Қайдасың, махаббат?
Адамдар бар сен туралы білетін,
Ал біреулер «Болмаған!» деп күлетін,
Жер бетінде бармысың сен, махаббат,
Бәз біреулер әнге қосып жүретін?
Қайда жүрдің маған керек кезде сен?
Сағымдайсың, көрінбейсің көзге сен.
Табар едім таусылғанша тағатым,
Белгі беріп, «Ізде, дала кез!» десең…
Ойлай берсең шегі де жоқ ойдың да,
Қалдың екен қай ғасырдың қойнында?
Үміт, күдік қатар жүрер қашанда,
Жүректерді мекендеуді қойдың ба?
Жапырағындай жерге түскен бұтақтың,
Ойлап сені жүйкемді де жұқарттым.
Кім біледі, қалмақпысың мәңгілік,
Кейіпкері болып қана кітаптың?
Жо жоқ!..
Бір кездері маған дағы жолықтың,
Жоғалту да оңай сені, соны ұқтым.
Жүрегіме жазылмас дерт қалдырып,
Кете бардың… Өзге жанға жолықтың!
Бір біріне қарсы жанды табасың,
Жүрегіне сезім отын жағасың.
Махаббаттың қадірін БІЛЕТІН мен
БІЛМЕЙТІННІҢ жалғағың кеп арасын.
Бірақ ол да қолыңнан еш келмейді,
Келмеген соң жүрек маза бермейді.
Ақырында артқа тастап бәрін де,
Кетесің деп: «Уақыт бәрін емдейді!»
Жолығасың еш алаңсыз жүргенде,
Жоғаласың ұстатпай-ақ бір демде.
Көріп сені қашар едім дәл бұлай,
Жүрегімді жараларыңды білгенде…
Ойлар болсам тағы іштен тынып құр,
Көңіл қалар пәк сезімді тұнық бір.
Әттең… Әттең… Оралсаң да, махаббат,
Жүрегімде үлкен қара құлып тұр...
Зарина Долатай
Өлең таныс болған сияқты еді… бәсе-бәсе...Қуаныштымын
сосын, өзіңіз шығардыңыз ба?