Қазақстан кісі өлтіруден ТМД бойынша алғашқы орында


Елімізде жыл сайын орташа есеппен әр 100 мың адамның 11,29-ы өлтіріледі екен. Бұл көрсеткіш бойынша ТМД және Балтық жағалауы елдері арасында алғашқы орынға шықтық.

Әлемдік рейтинг бойынша әзірше 7-ші орындамыз. Біздің алдымызда Эль-Сальвадор (58,07), Белиз (32,67), Эквадор (18,07), Доминкан Республикасы (15,99), Парагвай (12,33), Моңғолия (11,94).
Әрі қарай

Мен оны жақсы көрем

Кейде көңілің қалып, бәріне қолды бір сілтеп, басың ауған жаққа кетіп қалғың келетін сәттер болады. Сондай кезеңдерде (кейде себепті, кейде себепсіз) шынымен басым ауған жаққа кетіп қалатын әдетім бар. Сондай жағдай сегіз ай бұрын болды. Адам көзі көрмеген, аяғы баспаған жерге жете алмайтынымды түсінген мен тым болмағанда ешкімді танымайтын жаққа кеткім келді. Жұмыс үстелінде жұмыс жасап отырған кейіппен отырғанымда хабарлама келді. Ашып қарасам достарымның бірінен «Сен ешкімді танымайтын жақ пен, ешкімді көрмейтін жұмысты қалайтыныңды айтып ең ғой. Астанада таныстарымның таныстары бар, барасың ба?» деген деген хабарлама екен. Ешкімді көрмей істеуге болатын жұмыс та бола ма деген ой мазалаған мен оған «толығырақ...» деп жаздым…

Әрі қарай

қытай қазақтарының Facebook ына келіңіздер!

Ассаламуғалайкұм, құрметті жамағат!

қытай қазақтарының Facebook ына келіңіздер!
айыт адіресі: http://www.kazjel.com
қолфонмен сайытқа шығу адіресі: http://www.kazjel.com/index.php?do=/mobile/

saiyt ati: KazJel.Com, Kazakhtarding aleumettik jelisi. kiskasha «KazJel».
тіркелу:
1. Ге атыңызды жазасыз.
2. Ге елхатіңізді жазасыз.
3. Ке құпиа сифр — паролңызды жазасыз.
4.ке туылған уақытңызды жазасыз.
5. Ке ер-айелді талдайсыз.
6. Ға мекен-жайді талдайсыз.
7. Ге аватар(бас сұретті) шығарасыз, жұктейсіз 500 дан аспау керек.
тіркелу оте қарапайым.

saiyt adresi: http://www.kazjel.com

mobile teleponmen xigiu adresi: http://www.kazjel.com/index.php?do=/mobile/

biz kitay kazakhtari arapsha istetemiz. siz oki alasiz ba? ote ongay toltiru, 1. ge atingiz, 2-ge email, 3. parol, 4. twuilgan wakit, 5. er-ayel talgami, 5. meken-jay 6. avator (bas suret) xigarasiz(500kb dan ulen bolmau kerek)… osilay karapayim…
Әрі қарай

Қияметқайымның Үшінші Сарбазы - Кен Алибек



Әлібеков Қанатжан Байзақұлы — микробиолог ғалымдардың арасында танымал тұлға. АҚШта Кен Алибек, Кеннет Алибек аттарымен белгілі. Қазір Назарбаев Университетінде химия мен биология кафедрасын басқарады. 1992 жылы АҚШқа кетіп қалып, 2010 жылы Қазақстанға қайта оралды. Бұл кісі туралы іздесеңіздер ақпарат көп. Студент кезімізде бастаған Аспан деген жобамыз бар еді, 2001 жылы сол сайтта жазылған бір мақаламен бөліскім келеді.

Қазіргі дүниежүзін дүр сілкіндірген «Сібір обасының» ең ауыр түрін тапқан өз бауырымыз қазір аты-жөнін өзгертіп Батыс империялистердің қолында тұрып жатыр.
Әрі қарай

Басталды

Бүгін жексенбі. Бірақ біз үшін апта басталып кетті. Бүгін жұманың сабағын оқып келген студенттердің ертең сенбі екен деп жүргендері қаншама ) Бірақ бүгінгі күн дүйсенбідей ауыр болды.
Осы апта негізі тамаша өтті. Не дегенімен көктемнің алғашқы мерекесі сегізінші наурыздан кейінгі көңіл-күй жақсы. Құшақ-құшақ гүл , құттықтаулар, тынымсыз телефонның шылдыры, тола СМС… Көктем деген тамаша ғой
BlogCamp: Басталды

Блог құрылтайдың болатын күніне де небары 11-ақ күн қалды . Осыдан дәл бір жыл бұрын
Әрі қарай

Қайдасың, махаббат?


Адамдар бар сен туралы білетін,
Ал біреулер «Болмаған!» деп күлетін,
Жер бетінде бармысың сен, махаббат,
Бәз біреулер әнге қосып жүретін?

Қайда жүрдің маған керек кезде сен?
Сағымдайсың, көрінбейсің көзге сен.
Табар едім таусылғанша тағатым,
Белгі беріп, «Ізде, дала кез!» десең…

Әрі қарай

"Карменсита" қойылымы алғаш рет драма болып сахналанды.


Ақпанның 29-ы және 1-2 наурыз күндері Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірім театрында «Карменсита» қойылымның премьерасы болды. Проспер Мерименің «Кармен» новелласының желісі бойынша драмалық нұсқасын әлемде бірінші болып сахна төріне шығаруы режиссер Талғат Теменовтың басты жаңалығы. Қойылымға Мәскеудің «Жас Опера» театрының бас балетмейстері Иван Фадеев арнайы шақырылып және Талғат Теменовке «ради тебя» деп бірлесе жұмыс істеп, сіңірген еңбегі үшін «5 мың-ақ доллар» алыпты. Талғат ағаның айтуы бойынша, Иван ағай шет елдерде атқарған жұмысына кем дегенде100 мың доллар алады екен.
Әрі қарай