«Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы бойынша Ақтөбеде 111 566,6 шаршы метр тұрғын үй салынды

Блог - ramakitaec: «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы бойынша Ақтөбеде  111 566,6 шаршы метр тұрғын үй салынды
«Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасын жүзеге асыруда Ақтөбе облысы алдыңғы орындардың бірін иеленіп отыр.

2013ж. 24 желтоқсанда «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқарма Төрағасы Айбатыр Жұмағұлов Ақтөбе облысының Әкімі Архимед Мұхамбетовпен кездесті.

Кездесу кезінде олар, негізінен алғанда, «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасын жүзеге асыру барысын талқылады.

Бағдарлама бойынша жұмыс Ақтөбеде өткен жылдан бастап жүргізіле бастады. Осы уақыт ішінде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің жергілікті филиалы 2 миллиард 307 миллион 96 мың теңгені мемлекеттік бюджетке қайтарды.

2012 жылы 319 ақтөбелік отбасы жаңа пәтерлерге қоныстанды. Биылғы жылы 607 пәтер пайдалануға беруге дайын, олардың 125-ін қазақстандықтар сатып алып та қойды.

«Ал жыл соңына дейін», — дейді Архимед Мұхамбетов, — «…біз қалған пәтерлерді мүмкіндігінше толығымен бөлуді жоспарлап отырмыз. Қазіргі уақытта тиісті құжаттарды дайындау жұмыстары жүргізілуде. Егер 2012 жылы үйлер қаланың ішінде салынса, 2013 жылы Ақтөбеде жаңа «Нұр-Ақтөбе» ықшамауданы пайда болды. Дегенмен, біз кейбір өңірлердегідей тұрғын үй бағасын көтермейміз».

Қазақстандықтар 2014 жылы алуы тиіс қолжетімді баспана, Архимед Мұхамбетовтің айтуына қарағанда, қазірдің өзінде салынып бітіп тұр. 2014 жылдың жазында ол үйлерді жайлыландыру жұмыстарын жүргізуге тендер жарияланады, сөйтіп, шамамен жыл соңына қарай ҚТҚЖБ 752 салымшысы пәтер кілттерін алатын болады.

«Ақтөбенің атқару органдары «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасына тиісті деңгейде қолдау көрсетіп отыр, — деді Айбатыр Жұмағұлов, — «үш жыл ішінде облыс әкімдігі Ақтөбе балалар үйіндегі жасөспірімдердің шоттарына 57 миллион теңге аударды, жыл соңына дейін ол шоттарға тағы 10 миллион түседі. Балалар үйінен шыққан кезде жасөспірімдердің біздің Банктегі шоттарында белгілі бір сомадағы тұрғын үй құрылыс жинақтары болады. Өздеріңіз түсініп отырғандай, жетім балалар үшін бұл – үлкен көмек».

Бұдан басқа, Әкімдік осында тұратын, ҚТҚЖБ салымшылары болып табылатын оралмандардың шоттарына да қазірдің өзінде 8 миллион теңге салды. Олардың саны облыста 88 адам. Жыл соңына дейін олардың әрқайсысының шотына тағы 10 000 теңге түсетін болады.

Кездесуде басшылар бюджеттік ұйымдардың қызметкерлерін қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету мәселесіне де ерекше көңіл бөлді. Айбатыр Жұмағұлов пен Архимед Мұхамбетов тұрғын үй құрылыс жинақтарының артықшылығына қатысты «бюджеттік сала қызметкерлерімен» ауқымды үгіт-насихат және түсініктеме жұмыстарын кеңінен жүргізу керек деген шешімге келді.

Мұнымен қатар, Айбатыр Жұмағұлов жергілікті атқару органдарына Қолжетімді тұрғын үй бағдарламасын аудан орталықтарында да жүзеге асыра бастау қажеттігін ұсынды. Сондай-ақ жергілікті ірі компанияларға үй салуға жер бөлу мүмкіндігін қарастыруды баса айтты. Өз кезегінде ондай компаниялар өз қызметкерлері үшін тұрғын үй құрылыс жүйесі арқылы тұрғын үй салуға мүмкіндік алар еді.

ҚТҚЖБ Баспасөз қызметі
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше