. Көлігін оталдырып, кемпіріне: «Қане, мін!» десе, құдағи қайта-қайта Жигулидің есігін айналып кете беріпті. Қолды бір сілтеп, «Қалсаң қал!» деп бір өзі қайтып кетіпті. Ақылыңнан айналайын құданың өзі жолай Қараүзгендегі аудандық ауруханаға жетіп жығылып, «Тастайға шұғыл бармасаңдар, бір ауыл түгел қырылатын түрі бар» десе керек.
Біздің ауылдың тарихында болмаған іс болып, 50 шақырым жердегі орталықтан науқастардың бақытына көрінген шығар, бір «таблеткамен» екі дәрігер шақыртпай жетіп келіпті. «Сағима апай алғашқы көмек көрсетіп, марганцовканың езіндісін ішкізіп, дұрыс болыпты. Болмағанда енді бір түн асырып, біз жеткенше олай-бұлай болып кетулеріңіз де ғажап емес еді», — деп қояды дәрігер қыз басын шайқап. Аудандық аурухананың дәріханасына да тамырға салатын дәрі түгесілген екен, әбүйір болғанда облыс орталығынан бір күн бұрын жеткізіліпті. Көмектесіп жүріп, күрішке тыңқиып тойып алғанымыз қандай жақсы болған! Әйтпесе, ішінде біз де кетеді екенбіз. Құдай сақтаған екен! Не де болса, естен кетпейтіндей құдалық болды.
Бөлісу:

68 пікір

Aizhantabyn
опупеть!!! 12 үй бір подъезді алты қабат қалада! Сөз жоқ!!!
satibaldi
Сенің кіндігің де дұрыс тігілмеген бе?
19852407
Сіздікі қалай тігіліп еді? :-)
Khan
Оқиға Өзбекстанда орын алған ба сонда?
19852407
Кәдімгі Қазақстанның, қаладан шалғай жатқан қарапайым ауылдарының бірінде,Khan)))
omarbirat
Қаладан пісіріліп шыққан «буштың бұттары» мен «балықекеңдер» шілденің ыстығына шыдамаса керек…
Үйде неге пісірмеген?
19852407
Оқиға Орал қаласының шалғай ауданының бір совхозының бір нүктесінде 2-3 жаз бұрын болған оқиға. Елді-мекен, адам аттары шартты түрде өзгертіліп, сіңлімнің атынан жазылды. Әлгі Қалимаш апай әпкемнің «туған» көршісі. оқушы кезімізде қыдырып барып тұрушы едік, ит өлген жер. Құртақандай ауылда тек жездемде ғана жеңіл көлік (Гольф тройка :-)) ғана бар. Гольф сынса бітті, оңдағанша, барсаң, кете алмай қаласың)))
Үйде неге пісірмеген?

@omarbirat, оның себебі Қалимаш апайдың кулинариялық икемділігінің «буштың бұттарымен» үйлеспеуінде, сосын №1 себеп 12 түтіндік ауылда духовкасы бар газплитаның болмауында еді.
Abilakim
Құртақандай ауылда тек жездемде ғана жеңіл көлік (Гольф тройка :-)) ғана бар. Гольф сынса бітті, оңдағанша, барсаң, кете алмай қаласың)))


