Муха Мухырлыч. "Ублюдок"
Әуелде, имене кіріп, еңкейіп шығып жүретін. Ләббайлап, тақсырлағаны кейде жиіркенішті еді. Сосын кейде именіп, кейде еңкейетін болды. Алдында кездесіп қалатын адамның мансабына қарай. Керек жерінде тоңқая қалып, реті келсе дөң айбат көрсетіп жүріп, ақыры тік шығып, тік кіретін кісісымаққа ұқсап қалды.
Әрі қарай

Еңкейгенге еңкей, ол әкеңнің құлы емес, Шалқайғанға шалқай, ол құдайдың ұлы емес деуші еді дана қазақ.Бұл күндері бұл тәмсілден де мән кеткен сияқты.Өмір адамға бір-ақ рет берілетін Алланың сыйы. Алла тағаланың алдында барлығымыз тең дәрежедеміз. Менің түсінігімше жалпы адам баласы өзін ешкімнен кем немесе артық дәрежеде ұстауға тиісті емес. Алайда, соңғы уақытта көп байқап жүрмін, бұл өмірде өздерін өзгеден жоғары ұстайтын жандар көбейіп кеткен. Көмек сұрап, аға-көкелеп келген жандарға мұрнын шүйіріп, тіпті кейбіреулерін адам санатына да қоспай, айтқан сөздеріне құлақ та аспай жатқандар да бар. Осындайда: «Адам» деген қастерлі атаудың қадірін кетіру осы шығар дерсің!.. Мейлі, шені, шекпені жоғары болса да ол да жаратылыстың күшімен Анадан туды ғой… Сонда өз мінезімен, алған тәрбиесімен туған анасын соншалықты ұятқа қалдыруға бола ма екен?" деп ойлайды екенсің…

![Блог - BalgynBalgyn: Алдағы онжылдықта әлемдік сахнаға шығамыз [с]](http://kerekinfo.kz/uploads/images/01/27/57/2016/01/15/2190b8.jpg)
![Блог - BalgynBalgyn: Алдағы онжылдықта әлемдік сахнаға шығамыз [с]](http://kerekinfo.kz/uploads/images/01/27/57/2015/12/25/21c259.jpg)
![Блог - BalgynBalgyn: Алдағы онжылдықта әлемдік сахнаға шығамыз [с]](http://kerekinfo.kz/uploads/images/01/27/57/2015/12/25/a7afcf.jpg)
![Блог - BalgynBalgyn: Алдағы онжылдықта әлемдік сахнаға шығамыз [с]](http://kerekinfo.kz/uploads/images/01/27/57/2015/12/25/f4c2ed.png)
![Блог - BalgynBalgyn: Алдағы онжылдықта әлемдік сахнаға шығамыз [с]](http://kerekinfo.kz/uploads/images/01/27/57/2015/12/25/4b065c.jpg)
Атырау облысы Дін істері басқармасының қолдауымен «Шапағат» Деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» Қоғамдық қоры Тәуелсіздік күні мерекесіне орай «Дінді ұстай білсең – қасиетің, ұстай білмесең – қасіретің» атты республикалық жыр мүшәйрасын жариялайды.

Сфера қабатының қасбетін салу кезінде күн энергиясын электр энергиясына айналдыратын фотоэлектрлік бөлшектер құрастырылған. Жоғарғы бөлігінде екі желгенераторы орналасатын болады. Ғимараттың өзінде жел ағынын бағыттауға мүмкіндік беретін «желді ұстайтын» құрылғысы бар. Сфера ішінде Болашақ мұражайына қоса, еліміздің тарихы, онда мекендейтін ұлттардың тарихы туралы баяндайтын мұражай орналасады.
ЭКСПО-2017 көрмесін ұйымдастыру кеңсесі («Компания АДС» ЖШС) –әкімшілік және кеңселік бөлме-жайлары бар алты қабатты ғимарат. IT-жүйе арқылы бүкіл көрмеге бақылау жүргізетін жедел басқару орталығы. Құрылыс 2014 жылдың шілдесінде басталды. Тапсырылу мерзімі – ағымдағы жылдың қазан айының соңында.
ЭКСПО-2017 көрмесін ұйымдастыру кеңсесі ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық шеңберінде аяқталатынбірінші жоба болмақ. Ғимараттың айналасында тереңдігі 130 метрлік 85 геотермалды ұңғыманың 33-і неміс технологиясы бойынша бұрғыланып қойылған, бұл ұңғымалар 600 киловатт энергия беретін болады. Ұңғымалар жазда ғимараттың ішін салқындататын, ал қыста жылытатын өзінше бір кондиционер ретінде қызмет етпек. Қоршайтын құрылмалар ультракүлгін сәулелерді өткізбейтін көпатқарымдық арнайы шынылардан құрастырылған. Оларды қазақстандық жобалаушылар әзірлеген және ҚР аумағында өндіріледі. Осы күнге дейін жеткізілген 6,5 мың шаршы метрлік шынының барлығы монтаждалып қойылған. Бұл шынылар қыста суықты өткізбейтін, ал жазда қызбайтын бірегей қасиетке ие. Ғимарат шатырында тоғыз желгенераторы орналастырылады, олардың әрқайсысы бүкіл ғимаратты жарықпен қамтамасыз ететін 3 киловатт энергияны беретін болады. Осы жобаның бастапқы құны 10 млрд. теңгені құрап отыр. Құрылыс-монтаж жұмыстарында 495 инженер, әрлеуші және электрмонтаждаушы еңбек етуде. Олардың барлығы — Қазақстан азаматтары.
Иә, жүз рет құлақпен естігенше бір рет көзбен көргенге жете қоймас. Жалпы құрылыс қарқыны жаман емес. Қалашық толығымен 2016 жылдың соңына қарай салынып бітеді. Сәтті болғай!!!
Қазіргі кезде «Kaspi Bank»-те «Kaspi қаһармандары» имидждік кампаниясы жүріп жатыр. Басты мақсат – өз күшімен жетістіктерге жеткен қарапайым қазақстандықтарды насихаттау. Бұған дейін әлемнің барлық шөлдерін бағындырған желаяқ Марат Жыланбаев, жеке балалар үйін ашып, 350 баланы тәрбиелеп, өсірген Тұяқ Есқожина басты кейіпкер болған. Жақында әйгілі альпинист Мақсұт Жұмаевтың қатысуымен жаңа кампания басталды. Қызық болғанда қазақстандықтардың көпшілігі оны қарапайым альпинист ретінде қабылдайды екен. Ақпарат, насихаттың аздығы. Kerekinfo оқырмандары үшін Мақсұт туралы ақпарат бере кеткенді жөн көрдік.