Әншілерге бәрі тегін бе?

Жақында танымал бір музыкант сайт және блог керек дегесін офисіне барып едім. Бір күн бұрын келіскен уақытымызда келмеді, амал жоқ телефонмен сөйлесуге тура келді. Сайт жасау ақылы екенін естіген кезде «ой, былай да жасап беретіндер бар ғой» деді. Бар болса неге жасатпаған бүгінге дейін?  Ақшасы жоқ емес бар, біз мінбеген машиналармен жүреді, бізде жоқ үйде тұрады. Неге жыланады осылар түсінбеймін. Бұл менде бірінші рет емес, бұған дейін де біраз әншілер сайт керек деп, сосын хабарсыз кетті айтқан ақымды қымбатсынып. Ал тіпті бір әнші қыз сайт дайын болған кезде «кешірші, бәрі жақсы болды, тек мамам сайт не керек деп ақшасын бермей отыр, сенен ұят болды» деп тұр

Ойлаймын да әншілерге бәрі тегін болуы керек пе екен? Халықтан тегін қызмет күтеді ме екен?
bk
Бөлісу:

162 пікір

Abilakim
Мамасы да әнші ме)))))
asaubota
мамасы әнші емес сияқты, менеджері

ақшасын төлейтін кезде айтып еді «жақында мамам келеді, сосын беремін» деп. жақсы общаться етіп жүргесін сеніп жүргем, сосын мамасы келгесін лақтырып кетті. мамасына қарап жүретіндей школьница да емес, жасы менен сәл кішілеу. өшіріп тастадым сосын сайтын
Nurgisa
Ертеде де, кеш те,
Тұрасың сен есте,
Мен өшсем де сен өшпе,
Саааааййтыыыммм
omarbirat
Заманнан адасып қалған ғой. Бұрын ғой, базар жоқ, өнерін сыйлағандықтан оларға бәрі тегін болатын. Сәйкесінше олар да айлығын ғана алып, тойларда ән айтып ақша таппайтын. Қазір ондай жоқ қой. Өздері де әншілікті кәсіп қылып, ел сияқты ақша табады. Бірақ сонда да бұрынғының әншілері сияқты бәрі соларға тегін болуы керек деп ойлайды, ІМНО ішкіш маскүнем нашақордың ойы
Пікір түзетілген: 23 маусым 2011, 10:00
saken
осынысы жаман олардың… сосын кей1 қазақ әншілері қазақ тілін білмейтіндерге сайтын жасатып алатын сияқты. Қате-қате сайтына кіруге жиренесің.
Nurgisa
Мейлруда сайтым бар дейтін өресі болса, сайтты тегін деп санауларынан ерсілік көріп тұрғаным жоқ. Тек, аяйтыным болмаса…
Abilakim
оларға сол жетеді, суреттері тұрса болды ғой
saken
МэйлЫрудан ашқанша, осы біздің Керекке тіркелсе ғой. Ең болмаса өздері жайлы шынайы ақпаратқа кенелер еді.
Nurgisa
Арманда @saken, арманда,
Оңаша жалғыз қалғанда
saken
орындалуы қиын емес арман ғой, шыны керек
Nurgisa
Кезінде әдмин шырақ Нәзира Бердалыны осында «тартқанда» онысын қызық көріп едік. Жалғасын табар деге үміт басым-ды. Демек, сол бастаманың аяқсыз қалмауын көксеуші тек мен емес екенмін ғой. @asaubota құрдастың құлағына алтын пирсиңг
saken
иә
алдында @edige Асан Пердешов жайлы жазып еді. Осы сайттың тұрақты оқырманы деп. Мысалы сол жігітке біздің сайтқа тіркеліп, тек қана оқырман ғана емес, жазарманы болуына кім кедергі?
Бұл алтын пирсиңг @edige тамырдың құлағына енді
edige
Бос уақытында кіріп жүр… Ел кезумен…
Пирсингке рахмет...
Arhun
Бұл қазақемдердің әдеттері ғой…
Менің ойым, қазакемдер сондай нәрсеге ақшасын аяйды немесе әлі күнге шейін жағдаймыз орнықпай жатыр…
Nurgisa
Бұл қазақемдердің әдеттері ғой…
қазакемдер сондай нәрсеге ақшасын аяйды
әлі күнге шейін жағдаймыз орнықпай жатыр

таныс, таныс… бір жерден оқыған сияқтымын…
Arhun
халықтан жиі еститін сөздерім ғой…
Aizhantabyn
Біздегі көп әншілер тура біз оларға қарыздар секілді «движение» жасайды.
