Осыдан жылжарым- екі жыл шамасы, күнделікті күйбің тіршілік. Малагентім шар ете қалғаны, «кім-ай, бұл!»- деп, қарасам «шешесі ит малрудың» деген адрестен екен.
Қазнеттегі танымал блогосферада «Қазақстаннан біржолата кеткіңіз келе ме?» деген тақырыпта сауалнама жүргізіпті. Көпшіліктің даусымен «кеткім келеді» жауабы алда тұр. Кеткісі келетіндердің пікіріне айтар уәж жоқ. Осы елде балаларын тәрбиелеп, өсіргілері келмейді. Сервис жоқ, білім жоқ, медицина ол…
Бір жағынан ойлайсың, кетсе кете берсін. Әркім өзі өмірі ғой не істесе де. Алайда қарап тұрсаң біртүрлі ішің қынжылады. Неге, сен тұратын, сен қастерлейтін, дүбірлі додада көк байрақты желбіретіп, қолыңды жүрегіңе қойып, әнұранын шырқайтын еліңді біреулер осылай жамандап, ештемеге теңегісі келмейтіндігін оқып, қынжыласың. Сонда осында тұрып жатқан біз ақымақ болғанымыз ба?
Басқаны қайдам, өзім ес білгелі Голливудтың түсірген фильмдерін арнайы отырып та, бір нәрсе жасап жатып та қарап келе жатырмын. Әрине, көпке топырақ шашуға болмайды, әлемдегі ең ірі киноиндустриялық орталықтың қол астынан шыққан бірталай туынды рухани демалыс сыйлайды, жақсы-жаманды көрсетіп, ойға ой қосады. Бірақ «голливудтық боевик» дегенде миымызға сарт етіп атыс пен шабысқа толы, я іш пыстырарлық көріністердің келетіні де бар. Бұл, сірә, аталған аймақтың аясынан жыл сайын жүздеген киноның шығып, тойдырып болғанымен байланысты болса керек. Не болғанда да жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысынан бастау алған адамзат мәдениетінде «голливудтық стиль» өзінің айрықша орнын алғанға ұқсайды.
Достар, наурыз айына жоспарланып отырған блогшылар құрылтайы таяп келеді. Егер дабай-ға қатысушы ретінде тіркеліп үлгерсеңіз, блогкэмп аясында өтетін блогшылар байқауына да қатысуға асығыңыз!!!
БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ
Мақсат — қазнеттің дамуына өзіндік үлес қосып жүрген блогшылар қауымын ынталандыру, блогосфераның дамуына жағдай жасау;
БАЙҚАУҒА КІМДЕР ҚАТЫСА АЛАДЫ?
Байқауға айына кемінде үш жазба жариялап тұратын, қазақ тілінде жазатын (немесе жазбасының 50 пайыздан астамы қазақ тілінде) кез-келген блогшы қатыса алады.
2018 жылдың 05 қыркүйегі мен 2019 жылдың 25 қаңтары аралығында өтетін өлең-жыр байқауына шығармалар қабылдаймыз.
Ұйымдастыру комитеті сайысқа қатысушылардың өлеңдерін үстіміздегі жылдың 25 қаңтарына дейін қабылдайды. Қабылданған шығармалар 1 айдың (25 қаңтар — 25 ақпан) көлемінде іріктеуден өтіп, жеңімпаздар анықталады.
Ол болса көрпеге оранып алған, ыстығы басылмай, терлеп-тепшіп жатыр.
«Менімен осы еш жұмысың жоқ иә сенің?» деп, зекіп қалды.
«Ауырып жатқан адамды мазалаудың не керегі бар? Шеш те аяғыңды, апара салмай ма соларды асүйге» деп ойласа керек.
Мен болса сол кірберісте әлі тұрмын. Реніштен өкпем жарылардай, көзіме жас та толып қалды. Еркек дегенің ауырса да еркек болып қала беруі керек емес пе? Ыстығың көтеріліп тұрса да, жұбайыңа көмектесіп, жүкті қолынан алудың несі қиын сонша? Мен бір рояльді тасы деп те жатқаным жоқ. Бар болғаны пакеттер. Бар керегі бір минут уақытың.
