Шахановтың кеші Шахановсыз өтті

Өзімнің жолы болғыштар қатарында емес екеніме тағы бір себеп болды бұл. Осыған дейін бірлі-жарым деп есептеп қарасам, жоспарлаған дуниең кері кетіп не кездесуге шакырған қыз аяқ асты ауырып қалып дегендей себептерді тек сәтсіздікке балап, ал «өмірдің барлық сатсіздіктері бақытсыздық емес» деп жігерлендіріп жіберген арқалы ағамыздың кешін қалай жоритынымды білмей дал болдым.
Таң атып, ұйқыдан оянысыммен бүгінгі күн осы уақытқа дейінгі күндердің ерекшесі болғалы тұр деп санап, кешті асыға күттім. Тіпті, футболға барайық деген достарыма ұлтшылдығым ұстап, ұлтжанды ағамыздың кешіне баратынымды кесіп айттым.
Асыққаным сонша күн екінтіден ауа киініп алып, шамнан аса қолыма құрбым сыйға тартқан кітапты құндылығын асырайын деген оймен қолға алып, ақын ағаның қолтаңбасын қалдырайын деп конгресс холлға тарттым.
Жолай тым ерте келе жатқам жоқпа деген ой келіп, жеткен соң ол күдігімнен арылдым. Себебі, кеш басталуына біржарым сағаттай уақыт болсада бірқауым ел зал есігінің алдына толып қалыпты. Сыртқа шығып артқы есікке қарай жүрдім. Ойым, сыртқа шығып тұрған ардақты ағаны көрсем елден бұрын естелік алайын деген тапқырлық болды. Сөйтсеем, бұл ағамыздың сылтауратып сыртқа шығатындай темекіден аулақ екені есіме түсіп, ойым есекдәмеге айналып, кері қайттым.
Кіреберістен залға қарай жүреберіп, ел ағасы жасындағы екі кісінің сөзін құлақ шалып қалды. О, тоба! Мына ағалар замандасының намысты жанып, қаныңды қоздыратын өлеңдерін жатқа айтып тұр өзара сөз кезегінде. Өзім сонша құрметтейтін ақын қолтаңба берерде бір ауыз шумақ келтіруімді сурай қалса сасып қалмайын деп, қолымдағы кітапты парақтай қоям. Бәрі орнында, ұялып қалмайды екем)
Содан қойш, жұрт есікті қағып тұрып басталатын уақыт таяған соң ашқаны сол, жұмақ есігі ашылғандай жанталаса жүріп ішке леп қойдық. Бос тұрған орындыққа жайғасып, қолайлы сәтке ыңғайлы болсын деп жан-жағымнан жол саралап отырдым
Өз ойыммен отырып байқамаппын, не айтып тұр өздері? Астапыралла! Реанимациясы нес?
Одан кейінгісі құлаққа кіріп- шығып соңына дейін отырдым. Елеңдеп отырдым, соңына дейін келіп қалар деген! Алаңдап отырдым, хәлі қалай екен?..

P.S. Мұқтар Шахановты кеш басталар алдында денсаулығы нашарлап ауруханаға алып кетіпті
Әрі қарай