Әнші, биші дегендер көңілді көтеретін, соған ақысын алатын адамдар ғана, ал бізде тура бір ИДОЛдар!
Аспан тіреп тұрған сияқты. Соған ашуым келеді.
Болмаса, өнерін тамашалап, дем алуды ғана ойлау керек ғой әнші дегенде)))
edige
елден ерек киінет нақ бутиктерден…
сол бағаға келісе алмай қалғандарым көп менің де. Тойыңа 1 кіріп шығуы 500 доллар тағы… Айтпа Ареке…
patick
Қазақстандағы әншілердің басым бөлігі малдар ғой: Сөйлеп білмейді, ойлап білмейді, өзін-өзі ұстап білмейді, тіпті ән айтып білмейтіндері де жетерлік...Өнерде не үшін жүрмін деп ойлайды ма екен сондайлар?
asaubota
жақсы таланттар да бар. бірақ олар да көпшілікке еріп жұлдызданып кетеді.
satibaldi
Нақтың, МузТВ-де көрсең, Батыстың көшеде жүрген әншісіне дейін, биін, денесін шыңдау үшін курстан курс қоймай барып, төтен төлеу болып, арып-ашып жүред.
Қазззақтардыкі, дене тұрқы мен мәнерді талап етпейтін халық әндеріне қашқақтайд. Қазық құсап тұрып қақшиып тұрып ән айтып беред, бітті. Зал лық толды деп мәз болад сосын. Ептібайымайд-ау, көзіңді кішкене сығырайтып ашып қарасайш: 99,9% @VKM-сампыр, шал-шауқандар; олар саған емес, олар Шәмшінің әндеріне келд, ептібайымайд!!!
patick
Түктібаймайттар, бір ерекше болуға тырыспайды ғой ешқайсысы. Тіпті интервью бергенде де айтатын сөздері біп-бірдей: «Алла жазса...», «Халқым...», "Қазағым..." «Бейнебаян...», «Кешіріңіз интервьюге дайындалмай келіп едім...» — осындай сөздерді айтуды қазақ әншілері өздеріне міндет санайды.
patick
«Алла қаласа, осы көктемде ән жинағым шығып қалады, бұйырса күзде Республика сарайында есеп беру концертін бермекпін...» — дейтіндерін қайтесің бәрі бірдей
omarbirat
 Орташа есеппен қазақ әншісі деген тақырыпқа сұранып тұр екен мыналарың
Пікір түзетілген: 23 маусым 2011, 13:58
konvict
@VKM-сампыр
 Ой, лібәә. Өз түкірігіме өзім шашалып қалдым
satibaldi
Лібә, постерлеріне дейін құсқың келед нақ: киіттен келген бе, 11 000 теңгенің (4 сестерций!!!) костюмдерін киіп алып, өмірі майыспаған саусақтарын жусанның бұтасындай ырбитып, ығайсыз ыржиып тұрад нақ. Фотограф та дауылбай, ал стилист пен дизайнерлері дауылбай дейін десем — өөзіне лак туфли алуға 30000 теңгесін қимағандар, дизайнер іздеді дейсің бе?
direct
мірі майыспаған саусақтарын жусанның бұтасындай ырбитып, ығайсыз ыржиып тұрад нақ
patick
Реті келгенде айта кетейін: Орта есеппен қазақ әншісінің бейнесін (видео емес, ептібаймайдтар, образды айтам) жасап жіберіңдерш, офтопссс.

Қазақ әншісі өзі стандарттауға ыңғайлы, саналуандығымен еш ерекшеленбейтін ізгі жандар өздері. Сондықтан оларға ортақ сипат беру мұғаліммен салыстырғанда аса қиын бола қоймас
Пікір түзетілген: 23 маусым 2011, 11:46
gunner
Рынок кішкентай ғой енді, тоймен ғана күн көріп жүр.Қазақстанда адам саны аз болған соң шыққан таланттардың да саны аз. Бірақ спрос бар болған соң таланты жоқ болса да ән айтып ақша тауып жүре береді.
edige
Дүкенге дүрдей атағы бар әнші келді… 15 минуттын ішінде айткан создері.
