Қадыр Мырза Әлидің қанатты сөздері

  • TOP
Дүниенің ең басты жұмбағы-адам.

Адамдар дүниенің бәрін түсіндіргенмен, өздерін өздері әлі де болса түсіндіре алған жоқ.

Алпыс адам-бір жақ, ақын өзі бір жақ.

Әкеңді білмеген ештеңе емес, қаптаған халықтың ішінен ұлтыңды білмеген не деген сұмдық.!

Адам алысқа қараймын деп, жақындағысын көрмейді.

Әулиелік туралы айту үшін өзің де әулие болуың керек

Дүниеге шын ақын, ұлы ақын келген күні сонымен қабаттасып даңқ та туады.

Азаппен келген даңқ – мәңгілік.

Талант – халық қазынасы. Талантты қадірлемеу халықтың намысына тиеді.

Адамның бүкіл өмірі өзін-өзі жұбату, өзін-өзі алдау.

Семіру шошқаның өзіне қандай сор болса, артық даңқ адамның соры (Қытай мақалы Қадырдың кітабынан)

Даңқ — өте қауіпті рухани есірткі.

Ақын – жазушылардың бәрі болмағанмен, біразы әдеби есірмен.

Қор қылу да, құдай қылуда халықтың қолында.

Пайғамбар жасау халықтың қолында, бекерге мәз болып, өзіңді-өзің алдау, алдану өз қолыңда.

Ең үлкен махаббат – халық махаббаты.

Халықтың ықыласына ешкім тиым сала алмайды.

Даңқ үстемелегенді ұнатады. Бір басталса біразға дейін жарылқайды. Қашан өзің бүлдіріп алғанша махаббат нұрына бөленесің.

Таздың басына, пұшықтың мұрнына қона салатын соқыр бақыт сықылды емес, Даңқ – ешкімнің ырқына көне салмайтын бірбет құбылыс.

Лайық емес адамға даңқ жоламайды.

Даңқ — онның бірін, жүздің бірін таңдайтын талғампаз пәле.

Даңқ- ойда жоқта біркүні келе салмайды.

Даңқ-нағыз таланттың жолсерігі, жұбанышы, көз жасын сүртетін беторамалы, жан жарасын жуатын таң нұры.

Даңқ – ақынның бірінші бақыты емес.

Ақынның бірінші бақыты – шығармашылық процесс. Ал қалған тірлігі қараңғы туннель

Әр ақынның-егер ол шын ақын болса – тоқсан тоғыз қасіреті болады

Ақындардың қасіреттері – кедейшілік пен жоқтық.

Кейде тіпті ақын неғұрлым дарынды, неғұрлым арлы болған сайын соғұрлым сормаңдай бола ма деп те ойлайсың!

Нағыз қайыршы ұрлық жасамайды.

Жалпы жоқтық деген пәле мықты ақындарды өте жақсы көретін болуы керек, қай заманда, қай елде болмасын, алдымен соларды іздеп табады.

Абыройыңды жауып жүрудің өзі оңай шаруа емес!

Саптыаяққа сыра құйып, сабынан қарауыл қаратып қойған зұлым заманда күнделік жүргізудің өзі өзіңнің үстіңнен өзің материал жинақтаумен бірдей. Өйткені күнделіктің құдіреті-шындық!

Қарыз алатындардың көбі – қарызды қайыра алмайтындар.

Жүйке ауруы – жалғызілікті емес, көп ағайынды.

Туғанда аяқ-қолың балғадай сап-сау болып туғанмен, ертең кім боларыңды бір құдай ғана біледі.

Әкелетін өмір де, әкететін өлім деп ойлаймыз, жоқ, меніңше өлім-өмірдің өзі.

Адамды ауыртатын да, өлтіретін де сол өмір!

Ол тек құжаттарға ғана Өлім деп қол қоя салады!

Өлімнен қорқатын ештеңе жоқ, Өмірден қорық!

Ақын — өзінің ішкі дертін, жан ауруын інжуге айналдыратын жұмбақ жан.