Үрей мен үміт

Қап-қара жалын тозақтан қорқам тозақтан
Сұп-суық хабар кеп жете ме деп сол жақтан
Шыжылдап майлар, сатырлап сүйек жанғанда
Лағнет айтып айтып бес күндік сынақ жалғанға
Ібілісті қарғап, түзу бір жолдан тайдырған
Азапқа ылайық мазаққа ғана сай қылған
Мың шақты емес миллион жылға айдалып
Қор болар ме екем қып-қызыл шоққа айналып
Адамның ұлы ем дүниеге мынау таралған
Дәрежемді айтсам періштеден артық жаралған
Бүгінде бірақ періште қайда мен қайда
Кім созар қолын мүшкілдеу біздің жағдайға
Бауырларым да, бала-шағам, дос, жекжатым
Шайқаспай беріліп шайтанға әскер боп жатыр
Бәріде дана бәріде көсем шетінен
Дәуірлеп дәурен сүруге мықтап бекінген
Ақырет қамын жасамай жүріп әлекпен
Алланың ұлы мейірімінен дәметкен
Сол оттан қорқам, тозақтан қорқам тозақтан
Көрмейді соны қазақтар біздің көзі аққан
Ағылған солай парақорлардын парады
Маскүнемің әне қолтығына қысқан арағы
Жемқорын анау отырған әрең тыныстап
Зинақорың жүр шоколад, шампан, гүл ұстап
Сопылар кетті Аллаға пірін серік қып
Зіркілдеп зікір салғандарыңнан зеріктік
Дымыңды білмес дүмшелер кетті молда боп
Құдайым оңда, әруағым өзің қолда деп
Сәуегей, балгер, тәуіптер кетті дес бермей
Құранның қатал ескертпелерінен сескенбей
Әр төмпешікті әулие санап асыға
Мәр-мәрдан өріп, кесене салдық басына
Қарасаң қайда ағыл да тегіл ысырап
Ысталды кеуде тәңір кәріне ұшырап
Өнерде жүрген сезімнің сансыз құлдары
Сендерде болдың тақ пенен даңқтың құрбаны
Ақын мен әнші серіліктен ептеп татса дәм
Оралың барда ойна-күл деп қақсаған
Жазушы қайтпек бауыры бүтін басы аман
Кейіпкерлердін тағдырын ойдан жасаған
Сан ғасыр бұрын бақилық болған кісінің
Қиялға еріп саламыз сурет мүсінін
Айтылған ғайбат сөздерге сөзсіз жауап бар
Саулайды тілден тірнектеп жиған сауаптар
Қалады ертен қарқ та қарқ, күлкі қалжының
Тозақта шөлдеп, ішкенді ыстық қанды ірің
Жегенің сонда тікенек тектес ас болса
Ата-анаңмен де алмайсын онда достаса
Шайтанға тозақ, жәннәттән оған үміт жоқ
Солқылдақтарды әкетіп жатыр үгіттеп
Сондықтан түскен төрт кітап, сансыз пайғамбар
Сақтаныңдар деп сайтани сауық сайраннан
Жаратушы өзі жөн сілтеп сені қорғаса
Азғырушыға қашқын келеді алдаса
Ғибадат түгел, құлшылық бүтін болмаса
Ниетім түзу жүрек таза деу далбаса
Раббына құл боп өмір сүргісі келмеген
Түсінбей қойдым тәкәппарсыған елге мен
Көз жұмып барып ел ішкен уды менде ішкем
Әдісі артық нәпсіні сонда жеңбестен
Сәл ерте білсем, сан соғып калмай оңбастан
Сәждеге мандай тигізбеспе едім он жастан
Құрышты судай қайнатқан пештен көп ыстық
Азаптан қорықпай әз-әзілдермен өбістік
Қимастай қызық хараммен жиған мал-мүлік
Сорлатар ма екен төзгісіз отта жандырып
Өртеніп жатып өлейін десем өле алмай
Өкірер ме екем өмірге екі келе алмай
Біз қайбір достар пайғамбар сынды асыл ек
Асығып аққан судаймыз, құмы, тасы көп
Шын мұсылман боп өте алмау сұмдық қасірет
Жәрдем бер Алла, жәнәтті бізге нәсіп ет. Әмин!

авторы СЕРІК ҚАЛИЕВ
Әрі қарай

Үнсіз әлем

Купеден шығып, шетсіз де, шексіз даланы тамашалап тұрғанбыз. Вагонға баяғыдан таныс ағай кірді. Кітаптарын тастап кетті. Поезға мінген сайын ол да саудасын жасап жүреді. Мұңайып жүргенін көрген емеспін, үнемі күліп жүреді. Жұбайым қарап-қарап бір шөп дәрілер жинағын алды. «Бір жерің ауыра ма, не үшін алдың, әлде анаңа ма?»-деп сұрадым. «Жоқ, ана кісіні аяп кеттім. Менің қол-аяғым сау болса да, құлағым естіп, көзім көрсе де, сол сияқты үнемі күліп жүре алмаймын»,-деді. Жұбайымды одан да қатты жақсы көріп кеттім. Қазір үйге барған соң, жақсы көретін палауын дайындамасам…
Әрі қарай

