Маппеттердің қайта оралуы


Білетіндер үшін
Маппеттер есіңізде ме? 1980-жылдардың өкілдері осы бір ұсқынсыздау, бірақ мейірімді қуыршақтарды білетін шығар. Бірқатар американдық сериалдар мен шоулар арқылы танымал болған осы кейіпкерлер кезінде қуыршақтар әлемінде бөлек ұғымға ие болды. Бізді қайдам (КСРО), бірақ АҚШ-тың бірнеше ұрпақ өкілдері осы Маппеттер шоуын көріп өсіпті. Қателеспесем, бұл қуыршақтар біздің елде тоқсаныншы жылдардан кейін танымал бола бастады.
Білмейтіндер үшін
Маппеттер (ағыл. Muppets) — Джим Хенсон есімді адам ойлап тапқан қуыршақ кейіпкерлер тобы. Олар 1955 жылдардан бастап көпшілікке танымал бола бастады. Санап отырсақ, бұған дейін Маппеттердің қатысуымен оншақты фильм, үш сериал жарық көріпті. Сондықтан да шығар, Маппеттер кино әлемі үшін қайталанбас феномен болып қалыптасып үлгерді.


Фильм жайында
"Маппеттер" (The Muppets) — режиссер Джеймс Бобиннің 2011 жылы шығарған кинокомедиясы. Сюжет бойынша, қазіргі заманда ешкімге керек болмай қалған Маппеттердің аянышты өмірлерін көреміз. Әр кейіпкер өз күнін көру үшін, жан-жаққа тарап кеткен. Жас телекөрермендер рейтинг қуған жаңашыл, бірақ көргенсіз (мысалы: Оқушылардың мұғалімді ұруы туралы бағдарлама) шоулардың жетегінде кеткен, ал ересектер Маппеттердің болғанын ұмытып та қалған. Тэкс Ричман есімді кәсіпкер Маппеттердің бұрынғы театр-студиясын сатып алғысы келмесе, қуыршақтарды ешкім еске алмас та еді. Оның ғимаратты сатып алудағы өзінің зұлым мақсаты бар еді — студияның астында үлкен мұнай қоры бар екен. Ричман жер астындағы байлықты өндіріп алу үшін театрды бұзбақ. Бұны естіген Маппеттер қайтадан бас қосып, театрларын сақтап қалмақ болады. Ол үшін тез арада 10 миллион ақша тауып, қайтадан сатып алулары тиіс. 10 миллионды табу оңай емес, бірақ бір ғана жол бар — шоуларын қайта жаңғыртып, телекөрермендердің көзайымына айналу керек. Сонда ғана адамдардың көмегімен ақша жинай алады. Бақа Кермит бастаған қуыршақтар іске кірісіп кетеді.

Комедия мен музыка
Юморлары тек өздеріне ғана тән дер едім. Аздап топастау, бірақ орынды әзілдері ерекше әсер береді. Тіпті өздері түсіп жатқан фильмге қатысты айтқан юморлары да жеткілікті. Ал, музыкасы таңғалдырды. Әлемнің танымал хиттарына жасаған пародиялары мен өздерінің орындауындағы әндер қосымша әр бере түседі. Бұл орынды да, өйткені фильм — мюзикл элементтері бар комедия ғой. Белгілі бір композицияны орындау қойылымы да барынша жеңіл әзілмен берілген.

Мен өзім Маппеттердің сүйікті көрермендері қатарынан емеспін. Тіпті, бұған дейін аздап жек көру сезімдері болғанын жасырмаймын. Бұған тұрпайы түрлері себеп болған секілді. Жете бағаламау тану объектісін дұрыстап білмеуден, көрмеуден туындап жатады ғой. Маппеттердің ешбір шоуын, не фильмін бұған дейін көрмеппін. Оларды жете бағаламау сондықтан да шығар.
Дегенмен, қазір олардың жанкүйері болып кеттім деуден де аулақпын. Бірақ әдемі музыкамен көмкерілген жеңіл әрі топастау комедия көруді ұнатсаңыз, оның үстіне Маппеттердің кім екенін білетін болсаңыз — бұл фильмді көруге кеңес беремін. Аталған комедиядан астарлы әзіл мен ой салатын тұжырым іздемеңіз. Бұл — бәрінен де бейтарап фильм.
Бөлісу:

15 пікір

aikarakoz
Мынадай мультик көрмеппін. Мүмкін есімде қалмаған шығар
patick
Мультик емес
aikarakoz
мен өзім ғой мультик деп отырған). Шоудың мульт кейіпкерлері)
patick
мульт кейіпкерлер емес, кәдімгі қуыршақтар
aikarakoz
Ия, сенікі дұрыс . Бәрібір мен үшін муль кейіпкерлер) Сол қуыршақтарға жан бітірген болып, экраннан сөйлетті ғо…
patick
жан бітірген адамның қолдары ғой. қуыршақтың кө… нен қолыңды сұғасың да, қимылдатасың
Aizhantabyn
ужас((( осылардан қатты қорқатын ем. Хотя, Альф (осы секілді уродец болса да) сондай сүйкімді көрінетін)))))
patick
Альф өте дөрекі, сүйкімсіз, ұсқынсыз еді ғой )))
Aizhantabyn
өзіме қатты ұнайтын))) Прикольный, сосын мысық жегіш қасиеті қатты ұнайтын))) а глаза какие невинные))))
asaubota
осылайша Айжан өзінің осындағы Маппетшоуды көрмеген бала-шағадан жасы үлкен екенін көрсетті!
a63a1
белсебет-матасекл екен деп отсам қуыршақтар екенғой
e_zhalgas
мамбеттер, ой, маппеттер маған онша ұнамады
omarbirat
Бұрын телебизірден көрсетіп жататын, әйтеуір. Өздері бірдеңені айтып алады да, кадрдың сыртынан біреулер ду күледі. «Не бәле бұл» деп онша қызықпаған екенмін. Кейіііін, осы фильм шығады дегенде еске алғаным болмаса
Serzha
Маппеттердің
естіген емеспін
e_zhalgas
ештеңе жоғалтпадың