Дегенмен арақтың істемейтіні жоқ, дәлірек айтсақ, істетпейтіні жоқ.

Бүкіл ақын атаулыны маскүнем ғып көрсету – мақсат емес. Менде ондай ой жоқ. Ал енді ішпейтін ақын тағы аз.

Қайсібір ақындар үшін дәстүрге айналған дауасыз дерт. Одан зардап шекпеген бақытты әдебиет бар ма екен?

Ішіп жүрген оныңды көрген халық он біріншіңді сол онның қатарына калай – солай қоса салады.

Арақ адамның шыңырауындағысын шығарып, тереңде жатқан дүлейін оятады.

Жынның момыны болмайды

Есенин ішсе, бір нәрсе тындырып барып ішкен. Ал біреулер ішіп алып бірдеңе тындырмақ. Тына қояр ма екен!

Бір кездері көшіп-қонудан алдымызға жан салмасақ, енді ішуден де озып кете жаздаған жағдайларымыз жоқ емес.

Соғысқа берген таланттан ішімдікке берген талантымыз әлдеқайда көбірек десек қателесе қояр ма екенбіз?

Арақ қазақ үшін жаңа дерт. Жаңа жау. Оған біздің уыз организміміз қарсы тұрып үйренбеген. Иммунитет мүлдем жоқ. Кәрі-жасымызға қарамай қырып кететін түрібар.

Жібек жолын шөп басты.

Еуропа ондаған халықты отарласа, темекі мен есірткі Еуропаны отарлады.

Отарланған елдер Еуропа тепкісінен құтылды, ал темекі мен есірткі Еуропада мәңгі қалып қойды.

Қарақшылар апарған өрт өшті, әкеткен дерт қандарына сіңді.

Хайуандар ғана емес, адамдар да түлейді

Басқаға еліктесе де адам өлімге еліктемеуі тиіс.

Миға кірген ой, шөңгеден де жаман.

Өмірге келудің бір-ақ себебі болса, өмірден кетудің ондаған себебі бар.

Өлімнен де ауыр ит өмір кімге керек?!

Абыройыңнан айырылып, адамдық қасиетіңді аяққа таптап, күн сайын мың өлгенше, дұрыстап бір өлген де жөн шығар.

Бақытсыз деймін, жалпы ақын өзі бақытты бола ма екен?

Сол бақытсыздардың бірі, дәлірек айтсақ, нағыз бақытсызы – Марина Цветаева

Әңгіменің төркіні — әңгіме.

Тыныштық жар төсегінен басталады.

Жазмыш логикаға қарамайды.

Елге, әсіресе басшыларға, тірі ақыннан гөрі өлген ақын тиімдірек. Олар өкіметтің мазасын алмайды. Айтатынын олар баяғыда айтып, сынайтынын олар баяғыда сынап кеткен. Енді олар оппазиция емес, бар болғаны цитатаға, мысалға айналған

Қай кезде де, қай-қай ақынға да оңай емес.

От пен судың арасы. Шындық пен өтіріктің арасы от пен судың арасынан да жаман.

«Қан сасыған хан сарайы» дейді қазақтар. Осыны халық өте ерте түсінген.

Дұшпандары ақынға бәрін кешіреді, бірақ тірі жүргенін кешірмейді. Тірі ақын қашанда қауіпті.

Әйтпесе, басынан айырылған адамға тілден не пайда? Ал ақындар үшін тілінен айырылған соң басынан не пайда.?

Тақта отырған тасбауырларға біреудің басы деген немене

Адамның басы көбіне-көп ел билеушілердің добы болып келеді.

Ақынның үнін өшірудің жылдар сынынан өткен ең оңай тәсілі – қылғындыру, тұншықтыру болып келген.

Өз еркіңмен өлгенде өлімнің түрін таңдауға болар мүмкін. Бірақ сені біреу өлтіргенде, не өкіметің өлтіргенде қалауың бола бермейді.

Ақынды көбіне-көп заманы, қоғамы, ортасы өлтіреді.

Батыр да бір оқтық, ақын да бір оқтық!

