Бүгін мына киноны көрулеріңізге болады

Еркектер басқа не туралы әңгіме шертеді 2

Қызық комедия. Ресейліктердің киносын біздің кинотеатрлар отандық деп көрсетіп жатыр. Қарақшылық филім мында
Ал егер ресейдің филімін ұнатпаймын десеңдер онда өзіміздің отандық филімді қарап шығыңыздар. Жуырда ғана туссауын кескен екен. «Бір тамшы жас» деп аталады. Бірақ кинода көздің жасы көл болады. Гүлім деген қыз туралы. Қалаға оқуға келіп ауылдағы жігітінің көзіне шөп пихаттап, пәктігінен айрылып,  содан кейін де жайбарақат жүре береді. Ақырында аяғы ауыр болып қап, ауылдағы амигоосына қайта қосылады. Байғұс қазақтың режиссерлері-ай. Шынайы өмірді көрсетеміз деп, тұрпайы, анайы, жабайы кино түсіріп қояды.
Мына жерден жүктеп алуға болады
Әрі қарай

ҰҚК - "MOSSAD" типтес болмақ па?

«Жау жоқ деме — жардың артында пиролиздік пеш салып жатыр» © Халық даналығы

Ақпаратқа сараң көздер арқылы еміс-еміс келген хабарлардан, өткендегі бір жиындағы шешімдер белгілі болды. Ақпарат дәл емес те болуы мүмкін.

ҚР ҰҚКОчм, ҰҚК, Сырбар және Әскери Барлау органдары реформаға ұшырамақ. Ең қызығы — ендігәрі барлауда қызмет ету үшін әскерге бару, және әскери шенге ие болу тіпті міндеттелмейді,
Әрі қарай

Алдар Көсе жылы

Биыл Алдар Көсенің жұлдызды шағы болды десек болады. Ертегі кейіпкерлерінің ішінде ең танымалысы Алдар болған шығар. Сонымен, биыл:

«ХІ ғасырдағы Алдар көсенің бастан кешкендері»

Керекинфода бұл туралы бір-екі пост та жазылды.
Әрі қарай

"Толағай" және "Маймақ қаз"

Қазақ мультфилімдері қатарына тағы да екі мульт қосылды. Бірі, Әбділдә Тәжібаевтың «Толағай» поэмасы бойынша түсірілген «Толағай» мультфилімі. Жалпы сюжеті бізге белгілі. Ауылын қуаңшылық жайлағанда алыстағы тауды ауылына көтеріп келетін жасөспірім жайлы.
Екінші мульт көрген жандарға ой салатын туынды екен. Қаздар отбасысы аяғы маймақ (қисық) балапандарынан бас тартады. Сәйкесінше, балапандары жоқ отбасы бұл балапанды өз тәрбиелеріне алады. Жақын күндері өз көрермендеріне жол тартпақ мульттердің қысқаша сипаттамасы осындай.
Әрі қарай

