Саябақ күнделігінен

Осыдан 4 жыл бұрын өзіміз қыдыратын бақтың ішінде отырмын, қолымда бір бөтелке сыра, орындықтың астына тағы үшеуін ептеп жасырып қойғанмын.
Әйеліммен ренжісіп қалған күндерімнің бірі еді бұл…
Көз алдымдағы фонтанның тас қоршауларына қарап ызаланамын; — Сендер куә болдыңдар ғой сол кезде неге ескертпедіңдер маған, құрып кеткір тастар-ай тіл бітседе айтпайсыңдар ау… мүмкін бәрі өзімнен кеткен шығар, сол кездің өзінде қырсық еді ғой сабазың…
Салқын сыраны құшырлана сіміріп қиялға қарық болып отырғанымда, осы бақта өзімнің басымнан өткен сәттер алдымда қайталанып жатты. Қыз бен жігіт бір — біріне сөз бермей өршелене дауласып келе жатты да, менің алдымдағы орындыққа отыра кетті, мен оларды арт жақтарынан бақылап отырмын, қыз бірдеңені жігітке түсіндірмекші болады жігіт оған құлақ аспайды. Біраздан кейін екеуі де үндемей біраз отырды да жігіт қасындағы басқа орындыққа ауысты, ал қыз болса соткысын шұқылап бас алмайды. осы кезде жігіт орнынан тұрды да қызды тастап кетіп бара жатты. Артыңа бұрыла көрме деп тілектес боп мен отырмын, жоқ жігітіміз жігерсіз боп шықты (кезіндегі өзім сияқты екен) бір бұрышты айналып кішкене жүрді де қайта айналып келіп анадай жерден:
-таңертең хабарласамын — деді.
Қызда үн жоқ.
— Ертең звандаймын жарай ма?
Қыз басын көтерген де жоқ.
Амалы таусылған жігіт қыздың қасына келіп алдаусыратқандай болып дөрекілікпен оны өзіне қарай құшақтай бастады, қыз оған көнбей кері серпілді.
Дәл осы кезде мүлде күтпеген жағдай болды, "қап масқара болғаның -ай" дедім ішімнен.
Кешке дейін ыстық күнде көп жүріп басынан күн өткендікі ме, жігіттің мұрнынан қан кетті, қызды алдаусыратқан жайында қалып отыра кетіп мұрнымен алысты жігітің, бірақ қыз мейірімді болып шықты дереу сумкасынан орамалын алып шығып жігітке берді, босаған сусын бөтелкесін алып фонтаннан су алып шығып қолына құйып жатты.
Осындай жағдай дәл менің басымда қайталанса деп ойлап көрсем масқара екен, менікі рахаттана бір күліп алатын шығар.
Екеулеп мұрынның қанын әзер тоқтатқаннан кейін, енді жайдары әңгімеге көшті бұл екеуі, құшақтасып сүйісіп те алды.
Меніңше жігіт қателескен жоқ, жарын дұрыс таңдаған екен деп ойладым…

Мен төртінші бөтелкенің ауызын аштым, олар қолтықтасып кетіп бара жатты…
Әрі қарай

Мұрат ӨНАЛ: Қазақстан ұлттық құрамасында ойнағым келеді

Мұрат Өнал – Еуропа алаң­да­рында ойнап жүрген жалғыз қазақ фут­бол­шысы. Түркияда туып-өсіп, Еуропаға көшкен қандасымыздың ба­ласы. 6 жа­сынан бері футболмен айна­лы­сады. Қазір Голландияның бірінші лига­сын­дағы «Волендам» ко­ман­дасының ша­буылшысы. Жа­сы 24-те. Голлан­дия­ның 14,16,17 жас сана­тын­дағы ұлт­тық құрама­ла­рын­да ойнаған. Бүгінге дейін Голландия және Бельгияның «Амстердам», «Брюгге», «Ден Хааг», «Волендам» коман­да­ларында өнер көр­сеткен. Арманы – Қазақ елінің ұлт­тық құрамасында ойнау.
Әрі қарай

Құлаққап сыртындағы әуен...

