UFC 146: Жуниор дос Сантос пен Фрэнк Мир (спойлер-шолу)
Жазып өткенімдей, бүгін таңертең, ал АҚШ уақыты бойынша 26 мамыр күні кешкі сағат 19-00 мен 22-00 аралығында UFC 146 кездесулері болып өтті. Интернеттегі шиватілеулерінбергірлер видеосын көп ұзамай бөлісуінің арқасында, бірақ трафикті тым артық пайдаланып тастағанымның кесірінен таңертең алуды бастаған матчты түстен кейін тамашалаудың сәті түсті
Жалпы кездесулерде нокауттар көп болды (80%). Опшым, басты кездесу деп аталған ауыр салмақтағы бес жұптың нәтижелері төмендегідей:
Абайлаңыз! Спойлер!
1) Стефан Струве мен Лавар Джонсон
Төбелес бір минутқа созылды. Лавар Джонсон бірінші болып соққылар жасап, Струвені шарбаққа тақап алған еді. Анаконда сияқты ұзын Стефан Струве Джонсонның астына кіріп алып, қолын рычагқа алу арқылы Джонсонды берілуге мәжбүр қылды. Бүкіл кеш бойы бразилиялық джиу-джитсудан әдіс қолданылған жалғыз жекпе-жек осы болған шығар. Осы әдісі үшін Струве 70 мың доллар көлемінде «Кештің берілдіруі» (Submission of the Night) сыйлығын алды.
2) Стипе Миочич пен Шейн дель Розарио
Екі жақтан да алма-кезек шабуылдар болды. Бірақ басымдық Миочичтің жағында болған сияқты (кімге қалай екенін білмеймін — өзіме солай көрінді). Екінші раундта Миочич үстіне шығып, дель Розарионы бастан бірнеше рет шынтақпен соққылаған соң, ойын тоқтатылды. Шейн дель Розарио қарсыласының соққыларына қарсы жасар шарасы болмай, техникалық нокаут алды.
3) Рой Нельсон мен Дейв Херман
Рой Нельсон бірінші раундтың 50-секундында Дейв Херманды нокаутқа жіберді. Осы үшін Нельсон 70 мың доллар көлемінде «Кештің нокауты» (Knockout of the Night) сыйлығын алды.
4) Кейн Веласкес пен Антониу Силва
Нағыз қанды шайқас болды. Кезінде Емельяненконы бейшара қылып сабаған «Дәутабан» Антониу Силва жеңіске жететін шығар деп ойлаған едім. Оңбай қателестім — Кейн Веласкес қаныпезер екен! Веласкес Силваның үстіне шығып алып төпелеп (ground & pound), «сегізбұрыштың» ішін қан қылды. Силваның қабағын жарып жіберген ғой. Сөйтіп, былтыр күзде Жуниор дос Сантостан нокаут алып, чемпиондықтан айырылған UFC экс-чемпионы Кейн Веласкес техникалық нокаутпен Антониу Силваны жеңіп кетті.
5) Жуниор дос Сантос пен Фрэнк Мир
Бірінші раунд соңына дейін арбасып, соққы алмасумен өтті. Раунд бітуге он секундтай қалғанда, дос Сантос Мирді шарбаққа тақап, сабалап алды.
Екінші раунд та сылбыр басталды. Тек бірінші минут аяқтала бергенде дос Сантостың соққысының тегеурені қатты болды ма, әлде Мирдің өзінен болды ма, Фрэнк Мир жерге бір құлап, тұрып алды. Әрі қарай тағы соққы алмасу — Фрэнк Мирден лоу киктер (аяқтан тебу) көп болды, ал ЖДС көбінесе қолмен жұмыс істеп жүрді (опшым, аяқпен тебуге жоқ па деп қалдым). Раунд аяқталуға екі минут қалған кезде ЖДС-тың оң қолмен жақтан ұрған соққысынан Фрэнк Мир есеңгіреп, одан кейінгі бірнеше соққысына тіпті төтеп бере алмай қалды. Сөйтіп, ЖДС нокаут арқылы чемпиондық атағын сақтап қалып, екі дүркін UFC чемпионы атанды!