Жыр –шашу

Жыр –шашу
Астанам –асќаќ ±раным
Отанымныњ ж‰регі,
Астана елім тірегі.
Ордасына тµрдегі,
Халќымныњ адал тілегі
Алтыннан ќымбат ќашанда,
«ЮНЕСКО» берген баѓасы.
Айдан с±лу Астана,
Бейбітшілік ќаласы.
Жібек жолы тоѓысќан,
Феномен ‰здік Бас ќала,
Абылай аспас асудан,
Жайнап µткен Астана.
Елбасыныњ єдемі,
Астана-мєњгілік єлемі.
Озыќ ойдыњ терењі,
¦рпаќтыњ н±рлы ертењі.
Ие болѓан Астана,
Єлемдік ѓажап сипатќа.
Жањарѓан жасын жас ќала,
Маќтаныш барлыќ ќазаќќа.
Арман ќалам Астанам,
Азаттыѓым ту алѓан.
¦лылыѓы халќымныњ,
М‰сіндеп тарих сомдаѓан.
Ѓимараттарды кµреміз,
К‰н сайын теледидардан.
Бєйтеректен ой µреміз,
Ару ќаладан жасанѓан.
Єлем халќын тамсандырып,
Ќырда г‰лдеп жайнадыќ.
Асуды алып таудан биік,
Т±р тµбеміз к‰нге тиіп.
Астанам –асќаќ ±раным,
Сµнбесін мєњгі шыраѓыњ.
Єн, Меккесі Айыртауым,
Тойыња тµксін арайын.
Орынбай, Аќан, Ыбырайым,
Шыњда т±рѓан ардаѓым.
Елу елдіњ Астанам,
Тµрінде елмен жайнаѓын.
Сері Аќанныњ с±лу єні,
Мерейтойдыњ болсын сєні.
«Гєккуі де» Ыбырайдыњ,
Б±л кµњілдіњ ынтызары.
Ару Астанам – елдігім,
Жайнаѓан шыњда тењдігім.
Бабамнан енші ерлігім,
Ынтымаќ, достыќ, бірлігім.
Тайлаќ ЖАЛМ¦РЗЕНОВ,
Ш. Уєлиханов атындаѓы сыйлыќтыњ лауреаты
Әрі қарай

Көп асама ...

Ұрлық түбі қорлық
Бүгін мен үшін бір жайсыз хабар болды. Біздің футбол федерациямыз "Қайрат командасын премьер лигада қалдыру мақсатында" премьер лига командалар санын 2 командаға өсіріпті. Дәл осылай беті бүлк етпестен Қаныш Әубәкіров жайып салды жұртқа. Мен, қара басым мұндай командалар санын өсіруге қарсы емеспін, тіпті қолдаймын да. Бірақ, мұндай қадамға бармас бұрын, оны алдын ала жоспарлау керек, яғни, жыл басында «маусым соңында премьер лигадағы командалар саны өседі» деп жұртты құлақдар қылу керек. Ең соңғы орын алған команда премьер лигадан кетеді, ал 9-шы, 10-шы және 11-шы орын алғандар бірінші лиганың 1-ші, 2-ші және 3-ші командаларымен орындарына сәйкес қосымша матч өткізілсін деп жоспарлап қойса, ешкім «ренжімес» еді. Құдай да тыныш, құдағай да тыныш…
Менің ойымша федерация басшыларын жаман қысқан болу керек, әйтпесе жұртпен таласып, соншама мақтаған соңғы премьер лига формуласын өзгертуге не қара басыпты оларға. Біздерге сюрприз жасайтындай олар кімдер соншама? Жалпы "ҚазРосГаз" компаниясы жақсылап федерация «жігіттерінің» аузын майлап қойған ғой. Көп асама, құсасың деген бар.
Енді мұндай кеселді жеңу үшін мен сіздерге мынандай ұсыныс жасағым келеді: Қайрат командасы сіздің қалаға келгенде төмендегі мәтін жазып, стадионға баннер салыңыздар.
— Қайрат ұят қайда?
— Сәлем бірінші лига флагманы
— Сәлем мақтаншақтар
— ПЛ-ға шығарған жанкүйерлерің қайда?!
— Қайрат ардагерлері неге үндемейсіңдер
Тағы қандай ұсыныстарыңыз бар?

ЗЫ: Егер Қайрат премьер лигада қалса, онда Манчестер Юнайтед чемпиондар лигасына қайтып оралсын, оның да тарихы бай ғой.
ЗЫ2: Жыл сайын Испанияның чемпионатына тек 2-ші орынға ғана талассын командалар, өйткені бірінші орын тек Реал Мадридтікі. Бұл команда дүние жүзіндегі ең тарихқа және жүлделерге бай команда. Ақшасы да көп және жүлде бойынша жақын уақытта оны ешбір команда қуып жеите алмайды.
ЗЫ3: Қаным қайнап отқаны, тек Қайрат үшін істеліп отқаны және жаңағы Қаныш дегеннің "Қайрат командасының жанкүйерлерінің сұрауы бойынша" деп қыртығанда қай сасқаны?!
Әрі қарай