Кеше аттуызда кетіп бара жатып осы жайлы жазбасам ба деп ойлаған ем… Бүгін жұмысқа келсем Аршат мырза осы сарындағы мақаланы «Керекке» бұрқ еткізіп үлгеріпті.
Иә, қазақтың қыздарының ішкі әдемілігі жоғала бастағандай.Ол жоғалса сыртқы әдеміліктің қоса жоғалатыны сөзсіз. Кеше мен мынандай жайттың куәсі болдым. Аттуыстың артқы жағында отырдым. Жанымдағы бос орынға құлағына құлаққап киген әдеміше қыз жайғасты.Жанындағы құрбысына орын берейін дедім де сағыз шайнасына жыным ұстап сазарып отыра бердім. Әлгі екі қыз айналасындағылармен істері жоқ.Музыкалары құлаққапты жарып жібере жаздап, біздерге де естіледі. Құдай-ау даң-дұң әуен.Бірде бір сөзі жоқ.Ұрып тұрған музыка. Жұмыстан ептеп шаршаңқырап қайтып келе жатқан соң "Қарындас жайырақ қойыңызшы андағы музыкаңды" дедім. Ол маған бағжиып,«Бұл қоғамдық көлік, ұнамаса таксимен жүр» деді, сөйтті де құрбысына «Мына кісіге ерегіскенде соңына дейін барайық, біздің музыка ұнамай отыр» демесі бар ма? Қызға тән қылық қалмапты. Менен басқалардыңда алакөздеп отырғандарында шаруасы жоқ. Папкамда «Халық сөзі» газеті бар еді. Соңғы нөмерін үйде оқырмын деп алған ем. Соны шығардым. "Қарындас, мен газет оқиын сіз бір шетінен ұстап отырыңызшы" деп өтіндім әлгі қыздың бір құлағындағы пәлесін жұлып алып.
-Не үшін мен ұстауым керек, оқысаң өзің оқы…
-Олай болса мен не үшін сенің музыкаңды тыңдауым керек, тыңдасаң өзің тыңдасаңшы.
Құрбысы сағызын шарт еткізіп үріп жіберді. Менің сөзім ұнамай қалған болу керек…
Әрі қарай

Башмақай тоқимыз :).

Бәріне сәлем. Тоқыманы видеоға түсіремін деп жүретін болсам біраз уақыт өтеді екен. Сол себеп фотоға түсіріп көрсетсем қалай болады екен деп ойладым және солай да істедім. Оңайы башмақайдан бастайын деп шештім. Шынымен де тоқылуы жеңіл. Әрине, видеоға түсіргендей болмайды, бірақ әр процессін жеке түсіріп отырдым.
Әрі қарай

Ауылға барып қайттым...

Бүгін ауылға барып қайттым. Керемет әсерде қайтты деп ойласаңыз — мүлдем олай емес… Күн бүгін ерекше ыстық болып, өзімді өте жайсыз/маңызсыз сезініп, басым ауырып, быт шыт болдым. Ауылға барып әке-шешемді, інім Исмайыл мен Шымқаладан жазғы демалысқа келген марқұм ағамның жалғыз ұлы Жанболатты көріп қайттым.
Үйде анамызды Апа деп, әкемізді Тәте (аға) деп өскенбіз.
Әрі қарай

Орташа есеппен офис қызметкерлері

— Компьютері бұзылса еш нәрсе шұқымаған болып шығады
— вордта не ексель кестесінде ұяшықтармен жұмысты админнен сұрайды
— Олардың ойынша админ бәрін білу міндетті
— Автокадта масштабты қалай кою керектігін де админ білу қажет
Себебі, орнатқан админ
— Резюмесінде Ворд, Ексел, э-пошта, IE білемін деген пункт бар
— Ворд, Ексел, Поверпойнт, Аутлук офистік бағдарлама екенін білмид
— Ворд, Ексел, IE рабочий столға шығып тұру керек
— Телефон арқылы нұсқағанды орындау ақирет
— Флешкаларын пастаянны вирус жеп қояд
— үйіңізге антивирус алу керек десең, жұмыстағыны қобға болмайды ма дейді
— Админ ата жауы
— Сырттан сауатсыз компьютершик шақыруға әуес
— Бірдемесін істеуге бара қалсаң, менің баламның досы ИТшик ед, сол айтты деген әңгімемен мезі қылад
— Документтерін рабочий столда сақтайды
— Флешканы қатты диск ретінде пайдаланады
— Жанып кеткен флешкадағыны алып бер деп мезі қылыды
— Қажетсіз сайттарды жапқаның үшін ренжиді
— Пошталары мой мир арқылы ашылады екен
— порно сайттар өздігінен ашылады екен, проксиде 4000-ға тарта сондай ресурс жабық тұрса да
Әрі қарай

@patick перзентханада:)

(39.15 Kb, 300x423)Осыдан тура 24 жыл бұрын белді блогшы @patick әке-шешесінің тікелей көмегімен іңгәлап дүниеге келіпті. Сайттың көрігін қыздырып жүрген сері жігітке дүниенің бар жақсылығын тілейміз, темір тұлпарымен жүйіткіп аман-есен шауып жүре берсін. Денсаулығы
Әрі қарай

Ер Төстік 2.0 немесе «Тұрқыңа сай киіне білесің бе?»

