Үнсіз әлем

Купеден шығып, шетсіз де, шексіз даланы тамашалап тұрғанбыз. Вагонға баяғыдан таныс ағай кірді. Кітаптарын тастап кетті. Поезға мінген сайын ол да саудасын жасап жүреді. Мұңайып жүргенін көрген емеспін, үнемі күліп жүреді. Жұбайым қарап-қарап бір шөп дәрілер жинағын алды. «Бір жерің ауыра ма, не үшін алдың, әлде анаңа ма?»-деп сұрадым. «Жоқ, ана кісіні аяп кеттім. Менің қол-аяғым сау болса да, құлағым естіп, көзім көрсе де, сол сияқты үнемі күліп жүре алмаймын»,-деді. Жұбайымды одан да қатты жақсы көріп кеттім. Қазір үйге барған соң, жақсы көретін палауын дайындамасам…
Бөлісу:

5 пікір

asaubota
олардың тамбурда сөйлесетіндерін білесің бе?
Tyulpan
иә, солай ететінін әлі естімеген кенс қой онда...

бірақ таң қалатыным, өздері жұмыс істемесе, тек солай кітап сатып жүрсе, сонда содан тапқан пайдасы өздеріне былай жете ма кен? хммм
bizbike
меніңше шынымен естіп, сөйлей алса вагондарды аралап, сандалып жүрмейтін болар есі дұрыс адам. Өйтіп жорта мүгедек болатындар әшейінде қайыр сұрайтын сияқты, оны мен түсінем, өйткені еңбек еткісі келмей, құр отырып ақша табады. Ал мыналар кәдуілгі саудагерлер сияқты ғой, меніңше олардың жұмысы ауыр
Abilakim
қалам сататындар да бар
Marco
Жұбайыңызға БЕС!!!