Қорғансыздың күні

Ғаламтордың беттерін парақтай отырып, бір жаңалыққа кезіктім. Шашым тік тұрды. Жүрегім қан жылады. Ағасы інісінің жұбайы қайтыс болғаннан кейін оның кәмелетке толмаған екі қызын алты жыл бойы зорлап жүріпті, оны ешкім аңғармапты. Кіші қыздың аяғы ауыр болғанда ғана жағдай белгілі болған екен. Ол қыздардың әкесі ағасын сотқа беріпті. Ал соңғысы кінәсін мойындаған екен. Бұрын мұндай жаңалықтарды шетелдерден еститінбіз, енді мұндай сорақылық өзіміздің қалада, өзіміз тұратын ауылдарда, өзіміздің қара көздеріміздің арасында жаппай етек алып жатыр. Тіпті өзінің балаларына зорлық көрсетті деген жантүршігерлік жаңалықтарды жиі еститін болдық. Адам сонда малдан да кем болып, соншалықты азғындап кеткені ме? Оның астындағы пікірлерді оқып, одан сайын шошыдым! «Ол қыздар ол ағасынан ақша алғысы келіп, өздері оның нәпсісін қоздырған, содан ол ақша төлегісі келмеген соң, полицияға шағымданған шығар» — деп жазыпты әлдебіреу. Алды 13-те, кішісі 10 ақ жаста болған он екіде бір гүлі ашылмаған қыздардың ондай ойы болуы мүмкін бе? Ең сорақысы – біздің құлағымыз ондайға бірте-бірте үйрніп бара жатыр… Анасын, қызын, қарындасын, кімді зорласа да елемейтін болып бара жатырмыз. Соншалықты азғын, соншалықты нақұрыс еркектерді неге Алла тағала жер басқызып қояды екен?
Мұхтар Әуезов атамыздың «Қорғансыздың күні» әңгімесі есіме түсті. Ол кезде де болған, қазір де бар, сонда ешқашан тиылмай ма?
Бөлісу:

25 пікір

Marco
Бұрын мұндай жаңалықтарды шетелдерден еститінбіз, енді мұндай сорақылық өзіміздің қалада, өзіміз тұратын ауылдарда, өзіміздің қара көздеріміздің арасында жаппай етек алып жатыр.
Бұрын болмады дегенге сенбеймін. Қазір айтыла бастады.
Daniar-Alan
бұрын бірлі-жарым болған шығар… бірақ қазіргі масштаб қорқытады кәдімгідей… қоғам азғындалып бара жатқандай көрінеді маған…
Gastarbaiter
Қоғам азғындалып бара жатқан жоқ. Оның белгілі бір өкілдері әрқашан азғындық жасайды.
a63a1
Үлкен кісілер айтып отырады баяғы заманда да көзге шөп салу, жеңіл жүрісті қатындар тағыда басқа сорақы қылықтар болған деп. Тек ол уақытта кең көлемде ақпарат таралмаған
Tyulpan
соны айтам. қазіргі дамыған заманда санасы төмендер сиремегені мен үшін жұмбақ болып қала беретін шығар осы…
Marationok
Бұрында болды. Бірақ қазір, яғни жаңа заманда жаңа түрлері пайда болды десең…
Daniar-Alan
бірлі жарым оқиға бағзыда сұмдық саналып шариғат жолымен жазасын беріп отырған секілді. Ал мұндай оқиғаларға шариғат заңына қарағанда қазіргі біздің заң солқылдақ секілді. Заң — ол ең алдымен қорқыныш. Қазіргі заңнан ешкім қорықпайды. Бір кішкененің тағдырының күл паршасын шығарады, ал өзі 10-15 жыл ғана арқалайды…
Құнанбайдың Қодар мен келініне тасаттық жасауы секілді заң болса, мүмкін тиылар ма ед?!..
Marco
Шариғат жолымен жазалау үшін шариғат заңымен өмір сүретін ел болуы керек. Мәселе сонау алыс жылдар туралы да емес. Салыстыра кететін кеңестік кезеңді айтуға да болады. Ол кезде мұндай қылмыстар, қоғамдық пікір-талас, дүрбелең тудырмауы үшін әдейі жасырылған. Типі демократияға қол жеткізіп, көзіміз ашылғасын «тападық» қой.
Дегенмен қоғам азса азған шығар…
Adiletshu
Сол оқиғадан кейін сол өлкеде зина деген 50 жыл болмаған дейді ғой
Aldeken
оған дейін күніне 50 зинақорлық фактілері ресми түрде тіркеліп отырған ба екен?
dark_nazgul
Ондайларды өртеп жіберу керек.
Aldeken
азғындар қай кезде де болған, болады да. адам пайда болған кезден бастап азғындық та қатар жүрген… қатты айтар болсақ, азғындықтың ұшқыны әрқайсымызда бар… Мәселе кейбіріміз сол азғындықты құрықтап ұстай аламыз, кейбіріміз, керісінше, азғындықтың соқпағына түсеміз… Әркімнің өз таңдауы… саналы түрде… ал, сана бәрінде бірдей емес…
dark_nazgul
Осынша даналық қай жеріңе сыйып тұр?
Aldeken
көрсетейін бе?
dark_nazgul
көрсет.
Aldeken
көрімдік бересің бе?
dark_nazgul
берейін.
Aldeken
берейін.
азғын қиял, кетті шарықтап…
dark_nazgul
ойо, осы сөзге мән бермей жаза салатыным жаман…
Gastarbaiter
Кімге тиімді бұндай ақпараттарды таратқан? Телеарналарға. «Пәлен ауылдың биылғы шөп орымы былтырғыдан 0,2 пайыз көбірек шығыпты, ал аймақтың жалпы ішкі өнімі 75% -ға көтерілуі мүмкін. » деп былжыраса, ішінде қан, секс, скандал, масқарасы жоқ жаңалықтарды кім тыңдайд???
Есесіне рейтинг төмендейд.
Kipshakkyzy
Бір жағымды жаңалық естімейтін болдық қой. Азғындаған қоғам.
Marationok
Хабар мен Қазақстан телеарналарын көр. Жағымды жаңалықтар сонда бар және көп.
jigit
Құнанбайдың Қодар мен келініне тасаттық жасауы секілді
Әкім ауылда тасаттық жасайтын да жататын
Adiletshu
Тасаттық деп көпшілікпен жиналып, құрбан шалып Алладан жанбыр тілеуді айтады. Сіздің айтып отырғаныңыз таспен атып өлтіру
jigit
Сіз дегенің Daniar-Alanшығар