— Арақтың ең қымбаты қайсысы… /Имандылық жолындамын жане парызымды орындап жүрмін (журналдағы сұхбатында)/
— Мені танымадың ба? /танысам да танымадым дедім, ақша бермей кетпесін деп. Олар бермегенді жақсы көреттә/
«Мынауың Қиямет жулдыз» дегенің озі логикалык сұрақтарға жауап бере алмайды Нақтар…
asaubota
ОЕҚӘ-ні жазуды саған тапсырдым @edige сенен артық ешкім жаза алмас осыны
edige
Айта берсе сөз көп қой… Тек әншілік емес сахналық өнерде аға буынға айналған жолдастарым жеткілікті. Білсе ренжіп жатар…
мен паспын Ареке /@asaubota/
meirzhan
Әнші болғасын барлықтары оған скидка жасау керек деп ойлайтын шығар. Служба службой ғо негізі.
Abilakim
«Бұрын мал едім,қазір танымал болдым» депті ғой бір әнші сұхбатында)))
manfan
Республика сарайының өмірі ұйқы шақырып, қараңғы түнді бейнелеп тұратын, тым жұпыны, аянышты сахнасында қатқан қазықтай қақшиып ән айтып тұратын адамдардың қазақ әншілері екені өкінішті
Zilola
әлі-ақ Сарайымыздың қасбеті ғана емес, ішкі дизайны да өзгерер. Тек осы әншілер сол сахнаға лайықты бола алар ма екен?
edige
Сахнаның адемілігіне емес әннің құдіретіне барады адам
Gastarbaiter
Жұрттың бәрі сен айтқандай болса, Поп мәдениет алғашқы қауымдық заманда ақ түбірімен құрып бітер еді.
manfan
Әннің құдыреті өз алдына бөлек әңгіме. бірақ, сахнаның ерекше жарық болып, әдемі безендірілгені адамға тек жағымды әсер береді деп ойлаймын
edige
Соғыстық жағдайда да казіргі Әже аншілерімізді тыңдап жауынгерлер қуат алған… мумкін сендердікі де дұрыс шығар
Бірақ 3д анимациямен, спецефектпен шыққан Заттыбектің абыройы сол абырой… Ел «тф жетісіп қапты» дейт те қояды
Erbol
Жақында танымал бір музыкант сайт және блог керек дегесін
кім екенін сезген сияқтымын. Өткенде Егемен Қазақстан ұйымдастырған дөңгелек үстел-тренингке бір музыкант көкеміз барды емес па? Сол жерден блогтың тегін ашылатынын естіп алып, сайтты да тегін ашуға болады деп дүмшеленіп отырған сияқты.
asaubota


дәл солай ойлаған сияқты. блогты тегін ашып берем дегем. бірақ, кездесуге келмегесін вордпресстің жабық екенін, жеке блог ашу үшін один қой хостинг пен домен алу керегін түсіндіріп жатуға еріндім және түсінбейтінін де түсіндім, сосын жақсы онда деп телефонды тастап жібердім.
Erbol
Ішінен сен туралы алаяқ алдағысы келеді, тегін дүниені ақшаға сатып. Мә, алдапсың халық әртісін деген шығар өзінше маңғазданып.
Пікір түзетілген: 23 маусым 2011, 18:06
asaubota
әрине солай ойлайды, айналасындағыларға солай айтады  семинардағы сөздеріне қарасаң п**дец, ал былай шыққанда ақша сұрайды екен, жулик деп
Erbol
Өткенде бір күні Индустриалдық-инновациялық даму бағдарламаңдыс нәтижелерін көрсетеміз деп бір топ журналист, әншілерді Алматының маңындағы зауыттарды аралатты.Әншілер мына автобус «адеми екен» деп бір мерске мінген. Біз сәл нашарлауына. Әншілердің әдемі автобустары жолда бұзылып, әрең жетті.Зауыттан шыққан соң жұлдыздарың біздің автобусқа мініп жатыр. «Журналистер анаған мініңдерші, жүрмейді екен»,- деп қояды. Біздің журиктер көніп, мініп жатыр.Кет нақ, әнші болсаң өзіңе деп өз орныма отырдым.Қасыма Мәдина Садуақасова отырды, ой лібә понт қой, понт.Секунд сайын телефонды алып, зуандап, өзінше бір тірліктерді шешіп, қиналып. Арт жағымызда Меруерт Түсіпбаева, ол пойызға 5 мың тг.нің билетін алма деп, менсінбей біреумен сөйлесіп жатты.Лоқсып отырдым.Халық жұлдыз деп жүргендердің мәдениеттен жұрдай бірдемелер екенін көргенде, бәрін тастап басың ауған жаққа безіп кеткің келеді.
