Қыздар футболға барайық


Ия, жігіттерден қай жеріміз кем? Ертең, 29 сәуірдің тал түсінде «Бірлік күні» құрметіне орай кофеханаға барып қу дүнияның ауырпалығы мен қуанышы туралы сырласып, қорс-қорс жълап алайық та
Қажетті заттар:
ниет
әмиян
свежий жаңалық
30 DEN…
Астаналық қыздардан жауап күтем
Әрі қарай

Жазалар әлеміне саяхат: Айқыш ағашқа керіп тастау


(жалғасы, басы мұнда)
Жазала, жаным, жазала мені...© Мазох Бабаның үмметтері

Жазаның бұл түрі Ежелгі Рұм елінде ең азабы көп өлім жазасының бірі саналды. Ерекше қауіпті деп саналған қылмыскерлерді, әсіресе қашқын, сатқын, бүлікші, көтерілісшілер бұл жазаның «рахатын» көрді.
Әрі қарай

ШЫМ ҚАЛА ЖИНАЛАЙЫҚ!



уа Шым кала керекшілері армысыздар!

Көпшіліктің шешімімен келесі құрылтай Шымқалада өткізілетін болды. Дайындықты осы бастан бастап жіберейік. Кім бар, кім жоқ екенін түгендеп… дегендей.
Әрі таныспағандармен танысайық.

в обшым 8-сәуір демалысқа тура келеді екен. Сол күні Мегада жолығайық. Кешкі 18.00-де.
Мүмкін болса тел. номерлеріңді (үй телефоны қажет емес) жекеге жазып жіберсеңдер.
Әрі қарай

"Алау" мұз айдыны BlogCamp-2012 қатысушыларын сырғанауға шақырады!


Астана қаласындағы "Алау" мұз айдыны наруыздың 21-25 аралығындағы «Жаппай сырғанау» акциясына BlogCamp-тің және Астанамыздың 30 қонағын тегін негізде қатысуға шақырады!

«Астана қаласының туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ «Алау» мұзайдыны сарайы» мемлекеттік коммуналды қазыналық кәсіпорыны Астана қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 5 сәуірдегі қаулысына сәйкес құрылған.

«Алау» –«жылдам мұз» дайындауға мүмкіндік беретін, заманауи жоғарғы технологиялық құрал-жабдықтармен жабдықталған, әлемдік деңгейдегі мұз сарайы. Бірегей сәулетінің және орналасқан жерінің арқасында «Алау» — Астанамыздың көз тартарлық жері және спорттық қақпасы болып табылады.

Сарайдың жүрегі – 8 000 орындық мінбесі бар ұзындығы 400 метрлік мұз жолынан, екі хоккей алаңынан, төреші алқасы залынан, баспасөз мәслихатын өткізуге арналған конгресс залдан, спортшылардың киім ауыстыруына арналған сегіз шешінетін бөлмеден тұратын мұзайдын.

Сарай мына спорт түрлері бойынша жаттығулар мен жарыстар өткізуге арналған:
  • конки тебу спорты;
  • шорт-трек;
  • хоккей;
  • керлинг;
  • мәнерлеп сырғанау.
«Алау» МС ұжымының мақсаты — жетілген техникалық құрал-жабдықтар, бірегей сәулеттік жоба, қызметкерлер кәсібилілігінің үйлесімі негізінде жетекші дүниежүзілік тегіс мұзайдындардың санатына ену.