Менде бір керемет сюжет бар...: Ер Төстік 2.0 немесе «Тұрқыңа сай киіне білесің бе?»


Ерте, ерте, ертеде, лама жүні келтеде, Кенжекей сұлу Ертөстік хикаясын жалғастырмақ болыпты. Ертөстіктің Айдаһарды жеңген күні ішкілікке салынып кетуі себепті, басты кейіпкердің орны бос қалыпты. Кенжекей әрі ойланып, бері ойланып, ертегі сиквелына басты рөлге лайық жігіт керек екенін айтып, жарияға жар салады. Сол-ақ екен, ертегі әлемінде сенделіп жүрген еркек кіндікті жеті кейіпкер желпініп жетіп келеді. Бірақ, Кенжекей жетеуін де «Бірдеңе жетіспейді» деп қабылдамай қояды.
Жетеуден маза кетеді.

«Әттең, тым арықпын, әйтпегенде өтер едім!» — дейді Желаяқ.
«Әттең, мойным қылдай, әйтпегенде өтер едім!» — дейді Көреген.
«Әттең, қолым сөздің тура мағынасында ғана ұзын!» — дейді Епті.
«Әттең, қампиған қарным болмағанда!» — дейді Көлтауысар.
«Қап, бойым қысқа боп тұрғаны!» — дейді Қаңбақ шал.
«Мені де «мойның қысқа» деп менсінбей қойған шығар!» — дейді Саққұлақ.
«Ай, дәу де болса, бөксемнен таптым-ау!» — дейді Таусоғар.

Менде бір керемет сюжет бар...: Ер Төстік 2.0 немесе «Тұрқыңа сай киіне білесің бе?»
Бұл сөздерін артынан еріп отырған Мыстан естіп қояды да: «Мен сендерге бұл қырсықтың дауасын айтайын, ал сендер маған отынымды тасып беріңдер», — дейді. Жетеуі келісіп, Мыстан кемпір тай сандығын ашып жібереді де, ішінен сымбат кемшіліктерін киіммен жасыру сыры жазылған бір бума қағазды алып, бір-бір парақтан таратып береді.


Жүдеу Желаяққа



ЖАРАСПАЙТЫНЫ:

ЖАРАСАТЫНЫ:

1. Қара, қошқыл және қою күңгірт түс;
2. Денеге жабысып тұратын свитер һәм сондай жеңсіз көйлек (футболка);
3. Бір өңірлі пиджак, терең ойықты пальто;
4. Кең, қолпылдақ үлгідегі олпы-солпы киім.

1. Кең балақты шалбар;
2. Жалпақ жаға;
3. Ашық түстер;
4. Көлденең жолақты киім;
5. Ірі әрі жалпақ жолақтары бар киім;
6. Бірнеше қабат киіну. Денеге қосымша көлем беру үшін (мыс: жейде + жемпір + пальто, жеңсіз көйлек + кеудеше + күрте т.с.с.);
7. Жейде, «толстовка», жұқа свитерлердің жеңін әдемілеп қайырып қою (бейресми кездесу, отырыстарда).


Менде бір керемет сюжет бар...: Ер Төстік 2.0 немесе «Тұрқыңа сай киіне білесің бе?»


Қылмойынды Көрегенге


ЖАРАСПАЙТЫНЫ:

ЖАРАСАТЫНЫ:

1. V-пішіндес ойық;
2. Жағасы ашық жейде;
3. Жіңішке галстук;
4. Мойынға тағатын жіңішке, сопиған, салпылдаған алқалар, баулар;
5. Тікірейтілген шаш үлгісі.

1. Биік жағалы сырт киім;
2. Тік жағалы жейде;
3. Жалпақ галстук;
4. Жағаңның түсі жейдеңнің түсіне кереғар болса;
5. Қауға сақал;
6. Шарф.


Менде бір керемет сюжет бар...: Ер Төстік 2.0 немесе «Тұрқыңа сай киіне білесің бе?»


Ұзынқолды Ептіге:


ЖАРАСПАЙТЫНЫ:

ЖАРАСАТЫНЫ:

1. Жеңінде тік жолақтары не жіңішке өрнектері бар жейде;
2. Жартылай шолақ жеңді жейде (3/4);
3. Жалпақ манжетті жейде.

1. Жалпақтығы орташа білезік не қол сағат;
2. Ұзын манжетті қолғап.


Менде бір керемет сюжет бар...: Ер Төстік 2.0 немесе «Тұрқыңа сай киіне білесің бе?»


