Бәріңе! Шақырту! Ашылу!

Құрметті, блогшылар! Бұрыннан жоспарланып жүрген жобамыздың (Блогшылар құрылтайына қатысқандар біледі) пилотты нұсқасы дайын болып қалды. Жоба деп отырғанымыз kinostan.kz сайты. Бүгін жұмадан сенбіге қараған 8 сағаттық түнді порталдың тех.жұмыстары мен аударма жұмыстарына арнауға тура келіп тұр. Өйткені сенбі күні, яғни ертең, яғни 11 маусымды сайттың ресми ашылған күні деп жариялағымыз келеді. Сол орайда, сайтпен кеңірек таныстыру үшін блогшыларды, журналистерді шақырамыз. Баспасөз-маслихаты дейін десек беделді БАҚ өкілдеріне ресми шақырту жіберген жоқпыз, және жар сала жариялауға үміттерді ақтай алмай қаламыз ба деп қорқып отырмыз. Жәй ашылу салтанаты дейін десек, салтанатты ештеңе жасамаймыз. Жәй ғана сайтты таныстыру, көрсету, қызығушылық ояту, сұрақтарға жауап беру және серіктестер мен кино саласында жаза білетін көмекшілерді іздеу.
Әрі қарай

Блогкемп сыйлаған достарым

Блогкемп байқауына. Мәтін бөліміне.

Былтыр дәл осы уақыттарда «Блогкемпте не істейм», "Қалай өтеді" деп, қорқып, сасқалақтап жүргенім есімде. Дәл осы уақыт.
Блогкемп мен ойлағаннан да керемет өтті. Қаншама адамдармен таныстым, қаншама дос таптым…

Содан бері тура бір жыл өтіпті. Бұл жолы басқаша сезімдемін. «Блогкемп таныстырған, табыстырған достарыммен қауышамын» деген қуанышты езім.
Ия, блогкемптің арқасында көптеген достар таптым. Бала күнімнен бірге өскен құрбыларымның өзі қызғанып қалады кейде)). Достығымыз мәңгілік болғай!

Сол достарыммен алғаш танысқан кез есіме түсіп кетті...

Керекинфоға келуіме себепкер болған Аршат еді. Виртуалда қатал, ұрса беретін ағай боп көрінетін. Кездескенде сөзбен жер-жебіріңе жетіп, кекетіп тұрады деп ойлайтынмын. Сөйтсем, өмірде өте сабырлы, маң-маң басқан жігіт екен . Ұрсып сөйлемейтін, сыпайы адам боп шықты.
Әрі қарай

Домбыра пати Астанада!

Кеше Арқаның төсінде, Астананың төрінде, Бәйтеректің жанында, Керуеннің алдында Керекшілер ұйымдастырған тамаша іс-шара өтті. Шартты түрде «Домбыра пати» атауын алған іс-шараның басты мақсаты — домбыраны, қазақшылықты насихаттау. Ұмытыла бастаған игі дәстүрді қайтадан сәнге айналдыру. Астана уақытымен кешкі 21.30-да басталған пати 23.00-де аяқталды. Керекшілерден бөлек қыдырыстап жүрген адамдар да қызықтады. Өнерлерімен бөлісті.
Соңында «Көп жасаңдар!» мен «Маладестер »-дің астында қалған керекшілер сол жерде әр бейсенбі Бәйтерек маңында 20.00-де осы дәстүрді жалғастырмаққа уағдаласып тарасты.
Ал, әзірге патиден суреттер:

Әрі қарай

"КерекИнфо" жігіттері осындай

Бала кезден өскен болып ерек тым,
asaubota , жүрегісіз «Керектің».
Жапырағы біздер болсақ жайқалған,
Нәр алатын сіз тамыры теректің.

Кейде ақылы, кейде ашуы жеңеді,
Орындалад(ы) әркез оның дегені.
satibaldi аға айтқан әрбір сөз,
Қолдау көріп, плюстала береді.  мына смайликтегі жүректерді + деп елестетіңіздер )))
Әрі қарай

Ғажайып


Осыдан тура жеті жыл бұрын… Дәл осы күні, дәлірек айтса, түні, мен өмірімде алғаш рет сол бір керемет сезімді бастан кешірдім. Дүниенің ешбір рахаты онымен тең келмейді екен. Алдымен не болғанын ұқпай қалдым, содан кейін күлдім, содан кейін ағыл-тегіл жыладым. Өзімнің енді шынымен басқа адам екенімді, енді ешқашан бұрынғыдай бола алмайтынымды сол сәтте ұғындым.
Шын мәнінде жақында ана болатынымды сол кезде бірақ мойындадым.
Әрі қарай

Корей асханасынан: Кимпап (үй жағдайындағы)


Корей сериалдарын көретіндер кимпаптың не екенін біледі, қазір қалалардағы тамақтану орындарында да жиі сатылады. Мен сіздерге үй жағдайында өзімнің жасайтын кимпапымды ұсынамын, оңай әрі тез. Негізінде оның ингредиенттері әр түрлі, әркім өзі қалағанын қосады. Біздің отбасымызда ешкім ащы тамақтарды ұнатпайтын болғандықтан, мен де ешқандай ащы соустарсыз өзімше істедім. Жалпы қалай істеуді корей тобында оқитын құрбымнан үйренгенмін. Кимпаптың мағынасы: ким – теңіз балдыры, пап – күріш. Осы үй жағдайындағы кимпапқа керекті заттар:
Әрі қарай

Әншілерге бәрі тегін бе?

Жақында танымал бір музыкант сайт және блог керек дегесін офисіне барып едім. Бір күн бұрын келіскен уақытымызда келмеді, амал жоқ телефонмен сөйлесуге тура келді. Сайт жасау ақылы екенін естіген кезде «ой, былай да жасап беретіндер бар ғой» деді. Бар болса неге жасатпаған бүгінге дейін?  Ақшасы жоқ емес бар, біз мінбеген машиналармен жүреді, бізде жоқ үйде тұрады. Неге жыланады осылар түсінбеймін. Бұл менде бірінші рет емес, бұған дейін де біраз әншілер сайт керек деп, сосын хабарсыз кетті айтқан ақымды қымбатсынып. Ал тіпті бір әнші қыз сайт дайын болған кезде «кешірші, бәрі жақсы болды, тек мамам сайт не керек деп ақшасын бермей отыр, сенен ұят болды» деп тұр

Ойлаймын да әншілерге бәрі тегін болуы керек пе екен? Халықтан тегін қызмет күтеді ме екен?
Әрі қарай

Бұл жерде өлім өмірге қызмет етеді

Блог - Marco: Бұл жерде өлім өмірге қызмет етеді
Түнек, бар болғаны, жарықтың жоқтығы. Суық жылу жоғалғанда ғана пайда болады. Жамандық жақсылық түгесілген жерде туады. Бір болмыс туу үшін екіншісі өлу керек. Ал өлім болса — өмірдің жалғасы. Рух жаратушының әмірімен жер бетіне түскен кездегі пәктігінен жұрдай болып, қайта көкке көтеріледі. Оның әлі тазарудан үміті бар. Ал күнә біткеннің бәріне куә болған ет пен сүйек Жер Анасының қойнына оралып, шіріп кетуі керек. Бірақ, әрдайым олай бола бермейді. Мәйітке де жаңа миссия жүктелетін кездер бар. Оны білуге дайын болсаңыз, кеттік.
Әрі қарай