Қияметқайымның Үшінші Сарбазы - Кен Алибек
Әлібеков Қанатжан Байзақұлы — микробиолог ғалымдардың арасында танымал тұлға. АҚШта Кен Алибек, Кеннет Алибек аттарымен белгілі. Қазір Назарбаев Университетінде химия мен биология кафедрасын басқарады. 1992 жылы АҚШқа кетіп қалып, 2010 жылы Қазақстанға қайта оралды. Бұл кісі туралы іздесеңіздер ақпарат көп. Студент кезімізде бастаған Аспан деген жобамыз бар еді, 2001 жылы сол сайтта жазылған бір мақаламен бөліскім келеді.
— Қазіргі дүниежүзін дүр сілкіндірген «Сібір обасының» ең ауыр түрін тапқан өз бауырымыз қазір аты-жөнін өзгертіп Батыс империялистердің қолында тұрып жатыр.
Есбол Саяқов
Біз бұл ағамыз жайлы тек сыртқы хабарлардан ғана танып жүрміз. Соңғы теракттардан кейін аты қайтадан ақпарат құралдарында жиі-жиі естіліп жүр. Сол жайында өзіміз көрмесек те, бөтен елдің аузынан сізге жеткізейін дедік. Шын аты-жөні Қанатжан Әлібеков болған биологиялық соғыстың маманы, кезінде дүркіреп тұрған Кеңес Одағының бұқаралық биологиялық қаруларды дамыту программасында бетке ұстар алып мамандарының бірі болған. Қазір болса аты-жөнін Кен Алибек деген лақап атқа өзгертіп, елімізден алыс жерге қоныс тепкен.
Жас Әлібеков есімін өзгертпей тұрғанда, жоғарғы мансапты офицер болатұғын. Милиция қызметкерінің баласы Қанатжан 15 жасында мектептегі оқуын узеді. Медициналық мамандық мектебіне түсіп, бұл оқу орнын өте жақсы дәрежемен бітіреді. Таңғаларлық жайт болмаса керек, оның мамандық саласы жұқпалы аурулардың жайылуы еді. Оның сібір обасы жайлы зерттеулеріне бастамастан үш жыл бұрын, Совет өкіметі био-қару зерттеулерін тоқтату сөзін бергентұғын. Бұл барып тұрған өтірік еді.
Шіркін, шетте жүрсе де қазақтың ғалымы екенін бөтен елге танытып жүр. Оның зерттеп дамытқан жұмыстарына байланысты оны сырттағы елдер — Иоан Інжілінде жазылған қиямет күнінде оба нәлетін әкелетін Қияметқайынның Үшінші Сарбазы (Evil of Dr Apocalypse) деген лақап таққан. 47 жасар Әлібек ағамыздың бет келпетінен оның қызықандығы соншалықты, өлімшіл вирустың ауаға тарап тарамайтыны жайлы әңгімелерді мұқият тыңдайтынын көрсетіп тұр.
Қазіргі із суытушылар оның дамытқан қарумен Американы шулатқан апат арасында байланыс бар-жоғын зерттеуде. Өткен нәрсені қозғамаған жөн-ақ. Эйнштейн Жапонияға атом бомбасын тастағанда өкінгендігін айтқан еді, сол секілді Әлібек ағамыз да: «Біз бұл қаруды дамытқанда мақтаныш тұтынып едік. Дамыту үшін қаншама ұйқысыз түндер өткізіп едім. Қазір мен өкініп отырмын, бірақ мен өзімді қылмыскер сезінбеймін.»
Көшіруін көшіріп алып, өздерінін пайдасы үшін қолданып, кейінірек оның өзін сынайтын Батыс елдерінің нақты пейілдерін ұққан шығарсыз!