«АЛАУ» МҰЗ АЙДЫНЫ — ӘЛЕМДІК МҰЗ АЙДЫНДАР РЕЙТИНГІНІҢ ТОП-20-ЛЫҒЫНА КІРЕДІ



«АЛАУ» МҰЗ АЙДЫНЫНДА БІРНЕШЕ РЕКОРДТАР ЖАСАЛҒАН



«АЛАУ» МҰЗ АЙДЫНЫ — ЗАМАНАУИ СПОРТТЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ БАР КЕШЕН



«АЛАУ» — АСТАНАЛЫҚТАРДЫҢ ӨЗ ДӘРЕЖЕСІНЕ ТЕҢ БЕЛСЕНДІ ДЕМАЛЫС ОРНЫ



Қазақстан Республикасы, Астана қаласы
Қабанбай батыр даңғылы, 47
Тел: +7 (7172) 706 744
Факс: +7 (7172) 706 743
e-mail: alau@alau.info
Әрі қарай

Bonjour! Мені қызықтырған француз тілі

Білмеймін кішкентай кезден бастап француз тілін үйренуге деген үлкен қызығушылығым болатын. Кейін ол басылып қалған. Енді міне қолға алдым. Алматының келіп болмай қойған көктемі әсер еткен болар:-)
Француз тілі — француздардың, Бельгия, Швейцария, Канададағы француз тілді халықтың тілі. Француз тілін Африка, Кариб бассейні (Гаити және т.б.), Француздық Гвинея қолданады, кейбіреулерінде тіпті ресми тіл есебінде жүреді.
Латын тілі ішінен шығып, басқа роман тілдерінен қарағанда анағұрлым дамып кетті. Жазу тілі латын алфавиті негізінде.
Әрине соңғы жылдары оның қолданылу аясы тарыла түсуде.
Дегенмен де БҰҰ-ның негізгі 6 ресми және жұмыс тілі ішіне енеді. Француз тілінде өз ойын айта алатындай дәрежедегі халық 270 миллион шамасында деген деректер бар.
Мені ең таңғалдырғаны француз орфографиясы. Мұнда «мылқау», яғни оқылмайтын әріптер өте көп. Олардың не қажеті бар деп басында бас қатырушы едім. Сөйтсем, бұл ескі ортағасырлық француз тілінен қалып қойған дағдылар екен. Соңғы ғасырларда көп дыбыстар дыбысталуын жойған, кейбіреулері біріге отырып дыбыстық өзгеріске ұшыраған екен. Бірақ жазу тілі өзгермеген. Міне қандай консерватизм!!! Алда талай қызықтарға тап болатын болармын. Кездесіп жатсам, сіздерге хабарын берермін!
Bonne chance! Сәттілік!
Әрі қарай

Саған барып өзіңе ғашык екенімді айтар едім,әттең.


Өмірде сүйгеніңді айталмаудан, махаббатыңнын жауапсыз болғананан асқан қайғы барма екен сірә?Құрбыларым ол қара торы ғана пысық жігіт, қай жері ұнайды? -деп сұрайды.Сезімнің құдіретті де сол емеспе, мүмкін олар мен сүйген жүрекпен көрсе ұнататын шығар.Оның мөлдірген коздерімен бір қарағаны мені үлкен бақытқа болейтіндей, кеше ол менің жанымнан күлімсіреп, сәлем деп өте шықты.Ал мен болсам абдырап, аяқ-қолым дірілдеп,қып-қызыл болып тәтті мұңға батып қала бердім.Мен сені дәл бұлай сағынбас ем, жүрегіме егер де жүрсе әмірім.Саған барып өзіңе ғашык екенімді айтар едім,әттең қызбын намысымды махаббатымнан биік көретін.
Әрі қарай

Ибрагим Ескендір "Сабыр, халқым!"



Сөздері сүйектен өтті-ау… «Бұдан жаман күніңде де тойға бардың емес пе?»
Пы.сы. Әнге бұдан да сәтті клип түсіріледі деп үміттенемін.
6-наурыз, 2012 жыл. Жаңартылды.

Төменде осы әнге әзірленген тағы бір клипті ұсынып отырмын. Клипке қарап, бұны видео-мұрағаттарды ақтарып, әрбір сөзге сәйкес «картина» салатын, журналистикаға қатысы бар адам әзірледі деуге болатын сияқты. Екінші клип те онша ұнап тұрған жоқ. Жалғасын күтейін. Бұдан да жақсысы жасалар деп үміттенемін.

Әрі қарай