Президент Құлыбаевты отставкаға жіберді!

Бүгін бір тосын жаңалықтарға толы болды.

Әуелі, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Маңғыстау облысына келіп, облыс басшысын ауыстырды. Бұрын ол Қырымбек Көшербаев болса, енді Бауыржан Мұхамеджанов атты әуелгі қызыл жағалы. Тенгриньюс.кз ақпараттық агенттігінің айтуынша, бүгінгі ауыс-түйістер кезінде Президент Көшербаевқа кінә қоймайтындығын, керісінше, осынша уақыт ереуілде тұрған мұнайшылармен келіссөзге келмеген "ҚазМұнайГаз" басшылығы кінәлі деп тапқан болатын. Соның нәтижесі ретінде "ҚМГ" басқарма бастығы етіп, сол Маңғыстау облысының тумасы, әрі сол өңірде облыс басшысы болған Ләззат Қиыновты тағайындады.
Әрі қарай

Ұлан жылдың үздігі!

«Алаш айнасындағы» Әзиз ағамның ғана емес, бүкіл қазақ жанкүйерлерінің сүйіктісіне айналған Ұлан Қонысбаев 2011 жылдың үздік футболшысы атанды! Ұлттық футбол лигасы жүргізген дауыс беру нәтижесінде Тараздық өреннің мерейі үстем болыпты! Не дейміз, Құтты болсын! Қазақ футболын өрге сүйрей берсін! Ұланның Түркия қақпасына соққан голы ешқашан есімнен кетпейді. Осындай голдардың талайын соғуыңа тілектеспіз!Ұлан Қонысбаев
Әрі қарай

Одақизация

Кешеге дейін бір үміт болып еді, орыс тілін білмегенің үшін өзіңді екінші сорттың адамы сезінетін кез болашақта жойылады деген. Елімізде тек қазақ тілі басымдыққа ие болады, ал халықаралық мәселелерде тек ағылшын тілін ғана пайдаланамыз дегендей.

Ал енді ол үміт сөнді. Яғни, алдағы уақытта да, дәл бүгінгідей, орыс тілін білмесең, екінші сорттың адамы болып қала беретін боласың.

Алдымызда Одақ.
Әрі қарай

Есімде қалған бір қорқынышты сөз.....

Менің 7-ші сынып оқып жүрген кезім еді. Ағылшын тілі сабағы болатын. Сол кезде апай бір шайтан туралы айта бастаған. Сол кезде апайдың бір нәрсе айтқаны есімде қалыпты. Ол мына сөз:
Баяғыда бір кемпір мен шал болыпты. Өздері бір жаңа үй сатып алған екен. Сосын кешкісін үйлеріне құттықтауға қонақтар мен көршілері келіпті. Сол кезде кемпір құдықтан су алуға барады. Сол кезде кемпір құдықтан су тартып жатқан кезде су құдықтан өзімен-өзі тартылып бір келе жатып судын орнына су емес бір шелек қан болып шығыпты. Сол кезде кемпірдің жүрегі ұшып кетеді. Әрі қарай есімде жоқ. Әңгіме осы жерде тоқталды-ау деймін. Енді: ӘЙЕЛ АДАМ ТҮНДЕ СУҒА БАРСА НЕ БОЛАДЫ? Осы сұрақ мені қатты мазалайды.
Әрі қарай

Қазақ vs Қырғыз

Казак акындарына Аалыдан жооп


осыны естіп алған Ринат бауырымыз Аалыны сахнада сөзбен тоңқарып кетті. Алайда соған қарамай қырғыз бауырымыз 2-4 желтоқсанда Астанада Т20ға арналған айтыста үшінші орынды қанжығасына байлап қайтты. Ұзын құлақ қазылардың әділетсіздігінен кейін Ринат финалға шықпай қойды дит. кім білсін?..
Әрі қарай

Айтып, айтып тастадым!

Нуржан айтыс

Келе жатқан Т20 жылдығы құтты болсын!!! Соның құрметіне кеше қаламызда аймақтық ақындар айтысты! Соған домбырама пілдің терісін байлап, мен де шықтым. Қарсыласым беті бурабайдай, қасы қарағайдай Көкшетаудың ақыны екен. Содан ол «халау лалау» деп бастады. Мен де айтарымды айтып тастадым. Жиналған жұртты жер қылдым короче, нақ.
Әрі қарай