Сол күні қатты керісіп қалғанымыз есімде. Екеуіміздің де өз шындығымыз, өз ақиқатымыз бар. Дұрыс екендігімізді дәлелдеу отбасымыздың берекесінен маңыздырақ еді.
Бұл бір 14 жылдай уақыт бұрын болған жәйт еді. Жаспыз, әрқайсысымыз отбасы ұғымындағы сөзіміз жүрер аумақтың кеңірек болуына шайқасып жүрген кездер…
Жігітімнің көлік айдауды енді-енді үйреніп жүрген кезі. Әлі де бойында күмән менен қорқыныш бар.
Мен бір концертке кеттім. Концерт біткенде, сағат тоғызға таяу ең жақын метроның маңайыан алып кетуін өтіндім.
Концертім он жарым дегенде бітіп, жігітім сол метроның жанында екі сағат күтіп қалды. Залдан шығып, метроның әлде де алыстау екендігін, және мына аяқ киіммен жеткенімше кемінде тағы жарты сағат өтетінін ұқтым.
Жігітіме қоңырау шалып, концерт залының дәл алдына қалай жету керек екендігін түсіндіре бастадым. Ол кездері навигатор деген жоқ. Кәдімгі қағаз карталар заманы. Инструкторсыз көлік айдап жүргеніне бір-ақ апта болған жігітім, қайда қалай бару керек екенін түсіне алмай қойды.
Метроға қарай беттедім. Дала қараңғы. Аяқкиімім ыңғайсыз. Жеткенімше аяқтарым қажалып-күстеніп, «бірден келе қоймады, алдымнан шықпады» деп ашуға булығып жеттім.
Жігітім болса маған ызалы. «Осы әйелдер өздеріне не керек екенін де білмейді» десе керек.
Сол күні қатты керісіп қалғанымыз есімде.
Екеуіміздің де өз шындығымыз, өз ақиқатымыз бар. Дұрыс екендігімізді дәлелдеу отбасымыздың берекесінен маңыздырақ еді.
Отбасын құрғанымызға біраз жыл болды.
Кеше кешкісін басымның сақинасы ұстап қалды. Дәріні сіміріп алып, көрпенің астына тығылдым. Балалардың ойнап-күлгендегі шуы шыдаттырмастай қинап барады. Бірақ, балалы үй базар ғой. Екіге енді толған қызым қайдан түсіне қойсын. Қайта-қайта құшағыма еніп, ойнағысы келеді. Басымның ауырғаны сонша, қиналғанымнан тіпті ыңырсып жаттым.
Қалай ұйқыға кеткенімді аңғармай қалдым. Жігітім балаларды далаға серуендеуге алып кеткен екен. Ауа райы серуендейтіндей болмаса да, бір жарым сағаттай жүріп келді. Жел уілдеп, жаңбыр себелеп тұрған. Олар оралғанда мен оянып кеттім. Басымның ауырғаны да басылғандай.
Жігітімнің де жағдайы оңып тұрмаған екен. Бірнәрседен уланған-ау шамасы мазасы болмапты. Бірақ, екі аурудың біреуі өзін қолға алып, екіншісіне оңалуға мүмкіндік беру керек екендігін түсінген еді.
Әрине, ол да жатып алып, екеулеп ыңырсудан жарыс өткізсек болар еді. Бірақ ол даланың райына қарамастан, мені құтқарар серуенге балалармен бірге кетуді ұйғарды.
Ал, өткен аптада, ол ауырып жатқанда, мен де жігітім үшін дәл осылай істеген едім. Дұрысы – өзім үшін. Себебі оның тезірек сауыққаны маған да керек.