Гольфі әпкең күйеуге тимей тұрыпта болды ма? Жездең болған кезде қуанып кеткен шығарсың «О. гольфқа мінемін» деп)))) Оқиғаның бұдан ертерек болуына байланысты қазір ол ауылда басқа да иномаркалы жігіттер бар деп ойлаймын
19852407
Жоқ, ол кезде жаман тракторы ғана болды, сапқоздан пайға алған
Оқиға дегенде екі жаз бұрын болған, шынымен де жездемнен басқа кісіде көлік жоқ қазір де, ол да биылғы қыс сынып жатыр, студент сіңлілерм попуткамен амалдап жүр, каникулы бар болсын
Gulistan
Таныс көріністер"
Күшті екен, маған ұнады. Нағашыларым тұратын Тфйсойған ауылы елестеп кетті.
19852407
ойбуууй, нағашыларың Тайсойғанда тұра ма, Gulistan?! Полигон жақ?!
Gulistan
я, Капустин Яр болған жақ. Ракета қалдықтары әр жерде жататын, оны ауыл адамдары ана-мынаны тасуға ыңғайлап алатын, мысалы қыста қар, жазда қорадағы күбірді.
19852407
ия, білем ғой, нағыз полигон орналасқан ауыл ғой, мяя шок болвотрм. Былтыр экспедиция жасап сол жақтарды түгел аралап қайттық бір апта бойы. Ощущение құдай басқа салмасын енді (((
Gulistan
Шок болатындай не көрдіңдер: ауылдың жағдайы ма, әлде полигон зардаптары ма?
19852407
полигон зардаптары ғой
Nurgisa
Соларға мемлекет тарапынан не көмек көрсетіледі екен? ТШО Сарықамыс аулын тұтастай көшіргені сияқты, бұл елді-мекендегілерді де экологиясы дұрыстау жерге көшіру керек пе еді… Ондағы ауылда халық саны қанша екен өзі? Жастар аз шығар…
saken
марганцовка табылғанына шүкір.
19852407
айтпаңыз, а табылмай қалуы да ғажап емес еді… :-)
asaubota
лагерьде болып еді осындай жағдай. түнгі екі шамасында ішім бүріп ауырып баратқасын даладағы туалетке жете алмайтыным анық болғасын істемей тұрған коридордың бұрышындағы туалетке кіріп аман қалдым. сосын келдім де жатып қалдым. қызықтың көкесі мен ұйықтағасын болыпты, оны ертеңіне сасып тұрған далдан және жұрттан естідім. туалет бәріне жетпегесін жұрт айналасына отыра қалыпты.

еттен екен. үйге қайтарып жіберді сосын бәрімізді.
19852407
Ондай-ондай ханның ұл-қыздарында да болып тұрады. Бәрінің басынан балабақшада н/е лагерьде жаппай «бұттан кету», «етікті толтыру» өткен шығар
Gastarbaiter
«етікті толтыру» өткен шығар

Детсад емес, үшінші сыныпта бір топ қыздар балалар үйге жаяу қайтып келе жатқанда бытырт-т-т-т-т деген автоматтың кезегі естілді.
Сөйтті де кенет көршім ішін ұстап, көштен қалып қоя берді...Қыз-балдар ду күлкі.
Мен әлгі қалып қойғанына, тоқтап, не болды деп едім, көршім қолымен сілтеп «жүре бер зайыбал» дегендей ишарат білдірді.
Соған қарағанда, желмен қоса «тасбақаның басы» да шығып кетті-ау деймін.
Adiletshu
10-шы класс қой дейм. Вечеринкада бір бала қатып ап ұйықтап қалған. Далада жүріп үйге кірсек жігіт бұттан кетіп қапты.
Gastarbaiter
Оныңа енді кешірім жоқ. «До усрачки» арақ ішу деген сол.
19852407
 Ол ештеңке емес, "ұлы істе ұят жоқ" демекші, үп-үлкен қыз-жігіттер вечеринканда үстелде отырғанда порылдатсааа, ох, порылдатцааа...
Gastarbaiter
қызықтың көкесі мен ұйықтағасын болыпты, оны ертеңіне сасып тұрған далдан және жұрттан естідім. туалет бәріне жетпегесін жұрт айналасына отыра қалыпты.

patick
Сосын, мал сойғанда қасапшылардың бірі қолын қанатып алса жеген адамдар жаппай ұшынады деген десенім бар ғой. Талай рет қауымдасып іш өткен кездер болған. Сол кезде дүниедегі ең қымбат нәрсе — әжетхана болып көрінеді.
19852407
ал, ақ пазыл қағаз ше?
19852407
немесе "Әліппе" кітабы ше?
patick
ақ пазыл

