Жолың болсын!
Қазнеттегі танымал блогосферада «Қазақстаннан біржолата кеткіңіз келе ме?» деген тақырыпта сауалнама жүргізіпті. Көпшіліктің даусымен «кеткім келеді» жауабы алда тұр. Кеткісі келетіндердің пікіріне айтар уәж жоқ. Осы елде балаларын тәрбиелеп, өсіргілері келмейді. Сервис жоқ, білім жоқ, медицина ол…
Бір жағынан ойлайсың, кетсе кете берсін. Әркім өзі өмірі ғой не істесе де. Алайда қарап тұрсаң біртүрлі ішің қынжылады. Неге, сен тұратын, сен қастерлейтін, дүбірлі додада көк байрақты желбіретіп, қолыңды жүрегіңе қойып, әнұранын шырқайтын еліңді біреулер осылай жамандап, ештемеге теңегісі келмейтіндігін оқып, қынжыласың. Сонда осында тұрып жатқан біз ақымақ болғанымыз ба?
«Ол жақта бәрі дейді ғой, қысы да жылы, жаздайын» деп, әлбетте жақсы өмірден кім қашпақ? Алайда осы біраз бұрын Мысырда көтеріліс болғанда, біршама қазақ азаматтары «Есің барда елің таптың» кебін киген жоқ па? Кетерде бұл жақ жаман деді, барды, ол жақ жаман, келді. Тұрақсыздықтың ең асқынғаны осы емей не?
Менің ойымша, әр есі бар азамат, өз елінің қандай да болмасын күйін түсініп, оның дамуына, бетке ұстар азаматы болуына барынша үлесін қосу керек, елінің алдында емес, өз арының алдында адал болғанын түсіну керек. Оңай жолды табу қиын емес, алайда ол сенің өміріңе, сенің азаматтығыңа құндылық әкеле ала ма? Сол мәселе…
Мақала сілтемесі: http://akzere.dosym.kz/?p=1236
әрине, көп болып, бәріміз болып жақсаруға атсалыссақ қоғамды жақсартуға болады. бірақ, саған кім ілеседі? халық надан, талпыныс та жоқ. бәрі де бір-біріне түкіргені бар.
Дегенмен жақсы жаңалықтарда жоқ емес. Өз басым қазақша үйреніп жүрген үлкен бастықтарды көрдім. Жәйлап болса да қажеттілік туындап жатқаны байқалады.
Студент болған кезде сонда жиналғанбыз. Сонда бір-ақ жылда жайнап кеткен: жан-жағы қоршалған, спортзалына енді әңгіме жоқ (едені ұнап қалды. Кейін үй салсам, сондай қылып жасатсам деп жүрмін), опшым барлығы жолға қойылған екен… Біздің кеткенімізді күтіп жүргендей :))
Сонда «Біз кетіп едік, лицей бір жылда құлпырып кетіпті. Елден кетсек, Қазақстан да мықты дамып кететін шығар» деп өз арамызда қалжыңдағанымыз бар еді.
Кореядан кеткісі келетінін түсіндік, Ал КЗны мәңгі тастау…
Ресейге кеткен орыстардың өзі жерсіңбейді кен сол жаққа. Ал әйтпесе...)))
Патриот болған дұрыс қой, бірақ жалған намыстан сақтану керек.
Дүниесін сатқаны аздай, жетімін де шетел асырып сатқан елдің кейбіреулер үшін отан деген қасиеті жоқ.
Ал өзім танитындар жөнінен айтар болсам, тіпті туған ауылдан кеткісі келмей жүрген достарым бар. Алматы жаққа қарай келсеңдерші деп айтып қойсам.
Егер "Қазақстанда өмір сүргім келмейді. Басқа жаққа кеткім келеді" дейтіндер болса, олардың көбісін қазіргі өмір сүріп отырған ортасынан және елдегі саяси-әлеуметтік ахуалдан шаршағандар ретінде қабылдау керек сияқты.
Әрбір адам өзіне жайлы орынды, мекенді қалайды деп ойлаймын. Сондай мақсаттарына жету үшін шетке кетіп жатқандарға айтар уәжім жоқ. Ең болмаса, осындайда бір рет 3c ö8p3zlt демократияшыл болайықшы :)
Ата-анасымен щетелде өсетін балалардың көөөбі ата-анасының қайдан келгеніне пысқырып та қарай қоймайды екен.
мемқызметкерлерді қараңыз. көпшілігі топас адамдар, иә, иә, интеллекті төмен, ақымақ адамдар. ал бұлар мемлекетке қызмет етулері керек. сенбесеңіз бұлардың жыл сайын тапсыратын емтихандарын қарап көріңіз, көпшілігі өте алмай ақша тығып немесе таныс іздеп жүреді.
ал бірақ бәрі жоғары білімді! білімге келейік. оқу, диплом ақшамен. сондықтан қандай білім, қандай маман туралы айтуға болады?
бұлардың бәрі өзгеруі үшін көөөөп уақыт керек. ал мен соншама өмір сүре алмаймын. жалаңаш патриотизм қарын тойғызбайды. қазір әлі жас болсам да ақыретті ойлайтын болыппын, біліп және білмей істеген күнәларым үшін маған дұға ететін артыма балалар қалдырғым келеді. өзім және солар үшін өмір сүргім келеді. ал мына қазіргі қоғамда маған орын жоқ. иә, эгоистпін, өзімді ойлаймын. ол өз шаруам. шет елде тіпті Айда өмір сүрсем де ең алдымен мұсылман, сосын қазақ болып қалатыным анық. қалғаны маған бәрібір.
Өзге елде сұлтан болып көру керек шығар мақалдатып анығын айту үшін. Кейбіреулер сол конкуренциядан қорқып, қойлардың арасында Арыстан болғаным артық деп жүре береді. Оларға сырттан пәтер, жағдай, жұмыс тауып береміз, балаларыңа тегін тіл үйретеміз, бар жағдайды жасаймыз десе мақтанып тұрып, осы жерде подружкаларының қызғандырып, сөлін ағызып тұрып бөсер еді. Ондай мүмкіндігі жоқ қыздар іші күйіп, «Сатқынсың!» дер еді.
Әрине, ешкімнің ойына кіріп шыққан жоқпын, бірақ қолды жүрекке қойып, шындығымызды айтқанға не жетсін.