Айтып, айтып тастадым!

Нуржан айтыс

Келе жатқан Т20 жылдығы құтты болсын!!! Соның құрметіне кеше қаламызда аймақтық ақындар айтысты! Соған домбырама пілдің терісін байлап, мен де шықтым. Қарсыласым беті бурабайдай, қасы қарағайдай Көкшетаудың ақыны екен. Содан ол «халау лалау» деп бастады. Мен де айтарымды айтып тастадым. Жиналған жұртты жер қылдым короче, нақ.

Сондағысы суырып салып былай деппін, Басында әлбетте амандасып алдым, сосын:
Айтыстың алаңына ендіңдер ме
Пейілі бөлек боп тұр ердің елге
Кеше агентпен айтысамын деп айтып ем,
Ал қыздар көзің жетіп көрдіңдер ме
Әкімдіктен көрермен көп кепті ғой,
Бастықтарың бұйрған соң көндіңдер ме
Маршрутканы қымбатсынып тралейбуспен
10 теңгені экономдап келдіңдер ме
Армысың арт жақтағы агентшиктер
Микроблокқа өсек-аяң тердіңдер ме
Білемін кешке қарай киноң болат
Жігеріңді еріксіз жеңдіңдер ме
Жұмыстан соң демалатын уақыт қой деп
Теледидар алдына төндіңдер ме
Корейдің сериялдары курорт болып,
Түріктің махаббатына сендіңдер ме
Тәуелсіздік мейрамы келе жатыр
Айналған халықпыз ғой еркін елге
Қолақпандай төрт күн бойы демаламыз
Тым болмаса соған көңіл бөлдіңдер ме
Орысқа бодан болдың сол да жетет
ТВ-ға тәуелді боп сөндіңдер ме
Фильмді емес еліңді ойлап шыдап бір ай
Түрік сериялын көрмесеңдер өлдіңдер ме?

Жыл он екі ай желтоқсаннан сый ұғалық
Жаңа жылды тойлап жүр ғой жиі халық
Мәдениет үйінде істейсің ғой
Алға қойған мақсатың биік анық
Жаңа жылда алаңға шығарсыңдар
Аяз ата киімін киіп алып
Сақалың жоқ сен көсе болсаңдағы
Завадской сақал мұртты түйіп алып
Өлең айт деп балаларды алдармысың
Дорбаңа кәмпит сәмпит үйіп алып
Халқыңа тілегіңді жаудырарсың
Стақанға шампанскийді құйып алып
Жан жарынды ошақта жалғыз тастап
Жаныңа снегурочка жиып алып
Шыршаны содан кейін айналарсың
Беттеріннен кезек мезек сүйіп алып, — деп бір қайырдым.Қарсыласым «гигок гигок» деді.Менің тиіскеніме ол, Тараздағы жағдайды айтып, бомба сүйреп жүргенше дорба сүйрегенім артық емес пе деді. Мен тағы шаба жөнелдім. Сондағысы:

Қуаныш айтқаныңа бағынайын
Аяз ата болды ғой сары уайым
Дорба менен бомбаны қатар қойдың
Демейді ғой ешкімде жарылайын
Жаңа жылмен жарылу қатар тұрса
Оданда Дед морозға табынайын
Қазақ болып қазақты қырғанымша
Елден безіп, жалғыз өзім қағынайын
Ау ағайын айтарым тәубеңе кел
Шын нашарлап барады жағыдайың
Ең дұрысы Алланың құлы болып
Арамдықтың бәрінен арылайын

Несіне аста төк сабыламыз
Арзан өмір қайда деп ағыламыз
Жағдайымыз білмеймін не боп кетті
Дүниенің түстік қой соңына біз
Өткен күнен бір дерек келтірейін
Батыр туған бабаның бәрі де аңыз
Тілге шешен, ісіне берік болған
Сөгілмеген он екі қабырғамыз
Ал біз болсақ қолымыздан не келеді
Дүмше болып түзу жолдан жаңыламыз
Ақша, атақ, анашаға құмартып ап
Қай құдайға білмейміз табынамыз
Батырлардың найзасының орынына
Белімізге бомба байлап жарыламыз
Ібіліске ірітпей іргемізді
Қуанайық елдіктің барына біз
Ирак, Парсы сияқты соғыс іздеп
Қару алып жүргеміз жоқ қолыма біз
Сондықтан сабырменен жеңе біліп
Бейбітшілік заңына бағынамыз
Жиырма жыл жарқын өмір кешіп келген
Тыныштыкты бұзып енді нағыламыз!