Бұрындары Фрэнк Мир ЖДС-тің ұстазы Антониу Родригу Ногейрамен екі рет кездесіп, бірінші рет техникалық нокаутпен, екіншісінде кимура әдісімен қолын қайырып жеңген екен. ЖДС ұстазы үшін кек алған кездесу болды бұл
Төбелесшілер рейтингінде бірінші тұрған ЖДС бұрынғы екі дүркін UFC чемпионы Фрэнк Мирді оңай жеңіп кетті деуге болады, өз ойымша. Бірақ Алистар Оверим сынақтан сәтті өткенде, нәтиже басқаша болып — Жуниорға чемпиондығын сақтау үшін біраз терлеу керек болатын ба еді, әлде тіпті таяқ жеп қалар ма еді, кім білсін. Алистар Оверим не де болса оңай қарсылас болмайтын еді. Амал нешік…
Опшым, UFC бойынша өткен кездесулер осындай. Өкінішке орай, әлі видео жоқ. Шығып жатса, бірден осында әкелемін.
Айтпақшы...
Бүгін кикбоксинг, муай-тай, ушу-саньда, кунг-фу, каратэ, таэквондо, сават сияқты жерге жатпай төбелесетін (күрессіз дер едім, алайда ушу-саньдада күрес әдістерін қолдануға рұқсат бар) жекпе-жек түрлерінен K-1 Rising 2012 додасы болады. Мұнда да біраз қызықтар болайын деп жатыр. Атап айтқанда:
— Осыдан екі айдай бұрын ғана кикбоксингті тастап, кәсіпқой боксшы боламын деп қоштасу жекпе-жегін өткізіп, түркиялық Гөкхан Сакиді техникалық нокаутпен жеңген К-1 жұлдыздарының һәм аңыздарының бірі Бадр Хари қайтып келіп жатыр. Бүгінгі қарсыласы — Андерсон Силва ("Өрмекші" емес, басқасы).
— Кикбоксинг пен ММА спортын тастағанына біраз болып қалған кикбоксер әрі саясаткер, «хорватиялық мент» Мирко «Кро Коп» Филиппович те жекпе-жекке шығайын деп жатыр.
— «К-1» ұйымы былтыр банкротқа ұшырап, жабылуға мәжбүр болған көрінеді. Содан сахна сыртындағы промоутерлер тобы жаңарып, «К-1» бренді қайтадан жанданып жатыр екен. Жарыстың атауындағы «Rising» деген атау да содан шыққанын енді біліп жатырмын
Көбәріп һәм спойлер үшін ренжімессіңдерМүмкіндігінше жеткізуге тырыстым — тәпішке лақтырып қуалап жүрмеңдер
Скриншоттар өзімнің плеерімнен, ал постер мына сайттан алынды.

Көбәріп һәм спойлер үшін ренжімессіңдер
Скриншоттар өзімнің плеерімнен, ал постер мына сайттан алынды.
Бұл кешті көре алмадым.Кезіндегі Тито Ортиз, Кевин Маккалестр секілді «шайтан жейтіндер» бар десеңші.
Омеке, есіңде ме бір жақ кеудесі қуыс,қабырғалары түгел емес бір боец болушы еді ғой.
Егер ресейлік трекерден торрентпен алам десең (айдың аяғы ғой, трафикті аямасаң болады ), кешке файлын жіберейін.
Жазбаға +150!
Шолулардың басы осы болсын!
Ал Алистар… Алистар мен ЖүнДостың төбелесі арман боп қалды(((
Ол есімнен шығып кетіпті айтпақшы.
Мынау — полиция бөлімшесінде түсірілген суреті-міс: