Күздегі жұлдыздардың ағымы

Жұлдыздардың шоқ болып аққан кезін бірінші рет кездейсоқ бақылағанмын. Таңғы 4-00 мөлшерінде аспанның шығыс бөлігінде бір жұлдыз соңынан екіншісі, минутына біреу немесе бірнешеуі жан-жаққа бір нүктеден ағып түсті.
Біраздан соң түйсігің жер шарының кеңістікте зымырап ұшып бара жатқанын жаңғыртқанда «ух» -деп деміңді ішіңе тартасың. Фантастикалық киносындағыдай ғарыш кемесінің ғарышкерлер кабинасының алдыңғы терезесінен бақылап тұрғандайсың. Шын мәнінде де солай ғой. Жер ғаламшармен бірге жолаушы болып ғарышты кезіп барамыз…

Деректерге келсек. Шілде айының ортасынан бастап бақылауға болатын құбылыс. Тамыз айының 12 түні 13 күннің шығысына дейін жұлдыздар ағымы шарықтау шегіне жетеді. Яғни осы кезде метеорлардың жер атмосферасына ену мөлшерінің саны көп болады. Метеориттер шамамен 61 км/сек жылдамдықпен атмосфераға еніп үйкелістен жанады.
Сөзбен айтып жеткізуі мүмкін емес әдемі табиғат құбылысын бақылауға мүмкіншілік бар болса, қалт жіберіп алмаңыздар. Бұлтсыз аспанды тілейік.

Ғашықтарға  аққан жұлдыздарға қарап барлық тілектеріңізді тілеп үлгересіздер
Бөлісу:

5 пікір

Sabions
тілектеріміз орындала ма?
bake
Таңғажайыптық болады оған сенген жағдайда)
Sabions
точно сене алмайм, по приколу жұлдызды көріп жатырсақ тілек тілеп көрермін… әлде шын ниетпен тілесең орындала ма а…
Abilakim
баяғыда«Жұлдыз ақса біреудің қайтыс болғаны» деген ырым бар еді. Мұндай сәтте «Менің жұлдызым жоғары» деп жатушы еді кейбіреулер
bake
жақсылыққа жорамал жасайық, жорамалдарды өз жайында қалдырсақ көрген көзге табиғаттың әдемі құбылысы)