Бір ғана нәрсе көңілге медеу – көңілі сүттей ақ періште ақын өзін атқан ата жауларын көріп өлді.

Өңшең бір шерлі жыр, шерменде ақындардың тағдырларына үңіле отырып, ақын боп туу азап үшін туу ма деп қаласың

Жазымыштың жұмыр добы да, қайысқан қалың халыққа жоламай, әлдекімдерді айналып өтіп, ақындарды барып ұратын тәрізді.

Біреулердің неден өлгені, біреудің қалай өлгені, ал біреулердің қайда өлгені белгісіз. Жұмбақ тағдырларда жоқ емес.

Жалпы адам жоғалу, соның ішінде еліне белгілі адамның жоғалуы ақылға сыймайды. Бірақ жоғалады.

Өз өлімімен өлгенді қаза болды демейді. Ажалынан бұрын өлді деген міне осы.

Жалпы жазу үстелінің басында өлу – бүкіл ақын-жазушының арманы деуге болады.

Нағыз жазушы шындап келгенде ешкімге қызмет етпейді.

Қасқыр орманға қарап ұлыса, қазақ қырға қарап күрсінеді.

Екі өлең жазсам, соның бірі – Дала. Өйткені ойлайтыным — Дала

Адам кейде өз үйіне де сыймайды.

Көптің ішіндегі жалғыздық, аралдағы жалғыздықтан да жаман.

Коммунистік жүйенің қайтып келгенін өз басым қаламаймын. Өйткені жегіміз келгенін жеп, ішкіміз келгенін ішкенмен, айтқымыз келегенді айта алмадық, жазғымыз келгенді жаза алмадық

Ауыздан шықпай іште тұншыққан шындық шеменеге айналады. Дерттің жаманы – сол. ОЛ адамды тірілей өлтіреді.

Өнер тұрған құпия

Әртүрлі дарындар түгіл, бір дарынның өзі кейде өзіне-өзі ұқсамайды.

Көз адамдардың бәріне бірдей тәрізді Бірақ жай адам басқаша көреді де, жазушы адам мүлде басқаша көреді.

Ағашты тамырынан, тамырды топырақтан ажыратып әкету қалай болар еді?!

Өнер жүрген жерде еліктеу болмай тұрмайды.

Кез-келген жас дарын қашан дараланып өзінше қалыптасып тынғанша бір мықтының тартылыс күшінен шыға алмайды.

Шығармашылықта емес, жай тіршілікте де ұстаздың әсері көрініп тұрады.

Ақша талғамға қызмет етеді.

Кейде жоқтықтың өзі жаңа моданың тууына себепкер болады.

Ақындар тірлігінде жалпы логикаға сыймайтын құбылыстар жиі болады.

Өнер адамы үшін шығармашылықта үшін, тіршілікте болсын, ең ақыры киім – кешекте болсын, ешкімге ұқсамау – басты міндет.

Өз басым қазақ тарихын біздің елімізге арақ-шарап деген пәленің келгенге шейінгі, келгеннен кейінгі дәуірі деп екіге бөлген дұрыс болар еді деп ойлаймын.

Жалпы арақ-шарап келгенше ұлттық мәдениет, ұлттық дәстүр қауіпсіз тірлік кешкен тәрізді.

Арақ-шарапқа дейінгі шейінгі дәуір-қымыз дәуірі. Әдебиет пен өнер үшін бақытты, кем дегенде жартылай бақытты кезең.

Егер шатақ шығару керек болса, қымыздың өзі жетіп жатыр. Ал шабыт шақырып, шығармашылықпен шұғылдану қажет болса қымыздан артық ішімдік жоқ!

Арақ ішіп жақсы бірдеңе жазды дегенге сенбеймін.

Көптеген классикалық әндер мен классикалық өлең-жырдың бастауында қымыз тұрғаны ақиқат

Қымыз дәуірі-серілер дәуірі.

Сәнді киіну- сал, серілер үшін негізгі шарттың бірі.

Күйтабақты бір аударып салатын, әйтпесе тіпті басқасын қоятын кез болды-ау деймін.