Пікір түзетілген: 23 маусым 2011, 16:50
saken
Халық жұлдыз деп жүргендердің мәдениеттен жұрдай бірдемелер екенін көргенде
содан да болар, мен оларды («жұлдыздарды») жақыннан танымаған дұрысырақ болар деп ойлайтыным.
Abilakim
Біраз жұлдыздардың пендешілігін көрдім осы 27 жыл өмірімде…
asaubota
сен одан сайын отқа май құя түспедің бе? неше түрлі сұрақтар қойып, фотоға түсуге бола ма деген сияқты зайып ал тірліктер істеп )))

лібә шынымен бұлар жұлдызбыз деп ойлайды өздерін
Abilakim
Сәкен Майғазиевтен «Бес мың теңге айырасыз ба?» деп сұраған едім,«бес мың теңге ұстайтын жігітке ұқсаймын ба» деген жауап естідім. Мен ол жауапты ұмытпаймын, себебі қарапайым адамммын.Ол айтқанын ұмытыпта қалған болар, себебі «Жұлдыз»
edige
Мүмкінбес…
Abilakim
Мүмкін сен Сәкенді жақсы танитын боларсың, мүмкін жай араласарсың. Мүмкін қылжақ үшін айтылған шығар, мүмкін мен сол кезде қылжақты түсінбедім… Былайша ол жігітті жаман әнші дей алмаймын
edige
Таңырқағаным ғана...
omarbirat
Қалтасында бес мың теңге жоқ шығар.
Zilola
бір бастық ағам, абыройлы кісі, ну уопшым соған «5000 теңге ұсақтап беріңізші» десем «спс за комплимент» дейді постоянны. Ақшасы жоқтық, не көптігінен емес, просты ол карточкамен төлейді көп жерлерге, ақша ұстамайды
Айс, бәлкім Сәкен ағаныкі да сондай ситуация шығар а, именны осы ағашкаға тиіспей-ақ қояйықшы а, маңдайымызға біткен тәуір жұлдыз еді :
Abilakim
Келістік,әншілігіне дауым жоқ
Aizhantabyn
адамгершілік деген әншәлікпен бірге қосылып берілсе, біздікілер тәуір боп қалар еді…
Altygradus
керемет адамгершілігі бар жоғы да маңызды емес қой, біз сол дос боп жатқан жоқпыз онымен адамдық қасиеттерін бағалайтындай, біраз өздерін көпшілік алдында ұстау жағын білсе ғой
AKY
Жыным келед Сәкенге, пысықсиды да жүреді. Бәрібір халық Мейрамбектей оны жақсы көрмейді!
Пікір түзетілген: 24 маусым 2011, 05:55
Aizhantabyn
точно!
Өйткені Мейрамбектей шынайы көрінбейді.

Құдай біледі өмірде Мейрамбектің қандай екенін, бірақ сахнадағы образы өте тартымды)))
Erbol
Ол да қызық екен, әкел деп айырып тастамай ма қақ ортасынан.  Айыру деген қызық естіледі екен. Бізде майдалап, ұсатып, ұсақтап берші деп жатады.
Пікір түзетілген: 23 маусым 2011, 18:10
Qojeke
Майдаласа, ыбырсып кетпей ме шашылып )
AKY
Бізде де «айыру» дейді)))
Есіме түсіп кетті, бала кезімде бір қылжақбас ағам жездеме «Мынаны айырып берші» деп қағаз 1 теңгелікті ұсынып болмайд. Анау "әкел" деп сен айтқандай ортасынан айырып берді)))  Ой, бір мәз болып едік, күліп,, не деген жынды прикол деп)))
Ағам да қоймайды, «онда мынаны айырып берші» деп, темір тиынды ұсынып. "Қазір балталап берем" деген жездем.
konvict
Бізде де «айыру» дейді)))
Тағы нені «айырасыздар»
Abilakim
Қайрат Түнтеков келгенде «Сізбен суретке түспеуге бола ма?» деп сұрағанмын))))
Пікір түзетілген: 23 маусым 2011, 16:37
Erbol
Суретке түсуге бола ма деп, қолтаңба алып жататындарды түсінбеймін.Кейін мен мына әншімен суретке түстім, қолтаңбасын алдым деп мақтану үшін ба?
saken
Кейін мен мына әншімен суретке түстім, қолтаңбасын алдым деп мақтану үшін ба?
