Футбол түні! Чемпиондар лигасы 1/4 финал!

УЕФА чемпиондар лигасы ақырындап өз мәресіне жетіп келеді. Бүгінгі түнде – ширек финалға қатысушы командалардың 2 жұбы алғашқы кездесулерін өткізбек. Соған:




«АПОЭЛ» — «Реал Мадрид»

Кипр, Никосия, «ГСП» стадионы, төреші Феликс Брых

«АПОЭЛ»: Киотис; Пурсаитидис, Жорже, Оливейра, Боавентура; Мораиш, Марсиньо; Хараламбидис, Тричковски, Солари; Аилтон
«Реал Мадрид»: Касильяс; Арбелоа, Пепе, С. Рамос, Марсело; Хедира, Гранеро; Озил, Кака, Роналду; Бензема

Бұл турнирдің бас фавориті саналатын «Реалға» жеребе тартуда «АПОЭЛ» леккенде корольдік клубтың жолы болғыш деп, көбі қызғаныштарын жасырмаған. Десек те, кипрлік клуб европада біраз шулағанын ұмытпаған жөн. Өз тобында аутсайдер саналғанымен «Порту», «Шахтер», «Зенит» командаларын қапы қалдырып 1/8 финалға І орыннан шыққан. Ол айналымда лионның «Олимпигіне» жолыққанда, тоқтаған жерлері осы ма деген сөздер тағы шықты. Мұнда да И.Иовановичтің шәкірттері «оңай шағылатын жаңғақ» емес екендіктерін тағы дәлелді. Шешуші матчта «АПОЭЛ» қақпашысы футбол лотереиясында нағыз ерлік көрсеткен:



«ЦСКА» клубымен өткен кездесулерде ширек финал жолдамасын «Сантьяго Бернабеуде» ғана шешкен галактикос, бұл кездесуге тыңғылықты дайындалған болар. Сондықтан істі кейінге қалдырмай бар күш-қуаттарын «ГСП» стадионында көрсететіндері анық. Сонда да португалдық бапкер қарсыластарына өз бағасын берді:

— Біздің АПОЭЛдан үйренетініміз де аз емес. Футболшылар осы күнге дейінгі нәтижеге командалық ойынның арқасында жетті. Кипрліктердің 1/4 финалда өнер көрсетуі құрмет тұтарлық. Бұл кездесуде тартыс көп болады, жанкүйерлері де жақсы қолдайды. Дегенмен, мәселе бүгін шешілмесе жауапты кездесуде керек нәтижеге қол жеткізе аламыз,-деген.

«Бенфика» — «Челси»

Португалия, Лиссабон, «Эштадиу да Луж» стадионы, төреші Паоло Тальявенто



«Бенфика»: Артур — Емерсон, Жардел, Луизао, Перейра; Гарсия, Аймар, Витсель, Гайтан; Кардосо, Родриго.
«Челси»: Чех; Иванович, Луис, Терри, Коул; Эссьен, Лэмпард, Рамирес; Старридж, Мата, Дрогба.

Бұл жұптың ойынын нағыз қызық кездесулерге жатқызуға болады. Ақсүйектерді «топ-клуб» деген атағына ғана қарап, жалпы есепте жеңеді демесек, соңғы кездерде ойындары тұрақсыз. Ағылшын премьер лигасында соңғы екі ойынды «Манчестер Сити», «Тоттэнхемге» қарсы өткізіп 5 ұпай жоғалтқан Р. Абрамовичтің клубын тағы бір сын күтіп тұр. Мұнда бас назар команданың зейнеткерлері: Д. Дрогба, Ф. Лэмпардқа және португалдық клубтан ауысқан Рамирес пен Д. Луисқа бөлінуі тиіс. Алдыңғы екеуі «Челси» көшбасшылары болса, соңғыларына бұрынғы командаластарының ойыны жақсы таныс.
Давид Луис: «Бұл ойын мен үшін ерекше болмақ, өйткені Бенфикада тамаша сәттерді бастан кешірдім. Бірақ бұрынғы әріптестерім төрешінің ысқырығына дейін ғана дос болып қала бермек. Футболдың аты футбол!»
Жорже Жезуш командасының ойыны жанкүйерлерін қуантуда. Ішкі біріншілікте алғашқы үштіктің қатарында, Чемпиондар лигасында да сенімді өнер көрсетуде. Дегенмен «Бенфика» 1/4 финалды 1990 жылдан бері өте алмай келеді. Кім біледі, «бүркіттердің» сәті енді түскен шығар?

