Әлемдегі шынымен ең қиын жұмыстар


1. Airbus әуебустарын шығаратын EADS компаниясында сату жөнінен менеждер болу. Қазіргісі — Томас Енекерс.
Бұл кісі тап-таза, қыста жылы, жазда салқын жерде отырғанымен… жылына кемінде 400 (төрт жүз) ұшақ сатуы керек! Әйтпесе ұшақ өндірісіне еменнің үлкен бұтағы опырылып түседі, очм — 25 000 адамның айлығы, арағы-тамағы осы кісінің мойнында. Француз бастығы бар, ең болмаса бір машина кем сатса — тігед. Сосын, мұндай жұмыс жақсы емес. Бір жерде нәтиже көрсете алмаған топ-менеджерді екінші жерге ешқашан алмайды Еуропада.
Мына фото — A320 ұшағын салтанатты ашу кезінде түсірілген. Байқағаныңыздай, бір қой көтін бос ұстай алмай тұр. Бұтағыма қуана ма: есіл-дерті мейрамдық атмосфераны пайдаланып, сингапурлықтар мен қытайлықтарға тағы 20 ұшақ сатжівергісі келіп тұр!
«Бүйткен өміріне сиейін!» десеңіз, келесі жұмысшыны білмейді екенсіз.

2. «Талебан» қозғалысындағы тәліб қызметін атқару. Анау жоғарыдағы менеджер қанша қасқиғанымен, ең болмаса конституцияда бекітілген демалыстары бар ғой. Тәліб ағайында ол да жоқ. Жұмыс 24 сағат. Оперативті ахуалға байланысты, кез-келген көлікке мініп жүре бересің, болмаса жаяу тартасың. Каникул, сұранып кету деген атымен жоқ. Соңғы мәліметтер бойынша жалақылары — 1 300 доллар. Шымкент үшін жаман емес, бірақ Ауғанстанда оны жұмсайтын да жер жоқ. Болса да — өле өлгенше жұмыста болсаң, тапқан ақшаңның рахатын қалай көресің білә!!!

3. Туалеттен боқсору қызметін көрсету. Мемлекеттік реестрде assенизатор деген әдемі атауы болғанымен, халық бір қой боқсору дейді, ал шопыр сәйкесінше — боқсоратын адам. Балалары да сәйкесінше — боқсоратын ағаның балалары. Қиыны сол: үйің мұнтаздай таза, әйелің доғдыр болып жұмыс істейтін болса да, үйіңе келіп-кететіндер «біртүрлі иіс» бар деп, өсек айтып жүреді. Имидждік шығыннан бөтен, қаржылық шығын да бар: бір әжетхана үшін алатындары салық пен бензиннен ауыспайды. Сондықтан боқсорушылар былайғы уақытта ауызсу жеткізіп күнелтуге мәжбүр…
соңғы мамандықты жақсы жазыпсың