Корей асханасынан: Кимпап (үй жағдайындағы)


Корей сериалдарын көретіндер кимпаптың не екенін біледі, қазір қалалардағы тамақтану орындарында да жиі сатылады. Мен сіздерге үй жағдайында өзімнің жасайтын кимпапымды ұсынамын, оңай әрі тез. Негізінде оның ингредиенттері әр түрлі, әркім өзі қалағанын қосады. Біздің отбасымызда ешкім ащы тамақтарды ұнатпайтын болғандықтан, мен де ешқандай ащы соустарсыз өзімше істедім. Жалпы қалай істеуді корей тобында оқитын құрбымнан үйренгенмін. Кимпаптың мағынасы: ким – теңіз балдыры, пап – күріш. Осы үй жағдайындағы кимпапқа керекті заттар:
 Теңіз балдыры немесе теңіз капустасы деп аталады. Орысшасы морская капуста(водоросль);
 Күріш — екі кесе;
 Сәбіз- 3-4 дана
 Қияр – 5-6 түйір
 Жұмыртқа – 3-4 түйір;
 Краб таяқшалары – 5-6 дана
 Ет немесе шұжық
Теңіз балдырын (нори) «Корей» азық-түлік дүкенінен сатып алдым. Бір пачкасы 300 теңге тұрады, ішінде 10-ы бар.
Мен еттен де, шұжықтан ( «Мусульманская») да жасадым. Күнжіт қосу керек күрішке, менде болмады. Сонымен…

1. Күрішті жеке суға пісіріп аламыз.


2. Қияр, сәбіз, краб, жұмыртқаны ұзынша қылып тураймыз.

3. Ет немесе шұжықты да солай тураймыз.


4. Теңіз балдырын жайып, үстін жылы қайнаған сумен сылаймыз.

5. Күріштен бастап, үстіне кезек-кезек басқа ингредиенттерді саламыз.

6. Енді рулет сияқты ораймыз, сонда мынадай болады.


7. Енді рулеттерді жеке-жеке алып, бөліктерге бөлеміз.


8. Кимпап дайын
Алғашқысы етпен

Мынау шұжықпен

Өзімше жан-жағын фримен, қызанақпен әдемілегенім


Ескерту: Және соңында үстіне соя соусы қосылады, дәл қазір менде болмай қалды. Тұзды көп қосудың қажеті жоқ, мен күрішке ғана салдым, өйткені теңіз балдырының өзі тұзды. Алдында жасағанда тұздалған қиярдың сөліне ингредиенттердің бәрін алдын ала салып қойып, дәмді болсын деп едім, бірақ онша болмай шықты.
Пысы: Екі күн жасадым, бірінші күні құрбыммен, екінші күні өзім. Ең жақсы деген суреттерін таңдап алдым. Сіз бұдан да жақсы дайындай аласыз=)
Бөлісу:

46 пікір

meirzhan
Сіз бұдан да жақсы дайындай аласыз=)
Жоқ олай емес.
 Жарайсың.
KILYZAMAN
Тамаша, енді салаттарынан болса ғой
Esmeralda
Рахмет, аға. Оларды да үйренгім келеді)
Altygradus
кәрістер тұз қоса ма не күрішке?
жапондар күрішке тұз қоспайды.
Қолдарың дерт көрмесін, мадиссс
үйреніп кетесің бірнеше рет жасағасын.
Ана кимбапты орағанға арнайы бамбуктен жасалған зат болады соны ал кәріс тауарлары магазиндерінен.
Сол құрал болмағасын, сенде ана кимбап бостау боп кеткен, содан да ажырап жатыр шеті.
Сосын ішіне қосқан заттарыңды біркелкілеп орналастырсаң шетіне ығысып кетпей әдемі шығады.
Бірақ менше сендегі проблема ана орайтын бамбуктың болмаға нынан сондай шығып қалды. Үйдегі жасалған нәрсе үшін жап-жақсы. дәмі жақсы шықса болды ғой
пысы. ана теңіз капустасын біраз сулау керек деп айтыппед саған үйреткенде?
monti
Жако, сенің ойыңда дұрс ши тоқымаға сап, қысып айналдыру
мында мен ойлам отрм, күріш тым езілінкіреп піскен, күрішті рисоваркада пісіре алмасаңыздар, алюмини кастрюлге жуып салып, таза суда 30 мин қайнатар алдында тұрса, сосын шынтақ саған кезде жарты шынтақ сулы болса, міне күріш мықты пісетін болады да кимбап қатты жақсы шығад

