Мұхтар ШЕРІМ. ЫРЫМ-ЖЫРЫМДАР...
--Қыздарға мың үйден тиым… Өйткені, қазіргі қыздардың аяқтары емес, ауыздары жүреді… --Келіншектердің талтайып тұруына болмайды… Жабыстырып киген шалбар-ла¬ры айырылып кетеді.
--Әйел қойдың басын мүжімейді, мүжісе күйеуінің басын мүжіп кетеді…
--Өз құдығыңа түкірме, көршің де түкіріп кетеді…
--Банкті айналып жүгірме… Бәрібір несиеңді кешірмейді.
--Алқаштарға қолыңды шошайтпа… Ақша сұрайды.
--Парақор әкімнің қолын алма, «парақорлық вирусы» жұғып кетеді…
--Саясатқа барма, саясат сайқал, жүргіш. Көңілшек қыздар сияқты бұзылып ке¬те¬сің.
--Өз желкеңді өзің тістеме… Аузың созылып кетеді…
--Халықтың нанын тартып жеме, оқ атпа, Украйнаның сұм президенті сияқты қашып жүресің, аяғыңды әр жерден басып жүресің…
--Қазақстанның керегесін керме, табалдырығына тышпа… Геморой боласың.
--Шпион көрсең, шәй берме… Шекараңды тіліп кетеді.
--Екіқабат әйелге теңге ұстатпайды. Ұстатса, теңге құнсызданып кетеді…
--Билікте жүріп ысқырма… Ресейге елші болып кетесің…
--Түнгі көбелек қыздарды құшақтама, оларды айналып жүгірме… Шайтан ұрады.
--Бастығыңның бетіне үрлеме, тырнағын тістеме… Кісілік жұғады.
--Жұрт алдында мұрныңды тазалама, ышқырыңды қасыма, аспанға түкірме, тіліңді сумаңдатып, шығара берме… Жындыханада жатқаныңды біліп қояды.
--Қыздар, жігіттерге сұқ саусағыңды шошайтпа, күйеуге тимей қаласың…
--Түнде « Водаканалға» барма...(суға) Баға қымбаттап кетеді.
--Қымбатшылыққа басыңды шайқама, таңдайыңды тақылдатпа, жындыбас боласың.
--Депутаттарға күлме, тіл тигізбе… Өз басыңа келеді…
--Билік желіне қарсы түкірме, билік дауылына қарсы дәрет сындырма… Өзіңе шашырайды.
--Жексұрын бастығыңның қасында жел шығарма… Бірге иістенесің…
--Қазақ тіліне ерніңді шығарма, боқтама. Ернің жырық болады.
--Табаныңды қасыма, жемқор болып, шетелге қашып кетесің.
--Министрдің қойдың миын жеуге болмайды. Мисыз, миғұла министр болып кетеді…
--Таяққа сүйенбе, күйеуіңе сүйен. Күйеуің сонда тоқал алмайды.
--Әйеліңді ұрма, қолың сал болып қалады…
--Ұйықтап жатқан енеңді аттап өтпе. Енеңе қарай жүгірме. Тентексің бе не?
--Әйелдер мерекесі қарсаңында ақша санама… Кедей боласың.
--Қазақ қыздарының алдын негр кесіп өтсе, жолы болмайды. Оған тигенмен, бақытсыз боласың.
--Бензин колонкасына қарап тырқылдап күлме, мұнайлы ел болсаң да бензин қымбаттап кетеді.
--Депутат болсаң, жағыңды таянып отырма, тістерің түсіп қалады.
Мен шығарған ырымдар мен жырымдар осындай. Сіз өзі ырымға сенесіз бе, әлде халыққа өтірік есеп беретін әкімге сенесіз бе?

Қандекеңді бәріңіз білетін шығарсыздар? Қанден итті айтамын да? Анаған да, мынаған да үре беретін ше? Көлеңке көрінсе де, шәуілдей беретін… Ресей думасының депутаты Владимир Жириновский, ия, ия Жырындовский Алла тағаланың құдыретімен… астапыралла, таңертең көзін тырнап ашқаны сол, қойнында қасынып жатқан қатыны қарғып тұрып:






