Bonjour! Мені қызықтырған француз тілі

Білмеймін кішкентай кезден бастап француз тілін үйренуге деген үлкен қызығушылығым болатын. Кейін ол басылып қалған. Енді міне қолға алдым. Алматының келіп болмай қойған көктемі әсер еткен болар:-)
Француз тілі — француздардың, Бельгия, Швейцария, Канададағы француз тілді халықтың тілі. Француз тілін Африка, Кариб бассейні (Гаити және т.б.), Француздық Гвинея қолданады, кейбіреулерінде тіпті ресми тіл есебінде жүреді.
Латын тілі ішінен шығып, басқа роман тілдерінен қарағанда анағұрлым дамып кетті. Жазу тілі латын алфавиті негізінде.
Әрине соңғы жылдары оның қолданылу аясы тарыла түсуде.
Дегенмен де БҰҰ-ның негізгі 6 ресми және жұмыс тілі ішіне енеді. Француз тілінде өз ойын айта алатындай дәрежедегі халық 270 миллион шамасында деген деректер бар.
Мені ең таңғалдырғаны француз орфографиясы. Мұнда «мылқау», яғни оқылмайтын әріптер өте көп. Олардың не қажеті бар деп басында бас қатырушы едім. Сөйтсем, бұл ескі ортағасырлық француз тілінен қалып қойған дағдылар екен. Соңғы ғасырларда көп дыбыстар дыбысталуын жойған, кейбіреулері біріге отырып дыбыстық өзгеріске ұшыраған екен. Бірақ жазу тілі өзгермеген. Міне қандай консерватизм!!! Алда талай қызықтарға тап болатын болармын. Кездесіп жатсам, сіздерге хабарын берермін!
Bonne chance! Сәттілік!
Бөлісу:

27 пікір

meirzhan
Қазақтың тілінің көсегесі көгермей тұрғанда қайдағы фғансуз тілі?! 3 тұғырлы тіл дедік, орыс тілі, ағылшын тілі дедік! Қайран тілім-ай?! тілім ауырып тұр
talshyn
Кешіріңіз, мен біреулерге француз тілін 4-ші тұғыр етіп, қабылдасын деген жоқ едім. Бұл менің жеке қызығушылығым:-)
meirzhan
Шетел тілін білу ешқашан артық етпейді!
Zilola
Merlot — Мерло
Cabernet — Каберне
Peugeot — Пежо
Renault — Рено
деген создерде сiз жазган мылкау дыбыстар бар.
satibaldi
Merlot — Мерло
Cabernet — Каберне
Маскүнем иятсыз апашка
satibaldi
Ағылшындар презервативті «французша сөйлем» деп атайды, себебі сол қажетсіз соңғы мылқау буындар екен.
ken
Латын тілі ішінен шығып, басқа роман тілдерінен қарағанда анағұрлым дамып кетті
Бұл қайдан алынған дерек?
Gastarbaiter
ағылшын тілінде де көп ондай.
daughter доты деп оқылад. Алайда laughter лафта деп оқылад. Сол тарихи қалыптасқан ережеге сәйкес.
satibaldi
Біздің Айжан апай ағылшындар тілі оңай болса да, емле заңдарын әдейі қиындатып жасаған деп еді, бұл тұжырым шындықтың ранчосына қаншалықты жақын?
satibaldi
Сосын біреуден цитата келтіріп еді, типінақ, ағылшын тілі — ең құрыған тіл деген.
Aizhantabyn
екі рет дәріс алдым, сразу пропало желание әрі қарай оқуға. Саған — сәттілік))))
talshyn
Иә, қиындығы мен қызығы көп болар. Көре жатармын оны да әлі
asaubota
әріптердің мылқаулығын енді түсіндім, рахмет!
shimaibek
Француз тілінде өз ойын айта алатындай дәрежедегі халық 270 миллион шамасында деген деректер бар.
Соның ішінде орыс халқының үлесі де басым шығар ә?! Бұрынғы орыс аристократиясы осы тілде сөйлеп, өз ойын жетік жеткізе білулері шарт болып саналып па еді, бірдеңе ғой))
ken
баяғы заман мен қазіргіні шатастырып оцың
shimaibek
Солардың сарқыншағы болып күні бүгін де фрунцузшасыны жете меңгерген орыстар баршылық шығар дегенім ғой.
ken
бары бар шығар. бірақ, өзің жазғаныңдай, сарқыншақ болса, онда қалай 270 миллион адамның ішінен үлесі басым болмақ? қатырасың-ей
araika
Француз тілі — француздардың, Бельгия, Швейцария, Канададағы француз тілді халықтың тілі.
Мына жаңылтпашты жаттап алып, қайда қолданғаным дұрыс
talshyn
А иә, жаңылтпаш болып кетіпті ғой:-)
satibaldi
Тілді әдемілігі үшін оқу — өзіңе деген қиянат.
Тек неміс тілі мен ағылшын тілі ғана сұрыпталып, қолданыста қалатын түрі бар сияқты. 5 000 жылдан кейін. Қазақша тек «эу, бауырым!» және "қымбат екен" деген сөздер қалады.