Сервировканың қыр - сыры.

Толық сервировканы күнделікті өмірде қолданатын біздер Елизавета патшайым емеспіз, бірақ білгенге — маржан. Мүмкін бір күні керек болар.
Сервировка жасап берілген қарапайым тамақтың өзі әдемі көрінеді.
1. Майға арналған пышақ
2. Нан мен майға арналған табақша
3. Қасық (сұйық тамаққа)
4. Теңіз өнімдеріне арналған шанышқы
5. Теңіз өнімдеріне арналған пышақ
6. Ет пен салаттарған арналған шанышқы (екінші тағам, қою тамаққа)
7. Ас пышақ
8. Декоротивті табақша
9. Сорпа табақшасы
10. Десерт қасығы
11. десерт шанышқысы
12. Суға арналған стакан
13. Шампанға арналған бокал
14. Қызыл шарапқа арналған бокал
15. Ақ шарапқа арналған бокал

Дастарханға сервировканы жасадуың өз реті бар:
— алдымен фарфор ыдыс
— кейін шанышқы-қасықтар
— сосын ғана шыны стакандар мен бокалдар қойылады.

Қосымша тағам және сорпа тағамдарына май мен нанға арналған табақша, ал оның жанына қол шаятын тостаған қойылады. Бұл тостағанды теңіз өнімдері ұсынылса, қолды шаюға арналған. Тостаған ішіне жылы су және лимон тілігі немесе жалбыз жапырағы салынады.

Сұйық сорпаларға арнайы сорпа чашасы, ал пюрелі сорпаға табақша қойылады.
Бөлісу:

19 пікір

asaubota
студент кезімізде осыны арнайы сабақ ретінде өтетін едік. емтиханда да сұрайтын еді «шарап бокалының көлемі қандай?», «десерт шанышқысы неше сантиметр?», «басты тарелка үстелден неше сантиметр қашықтыта тұруы керек» деген сияқты.
satibaldi
Мүмкін бір күні керек болар.
Ол күн қаззақтарға ешқашан келмейді.
Aizhantabyn
Той болғанда керек қой.
satibaldi
Құрыған сервировка. Шанышқымен жеу тіптен денсаулыққа зиян. Пышақ, кесе, қасық, стақандар — міне, дастарқан тіреліп тұрған үш бұт.
Gastarbaiter
міне, дастарқан тіреліп тұрған үш бұт.
Abilakim
қазақтардікі рахат қой, ортада дәу табақ…
Gulistan
Пышақтар мен шашышқы түрлерін шатастырам, бірақ сервировка кезінде салфеткаларды әсемдеп қою ұнайды.
Aizhantabyn
айтпа, бізде бәрі просто пышақ, просто шанышқы және екі түрлі қасық: үлкен және шәй)))))))))
VKM
 аха.1 шанышқы,2 қасық,1 пышақ.
satibaldi
Мынадай сервировка жасалған үстелге отырмаймын, қонаққа бармаймын, және ешқашан бармауға тырысамын.
Сол қолғамед, оң қолғамед, каркадэны шәйді үш ұрттап барып жартысын тісеу керек деп отырғаннан миым ашид нақ. Құй, сал, іш, же — міне тастарқанның сәні! Әдісі маңызды емес.
konvict
3 шанышқы, 2 қасық, 3 пышақ, 4 бокал. Ұжссс. Қайсымен тамақ жеп отқаныңды ұмытып қаласың ғой. Студент кездегі бір дәу қасықпен тамақ ішіп отырып, шайға қантты да сол қасықпен салатын уақыт керемет екен ғой. Ештеңеге бас қатырмайсың.

Пост үшін ырысбек, біліп жүреміз енді
satibaldi
3 шанышқы, 2 қасық, 3 пышақ, 4 бокал. Ұжссс.
Бұл тіпті де шын мәнінде солай жасалуы тиіс сервировка емес. Жәй, қаззақтардың үйінде Бирхоффтыкі деп, құлақтан теуіп сатып кеткен ыдыстар дақұя. Соны көрсетіп, жыртылу үшін сервировка жасайды қазекем. Тамақ ішіп отырып, хозяйкаға ыдысты мақта: ләззаттан тура құман ұстап отырған жерінде бітіреді.
asaubota


«Чайник алдың ба, нееее? күшті екен» де. бірден оргазм болады
Gulistan
Сервиз, қасық-ожау — бөлек әңгіме.
Zhan
Шынымен, осы ыдыс-аяғын жай мақтап қалсаң жүзі жайнап сала беретін талай адамды көрдім. Қайдан әкелгенін, бағасы қанша екенін айтып мыжып кетеді сен сұрамасаң да.
Aizhantabyn
ыдыс-аяққа бұрыннан құмармын. Әдемі, ерекше тарелкаларды жақсы көрем. кесенің де түр түрін жинап жүрм)) Өткенде маған мынандай сыйға тартты бастығым:
Gastarbaiter
Қайдан әкелгенін, бағасы қанша екенін айтып мыжып кетеді сен сұрамасаң да.

Көңіліңізге кір толып қапты. Шуақ шашыңыз бу күнәхар әлемге! Шуақ!
KILYZAMAN
qisyq
Нау сіздің қол емес деп үміттенемін