Мой Миріне іліп қою үшін ғой
Nurgisa
Енді, түгел олай болмауы мүмкін. Кейде жеке архиві үшін сол әншінің концертінде болдым, бір отырыста дастархандас, әңгімелес болдық деу үшін естелікке түсу де бар. Бірақ, бір ерсісі, кейде жұлдызсымақтар суретке «одолжение» жасағандай ғып түсетінін қайтерсің. Қалай еді, әлгі, «ох, жазаласа, ох оңдырмай жазаласа» ма еді, аха. Ох.
AKY
Ия, былай мақтану үшін
konvict
Суреттің жартысы көрінбейді
satibaldi
Кемпірқосақтың астында серверлер болғаны ма?
Altygradus
АКУ мына суретте жаңа көрдім
осы қызды жек көретінім ай
AKY
А мен оны жақсы көрген едім…
Gastarbaiter
Прекинь ол сені жақсы көретін боп шықса
Janasil
Кешегі кәрістерге шұбырған жастарға ше?
Zere
Сіз корей поп-индустриясы жайлы ештеңе білмейсіз. Салыстырып кішкене қарап көрсеңізші интернеттен. Олар бірнәрсені жасаса соңғы элементтеріне дейін ойластырып жасайды: сөзі, әні, биі, киімдері…
Сонау 2003 жылдары ма «Орда» тобындағы Ерболат айтқан «Европаны қояйықшы, осы Шығыс елдерін қараңыздаршы, кәрістерді көріңіздерші, музыкасы қандай, билері, бәрі ойластырылған, тіпті солардан үлгі ала білейікші» — деп. Өзінің өнерін жетілдіру үшін тренингті қойшы, осы интернеттің де бар мүмкіндігін пайдалануға болар еді ғой…
meirzhan
«Орда» тобы мен корей бойсбэндтерінің стильдері де, әндері де өте ұқсас. Тіпті "Қағаз-кеме" әні корейдікі екен.
Zere
«Орда» тобы басқаларына қарағанда ерекшеленуге тырысады, хореография, әндерінің аранжировкалары да мықты. «Белгісіз жанға» әлі күнге дейін жастар «тащиться» етеді ) Ең жұмыс істейтін топ деп осыларды айтар едім.
Zilola
Өнер жағынан әрине олар алда, бірақ солар ше сөйлеу мәдениетінен жұрдай
meirzhan
Әншілердің басым көпшілігі сондай ғой енД. Кейде жалко оларды журналистер сұрақ қойып жібергенде. бірақ сқйлеу мәдениетінің төмендігінен ұялатындар да көп емеес
Zilola
бірде Кенжебекке сұрақ қойып жатса, ұялып әзер жауап берді, қасындағы топтас ағалары болмағанда, дер кезінде демеп жүретін осындай ағалардан айналасың ше!!!
МузАРТ-қа кәттә респект!
meirzhan
Өзі негізінде осындай топтар ішінде барлықтары үшін сөйлейтін бір топ мүшесі болады. Қалғандары: «иә, иә» деп бас шұлғып тұрады. «Арна» тобындағы екі жігіттің бірі вапще сөйлемейді. Тек жымиып тұра береді. «Нұр-Мұқасан» да солай.
konvict
Журналистер сұқбатты айтқан сөздерін өзгертпей жазса ваще керемет болар еді да ше
meirzhan
Біреулер «Жұлдыздар отбасы» журналында сұхбаттар өңделмей, қаз қалпында беріледі деп сын айтып еді.
konvict
үйрек қалпында берсе сын айтпайтын шығар

Негізі ше, сол «Жұлдыздар отбасындағы» сұрақ кейде қуып кетед
meirzhan
Басқа газет-журналдан ерекшелену үшін қуып сұрақ қоятын шығар )
meirzhan
Әндерінің басым көпшілігі қазақша екені қуантады. Сәбримени стильде қазақша айтады. Киімдері де супер.
konvict
Олар Қарасақалдың қауымынан секілді барлығы
meirzhan
Жәшік ішінен бір бас шығып, ыңырсыған дыбыс естілді.