Қызықты фактілер:

— Бенфика еурокубоктар аясында үйде өткізген, соңғы 10 кездесуде де жеңілістің ащы дәмін татпаған;
— Челси аталмыш турнирдің биылғы маусымында қонақтағы кездесулерде әлі жеңіп көрмеген: 2 жеңіліс және 2 тең ойын;


Жан деген жігіттің еңбегі. түпнұсқа
Бөлісу:

106 пікір

FaraOn1
көптен бері футбол туралы жазылмай кеткесін енгізіп отырмын)
kokbori
Реалдың жеңуі реал ғой, ал мына «Челси» мен «Бенфика» ойыны қызық болайын деп тұр
madickisbig
апоель мен бенфикаға болысамын.
asaubota
Жан деген жігітке құрмет! жақсы шолу жасапты.

қай матчты қарарымды білмей отырмын.
FaraOn1
Мен де сол. қазақбайлық әдетіме салып онлайында екеуінде қосып қоям щығар. осын қайсында гол соғылса соған ауыса қоямын
Nurshat
Реал Мадрид,Жозе Мауриньо, Роналду неткен керемет, команда, бапкер, супер(артқа үш қадам шегініс, талтайып тұрып тартады-ау сарбазың) шабуылшысы бар. < алайда Барселона, Хосеп Гвардиола, Лионель Месси, бірккен қытай қорғаны секілді, оңайға алдырмайды.
Реалдықтар мен Барселонаны сүйем
FaraOn1
екі ойын да ұнамады
asaubota
Апоелдың тәжірибесі жетпеді, соңына дейін шыдай алмады. Ойынға кейіннен кірген Кака мен арсело ойынды істеп тастады. Апоелда ондай ойыншылар жоқ әрине. дегенмен өз фанаттарына керемет сыйлық сыйлады. қанша дегенмен Реал келді олардың стадиондарына.
MINbala
Ағайындар бүгінгі ойын туралы не айтасыздар… Ойын қалай аяқталады…
Марсель-Бавария ойынында 2-сі жеңсе, Милан-Барселона ойынында 2-ші команда жеңсе жақсы болар еді… Сіздер қалай ойлайсыздар?
madickisbig
Мен керісінше ойлаймын. Марсель мен Милан жеңсе жақсы болар еді. Жалпы көп жағдайда, тек жеңіске жететін клубтарға-құрамаларға болыса беретін фанаттарды жақтыртпаймын. Бұл жалпы айтылған нәрсе. Бірақ оларды да түсінуге болады егер тапқан ақшасын сол командаға қойса.
satibaldi
Мен де сол. Леверкузеннің Байерінің тәнкүйерімін.
FaraOn1
Милан өз үйінде, сондықтан әуселесін көрерміз. Қызықта болатын ойын деп ойлаймын. осы жолы мүмкіндікті пайдаланып қалулары керек. Ал Бавария сөзсіз мықты сияқты.
satibaldi
Әуселе деген не?
Abilakim
"әукесі салбырап" деген тіркеске келетін шығар?
satibaldi
Сәукеленің палиталдық праформасы шығар бәлкім?
Rafaello
Финалға Реал мен Барселона шығайын деп тұр ғой.
satibaldi
Тағы қаталоңдар жыртып кетед сосын
Rafaello
Реал Испанияда биыл чемпион болды. Финалда да Барселонаны жеңіп кетсе керемет болады. Футболда нақты баланс болмауы керек. Біреулер 1 жыл бойы қайғыдан қан жұтса, біреулер 1 жыл бойы жеңістерін жыр қылулары керек. Менің таңдауым Реал.
satibaldi
Жоқ, солайы солай ғой, бірақ әділеттің басына Барса тағы да тышып кетед бір қой
Rafaello
Егер финалда Барселона Реалды жеңіп кетсе 1000 бірлік лақтырамын саған. Керісінше болса сен маған. Келістік пе?
satibaldi
Әңгіме жоқ. Керемет бәс. Келістік.
kokbori
мыналарың Гастаның әмбебап жауабындай ғо, егер Екі клубтың бірі финалға шықпаса екеуі де ұта алмайды
adius
Реалды биыл Испаниянын чемпионы болды деп кесіп айтатындай Ла Лига алі біте қойған жоқ. Реалдың осы аптада өз жерлестерімен (Атлетико Мадирид) ойнайтын дербиі және алдағы уақытта Атлетик Бильбао және Севильямен сырт алаңда ойнайтын ойындары бар. Оның үстіне сәуір айында Камп Ноуда болатын классиканы қос. Сондықтан чемпион болуға асықпай-ақ қойыңдар. Чемпиондар Лигасында алдарыңда финалды Альянс Аренада қабылдайтын Бавария тұрғанын ескерсек, Реалдың финалға шығу шықпауы екіталай мәселе. Бірақ Барселонаға бәрібір: финалда Бавариямен кездессе, оны өз алаңында жер қылады (Уэмблидағы МЮ сияқты), ал Реалмен шықса тіпті керемет. Ата жауыңды чемпиондар лигасының финалында ұту — бұдан артық қандай марапат қажет.
