Қазақстан кісі өлтіруден ТМД бойынша алғашқы орында

Елімізде жыл сайын орташа есеппен әр 100 мың адамның 11,29-ы өлтіріледі екен. Бұл көрсеткіш бойынша ТМД және Балтық жағалауы елдері арасында алғашқы орынға шықтық.
Әлемдік рейтинг бойынша әзірше 7-ші орындамыз. Біздің алдымызда Эль-Сальвадор (58,07), Белиз (32,67), Эквадор (18,07), Доминкан Республикасы (15,99), Парагвай (12,33), Моңғолия (11,94).
Көп қой мынау. Елестеттім 100 мың адам шамамен Алматыдағы Республика алаңында үлкен мерекелік іс-шараларда жиналатын орташа адам саны.
Әрбір сондай толпадан 12 адам кісі қолынан өледі.
«Жас Атан»