Қандай қауым? мұсылман or?
konvict
«Менің қауымдастығыма, бесіншіге келіңдер!» деді ол бір топ әншілердің алдында" Қарасақалдың жасырын жазбасынан жыртылып алынды
Janasil
Жүгіруге тұрады дейсіз ғой?
Abilakim
Қарағандыда Циркті толтыра алмады осы топ.Дегенмен 800ге жуық жастар жиналды…
Zere
Жүгіру емес, өнерге табыну. Салыстырып қарап көріңіз дедім. Мысалы, тіпті мына клипті көріңіз. Анимация, графика қандай. www.youtube.com/watch?v=_k0GsfWrNh0
Немесе мына қыздардан құралған топ: www.youtube.com/watch?v=q_gfD3nvh-8
patick
Жоқ, альбомының сыртына, постеріне, тіпті құрығанда А4 форматта түсті принтермен басылған суретіне қолтаңда алса ештеңе демес едің, блокнотқа қол қойғызып жатады адамдар
Gastarbaiter
«Арт жағымызда Меруерт Түсіпбаева, ол пойызға 5 мың тг.нің билетін алма деп, менсінбей біреумен сөйлесіп жатты.Лоқсып отырдым.»
*****

-Амиго, кейде мен де 5000 теңгенің билетін пойызға алғым келмейтін кездер болады. Мұнда тұрған лоқситын ештеңе жоқ сияқты. Шешемебельді ресторанда отыра қалсаң, африкадағы ашаршылық жайлы ойлар мазалай ма әлде?
manshukn
Айтпақшы, Мәдина Сәдуақасова алдын күні журналистика факультетін бітірді деген диплом алды. Таң қалам, теледидарда жүргізгендері ужсссс қой. Азиаданың кезінде әбден масқарамызды шығарды.
Erbol
Тағы бір журналистиканы ұқпайтын, дүбәра, дүмбілез журналист пайда болды десеші.Қадірі қашқан қайран журналистика.Журналистиканы да фонограммамен орындап, жүре беруге болатын дүние деп ойлаған шығар.
Пікір түзетілген: 23 маусым 2011, 18:00
Gastarbaiter
Журналистиканы да фонограммамен орындап, жүре беруге болатын дүние деп ойлаған шығар.
— А не болмай ма не?))))
Бұл тірлікпен кейбір журнализдар 20 жыл лавашын тауып келді ғой.
Erbol
Тапқандар таба берсін.Өзім олай ойламаймын.Ізгілік сияқты бәрібір қадірсіз болады.
Пікір түзетілген: 23 маусым 2011, 18:17
Gastarbaiter
Мәселе сонда боп тұр ғой. Фонограммамен орындауға болмайды дейсің бе?
Бәрін де жасауға болады бауырым. Ал оның моральды жағы ол бөлек әңгіме. Мен тек мүмкіндігі жайлы айтып отырмын.
Erbol
Гаста мен өзім үшін ондай мүмкіндігін шектеп тастадым. Журналистикаға келетіндер де сондай оймен келсе, қадірі қашпас еді. Бірақ амал не бар салада фонограмма. Мүмкіндігі туралы айтқаныңа келісем, менің жоғарыдағы пікірім мағанасынан сәл адасып кетіпті.
Gastarbaiter
Осы орайда маған Сатыбалдының айтқан бірнеше маржан сөзі келді. Егер орынсыз қолданған болсам, Сатекеңнен бір таяқ жермін бірақ қыстырмасқа амал жоқ.
— Ақша табатын жұмысын өнер деп санайтындарға таң қалам.©
Одан шығаратын қорытындым:
Мұнтаздай таза өнер көп ақша табуды көздемейді, демек өнер көпшілікке емес, қадірін түсінетіндерге бағытталған.

Тағы да Сатыбалды мен физика оқулығы:
«Кез келген энергия мүмкін болатын ең қысқа жолдың бойымен өтеді» примерно солай.

Яғни көпшілікке тап сол эффектті фонограммамен тудыру мүмкін болса, неге қолданбасқа?
Сайып келгенде эффект емес пе журналисттің көздейтіні. Әлде өзінің біртума талант екенін дәлелдеу ме?
ПС. ТИісу үшін емес, әлденені анықтап алу үшін жазып отырмын.