Осыдан үш жыл бұрын, жүкті кезімде той атқарып жүрдім. Тапсырыс берген той иелері «тек қана сен» деп, қандай да бір бөлмеге менен бұрын кіріп жүрген қарныма мән бермеген еді.
Той болар күні жігітім де корпоративке баруы керек болды. Сол жерде марапаттау кеші өтіп, оған да алғыс хаты табысталатын болған. Таңертең көйлеген үтіктеп, галстук таңдап қойдым.
Кешкісін жастармен тұрған суретімді жібердім. Боянып, сыланып, әдемі көйлегімді киіп алғанмын. «Қара, жаным, қарны қампиып тұрса да, қандай әдемі иә сенің әйелің» дегендей.
— Биік өкшелі аяқ киім кигенбісің? — деді жігітім. Жүктіліктің соңғы айларында аяқтарымның тым қатты ісініп ауыратынын білуші еді.
— Иә, енді бұл той ғой. Тәпішке киіп, қолыма капельница іліп жүрмемйн ғой, енді, — дедім мен.
— Өкшесі жоқ аяқ киім ала кеттің бе? Әлде ауыстырар ештеңе жоқ па?
— Жоқ, ала шықпаппын, — деп күрсіндім. Осындай күнделікті заттарды ойлай бермеймін. Ауыстырар аяқ киім алуды ұмытқан екенмін.
Екі сағаттан кейін, корпоративін тастап, үйге соғып, жеңіл аяқ киім тауып, маған әкеліп тұрған жігітімді көрдім.
Дәл сол сәтте аяқтарым әбден ісіп, жаным қиналған еді. Жігітімді көргеннен қатты қуанып кеттім.
Аяқ киімімді ауыстырып отырып: «Мараптың ше?»- деп сұрадым. Күйеуімнің маңызды іс-шараны өткізіп алатынына алаңдаған едім.
— Міне менің марапатым! – деді ол, басымен ішіме сілтеп.
Отбасы дегеніміз – жарыңның қажеттіліктерін өзіңдікінен маңыздырақ көре білуіңде, және бұл ұстанымыңның саған ешқандай жайсыздық тудырмауында.
Әр қайсысымызда әлі де өз шындығымыз, өз ақиқатымыз бар. Бірақ оны бір-бірімізге тықпыштауды доғардық. Себебі біз үшін бақытты болу дұрыс болудан әлдеқайда маңыздырақ.
Жұмыс бойынша ақпарат құралдарына мониторинг жүргізуге тура келеді. Соңғы екі-үш жылда байқағаным, интернет-басылымдарда (тіпті, офлайн-баспасөзде де) халықаралық мағынасы бар белгілі бір сөздер үнемі қате жазылып келеді (әсіресе, терминдер, кірме сөздер, басқа да ұғымдар). Көзіме жиі түскен бес сөзді айтайын. (Мысалдар ақпарат құралы деген мәртебе-дәрежесі бар, неғұрлым салмақты ресурстардан алынды).
Жиі қате жазылатын сөздердің бестігі:
1. Мораторий (көбіне «мараторий» деп жазылып жүр, «мороторий» деп жазып қоятындар да бар)
«Алаш айнасы»
КТК
«Егемен Қазақстан»
«Азаттық»
«Ана тілі»
«Алматы ақшамы»
«Түркістан»
"Қазақ әдебиеті"
2. Интеллигенция (Журналистер «интелегенция», «интелегент» деп жаза береді)
«Алаш айнасы»
Qamshy.kz
Kaztengrinews.kz
«Егемен Қазақстан»
«Азаттық»
3. Провокация
«Алаш айнасы»
«Жас қазақ»
«Ана тілі»
4. Бойкот (Екі журналистің бірі «бАйкот» деп жазса, таңғалмаймыз)
Kaztengrinews.kz
BAQ.kz
Today.kz
Naryk.kz
«Азаттық»
«Жас Алаш»
«Алматы ақшамы»
5. Диктофон (Басылымдарда «диктАфон» деген сөз өте-өте жиі ұшырасады)