Көлігі бардың қашанда өрісі кең.

Махаббат ол-ең алдымен өмір. Ал өмір біз ойлағаннан гөрі күрделі, әлдеқайда күрделі құбылыс.

Қай бұрышта, қай қалтарыста қай зұлымның қандай қару ұстап тұрғанын білу қиын.

Кез-келген қарым-қатынастан, тіпті төсектік қарыс-қатынастың өзінен махаббат іздеу дұрыс бола бермейді. Ал нағыз махаббат дегеніміз-өткінші жаңбыр емес. Ұлы сезім.

Үйкүшіктік жалпы адамға тән қасиет емес.

Көкжиегің кең болмай көп көрмейсің.

Көп көрмеген көп біліп жарытпайды.

Алысты аңсау, оның ар жағында не бар екен деп аласұру адам баласына құдай берген

қасиет.

Кейбіреулер үшін үйден шықпау-түрмеден шықпаумен бірдей.

Оппозиция деген – мәдениеттің ең жоғарғы түрі.Егер баяғыдай бір партиялық болса, оның кемшілігін ешкім айтпаса, сонда ол қалай түзеледі?

«Оппозиция – әйеліңнен басталады» Ол сенің жанашырың.

Әдебиетте саған көзіңнің тірісінде қоғамның берген бағасы – анық баға емес.

Өз бағаңды көтеру үшін біреудің бағасын түсіріп керегі жоқ

– Өзіңнің балаңа да, қаламдас інілеріңе де ақыл айтайын деп айтпайсың.

– Жас кезінде адам өзіне қатты сенеді және сенім болмаса ол әдебиетке келе алмайды. Қайшылықта қатаяды. Егер дұрыс түсінсе, ол бақытты, ал бұрыс түсінсе де сенің айтқаныңа қайта қоймайды. Бірақ соққы, таяқ жеу деген болады. Содан кейін ақыл кіреді. Ақылдың өзі көшеде жатқан жоқ. Жас кездегі сүрінгеннен, құлағаннан, әке-шешеден, көршілерден, замандастардан жеген таяқ ақылға айналады.

Сапар-саяхатқа құмарлықтың бірінші себебі-көру, білу, сергу, сілкіну болса; екінші себебі — өз тірлігінен, төңірегінен шаршау, жалығу деп ойлаймын.

Шығармашылық- ләзатты азап.

Қанша сүйікті жұмыс дегенмен, одан да жалығатын сәттер болады.

Карта — әзәзіл. Оның қай жерде қалай қағып жібергенін өзің де білмей қаласың.

Бір адамға, бірен-саран адамдарға бола халыққа тіл тигізу ақымақтық дер едім.

Халық дегеннің өзі аса қасиетті және кең ұғым.

Дүние – мүлік, әсіресе байлық – көздің құрты. Ал сол байлықтардың ішінде кітапқа жететін бірдеңе бар дегенге өз басым сене алмаймын

Қымбат дүниелердің құны, әдетте ақшамен анықталады. Ақша жүрген жерде қашанда қауіпті.

Шынында да, ақын дегеніміз – мәңгі бала. Олардың даналығы мен балалығының арасында шекара жоқ.

Билік үшін хан тұқымы да, қара да қан төгеді.

Үлкендерді қойшы, өз ортасында үстемдік жүргізу үшін балалар бақшасының бүлдіршіндеріне шейін бар күшін салады.

Қай қошқар жеңсе, үйірге сол қожа. Қай айғыр жеңсе, үйірге сол ие.

Жыртқыштарға жалпы дауа жоқ!

Билікқұмарлық, мансапқорлық, шенқұмарлық, бұл негізінен адамның өзі тауып алатын дерт.

Әмірге ергендердің аман қалғандары, сарайға жақындағандардың сау қалғандары шамалы.

