Мұрат ӨНАЛ: Қазақстан ұлттық құрамасында ойнағым келеді

Мұрат Өнал – Еуропа алаң­да­рында ойнап жүрген жалғыз қазақ фут­бол­шысы. Түркияда туып-өсіп, Еуропаға көшкен қандасымыздың ба­ласы. 6 жа­сынан бері футболмен айна­лы­сады. Қазір Голландияның бірінші лига­сын­дағы «Волендам» ко­ман­дасының ша­буылшысы. Жа­сы 24-те. Голлан­дия­ның 14,16,17 жас сана­тын­дағы ұлт­тық құрама­ла­рын­да ойнаған. Бүгінге дейін Голландия және Бельгияның «Амстердам», «Брюгге», «Ден Хааг», «Волендам» коман­да­ларында өнер көр­сеткен. Арманы – Қазақ елінің ұлт­тық құрамасында ойнау.

– Футболмен қашан және қайда айналыса бастадың?
– Амстердамдағы «Веспуччи» әуесқой ко­ман­дасының футбол мектебіне 6 жасымда қа­был­дан­дым. Алғашқы қадамым осы мектепте басталды.
– Кәсіпқой футболшы ретіндегі ойын өрнегің қай командада басталды?
– 17 жасымда жастар арасында үздік ша­бу­ылшы атандым. Сосын сол жылы Бель­гияның ең мықты клубтарының бірі «Брюггеге» өттім.
 
– Голландия жастар құрамасында ой­наған екенсің. Бұл құрама сапында қан­дай жетістіктерге жеттің?
– 16 жас санатында Оңтүстік Амери­ка­дағы Ару­ба қаласында өткен турнирде финалға дейін жеттік.
– Футболшы ретінде сенің ең басты қаси­ет­терің қандай және жалпы Голландияда осы спорттың қандай қасиеттері маңызды болып саналады?



– Голландия футбол мектебі әлемдегі ең мық­­ты мектептердің бірі. Еуропаның үлкен коман­да­ла­рында кем дегенде 1-2 голлан­­дия­лықты көре ала­сыз. Бұл елде кәсіпқой фут­болшы үшін техника, жылдамдық, күш және ең бастысы ақыл ма­­ңыз­ды фактор болып саналады. Бұлардың біреуі кем болса, ойнай алмайсыз. «Сенің ең жақсы қасиет­теріңнің бірі – оңай гол соғуың», – дейді бапкерім.
– Еуропа алаңдарында доп теуіп жүр­­ген басқа қазақ футболшылары бар ма?
– Жоқ. Көре алмадым.
– Еуропа қазақтары Қазақстан ко­ман­­­­да­ла­рының еуротурнирлердегі ойын­да­рына бара ма? Жалпы, қазақ коман­да­­ларының ойында­рын қадағалап жүре ме?
– Иә, ойындарға барып тұрады. Қазақ бол­ған­дары үшін. Өйткені, Қазақстан біздің еліміз. Бар­лық турнирлерді қадағалаймыз деп айта алмай­мын. Бұл жақта тек CaspioNet қана көрсетеді. Ал ол арна ойындарды толық бермейді. Одан тек қысқаша мазмұнынан ғана хабардар болумен шектелеміз.
– Ал өзің қазақ футболы туралы не біле­сің? Қазақстан ұлттық құрамасында ойнағың келер ме еді?
– Мен тек қана «Ақтөбені» білемін. Қате­лес­песем, өткен жылы Еуропа лига­сында Голлан­дия­ның күшті клубтарының бірі «АЗ Алкмаармен» ойнады. Қазақстанға бір қазақ баласы ретінде кез келген көмегім тиіп жатса, бұл мен үшін орын­далған арман болар еді. Әсіресе, ондай көмегім футбол арқылы болса, мен үшін ол үлкен бақыт!
– Арно Пайперс кезеңінде Қазақстан ұлт­тық құрамасының Голландиядағы оқу-жат­ты­ғу жиынына шақырылыпсың. Бірақ команда сапынан көре алмадық. Қандай себеп болды?
– Иә, Голландиядағы жиынға шақы­рылдым және жолдастық кездесулердің біреуінде ойна­дым. Гол да соқтым. Мені жақсы қарсы алған еді құрамадағы жігіттер. Ол кезде 19 жаста едім. Университетте оқи­тынмын. Арно Пайперс Қазақстанға ша­қыр­ды. Бірақ дәл сол кезде оқуыма бай­ланысты ешқайда бара алмадым.