Қорғансыздың күні

Ғаламтордың беттерін парақтай отырып, бір жаңалыққа кезіктім. Шашым тік тұрды. Жүрегім қан жылады. Ағасы інісінің жұбайы қайтыс болғаннан кейін оның кәмелетке толмаған екі қызын алты жыл бойы зорлап жүріпті, оны ешкім аңғармапты. Кіші қыздың аяғы ауыр болғанда ғана жағдай белгілі болған екен. Ол қыздардың әкесі ағасын сотқа беріпті. Ал соңғысы кінәсін мойындаған екен. Бұрын мұндай жаңалықтарды шетелдерден еститінбіз, енді мұндай сорақылық өзіміздің қалада, өзіміз тұратын ауылдарда, өзіміздің қара көздеріміздің арасында жаппай етек алып жатыр. Тіпті өзінің балаларына зорлық көрсетті деген жантүршігерлік жаңалықтарды жиі еститін болдық. Адам сонда малдан да кем болып, соншалықты азғындап кеткені ме? Оның астындағы пікірлерді оқып, одан сайын шошыдым! «Ол қыздар ол ағасынан ақша алғысы келіп, өздері оның нәпсісін қоздырған, содан ол ақша төлегісі келмеген соң, полицияға шағымданған шығар» — деп жазыпты әлдебіреу. Алды 13-те, кішісі 10 ақ жаста болған он екіде бір гүлі ашылмаған қыздардың ондай ойы болуы мүмкін бе? Ең сорақысы – біздің құлағымыз ондайға бірте-бірте үйрніп бара жатыр… Анасын, қызын, қарындасын, кімді зорласа да елемейтін болып бара жатырмыз. Соншалықты азғын, соншалықты нақұрыс еркектерді неге Алла тағала жер басқызып қояды екен?
Мұхтар Әуезов атамыздың «Қорғансыздың күні» әңгімесі есіме түсті. Ол кезде де болған, қазір де бар, сонда ешқашан тиылмай ма?
Әрі қарай

Ең әдемі бапкер

Хорватия. Футбол. Бесінші дивизион. Негізі түк қызық емес. Бірақ енді жағдай өзгеретін сыңайлы. Осы лигада ойнайтын «Виктория Воякович» командасының бас жаттықтырушысы болып Тиана Немчич есімді ару тағайындалды.
Әрі қарай

Бұл не? Қарғыс па? Әлде ауру ма?



ӘЧ-2006. 08.09.04ж. Қазақстан — Украина 1-2 (Ротан 91')
ӘЧ-2006. 05.09.05ж. Қазақстан — Греция 1-2 (Лимперопулос 94')
ЕЧ-2008. 17.10.07ж. Қазақстан — Португалия 1-2 (Роналду 91')
ӘЧ-2010. 14.10.09ж. Қазақстан — Хорватия 1-2 (Кранчар 93')
ЕЧ-2012. 02.09.11ж. Түркия — Қазақстан 2-1 (Туран 97')
ЕЧ-2012. 07.09.10ж. Австрия — Қазақстан 2-0 (Линц 91', Хоффер 92')
ӘЧ-2014. 07.09.12ж. Қазақстан — Ирландия 1-2 (Дойл 90')
ӘЧ-2014. 11.09.12ж. Швеция — Қазақстан 2-0 (Берг 94')
Әрі қарай

Күздегі жұлдыздардың ағымы

Жұлдыздардың шоқ болып аққан кезін бірінші рет кездейсоқ бақылағанмын. Таңғы 4-00 мөлшерінде аспанның шығыс бөлігінде бір жұлдыз соңынан екіншісі, минутына біреу немесе бірнешеуі жан-жаққа бір нүктеден ағып түсті.
Біраздан соң түйсігің жер шарының кеңістікте зымырап ұшып бара жатқанын жаңғыртқанда «ух» -деп деміңді ішіңе тартасың. Фантастикалық киносындағыдай ғарыш кемесінің ғарышкерлер кабинасының алдыңғы терезесінен бақылап тұрғандайсың. Шын мәнінде де солай ғой. Жер ғаламшармен бірге жолаушы болып ғарышты кезіп барамыз…
Әрі қарай