Басқаны білмеймін, ал хан сарайында ұзақ қызмет істеген адамдардың сөзіне де, ісіне де сенуге болмайды. Олардың ақыл ойлары, тіпті адамдық-азаматтық сезімдері де деформацияға ұшырамай қоймайды. Өзгелерді айтпағанда олар өз үйлеріндегі сүйген жарларымен, бала-шағаларымен де дипломатиялық қарым қатынас жасайды. Өзінің қабағын, өзінің тілін күзетумен күндері өтеді. Қарқылдап күле алмайды, еңкілдеп жылай алмайды. Ғабит Мүсірепов айтқандай: «Ауызын толтырып, айызын қандырып боқтай да алмайды»

Ең жаманы — өзі аңтарулы, қаламы – қаңтарулы

Қолдан келсе табиғатқа тиіспеген жөн!

Ұлт болудың бір емес, бірнеше шарты бар. Соның ең басты және ең негізгі шарты – ұлттық тіл

Адам өрісі кеңіген сайын аң-құстың өрісі тарыла түседі.

Ғарыштық өлшеммен есептегенде планета деп жүрген Жеріміздің өзі бір ауыл ғана.

Ақын – жазушылар, меніңше, пайғамбарлығымен емес, пенделігімен қызық. Қолдарынан келгенше, пенделіктен пайғамбарлық жасағандарымен қымбат

Көк жалқау деген өте ауыр сөз.

Адам — құдайдың шығармасы

Махаббат – жүрекке де, сөзге де сыймайтын ұлы сезім.

Өзі ұлы ақын өзге ақынды бағаламай тұра алмайды.

Жалпы ақын деген халықтың, елім деп туған ерлердің бір қолы қаламнан босамаса, бір қолы қарудан босамаған.

Туған елі, туған халқы үшін ол өзінің иықтағы басын берді. Біз оның дұрыстап бір асын да бере алмадық! Елміз деп несіне шіренеміз! (Ақын бұл жерде Махамбетті айтып отыр)

Ақындар ғалым болсам, ғылыми жаңалықтар ашсам деп ізденбейді.

Білместі білсем, көрместі көрсем деу – талантқа біткен табиғи құштарлық.

Диплом түгіл, аттестаты жоқ, бірақ бағзы бір академиктердің өзінен артық білімдар, жан-жақты дарын.

Ақындардың сегіз қырлы, бір сырлы болуы Шығыс үшін де, Батыс үшін де бұрыннан жаңалық емес.

Ақын атаулының бір жанды жері – тіл болса, Екінші жанды жері- тарих.

Әр ұлттың рухани ұрасында, әр ғасырдың ғылми қоймасында біз білмейтін қанша сыр, Қанша құпия жатыр?!

Адамды жамандасам да өзімді жамандағаным, ақынды жамандасам да өзімді жамандағаным.

Адамзаттың басты қасреті – ол бүгін әділдіктен кетіп қалған.

Ақиқаттың өзін өтіріктің аузымен айтады.

Өзгені жеңу үшін, өзіңді жеңуің қажет.

Сайтандық та, әулиелік те адамның өз ішінде.

Сайтанымды өлтірем деп, пайғамбарын да қоса өлтіріп алуы ғажап емес.

Қайталап айта берген сөздің дәмі болмайды.

Мен өзімді шарапаттың шуағында өскен бақытты гүлдердің бірімін деп санаймын.

Әдебиет пен өнердегі дау — мәңгі дау

Мен өзі о бастан байлық, билік, даңқ мәселесіне күдікпен қарап үйренгем.

Ол – оқудың, ізденудің нәтижесі емес, жетімдік мектебінің жемісі.

Адам қанша мықты болғанмен, Өмір одан гөрі мықтырақ! Есеңгіретіп кеткен кездері де аз емес!

Біздің қазақ әдебиетінің қасіреті қалың. Ол негізінен, қызыл империя кезіндегі қуғын-сүргінге байланысты.

Адамзатта қанша мінез болса, жазушыларда да сонша мінез бар.

Қазақтың бір қошқарына екінші бір қошқарын қарсы қою – отаршылдық саясат үшін жаңалық емес. Жәләп саясат!

Өзіне — өзі қанағаттанбау – жақсы қасиет.