asaubota
Барселона финалға жете алмай қала ма деп қорқамын мен де.
kokbori
Барсаға шабуылдаушы командалар қарсылас бола алмайды, ал қорғанушы командалардан аса алмауы қызық. Интер, Рубин, т.б. Ал Барсаның бір мінезі атағымен мысын басады да, басында шабуылмен өткізіп гол салып қарсыласының сағын сындырады(МЮ да сондай). Ал Бавария ешқашан сағы сынбайтын неміс машинасы, ол өзіне бес гол кірсе де соғына дейін шабуылдаумен болады. Мұндай мінез негізі түрік футболында да бар. Ағылшын мен испан клубтарының Барсадан аса алмауы осыған байланысты.
konvict
Дұрыс айтасың қорғаныста жатып алатын команданы ұта алмайды Барса.
asaubota
саламатсыздар ма? Байер Леверкузен ше?
konvict
Жәрәйді. Доп футболшының аяғында. Қайда тепе сонда домалайды
adius
Шабуылдаушы командалар қарсылас болмайтыны шындық, Барсаны қақпа алдына «автобус» қоятындар мен алаң ортасында 90 минут прессинг жасап ойнайтын командалар(мыс: Реалдың Испания Кубогындағы Камп Ноуда ойнаған соңғы ойыны)ғана тоқтата алады.
Жалпы испан командаларының осы жылғы Еуро Лигада айтарлықтай жақсы нәтижеге жеткендігі — (Чемпиондар Лигасында 2 команда, Еуропа Лигасында 3 команда) әлемде испан футболының дәуірлеп тұрғандығының бір айғағы. Өз чемпионатында Реал мен Барселонадан 30 ұпайға артта келе жатқан Атлетик Англия көкжалы МЮ-ды 2 ойында да ұтуы — Чемпиондар Лигасында да Еуропа Лигасында да испан финалы болатынын және жаздағы доп додасында Испанияның неге басты үміткер болатынын дәлелдейді емес пе?
AsanQaigy
Ертең қайта кешігеміз де? Алдын ала «отмазка» табу керек...
asaubota
Еуропада сағат өзгеріп қайта жақсы болды ғой, 00-45те басталады ойындар.
adius
Милан — Барселона 1-3
Марсель — Бавария 0-3
Алла сәтін салса осылай деп сенеміз
asaubota
Байқаңдар! Бүгін букмекерлер лақтыратын сияқты бәрін. Марсель мен Милан жеңілмей қалулары мүмкін. бүгін командалар букмекерлерге ойнайтын сияқты. екі ойын да тең аяқталуы мүмкін. бүгінгі бәстерімді өте сақтықпен қойдым.
kokbori
осы дұрыс, Барса мен Милан тең түсуі мүмкін, ал Марсель мен Баварияда есеп ашылатын шығар, бірақ немістерден үміт етем
asaubota
1-1, 2-2 болып қалар деген оймен екеуі де гол салады деп тіктім. Марсельде бүгін үшінші қақпашы тұрады және қорғаныстағы Диавара жоқ. бірақ сонда да сенбей отырмын Баварияға.
kokbori
Шынымды айтсам, интуициям Интер, Марсел, Арсенал секілділерге сенбейді ваще, Олар көбік секілді ғой, бүгін бар ертең жоқ, оданда шандыр боп қалған Бавария, Милан секілдішандырлар сенімдірек
kozildirik
Бекееерррр болды деп отырсың ба?))))
asaubota
Барселона гол соқпау үшін бәрін істеген сияқты. келісілген матч деп ойлаймын. допты ұзақ ұстап жүріп алды, Месси көрінбеді. обшым букмекерлермен келіскен деп ойлаймын
FaraOn1
Милан ше? әдейі доппен то аспанды, то барсанын футболшыларын көздеп жүргені несі)))
asaubota
допты жерге түсіре алмады ғой. екеуі де гол соқпайтын болып келіскен сияқты.
Erlan
солай корінді Барселонаннан салатын мумкіндері коп болды, бірақ гол салынбады, сонгы жагында ничьяга салып, кайтарып алдым ))
Бугін ШАЛЬКЕ 04 — АТЛЕТИК БИЛЬБАО и
АЗ Алкмаар — Валенсия ойнайды
asaubota
кешегілерді бүгін қайтару керек болып тұр енді
Erlan

Осындай акша беретіні распа ?))
FaraOn1
максимум 3 лимон деп тұр ғой, техникалық отпечатка кеткен шығар))
Erlan
Шальке мен Алмакарге саттілік!
satibaldi
Тасақты жорамал айтыңдарш нақ, бүгін көңіл-күй ұрып тұр.
FaraOn1
қарымта кездесу
барса мен милан
Бавария мен марсель
бавария откенде 2 голга айырган осы жолы да минимум 2 еу тыгатын шыгар, барса осы жолы миланды аямайды, бірақ мачта 3 голдан аз болады деп ойламйын, кімде кандай болжам?)
kokbori
Барса мен милан ойыны екіге нөл болады деген ойдамын, себебі милан барсаға дұрыс дайындықпен келеді. Алайда барса ешқашан өз алаңында бір гол айырмасымен жібергенін көрген емеспін, шабуылдаушы клубтармен. Ал екінші матч немістерді пайдасына бірге бір болатыншығар деп отырм
satibaldi
Аха, үлкендеу қапшықпен қарарсың ойынды. Кейде дәме бір қанар қапқа сыймай жатады.
kokbori
неге? сен алдындағы болжамымды дұрыстап қараш, сосын ойланарсың
satibaldi
Осы мен сенің бір ауруыңды байқадым. «Дұрыстап оқыш, қараш» деген. Немене, ең керемет тұсын оқымай кетед деп қорқасың ба?
Очм, тоқетері — KILYZAMAN -ның пешке махаббатымен ант етейін — Милан 1:0 есебімен ұтад.
kokbori
Ұта алмайды, миланда ондай күшті көренім жоқ, мүмкін Бавария кездессе ештеңе айтпас едім
FaraOn1
Мен де Милан сонгы кезде шашылып ойнап жур
satibaldi
Милан деген қырсық команда ғой, қырсық, қырссссық!!! Бүгін Отан қорғауға шақырылғандай жинақтала қалады, көр де отыр. Айтпақшы, жоспарда Робиньо мен Ыбырайымұлы kokbori екеуіңе тікелей эфирден фак көрсетеді деп күтілуде
FaraOn1
 рбиньо ойнай алмайды)))
kokbori
Миланда златаннан басқалары жасықтар ғо, барсаның тактикасы жедел шабуыл мен жылдам гол болатын болса миланның шаруасы бітті деген сөз. Ал алдындағы нәтижені қанағат тұтып майыса қалса миланнан үміт бар.Әй бірақ Пеп ешуақытта нәтижені қанағат тұтпайтын ед
satibaldi
Лібә, эксперттер құсап маңғазданбаш нақ.
kokbori
Аргументтермен айту керек, үйтет бүйтет деген лохтарды шатыстырмай ма, Асаубота айтпақшы
satibaldi
Дұрыс, дұрыс. Айтпақшы, бәс тіктің бе? Табытақысын салып жіберетін бейбақтар болушы еді, олардан табиғатың бөлек адамсың деп ойлаймын. ертең де өмір бар: проезге ақша қалдыр ең болмаса
kokbori
кетЧ енесс, мен бәс тікпейм, тек бағыт көрсетушімін*( Себебі проезге де ақшажоқ
satibaldi
1:0 есебімен Милан ұтад. FaraOn1 Ирланд Республикалық Армиясының тарағаны туралы хабарлап, бүкіл контентімен Керекинфоға көшіп келед.
kokbori
Ушівөл, СААТ, қайдағы бірге нөл, миланның пайдасына,  Барса гол салды ғой
Erlan
Милан утыла коймас
Erlan
Миланга 10 коэф. кап акша салмай калганымды
FaraOn1
кап акша
банктен шыгара алмай калдыныз ба
Erlan
Лайфтан котеремде, апарып, 1 командага салып жок кылам, енди салсам лайфпен куам)
FaraOn1
лайыка кірмеген жөн)))
asaubota
ақымақ болмаңдар, Милан бүгін мал болады. Барселона кем дегенде 2 гол айырмасымен ұтады. яғни -1.5

ал ана Бавария матчын шұқымаңдар, олар тең ойнай салады. сосын лохтардың ақшасын букмекерлермен бірге тең бөліп алады.
satibaldi
сосын лохтардың ақшасын букмекерлермен бірге тең бөліп алады.
Қатыгездер
Adiletshu
Менің ойымша бугін Милан ұтатын сияқты Счет 0:1, 1:2
asaubota
Алғашқы 11 белгілі болды:

Barcelona: Valdés, Alves, Piqué, Puyol, Fàbregas, Xavi, Iniesta, Mascherano, Busquets, Messi, Cuenca.

Milan: Abbiati, Mexès, Nesta, Abate, Antonini, Seedorf, Nocerino, Ambrosini, Boateng, Ibrahimović, Robinho
madickisbig
Милан жеңеді!
Erlan
соган жан куйер боп откан
kokbori
Барса-Милан 2-1. Сатыбалды қолында бір баклашка тугазиті бар, қораға қарай кетіп бара жатыр, тағы қолындағы қыл арқанға қарап «нағыз болмаса» деп салмақтап қарап қояды.
FaraOn1
так так так екінші тайымда Милан өз какпасынын алдында жатып алады бітті
asaubota
қалайсыңдар лузерлар! менің ойымша ақшаны келесіде қайырымдылық қорларына аударыңдар.
Erlan
Реал М — Валенсия 09.04.2012 01:30
П1 1.22 Х 6.75 П2 12
Валенсия алға
asaubota
Валенсия гол салады деген сеніммен обе забьют алып отырмын.
Erlan
сол сенім ақталса екен деп тілейміз
asaubota
соңғы ойындарына қарасақ екеуі де оңай гол сала алады, Реал да оңай гол жібере алады. обшым көреміз, бұл шықпай қалса қатты депрессияға кіріп кететін сияқтымын.  бүгін біраз беріп қойдым, біраз болғанда кәдімгідей көп енді
FaraOn1
Бағана мен қақпашылар ата жауыңызға айналды ма?))) удары мимо денег дегенді енді түсіндім
asaubota
бүгін қайтарамын енді  кеше фарт бомлай қалды.
FaraOn1
менің де болжамым келмед. Валенсия Реалды өте алмайтынын біліп, екеуі де ашық ойынға көшетін шығар деп ем. Бір біріне гол салуға мүмкіндік беріп, нөсер болат деп күткен ем.
Обш кеше вараталардын алдында бір тылсым күш қорғап тұрды ғой дим, Арсенал мен МС нің ойынында да доп бағанамен сүйісіп қоймады. бірақ мұндағы болжамдарым келді)))
zhanibek_nurish
Футболға қызығатындарға қызыға қараймын, қап-ай!
Erlan
Валенциянын ойны тамаша болды тек утпай калганы болмаса ) какпашы да базар жок.
Erlan
Бугін тунде мықты футбол командалар ойнасады, жорамал жасай отырайық ағайееын!

Уиган Атлетик — Манчестер Юн 12.04.2012 00:45
Манчестер Сити — Вест Бромвич 12.04.2012 00:45
Вулверхэмптон — Арсенал 12.04.2012 00:45
Байер Л — Кайзерслаутерн 12.04.2012 00:00
Нюрнберг — Шальке 04 12.04.2012 00:00
Валенсия — Райо Вальекано 12.04.2012 00:00
Боруссия Д. — Бавария 12.04.2012 00:00
Гранада — Атлетик Б 12.04.2012 00:00
Атлетико Мадрид — Реал М 12.04.2012 02:00
asaubota
осылардың бәріне «первый тайм будет гол» дегенді қойып жібер экспресстеп.
Kerekstavka
Испандықтардыкін алып керек жоқ, первый тайм будет голды
asaubota
сүттен аузың күйіп, айранды үрлеп ішіп отырсың ба?  қорықпа, бүгін гол жаңбыры болады дейді синоптиктер.
asaubota


7/9 системамен алдым. егер системаны түсінбесеңдер бас ауыртпаңдар, жалпы ставкада түсінбеген нәрседен қашыңдар.
konvict
Мен уаще түсінбеймін ставканы. Зато рЕАЛ ұтылып қалса екен деп қызыл кітаппен дұға етемін
Kerekstavka
Оңай ғой. Бір баста, ары қарайғысы оңай
Erlan
экспресте 11.19 х 1000 тг= 11190 тг
7/9 деген системада 6552 тг
сонда 9 дын 7і дурыс шыксада утады деген бе?
Erlan

Осылай екі эксрпес жасадым )

Енді 1 таймда гол болады деп тагы 1-ін жасаймын )
Adiletshu
Боруссия-Бавария қауіпті. Мен Баварияға Х2 қояр едім
FaraOn1
Шалькеге неге сонша көп беріп отыр?
asaubota
бүгінгі түннің ең темірбетон бәстері:

Байер Леверкузен -1,5
Рома — Удинезе ТБ 2,5