Жо-жоқ, Пазыл қап-қара адам еді ғой? Әлгі сапқоз кезінде тракторис болған Пазылды айтам
19852407
и кечвар екесің)))
satibaldi
Бір сондай өсекі(осылай айтуға келсе) жалпақ тілмен жазылған керемет әңгіме екен. Бірден екі кемпір, үшінші рет қайнатылып әкелінген самауыр һәм иісі мұрын жаратын сөк салынған тай кесе елестеп кетті. Ауылға кетем бір қой нақ, тек осы үшін!!!
19852407
Иіні қатты асфальттан таяқ жеп, әне-міне тырсылдап жарылайын деп жүрсеңіз, рекомендеймін, сезоныңыз дәл. Ауыл деген жақсыыы ғооой, «Сатеке, біздің де кукинадан шай ішіп кетіңіздетіп» тұрады ауылдың адамдары.
19852407
Ал, енді тура Тастайға келем, әльгі 2 кемпір, 3-ші рет қайнатылған самауыр (сөк салынған) тай кесені матырып жіверіп шай ішем, «Гулеке, Оралдан пойыздан күтіп ап, әрі қарай УАЗ-ға жалжівер» десеңіз, пажалыста. Тек кем дегенде 12 күн қона жатам деп Ақтөбеде қалатын жеңгейден рұхсат қағазға пешать сохтырып келіңіз.
Бірінші күні бүкіл ауыл түскен үйіңізге келіп, сізбен бірге қона жатып қонақ болады. Сосын бірінен бірі қалыспай, қой сойып, шақырысады бір үй қалмастан, басекелестіруден тренер атағын ап қайтасыз ең кемі))) Ал, ең кереметі болашақта таур осындай жазба-сызбаларыңызға нешеме түрлі персонаждар тауып қайтатыныңызға богатый урожай берем, құраған шөп болмасын!
скендір Хасанғалиев ағамыздың туған жері екенін «по секрету, по всему свету» айтып қояйын
19852407
Өсек дегенде, енді, өйдеуге болмас, әпкем үш қызымен қосылып, тура майын тамызып, нәшіне келтіріп, ауыл адамдарының характерін ашып, келтіріп әңгімелеп бергенде, таңға дейін ұйықтай алмай шұлықтан кеттік. Сөйтіп, шек қата күлуден понос болдық біз
19852407
сосын толғағы жеткенде Муза кемпір қонаққа кеп кетті :-)
Gulistan
Айтып тұрмын ғой, маған да Тайсойған ауылы елестеп, жамааааан барғыыыым кеп кетті.
19852407
Елестете алсам, ризамын, мақсат та мо еді.
AKY
Жазып қоясың-ей))) Ощм, жаза түс, тағы жаз!
satibaldi
«Охуйық!» деп айтуға апай болғаның кедергі болып тұр ма?
19852407
Осы сөзің үшін жазам тағы!)) Хут!
Nurgisa
Керемет жазылыпты. Таңдаулыларыма қостым. Рақмет!!!
zhannin-sayasi
Сіз журналистсіз бе? Керек инфоға Келегеніме екінші күн, көп нәрсені білмеймін )))
19852407
қазір заман өзгерді, сіңлім, нобайы термин пайдаланылады атауда
Maya
Бәрінің аман қалғанына мың да бір шүкір!!!
sammita
бір деммен оқып шықтым, осылай жазу керек
Gastarbaiter
Ауылдың тәуіптері не қарап жүріпті, әншейінде ауыз жаппастар. Дәрігерлерге респект!
19852407
12 үйлі ол ауылда тәуіп жоқ, тәуіп көрші Қалдығайтыда
Rozatai
күлкіден ішегім түйіліп қалды  Енді оқып отырмын
Осылай жазу керек!
19852407
Бұйыртса, аталған ауылға 12 жыл дегенде қайтара жол түсетін болды)))
Әңгімедегі студент сіңлімнің ұзату тойына
bi2
м даааа… Қалдығайты деген өзен бар, тобығыңа жетпейді, бірақ топырағы тракторды тартып алады дейтін еді… Соның маңындағы кішкене ауылдардың бірі болды ғой…
19852407
Дәл өзі, Қалдығайтыға қарасты 12 үйлі ферма
bizbike
ондай қалада да болған, бірақ әйтеуір бәрі үйлеріне жетіп, ертеңгі күні басталған ауру. Тұрып қалған қазыдан деседі, не болса да іштері тазарып қалған екен
Aya
Жақсы хикая болған екен
MERmukhanov
Жаксы хикая болган екен?
Каской арамниет ару екенсин :)
Адам тагдыры мен асказаны ойыншык па саган?
Marco
Менің таңдаулыларымда тұрған үш әңгіменің біреуі. Оқыған сайын оқи бергім келеді. Гуфа, неге жазбайсың тағы?
DinaAbdigalieva
Мінеееее, құдалық:D, естелік деп осыны айт));)
Marco
Естелік :) Бір ауыл бір-бірінің әлгі жерін көріп болды, кейінгі қатынастары қалай болды екен деген сұрақ тумай ма?
Шіркін, жалғасын жазса ғой. :)
Basic
Бір адамның ішіне бір аяқ ас сыйғанмен, ішкен-жегені аузы-мұрындарынан ытқыпты.
*lol* *lol*