Біреуге жақсылық жасау үшін әкім болу, бастық болу міндетті емес.

Біреуден өшімді алам, кегімді қайтарам, қайткенде де мұқатам деп жазған естелік – естелік емес, ол – оңбаған жазушының портреті.

Жазушылар одағын пенде бсқармау керек. Адам басқару керек. Арамдық басқармау керек. Ар басқару керек.

Пенделер әр уақытта өз елін ойламайды, өзегін ойлайды.

Анаусына да, мынаусына да мүше болып көрдік.

Дүниеде ең тез өтетін уақыт – демалыс уақыты.

Халқын жеген үкіметтен не үміт, не қайыр?!

Басқа халықты біле бермеймін, біздің басты кемшілігіміз – көпсөзділік.

Тойда да көп сөз, жиналыста а көп сөз. Сөз! Сөз!

Біздің қазақ, негізінен жайбасар, ашық-тесік, етек-жеңін жинап жүрмейтін алқа-салқа халық қой

Адам адамды қайталамайды.

Өзіне жетпей жатса да, қазақ біреуге ақыл бермей жүре ала ма?!

Ақындардың басты қызығы — өлеңдері, шығармашылығы

Ал тоталитаризмге ақиқатыңның құны бір тиын! Оған қажеті – саясат, жалған сөз, көз бояу.

Әуелі төсек тербеледі, сонысын бесік тербеледі.

Біздің дініміз де, құдайымыз да — Әдебиет.

Өз басым ақыл мен сезімді бөліп қарауға қарсымын.

Өйткені аса білімді, аса ақылды адам қай кезде де қауіпті.

Абыройым асқан сайын кітаптарымның шығуы қиындай түсті.

Мансапқорлар кресло үшін ар-ожданын да, намысын да сатып жүре береді.

Мемлекет қайраткерлерінің бәрі бірдей көсем, бәрі бірдей кемеңгер десек, қателесеміз.

Өз халқын өзі тобыр санайтын топас патшалар тарихта көптеп кездеседі.

Кісілік кісі таңдамайды. Ол қой бағып жүрген қатардағы қазақтан бастап, ел басқарып жүрген елеулі азаматтарға шейін, бір де біреуін жатырқамайды. Бірақ ол екінің біріне бұйырмайтын, адамның адамына ғана, соның жүрегіне ұя салатын қымбат қасиет.

Жасыратыны жоқ, елдің тағдыры, негізінен, ауыл әкімдерінен бастап, ел басқарып отырған ірі мансап иелеріне, солардың пенделігі мен кісілігіне байланысты.

Кеңес өкіметінің толып жатқан жағымды жағы болса да, жанымызды жегідей жеген жұғымсыз жақтары да аз болған жоқ. Соның бірі – цензура.

Ресей бір кезде қалай Еуропа жандарымына айналса, АҚШ бұл күнде дүниежүзілік жандарымға айналды.

Біздерге өкінішке орай, ұлттың атынан гөрі рудың аты қымбаттау.

Біздерде әкесі қазақ, шешесі қазақ ағайындардың өздері де қазақпын деп айта алмайды. Өйткені қазақпын деген сезімнен жұрдай. Біздерді құртып жүрген міне осылар.

Ел бостандығы, халық бақыты, ұлттық арман ешқашанда арзанға түскен емес.

Әйтеуір бір келетін өлімге мойынсұну – жасықтық емес.

Тіршілік қаншалықты қиын, қаншалықты қиямет болған күннің өзінде өмірден қол үзу одан да гөрі қиындау.
Бөлісу:

50 пікір

AKA
asaubota
бұдан кейін бірінші сөзден кейін кесіп тастайтын боламын кат қоймағандардың жазбаларын
satibaldi
Бұл "қанатты сөздердің" сәтсіз екені көп жерде айтылды. Адамды пір тұтқанмен, кейбір тұстарда пендешілігін де естен шығармау керек, нақтың.
meirzhan
Бұған байланысты Қадыр Мырза Әлінің тағы бір қанатты сөзі бар: «Адамның екінші аты бар — пенде»
satibaldi
Арақ адамның шыңырауындағысын шығарып, тереңде жатқан дүлейін оятады.
Бұл жерде де ақын амиго жалпыға бірдей адасқан пікірдің құрбаны сияқты.
asaubota
былай негізі қатты қанатты сөздер дей алмас едім. біразы күлкілі сөздер.
dark_nazgul
ваще то Қадыр Мырза Әлі
dark_nazgul
қайдан көшіріп жазғаныңды көрсетпейсің бе?
satibaldi
Ет әдетте пышақпен туралады.
meirzhan
Порцияларға бөлсең жақсы болушы еді. Он оннан.
satibaldi
Күн әдетте шығыстан шығып, батысқа батады.
satibaldi
Ауламыздағы дүкенде қара нан -45, ақ нан — 50 теңге тұрады.
satibaldi
Сипалап гардеробты әрең тауып шешініп, жар жағалап жүріп әжетхананы іздегенше, қырсықпай шамды жақ.
satibaldi
АҚ туфлиге қара крем жағар болмас.
meirzhan
Қадыр Мырза Әлінің қанатты сөздері емес, цитаталары деп жазсаң, бұндай келекелер болмас па еді.
satibaldi
Қанатты сөз, қанатты сөз. Өзі де айтқан Дана Нұржігітпен сұхбатында, қанатты сөздерім деп.
asaubota
тағы да сол тақырып аты мәселесі
satibaldi
Соңғы тал темекі міндетті түрде тағы бір қорап темекі туралы ой тастайды.
direct
Оқиын деп едім — екі шақырым шамасында етіп салыпсың сөздерді, оқуға деген желанием қашып кетті)
satibaldi
Біздің кезде тефлон деген болған жоқ, болса да оған пісіріп жейтін тамақ та жоқ еді.
asaubota
Қай кезде де, қай-қай ақынға да оңай емес.