Пікір түзетілген: 24 маусым 2011, 17:28
Qojeke
Бүгіндікке бұдан асқан қаралы жаңалық жоқ нақ.
sigma
Біреу айтып, алдырды-ау демін, азида ашылуында, әлгінің жағы қарысқанда құлағымыз рахмет айтты ғой
sammita
оххо, ол «Психология» бөлімінде оқып жатырмын деген біз сөзінде. Кейін осы жылы бір сұхбатында «ТВ-да бағдарлама жүргізіп жүрген соң, өзімді жетілдіру үшін журфакқа тапсырсам деген ойға келдім» деген. Уже алып қойған ба, күдік, күдік…
AKY
ЕҰУ-да оқыған, президенттік оркестрде ән салып жүрген кезінде. Одан кейінгі тағдыры маған беймәлім.
sammita
Музакадемияда оқығанын білем анық. Оған дейін қайда оқығанын)) Қысқасы дипломы 10 шақты-ау…
AKY
Ой, сегіз қырлы бір сырлы ғой))) Сұлулығын айтсайш!
alisha
Әбіл қайда, неғып оның омырауын сөз етпей жатыр?
sammita
бала емізбей қор болған омырау деп па)
AKY
Ол өзінше болып отырған, «бізде төсі Мадинанынкінен кем емес қыздар бар» деп. Әйтсе де өзі сол төстен бас тартпас еді
VKM
Абилакимді бәрі біліп алыпты)))
alisha
Тағы бір анар туралы өлең жазуға таптырмас мотив дейсіңдер ғой
asaubota
ұнайды ә, ұнайды қыздарға емшек тақырыбының ашылуы
Gastarbaiter
Барына ұнайды, жоғы «Размер не главное» деп шығады ғой.
asaubota
осындай аты бар заты жоқтарға жыным келеді. типа танымалмын бәрі маған қызмет ету керек деп ойлайды ау деймін. өткенде бір семинардан кейін өзін журналист әрі жазушы деп таныстырған біреу маған айтады «бүгін біздің үйге кел, мына блог-слог, интернеттердің бәрін қойдыртып алайын» дейді. сыпайы түрде «бара алмаймын, уақытым жоқ» дедім. «онда демалыс күні ше» дейді. «демалыста бос емеспін, маған алдын ала бір апта бұрын хабарласпасаңыз уақытым болмайды» деп мәдениетті түрде наққа жібердім. аты-жөнін айтпай ақ қояйын, бәрібір танымайсыңдар сука типа жазушыны
patick
Современник «ақындардың» бірі мені танисың ба деп қоймап еді бір барда ішіп отырғанда. «Братан, танымаймын, ренжіме» дедім.
asaubota
жұлдызды ауру деген шынымен ауру ма деймін. оны бәрі тану керек сияқты болып тұрады. ұлылық қарапайымдықта ғой. мен танитын танымал қарапайым адамдардың бірі Шаханов деп ойлаймын. сосын спортшылар қарапайым боп келеді. дым көрмеген аурулар қатарына саясатшылар, журналистерді жатқызар едім. қарапайым адамға сөйлескендей сөйлесіп тұрсаң іштей ренжіп тұрады, неге менің айтқандарыма келісе бермейді, қарсы ой айтады деп. с**кенім бар ма мұндайлардың танымалдығын.
sigma
Шаханов демекші, Шахановтың қолын сермеп тұрып, құшырланып оқыған өлеңдерңн тыңдағанды жақсы көретін едім. Ол кісімен кездесем деп кім ойлаған. Осыдан біраз жыл бұрын әкімге кірмекші болып шеретте тұрғанда кездестім. Алдымызда бір кісі болатын, қабылдауда, сосын біз. Амандық саулық сұрасқасын, соларға бәрі тегін дегеннен шығады, -Балдар ренжімесеңдер маған шереттеріңді беріңдер,- деді. Енді Шаханов сұрап тұрғанда қалай шеретіңді бермейсің. Келістік, әңгіме барысында сол көп болып уақыт алмайтынын айтып ақталды. Сондағы шаруасы, қонаққа келгенде жапқан шапандары арзан екен, соны әкімнің бетіне лақытырып кету екен. -Қап!- дедім, санды бір соқтық, күткеніміздей ол кісіден соң әкім қабылдамай қалды. Замдары қабылдап, анау-мынау өтірік әңгіме айтып келген шаруамызды шешкен жоқ. Мұқаңның сондай жаман қасиеті үшін жақтырмаймын, битке өкпелеп тонын өртемейді ғой адам. Әкімге қайта жазылып, бір жетіден соң кіріп, шаруамызды шешіп алдық.