– Қазіргі жаңа бапкеріміз чех Беранектен шақыру алсаң, құрамада ойнар ма едің?
– Әр қазақ баласы үшін бұл үлкен мақ­таныш. Әрине, Қазақстан ұлттық құра­­ма­сында ойнағым келеді!
Әңгімелескен Аршат ОРАЗОВ.

www.egemen.kz/309258.html

P.S «Егемен Қазақстан» газетіне шыққан алғашқы мақалам. Бірінші бетке шықты
Бөлісу:

30 пікір

konvict
О, құтты болсын! Сұхбат жақсы алынған
Мына баланы құрамаға алдырған дұрыс деп ойлаймын
Пікір түзетілген: 16 шілде 2011, 13:30
asaubota
менің де ойым сол, тамыздың 20-сындағы жолдастық кездесуге шақырып көрсе екен деймін.
AKY
Тым жақсы қазақтың қара баласы
konvict
Викиде Түркиялық деп көрсетіліпті. en.wikipedia.org/wiki/FC_Volendam
en.wikipedia.org/wiki/Murat_%C3%96nal
asaubota
иә, туған жері Түркия. 2 азаматтығы бар: Түркия, Голландия

егер шақырса Қазақстан азаматтығын аламын дейді.
konvict
мынау клубының сайты екен www.fcvolendam.nl/1e-elftal/

Жақсы шабуылшы секілді. Шақырту керек қой
Beytanis
ҚФФ құлағына алтын сырға дейсің ғой, Аршеке! Дұрыс.
just19
Арманына жетсін, мен де, халық та қуанып қалсын.: Көк байрақты желбіретіп тұрған смайылбек:
manfan
дереу елге әкелу керек!!!
Delhi
Осындай шел елде жүрген дарынды азамат, азаматшаларымызды өз елімізге тартсақ Қазақ елі бұрында -ақ көтерілер еді…
Onlasyn
Іштегі дарындыларды сіңдіріп-ақ алсыншы.
Abilakim
«Жанам деген жүрекке от беру» ғана қалып тұр ғой біздікілерге…
asaubota
бір журналистер орысшаға аударып шығарамыз деп жатыр. сол кезде естиді ау деймін жоғарыдағылар бұл бала туралы. бір жолдастық кездесуге шақырса дымдары кетпейді ғой.
konvict
Бұ жігітті қайдан тауып алдың?
asaubota
Блог Құрылтайға Парижден келген жігіттен сұрағам Еуропада қазақ футболшылар бар ма деп. сол жігіт Мұраттың ағасын таниды екен, Фейсбукте алдымен сол кісіге шықтым, кейін Мұраттың өзіне.
JebeNoyan
Asaubota magan onyn facebookta-gy siltemesin bere alasynba? Sosyn Alla kalasa ozimizdin futbol federassiyasyna hat jazaik, barlygymyz jazssak okuu tiis.
asaubota
Facebook профилі

бүгін орысшаға аударылған нұсқасы шықты. федерация көретін шығар енді.
www.fanatik.kz/people/user/166/blog/murat-onal-i-want-to-play-for-the-national-team-of-kazakhstan/
Beytanis
Осы жігіттің пәмилесі негізі Оңал болуы керек сияқты. Бірақ Түркия түрікшесімен жазылып кеткен… Қалай ойлайсыңдар?!
Altygradus
негізі Түркияда ойларына келген фамилия бере берген, міндетті түрде атасының аты емес. Тек қазақ емес, түріктердің өздеріне де
boztorgai
негізі tүркияда ойларына келген фамилия бере берген
азиз несин (несің?)
жанка кемсин (кімсің?)
asaubota
Түркияда фамилия біздегідей ата тегіңе қарап жазылмайды. Фамилияға жәй ғана бір атау беріледі, болды. ешқандай мағына іздемей-ақ қой.
Beytanis
А-а-а-а, білмеппін.
boztorgai
өзтүрікті елге әкелдіңдер, не болды?

менше сыртта жүргені дұрыс
saken
сыртта өмір сүре беріп, біздің құрамаға ойнай берсе болады ғой.
Altygradus
өзтүрікті елге әкелдіңдер, не болды?
менше сыртта жүргені дұрыс
иә, шынымен
шақырып ап лақтырып кетуі де әбден мүмкін біздікілердің
Nurgisa
Қойыңдар қыздар, бұл енді бекершілік. Мұстафа Өзтүрікпен болған жағдай басқаша сияқты еді. Қазір келсе сыйыстырмайтындай кілтипан көріп тұрғаным жоқ. Сөздеріне қарасаңдаршы, қазаққа жанашыр рух байқап тұрған жоқпысыңдар?!
asaubota
мен де түсінбей отырмын осындай пессимистік ойларды. 1,5 ай бойы осы жігітті агенттер арқылы осындағы командаларға орналастыруға әрекет жасап көрдім. жігіттерге рахмет, іздестірді. бірақ, Мұраттың ойын видеолары болмағандықтан көп командалар бұл вариантты қарастырмады. Қайрат және Жетісу өз ақшасына өзі келіп кетсін, егер ұнаса қалады, жол шығындарын да қайтарамыз деп еді. Мұрат келе алмады. мысалы мен де білмеймін қалай ойнайтынын, қай деңгейдегі ойыншы екенін. қазір тек Ұлттық Құраманың жолдастық кездесуіне шақырып көрсе екен деп отырмын. мүмкін жақсы ойыншы шығар, бір шанс беріп көру керек. сосын ғой пиарлап жатқаным, шетте жүрсе де қазақтың баласы ғой деп. өзінің де құлшынысы мықты, ойнағым келеді дейді Ұлттық құрамада.
asaubota
Sports.kz порталының блогшылар құрамына қосылдым. Мынау алғашқы жазбам.

Мұрат Өналдың командасы чемпион болды