Кебеже қарынды Көлтауысарға


ЖАРАСПАЙТЫНЫ:

ЖАРАСАТЫНЫ:

1. Денеге жабысып тұратын киім;
2. Тегіс, жеңіл мата;
3. Бүрмелі, қыртысты шалбарлар;
4. Қос өңірлі костюм, пальто, күрте;
5. Жіңішке немесе қысқа галстук.
6. Тым ашық түсті киім;
7. Бір-біріне кереғар түстер (мысалы: қызылға – жасыл, сарыға – күлгін, сарғышқа – көк кереғар);
8. Жалпақ көлденең жолақты киім.

1. Бір өңірлі, сәл кеңдеу костюм;
2. Үштік-костюм (тройка);
3. Суреті, өрнектері тігінен түскен костюм;
4. Белі жоғары шалбар/джинсы;
5. Кеңдеу киім үлгілері.
6. Бірыңғай, қошқыл, күңгірт түстер;
7. Назарды қарыннан алыстату: көзілдірік, сақал, жалпақ жиекті қалпақ, жуан қолсағат.


Менде бір керемет сюжет бар...: Ер Төстік 2.0 немесе «Тұрқыңа сай киіне білесің бе?»


Қарыс бойлы Қаңбақ Шалға


ЖАРАСПАЙТЫНЫ:

ЖАРАСАТЫНЫ:

1. Жалпақ жаға, белбеулер;
2. Бір-біріне кереғар түстер (мысалы: қызыл – жасыл, сары – күлгін, сарғыш – көк;
3. Қосөңірлі пиджак және пальто;
4. Кең шалбар не джинсы.

1. Суреті не жолақтары тігінен түскен киім;
2. Бір өңірлі пиджак не пальто;
3. Ұзын пиджактар не күртеше;
4. Белі жоғары шалбар не джинсы.


Менде бір керемет сюжет бар...: Ер Төстік 2.0 немесе «Тұрқыңа сай киіне білесің бе?»


Қысқа мойын Саққұлаққа


ЖАРАСПАЙТЫНЫ:

ЖАРАСАТЫНЫ:

1. Мойынға тағатын орамалдар;
2. Жалпақ галстук;
3. Жейденің жағасын "қылқындыра" түймелеген;
4. Жалпақ жағалар;
5. Шарф.
6. Сақал қою.

1. V-пішінді ойықтар;
2. Жіңішке галстук;
3. Үнемі қырынып жүру.


Менде бір керемет сюжет бар...: Ер Төстік 2.0 немесе «Тұрқыңа сай киіне білесің бе?»


Батпан бөкселі Таусоғарға


ЖАРАСПАЙТЫНЫ:

ЖАРАСАТЫНЫ:

1. Ашық түсті шалбарлар;
2. Тор көз (клетчатый) киімдер.

1. Қара, қошқыл, күңгірт шалбарлар;
2. Суреті тігінен түскен шалбарлар;
3. Ұзындығы бөксенің ортасына дейін жететін свитер, күртеше және пиджактар.


Менде бір керемет сюжет бар...: Ер Төстік 2.0 немесе «Тұрқыңа сай киіне білесің бе?»



Кемпірдің бұл мәрттігіне әбден разы болған жетеуі отынын жарып, пешін жағып береді де, Түркістанның базарына тұра тартады.
Су жаңа үлде мен бүлдеге стильдің барлық ережелеріне сай киінген кейіпкерлер Кенжекейге қайта барып, бақ сынамақ болады. Барғанша қалай боларын ойлап, уайымдаумен болады.
Ер Төстіктің отауына жақындаған сайын тізелері дірілдеп қоя береді. Үйге жақындағанда алдарынан шашы ұйпа-тұйпа, халатшаң Кенжекей шығады.
— Амансың ба, Кенжекей сұлу! — дейді олар бір ауыздан.
Кенжекей әлгілерді бірден танып:
— Қыз сынына қатысатындай біріңнен бірің сұлу болып келіпсіңдер ғой! — дейді.
— Енді өзің «бірдеңе жетіспейді» деген соң...— дейді олар да ұялғансып.
— Жетіскен түрлеріңе болайын сендердің, жүктібайымайдтар! «Жетіспейді» дегенде, мен шүберекті меңзеппін бе? Ой, жын буған, пері қуған, өңшең сайқымазақ! Сендерге Төстікжанның жігері мен сенімділігі жетіспейді! — деп жеті атасынан дым қоймай, қуып шығыпты.

PS. Тонадайда мырс-мырс күліп Ақнұр Бектеміс кетіп бара жатты…



Қолданылған ресурстар:
www.askmen.com — How To Hide Flaws With Clothing
www.ehow.com — How to dress to balance a short waist
www.noubikko.com — Waist tips
www.lifeinitaly.com – Men’s guide to hide body flaws
bitstrips.com/ — Your Own Personal Emoji


Әрі қарай