Мына жыл қазағымнан бақ таймасын
20 жыл болғандықтан тәтті ой басым
Бабалардың қылышын қайрап өткен
Еркіндікті еліміз шат тойласын
Ақтабан, азаттық пен желтоқсандай
20-ға жеткізген сәтті ойласын
Алайда жасыратын түгі де жоқ
Шыршаны бір ай бұрын ап қойғасың
Ойыншықпен оны да безендіріп
Дед морозға хатыңды сап қойғасың
Осы жолы бәріңізден өтінемін
Бостандыққа білемін жоқ қой қасың
Жетім қыздың тойындай тәуелсіздік
Жаңа жылдың тасасында қап қоймасын

Жаңа жылда мұрынымыз жыбырлайды,
Ал менің жүрек жағым шымырлайды.
Отбасымен отырып тойлау үшін,
Долларлап ақшаларын шығындайды.
Осы күні қазақтың рухы емес,
Төрдегі шырша неге жығылмайды.
Сені білмейм Қуаныш, ал мен үшін
Әлі күнге белгілі тілім қайғы,
Кезегіңді берейін осыменен
Шамаң жетсе жырлашы тілім жайлы, — деп бір түйіндедім. Әлгі әнші жігіт екен, ал мен болсам домбырам не дит, мен не дим болып отырдым. Содан ол тақырып жайлы біраз толғады. Соңында мен былай қыртып кеттім нақ:
Бұл жерге келмеп едім бөлек із боп
Келген едім айтысар себеп іздеп
Айтыс сайын алдында отыратын
Ата менен әжелерді көреміз деп
Алдын ала Аян ағам айтып еді
Осы айтысқа біраз ақша бөлеміз деп
Жиырма жыл тәуелсіздік құрметіне
Жеңбесеңде жиырма мың береміз деп
Соны естіген ақындар сарқылып жүр
Қырық жылға қашан енді келеміз деп

Тәуекелге барғандар шешінеді
Артық кетсем ағайын кешіреді
Осыменен айтысты доғарайық
Уақыт тығыз, бұл Алланың кесімі еді
Әйтпесе әзер отқан кейбіреулер
Түріктің сериялына кешігеді
Бұл айтысқа келмеген кей жандардың
Бар айтатын сылтауы осы ма еді
Әгәрәки киносына үлгермесе
Бізді қосып бұл залдан көшіреді.
Бізден бұрын оларға танысырақ
Саваш деген сволоштың есімі еді
Тым құмартпа ағайын бар айтарым
Қазақтықты қазақ қана өсіреді
Болмаса Құдай дейтін көрерменің
Сені де пултін басып өшіреді,
— дедім.Не деген сөздер дисиш)
Қазылар алқасының шешімі бойынша Көкшетаудың ҚУАНЫШЫ мені плотно ҚАЙҒЫРТЫП кетті! Бірақ көрерменді жер қылдым)))
Бөлісу:

14 пікір

asaubota
күшті жазыпсың, маладес. осы жерде айтыс ұйымдастырып көр.
FaraOn1
айтыс — деген қауымдастық ашып көрейін дегем… күшіңіз жетпейт деді тыштаңдама деді((( содан кейін бітти кезімде Илья құсап неге армлестникпен айналыспадым екен деп өкіндім*(
balzaminka
қай күндер демалыс?
Gulistan
16,17,18 және 19-ы — демалыс күндері!
balzaminka
огго, мини тур жасауға болады екен ғо
Gulistan
Бір әріптесіме шетелдік айтыпты: «Төрт күнге Алматыға барып, шаңғы теуіп келмейсің бе?» деп. Соған күліп жатқан "Қайдан білсін, біздің Алматыға 1 жыл бұрын дайындалатынымызды" деп.
Біздер дұрыс демалыс ұйымдастыра алмаймыз ғой.
izbasar
5 күн істейтіндер 4 күн 6 күн сорлайтындар 3 күнге қанағат ет дейді түсінбеймін осын дейді әріптестерім.
berkut
беу! нағыз ақын! шіркін айтыстың әуені қоса берілгенде қатып кетер еді. кӨЗ АЛДЫМА ЖЕРГЕ ҚАРАП ОТЫРҒАН БҰЖЫРБЕТ КӨРЕРМЕНДЕР ЕЛЕСТЕП ОТЫРҒАНЫ
FaraOn1
өз өзімді түсіре алмадым))) кешірерсіз. бірақ басқа ақындарды түсірдім, соны салғаным дұрыс бола ма болмай ма ертең басқа ақындар ұрлайт деген сияқты
berkut
Ұрласа сотқа береміззз
AKA
кӨЗ АЛДЫМА ЖЕРГЕ ҚАРАП ОТЫРҒАН БҰЖЫРБЕТ КӨРЕРМЕНДЕР ЕЛЕСТЕП ОТЫРҒАНЫ
… найзадай кірпіктері төмен қарап, көрермендер
FaraOn1
ай қайдам. алдымен солардың түсінгеніне күмәнім бар. агент, снегурочка деген сөздерді естіп жынды айтысат деген шығар. жалпы әкімдіктен бастықтарының бұйыруымен келгендер болды, солар мақтап жатқаныма мәз болып жатқанын көзім шалып қалды
KILYZAMAN
Қоянның — оянып ноян болған кезі жақсы келемежделген