лібә  елестетіп көрдім
Robin
Не білдін сонда?!
satibaldi
Үйдің артында нотариус, шаштараз, сосын минимаркет бар.
Aizhantabyn
Қадыр ағаның сөзіне сөз айтатындай Қадыр Мырза Әлідей ақын болмасаңдар да, жасына жетіп алыңдар. Осында отырып батыр болған, әрине, жеңіл.
satibaldi
Батырлық көріп тұрсың ба не?
satibaldi
Әлде әруағын менен қатты сыйлайм деп ойлап тұрсың ба?
Aizhantabyn
сіздің сыйластығыңыз бен құрметінің индикаторы емеспін. Мөлшері де өзіңізге ғана аян.
Менің айтпағым, өтірік есім мен өтірік өмірді ойлап тауып, оған мән беріп, суперстар болу оңай ақ. Бәрін қыран топан күлкіге батырам деп ойлайсыз ба, аға? (әлде, апа?)
Қадыр Мырза Әлінің тырнағына да татымайсыз ғой, бәрібір де. Мыңдаған "қанатты және қанатсыз" сөздер тізіп жазсаңыз да, мистер Банальность.
satibaldi
Моральдің келбеті енді тап сен болмай-ақ қой. Қадырдың сұрауы бәрібір сенен емес, менен болар, аузыммен айтқаныма архангелдердің алдында өзім жауап берем.
Өтірік есім мен өтірік өмір туралы, ол енді — 4 жылдан бергі тақырып, сен басы емессің, аяғына да ұқсамайсың:
… Тридцать три жатвы он прожил,
Она — тридцать три окота.
Дело их — прошлое
Да и вспоминать неохота. © О.Сүлейменов.
Aizhantabyn
Қойыңызшы, аға! Мен сіздің кім немесе не (а вдруг бот?) екеніңізді емес, жасырынып отырып сөз айтуға супермен болу керек еместігі туралы айтқам. Қырық жыл Сатыбалды боп, ертең Сатыбалдыгүл боп шықсаңыз да, маған келіп кетері шамалы.
Қадыр Мырза Әліні келеке қылуыңыздың сөз етем, өзіңізді емес.
satibaldi
Иә, Әрине: өтірік есім мен өтірік өмір ойлап тауып сөйлеу оңай. Рақат нақ: өзіңнің бастығыңа да фигтің смайлын жіберіп, туалетте бұттан кеткенше күліп алып, сосын момын клерк болып келіп, дым білмегендей отыра бересің. Сол үшін ойлап таптым — өтірік есім мен өтірік өмірді.
Ал сендей урадвай, маладесаға оқырмандардың кесірінен қанша жазушысымақ өзін ұлы сезініп жүр. Автобустағы сөмкемді әперш дегенді қағазға түсірсе де қолпаштауға дайындардың психикасы әлі медицинаның еншісі.
Қадырды да келеке етем, Нұршаййықовты да сорлы жазуы дейм, Абайды да соққан екен деймін, себебі олар жазушы ретінде бәрібір тірі. Ал өле қалғанына бола, қазақбай автоматты сыйластығыңыз оянып отырса, ол енді өз ұлтыңның ерекшелігі.
Onlasyn
Абайды да соққан екен деймін
Абайды да мойындамайсың ба?
satibaldi
Мойындау деген не сонда? Ол пенде болмап па? Іші ауырып, тышпап па? Тоқмейілсіп, артық бірдеңе лепіріп қоймап па?
Адамдар пірлерінің көрінбегені жақсы, Құдайды сондықтан ойлап тапқан.
Ал сыо планетаның суын ішіп, етін жеген адам бәрібір бар болғаны — өзім сияқты адам ғана, ал оның менен ерте туып қойғанына менің жазығым жоқ. Құрдас болса — өзіне барып айтар едім.
AKY
Қадырды да мойындайды ол ес че. Есімде, ол кісі қайтыс болғанда қатты қайғырған.
FaraOn1
Әркім өз ойынан дерек береді)))
Onlasyn
Арақ ішіп жақсы бірдеңе жазды дегенге сенбеймін.
Мен шығармашылық адамдарының көбісі араққа құмар болады деп жүрсем
Onlasyn
Тағы мынадай бір сөзі бар:
Өз тілің бірлік үшін, өзге тіл тірлік үшін
araika
Екі өлең жазсам, соның бірі – Дала. Өйткені ойлайтыным — Дала
 Мұқағалида бұл АНА болатын…
Marco
Бас директор, бас режиссер, бас бухгалтер, бас, бас, бас. Қайда қарасаң да бас, бірақ қайда қарасаң да бассыздық.
Бұл да Қадыр ағаның сөзі. Бірақ, толық емес, ұмытып қалыппын. Оригинал тексте бастар көп болатын.
MakpalTorebek
Барды бар күйінде қабылдай білу керек… Мойындап тұрып, мойындамай тұрғандай кейіп танытудың да себебі бар… Йә, ол да біз сияқты пенде… Бірақ пенденің де пендесі бар. Қадырді тым болмаса іздеп оқитын бір адам бар, іздеусіз қалудан асқан қорқыныш бар ма жер бетінде?! Қанатты сөздер ма, цитаты ма, кім қалай атаса да құрметпен қараған жөн.Кез-келген адам өмірден әлденені түйеді, бірақ көбі түйіндемейді… Керегін алыңыз, керек емесін лақтырып тастаңыз… Керек инфо бұл да біреуге! (авторға)_Тек инетте шұбалаңқы жазуға тырыспаңызшы… Соңына дейін оқи алмадым… Сосын сөз танисыз ғой, бар сөзін теріп салмай, керек болады-ау дегенін теріп салғаныңыз жөн болар еді… Мұндағы оқырманның бәрі ақын емесін қаперіңізде ұстағайсыз!
AydanaBimaganbet
бул оте кушти екен :)
ersin2010
Сатыпалды дұрыс айтады. Айтты екен деп аяғына бас ұра беретін заман өткен.
ersin2010
Осы күнде ақынсымақ көнекөздердің «менікі дұрыс», «мені ғана тыңда» дейтін кеудемсоқ пікірлері шаршатты.