Оның дамытқан обасы — табиғатта кездесетін оба вирусіне қарағанда 4 есе күшті болған сібір обасының бір түрі. Үш баланың әкесі болған, Қазақстанда туып-өскен ғалым ағамыздың зерттеу жұмыстары Дүниенің қандай қатер алдында тұрғанын көрсеткен. Суық соғыс кезеңінде, 1972 жылы, әскери мақсатта биологиялық заттарды дамытуына, өндіруіне немесе сақтауына тыйым салатын «Дүниежүзілік Биологиялық Қарулар Жайындағы Конвенциясына» Кеңес Одағы да қосылған. Ал, 3 жыл өткен соң, Әлібек құпия түрде жасалған «Биопрепарат» программасын дамытуға қатысқан. Бұл программада өте белсенді болуы соншалықты, полковник атағын алып, лауазымы командада екінші адамға шейін өскен.
Оның жұмыстарының жеміс бере бастаған кезі еді. Мына суреттегі екі әріптес ССРО-дағы Шықани әскери базасында жүргізілген зерттеулерін қоянға сынап жатыр.
«Бұл программа арқасында Батыс елдеріне қарсы қолдануға дайын түрде сібір обасының, оспаның, басқа да күшті биологиялық қарулардың жүздеген тоннасын сақтауда болатынбыз. Біздің лаборатиямызда жетілдірілген қарулар Суық соғыс кезеңінің ең құпия түрде сақтануда болатұғын» — деп еске түсіреді Әлібек ағамыз.
Коммунист режимнің құлдырауы кезінде, сексендердің соңғы жылдарында, Биопрепаратқа қатысқан ғалымдар ақша көп тіккендерге Әлібек ағамыздың және өздерінің құпия-сырларымен қосыла өздері де сатыла бастады. Осылайша, өлтіргіш кесепат бактериялар Саддам Хусейн мен Усаме бин Ладиннің колдарына түсті.
Әлібеков Қазақстандағы Степногорск зерттеу орталығында аты белгілі маман еді. Қауіптілігі соншалық, зерттеу жұмыстары жерасты ядролық қорғаныс паналарында жүргізілетұғын. Осылардың біреуінің қақпасы жоғарыдағы суретте бейнеленген.
«Шетелдіктер Биопрепараттың ескі ғалымдары үшін қандай құн берсе де ұтылмайды. Оның беретін ақпараты арқасында, көптеген жылға созылатын ғылыми зерттеу шығынынан және уақытынан ұтады. Көптеген ғалымдар Европа мен Азияға кетті, ал кейбірі мүлдем көзге көрінбей тыныш өмір сүруде. Естуімше кейбір ғалымдар Солтүстік Корея мен Иракқа сатылыпты» — дейді, бұл программада басқаларына қарағанда көбірек қалған, ғалым ағамыз.
Тірі қалған ғалымдардың саны аз. Әлібек ағамыз көптеген "қымбатты" жұмыстастарын Свердловск апатында жоғалтқан. 1979 жылы болған апатта, сібір обасын өндіруге арналған реактор істен шығып, улы бұлыт аспанға көтерілген. Кеңес Одағы, 300-ге жақын адам жазықсыз өлген бұл апатты ондаған жылдар құпия түрде сақтады.
Кеңес Одағының биологиялық қару программасында, сеспей қатыратын жалғыз бактерия «сібір обасы» ғана болған.
Дүниежүзінде өте қатерлі биологиялық қарудың әсерін көрген аз адамның қатарында Әлібек ағамыз бар. Әлібек ағамызбен бірге жұмыс істеген 44 жасар Николай Устинов атты зерттеуші қайғылы оқиғаға ұрынған. 1988 жылы, Марбург вирусінің Эболаға әсерін зерттеу жұмысы кезінде байқаусызда екі қабат қолғаптарының арасынан саусағына ине шаншып алған. Төрт күн өткеннен кейін көздері қанталай бастаған. Медиктер оның қанын ауыстырған, бірақ қан шап беріп аузынан аққан. 17 күндік тіршілік жанталасы бойынша ішкі мүшелері еріп, ақырында қайтыс болған. Ол, сөздің тура мағынасымен, қан-тер болған, тіпті саусақтарының арасына шейін қанталаған, өмірінің соңғы күндерінде жазған күнделігіне қанды іздер қалдырған. Денесі суымай тұрып, жұмыстастары Устиновтың қанынан өрнек алып пробиркаларда вирусты өсіріп, зымыран бастарындағы ыдысқа құйып толтырған.
«Бұлай жасаудың қате екенін кейде ойлайтынмын»- деп қайтадан қалың ойға шомып дейді ғалым ағамыз.
Бұл жағдайдан кейін де, Батыс та қарап отырмас деп сеніп, миллиондаған қаражатты жаңа биологиялық қару үшін жұмсады. 1991 жылы Америкаға барған кезінде мұның себеп болмағанына көзі жетіпті-міс. 1992 жылы Америкаға қашады. Қазір өзгергенін баяндап отыр.
2 жылдан кейін кейіннен Ресейдің президенті болған Борис Ельцин, Химиялық Қарулы Күштердің қолбасшысы болған генерал Анатолий Кунцевичті қызмет орнынан босатты.
Том Манголд пен Джеф Голдберг «Обалардың Соғысы» кітаптарында мыналарды жазады: «Кунцевич 5 тонна VX нервті газ компоненттерін сириялық делдалдарға сатып жатқанында ұсталғаны мәлім. Бұл бәленің соңғы аялдамасы Ирак деген болжам бар.»
Генерал Кунцевич сириялықтарға VX жүйке газын сатпақшы болғаннан кейiн кызметiнен босатылды. Эазушы Манголд жане Голдберг: «Кунцевичтiң, бiр қалта ақша үшiн, 800 киллограм химиялық заттарды аттары белгiсiз Эақын Шығыс алушыларына сатпақшы болғанын,» қағида етедi. Әлiбеков жүргiзген зерттеулердiң жемiстерi ендi терроризм қауiпiне айналды.
Әлібек ағамыз, Кунцевич секілді Дүниеге танымал болып, биологиялық қару жайында әңгіме қозғалғанда «Күнделікті жұмысым бұл қатердің алдын алып, әсерін жоққа шығаруға талпынудамын. Бірнеше жыл бұрын бұзған антымның айыбын төлеу үшін медициналық борышым»- дейді. Бірақ, айта кететін жағдай өзінің де нысанға түскені жайлы әңгімелер бар, өйткені, қазіргі жұмыс орны Вашингтоннан тыс жерде, сібір обасы таратылған ошақта орналасқан.
1992-да АҚШ-қа сыйынғаннан кейін, ОББ тарапынан алты жыл бойынша құпия тұтылған Кен енді сақтанусыз журе бастады.
"Қанатжан Әлібеков Iнжілді оқыған болса — Обаны әкелетін Үшінші Сарбаздан бұрын, Екі Сарбаз кезекпен кезек аштық пен соғысты әкелетінін (бұл жағдай Ауғанстанда болып жатыр) білер еді. Қияметқайында Төртінші Сарбаз болса өлім әкеледі"- деп тұжырымдайды бұл мақаланы дайындаған християн жазушылар.
Әлібековтің, қазіргі уақытта өз үйім деп жүрген, Америкасы жаратылуына өзі көмекші болған баледен зардап шегуде. Ол, «дәрігерлер құрмалас мулти-вирус вакцинасын ойлап табуға міндетті» деп ойлайды. "Өйткені, егер де бүгінгі танда сібір обасымен күресумен болсақ, ертеніне оба, Марбург ауруы жане басқа да эпидемиялардың шығуы әбден ықтимал."
Християн жазушыларын былай қояйық, біздің дінімізде де қазіргі Ақырзаманда өмір сүргеніміз жайында айтылған аяндар бар. Бірақ біздің дінімізде барлық дінгер адамдар өлгеннен соң барып қана, бір күні «Күн Батыстан туып, Батыста қайта батқанда» Қиямет күні болады деген. Сонда бұл қалай болмақ?
есіме түсіп мана іздеп тауып алдым, ол кезде қазіргідей сайт технологиялары әлі автоматтандырылып, дұрыс дамымаған еді. сонда да ХТМЛмен жасай беретін едік.