Erbol
Қой нақ Патеке суретке түсейік деп жатыр едің ғой.
Пікір түзетілген: 23 маусым 2011, 18:28
qisyq
Есімде, есімде)))))))))))) Әдемі «кетіп» еді үстелден))))))
Gastarbaiter
«Білә, анау Асаубота дегенің бір звезда боп кетіпті. Адамша сұрап едім, өзінше бара алмаймын, қолым тимейді деп адам менсінбейтін боп кетіпті...»
— деп біреуге айтып отырған болар.
asaubota
лібә біреулер үшін біз де звездамыз ғой, тек менің әйелім мен сенің мамаң үшін емес  
Алматыдағы әңгімелер еске түсіп кетті.
Gastarbaiter
Мен де сол әңгімені елестетіп бір ыржидым)
Gastarbaiter
Поистине біреулер арманын орындауға, біреулер оны талқылауға жаралған.
«Сенің мен туралы не ойлағаның маған поқи, өйткені мен сен туралы ештеңе де ойламаймын! © Затыбек де Шанель
asaubota
Керекинфоны осынысы үшін де жақсы көремін, ішіңдегіні рахаттанып шығарып тастайсың.
just19
Йоханнесбург! Дым көрмей жұлдыз атанып кеткендері қауіпті екен да. «Жұлдыз» дегенде әншіліктегілер елестейтінімен, бұл сөздің ауқымы кең.
— Барлық адам маған жақсылық тілеп тұр, сондықтан мен де саған жықсылық тілеймін! — деп саналарыңа жаттап жүріңдер. Қандай ұсқынсыз ертегідегі ужыс қатал адамдар шын мәнінде көңіл жылулығына мұқтаж деп.
— Лібә, мұғалімім осылай деп бізге намек тастап отыратын. Ол кісі өте қарапайым еді. Барлық таныстары сыйлайтын оны. Өз кезегінде оқыған, парасатты, ақкөңіл адам. Бұндай адамдар өздерін өздері тәрбиелей ме, жақсы адамның тәрбиесінде өскен барлығын сабырлықпен бақылай алатын жандар ма, құй знайт. Осындай адам бола алмаған соң, қолды сілтеп тастап ескі әдетке басасың.
Qojeke
Тегін беріп үйреніп қалғандары болар бәлкім.
Пікір түзетілген: 23 маусым 2011, 20:09
Qojeke
Бағдай Сәмидиновадан үлгі алмай ма кілең әншілер. Бірақ қыруар қаржы жұмсағандағы сайты Ізгілік Нағиевтің жасап берген уеб-күркешігі болды bagdat-s.kz
omarbirat
Клипі жынды екен нақ, бәрі құрысын
omarbirat
Осындай клиптерді көрмегелі көп болып қалып еді
AKY
Между прощім бұл әнші анау-мынау Алтынайларыңнан жақсы киінеді)))))
omarbirat
Клип түсіретін ақшасын киімге жұмсап тастағаны көрініп тұр
Altygradus
Между прощім бұл әнші анау-мынау Алтынайларыңнан жақсы киінеді)))))
аха осы кісі киімге ақша жұмсайм десе сенуге болады)
omarbirat
Бұл клипті түсіруге бір күннен аз уақыт кеткен шығар. Қай гений түсірді екен?
AKY
Қайтсін енді, баяяяяяғыда түсірілген клип қой, енді-енді басталып келе жатқанда… Тек әлдеқандай қылып сайтқа салып қойғандары ұят болған екен.
VKM
2 күн бойы әншілерді апарып тастаумен айналысыпсыңдар ғой
satvaldo
ешкiм апарған жоқ, өздерi давно барып алған болса не iстеймiз…
VKM
олар барып алған болса да, сендер оларды одан ары апарып тастадыңдар
meirzhan
тым алысқа апарып, қайта алмай қалып жүрмесін. мәмбет болдым мен
VKM
сен әншісің бе сонда?
meirzhan
жоқ, просто қуып не по теме жаза салдым. ссондықтан мәмбет
Gastarbaiter
Меніңше кез келген талант/талантсыздық иесінде аз да болса атаққұмарлық болмаса, назарқұмарлық болмаса бұтақтың басындай жетістікке де жете алмайды.
neoaskar
— Менің тойымда ән атып жіберіңізші.
— Қанша бересіз?
— Ой тойда былайша айта бередіндер де бар ғой.