UFC 146: Жуниор дос Сантос пен Фрэнк Мир (спойлер-шолу)

Жазып өткенімдей, бүгін таңертең, ал АҚШ уақыты бойынша 26 мамыр күні кешкі сағат 19-00 мен 22-00 аралығында UFC 146 кездесулері болып өтті. Интернеттегі шиватілеулерінбергірлер видеосын көп ұзамай бөлісуінің арқасында, бірақ трафикті тым артық пайдаланып тастағанымның кесірінен таңертең алуды бастаған матчты түстен кейін тамашалаудың сәті түсті
Жалпы кездесулерде нокауттар көп болды (80%). Опшым, басты кездесу деп аталған ауыр салмақтағы бес жұптың нәтижелері төмендегідей:

Абайлаңыз! Спойлер!

Әрі қарай

Әрі тәтті, әрі тиімді

Кокос жапсырылған, глазурьленген, қызыл, жасыл, сары түсті, не дәмі керемет емес, не сыртқы түрі онша емес пешенейлер болады ғой. Шамамен, мынадай:

Дастарханда көп адам қол созбағасын, тұрып-тұрып көнеріп кететін де осылар. Бұларды не істейміз, тастаймыз ба?
Әрі қарай

Ертөре "Че" Қибаров. Төңкеріс

Менде бір керемет сюжет бар...: Ертөре Че Қибаров.  Төңкеріс
cурет: 2.bp.blogspot.com

***

1-хат

Сүйікті, менің досым, Перден!

Жағдайың жақсы ма? Денсаулығың қалай? Өткен жылғы шығартып жатқан оқулықтардың жаңа стильде жазылғанын көріп риза болдым. Мәселен, Математиканы түрлі пазл етіп бергенсің, Тарихты комикстер, ал Ана тіліне еркін рейтингілеу мен таңдау құқын қосыпсың, тағы біраз жұмыстарыңды да жақсы бағаладым.
Әрі қарай

Маппеттердің қайта оралуы


Білетіндер үшін
Маппеттер есіңізде ме? 1980-жылдардың өкілдері осы бір ұсқынсыздау, бірақ мейірімді қуыршақтарды білетін шығар. Бірқатар американдық сериалдар мен шоулар арқылы танымал болған осы кейіпкерлер кезінде қуыршақтар әлемінде бөлек ұғымға ие болды. Бізді қайдам (КСРО), бірақ АҚШ-тың бірнеше ұрпақ өкілдері осы Маппеттер шоуын көріп өсіпті. Қателеспесем, бұл қуыршақтар біздің елде тоқсаныншы жылдардан кейін танымал бола бастады.
Әрі қарай

Білім жүйесі. Акт #1 - Перпетуум мобиле.

«Менің әкем де, оның әкесі де, оның әкесі де, оның әкесі де самурайлар болған.» ©Самурай Фигуси.

1960 жылдар. ЖОО-лар. Елде шаруа тастан асып жатыр. Бірақ қыз-жігіттер сонда да, кешкісін оқыса да оқуларына үлгеріп жатыр. Кешке оқиды, сырттай оқиды, әйтеуір оқиды. Алқашқы техникалық толқыннан бірен-сараны болмаса, ұстаз жетіспегендіктен, көбісі бірден оқытушы болып, оқу орындарында қалдырылды.

1970 жылдар. ЖОО-лар. Көзі ашылмаған қаззақтың ең бақытты онжылдығы десем, ешкім тасымды шауып алмас. Көңіл — көтеріңкі, қалалық қаззақтар табы пайда болды. Епті, ең
Әрі қарай

КерекИнфода көктемгі апталықтар



Көктемнің алғашқы айы да келіп қалды. Осы бір тамаша айдағы 2 мерекені КерекИнфода апталық ретінде атап өтуді ұсынамын:

01 наурыз — 08 наурыз: Қыз-келіншектер апталығы. Осы күндерде аналар, қыздар, келіншектер тақырыбында пайдалы мәлімет, мақала, мультимедиа, жазбалармен бөлісейік.

14 наурыз — 22 наурыз: Наурыз мейрамы апталығы. Наурыз мерекесі, салт-дәстүр, ұлттық құндылықтар, достық, татулық туралы мақалалар, жазбалармен бөлісейік.
Әрі қарай