Әлемдегі ең ұзын
Өздеріңз білетіндей, кей жағдайда қоғамдық көлікте қыстырылысып, кейде соқтығысып жатамыз.Сосын мен осы қоғамдық көліктер туралы мәліметтер жинадым
Әрі қарай


Сөздігімізде «Жаңаөзен оқиғасы» деген «аты дардай» тіркес қалыптасты. «Мен Жаңаөзендікпін» десе, жұрт үрке қарайтын болды. «Не істемек керек?» Көптен толғандырған сұраққа «Жаңаөзендік» қариялар жауап тапты: «Жаңаөзен қаласының атауын «Бекет ата» деп ауыстырамыз...». Бүгін Маңғыстау облысы ақсақалдар кеңесінде ауыл қарттары басшылыққа осындай ұсыныс жасады. «Мезі болған» ақсақалдар ресми түрде құжат толтырып, 40 шақты қол жинады. Облыстық әкімшіліктен соң ресми өтініш аймақтағы маслихаттың қарауына жіберіледі. Тиісінше, Жаңаөзен қаласын «Бекет ата» деп атау мәселесін онамастикалық комиссия қарайтын болады.