ну Очм Корея, Ким Хён Чжун
balzaminka
шынтақ?
monti
то есть саусақ
Zere
 Мен де соны түсінбей, алай да былай да елестетіп отырсам ))))))
balzaminka
мен кәдімгідей ойланып қалдым ғой, кәрістер шынымен шынтақтарын салатын шығар деп
monti
кейде өзім шатасып кетем, тез терем деп
meirzhan
м-да. сөздіксіз сізді оқуға болмайды.
19852407
 Монти, шынтак матырып қарайтын болғаның ба?
бармақ, саусақ батырып дейміз біз
Пікір түзетілген: 10 тамыз 2011, 12:37
Esmeralda
Айтқаныңыз дұрыс, бірақ мен күрішті әдейі езіліңкіреп пісірдім, водоросльдің ішіне қатты жабысып тұру үшін, рахмет
Esmeralda
Рахмет сізге. Бамбук пен күріш жайлы айтқаныңыз дұрыс, бірақ мен айтқанмын ащы соус қоспаймын деп, сондықтан аз ғана тұз қосқам. Теңіз капустасын аздап сулау керек деп үйреткен, мүмкін кәрістердің өздерінікі профессионалдық түрде жасалған соң басқаша шығар, менің қолымнан келгені осы. Білмегенімді сізден сұрап тұрам ғой.
Сіз де мадиссіз
balzaminka
негізі, не жасап жатқанымды білмей дайындаған болатынмын. Өмірімде суши, кимпап жеп көрмегенмін, түрін де. Үйде водоросли тауып алдым да, не істеуге болады деп сұрағанымда күрішпен ролл жасауға болады дегенді естігесін осылай жасап көргенмін

Есмеральда, рахмет  не жасағанымды қазір біліп отырмын
Әлі де жасап үйренетін екен
Жанна, суши жасау білесің? Осы жақтағы японка қыздан сұраған едім, білмеймін дейді
boztorgai
не жасағанымды қазір біліп отырмын
бұл күнәға жатпайтын іс болу керек менше
Altygradus
Әлі де жасап үйренетін екен
Жанна, суши жасау білесің? Осы жақтағы японка қыздан сұраған едім, білмеймін дейд
ухты Индияда қызылша бар ма не?? супер ғой
мен сол қызылшаны сағынам жапондарда жоқ ондай…
ішіне не салғансың?қызылша мен сәбізден бөлек, ақ зат не нәрсе?
Мен үйде суши жасағанда ішіне қияр, крабы, тунец салатқа арналғанын саламын көбіне, келесіде ілермін сюретін. Үйге барғанда жасайм ғой Инш.
Қыздар егер мені пикникке шақырсаңдар жасап апарам деп сөз беремін
Пікір түзетілген: 10 тамыз 2011, 12:40
balzaminka
Balyktan seld jasagam, sony kostm)))
Kyzylwany dim da supermarketten tabuga bolmai ma? Myna jakta kop narseler jok koi, birak sol import magazinderden tabuga bolady, al kyzylwa jektilikti
Altygradus
дүниенің бәрі бар ЖПда тек укроп пен қызылша жоқ
Былай Токиодан іздесе табуға болад деп естігем бірақ менікі сияқты провинцияда қайдан болсын
аа сельд екен ғой
негізі сушиге ондай зат қоспайды, қатты дәмі шығатын зат қосылмайды. сол үшін де шикі балық қосатындары, сосын кәрістер асылған ет қосад, ал дәмдеуіш ретінде соя соусы.
balzaminka
укроп демекші, осында жоқ сол. Бірақ басқа шөптердің түрі көп
Esmeralda
Жақсы ғой сіздікі де, менікі де алғаш осындай болып шыққанөзіңізге де рахмет, сушиді де үйренгім келед осы жерге жазатын адам болса.
Aikona
Оңай екен, мен сияқты түк жасай алмайтындарға, жасап көрмесем . Қалай болғанын жазам
Esmeralda
Рахмет, жасап көріңіз, алғашында онша емес болуы мүмкін, сосын үйреніп кетесіз. Күтеміз
Zere
Керемет! Мен де кейде осындай жасағым келеді. Бірақ бұл түрімен үстелге қоя салсам опыра салуға 2 минут жете ме деп қалам )
monti
опыра салуға 2 минут жете ме деп қалам )
 негізі ше, корей асханасында, табақта не салынған мес, қалай әрленіп салынғанында, мағанда солай айтты эстетикалық ляззат алатынкейде менің ас үйдегі эксперименттерімнің дәмін татып көріп, ужасна деп айтса үйдегілер ал мен, зато әрледім қандай жақс, қараш қарап отырып тоясын деп жұбатам
Zere
Алдында корей салатын жасап, үйдегілер жемей қойды. Тамаққа кілең консерваторлар
monti
неге қайта олар бәрін натурал күйінде қабылдағанд жақс көреді. мысалы, жай редканы қазақ өлсе жай май құйып жемейд ғо. ал біздер Жакомен барған кездегі корей кафесін өздеріңде көрдіңдер, бәрі натурал күйінде туралған тірі редкада болд ғо

мен сүйем барлық әлемді, оның ішінде Кореяны ну енд андай жақс көрем
Esmeralda
КамсамидаБұл тағам сытный, тез тойдырып жібереді, үйреніп алсаңыз, қайта-қайта жасағыңыз кеп тұрады)
TOTY
Керемет! Суретіне қарап-ақ жегің келіп кетеді екен. Еріксіз корей сериалдарын елестетесің, көбінде көшеде сатып тұрғанын көрсетеді ғой...
sammita
жасап әуреленбей ингредиенттерді осы күйінде жеуден бас тартпас ем Краб таяқшасы, жұмыртқа, ет… ммм…
Esmeralda
Краб таяқшасы, жұмыртқа, ет… ммм…
Бұлардың бәрі болса ары қарай водоросльге орай салу оңай ғой, көп рахмет
TERISKEY
Астынан санағанда төртінші және бесінші суреттерде екі адамның қолдары түскен бе?
Пікір түзетілген: 10 тамыз 2011, 13:20
Esmeralda
Сізге жауапты Gulistan әпке беріп қойыпты
AKA
Ваууу, жақсы екен, үйреніп алатын…
Gulistan
Пысы: Екі күн жасадым, бірінші күні құрбыммен, екінші күні өзім. Ең жақсы деген суреттерін таңдап алдым.
депті.
VKM
Класс! Дәмді көрінеді суретте. Мен де суши керррремет жақсы көрем)
Esmeralda
Рахмет, жапонның сушиінің жасалуы басқа ғой)
VKM
примерно осылай)))
Erkekyz
Ух, ты! Мен де ұнатам осы тамақты. жасап көрмесем, қолдан жасап көру еш ойыма келмеген екен)))
Aizhantabyn
екі түрлі адам жасаған ба, әлде екі түрлі күнде жасалған ба?
Esmeralda
жауап берілген)
Aizhantabyn
з.ы. халал деп жазылғанымен, арнайы белгі болмаса, халалға жатпайды дейді… это так, қосымша ақпарат)))