Күзді ұнатпаймын


Басқаларды қайдам, өз басым күз мезгілін онша ұнатпаймын. Бала кезден.

Дәл қазір Астанада түні бойы жауған жаңбырдан жер деген лайланып, күн бұлттанып, ызғарлы жел ұрып тұрғаны.

Күз келсе болды, онсыз да жүдегіш жаным екі есе жүдеп салады. Күз келсе болды, онсыз да депрессияға жиі түскіш басым, екі есе жабығып кетемін. Күз келсе болды, онсыз да мұңлы ойларымның мұхитына екі есе белшемнен бата түсем. Сол кезде жарқ-жұрқ етіп жүретін, ешқандай ауа райына, ешқандай мезгілге пысқырып қарамайтын адамдарға қызығып қарап қаламын. Қалай осылар сияқты ештеңені көңілге алмай жүруге болады деп? Сосын күз мезгілін ұнатам дейтіндерге де таң қалам. Жаны соншалықты қартайып кеткен бе деп. Жас адам көктем мен жазды жақсы көрмеуші ме ед?..

Күздің де өз әдемілігі, өз қолтаңбасы, өз сұлулығы бар. Бірақ, менің ішкі дүниемдегі жайнаң қаққан жаз айы мен көктемге қарама қайшы келетін құбылыс.

Ойладым, неге күзді ұнатпаймын деп. Күз кәрілікті бейнелейтін сияқты. Күз өміріңнің көктемі мен жазы мәңгі тұрақтамайды, ертең сенде мен сияқты қартайып, осылайша бар байлығың жапырағыңнан да айрылып, ақ қырау мен үскірік шалатын қарттыққа да (қыс мезгіліне) жетесің дегенді тұспалдап тұрғандай. Иә, білем, қарсы уәж айтқыңыз кеп тұр, “адамдар күзде де күледі, күзде де тойлайды” деп. Бірақ, сол Адамың көктем мен жазда да “жылайды”.

Адамның қуанышы мен қайғысы мезгілді таңдамайды. Жылағысы келген адам күзің не, жазың не, өкіріп отыруы мүмкін. Айтқым келгені, күз мезгілі – онсыз да өмірдің шындығына қасқайып тура қарайтын жандарды өткінші жалғанның бейнесімен екі есе қауыштырып, одан сайын қамықтыра түсетіндігінде.
Әрі қарай

Өсетін ON ба, өшетін ON ба?


on.kz сайтының ашылғанына қанша уақыт болғанын нақты білмеймін, бірақ қазіргідей нәтижесі осы уақытқа дейін жұмсалған қаржы мен еңбектің ақталмағандығының айқын көрінісі деп санаймын.

Басқа сайттарға қарағанда көптеген техникалық мүмкіндіктері қарастырылған on.kz-дегі тұрақты қолданышулардың саны мыңға да жетпейтін сияқты. Жарнамалау мен түрлі қолдаулардың барлық түріне жету мүмкіндігі бар (газет, радио, телеарна, порталдар) ресурстың мына күйі қарын аштырады.
Әрі қарай

Тәржіма!!!

«Аццсотоно» каналында «День Независмости» пантастикалық блокбасқыры болып өтті жаңа. Мынабір сабтитрінен кесемді тасыма аударып, ұрпақсыз қала жаздадым нақ:
"… После Вьетнама работал на сельском хозяйстве, сеял на поля семена".
Субтитр:
"… Вьетнамнан кейін ауылшаруашылықта жұмыс істедім, егістік алқаптарына ұрық шаштым...".
Әрі қарай

Қаламгерлер журфактықтармен кездесті

Кеше білім қарашаңырағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің № 5 жатақханасында оқу жылының бастамасы ретінде факультет деканы Есберген Алаухановтың ұйымдастыруымен келелі кеш өтті. Мазмұнды шараға елімізге есімі белгілі қаламгерлер, «Қазақстан» ұлттық телеарнасынан Нұртілеу Иманғалиұлы, «Заң» газетінен Бекжан Әшірбаев, Аманхан Әлім, «Үркер» жастар журналынан Қуандық Түменбайлар келді. Жиынның мақсаты – биылғы жаңа оқу жылына бағыт алған болашақ журналистерге алғы буын ағалардың дәрісін тыңдатып, ақыл кеңесін алу. Басқосуды ашқан журналистика факультетінің деканы мұндай тәлімі мен тәрбиесі мол кештің бізге өте қажеттігін айта келіп, қаламгерлерге сөз берді.
Әуелгі сөзді тележурналист Нұртілеу Иманғалиұлы алып, студенттік жылдарында көрген қиындығы мен қызықтарын баяндай келіп, журналистерге екі қажеттілік, бірі – білім, екіншісі – мінез керектігін тілге тиек етті. Ал, «Үркер» журналының бас редакторы Қуандық Түменбай құзырындағы басылымға журналистика факультетінің студенттерінің де атсалысқаны жөн екенін айтты. Бұдан кейін Заң газетінің бас редакторы Бекжан Әшірбаев студенттер қауымын жаңа оқу жылымен құттықтай отырып, «Қазіргі көзіміз ашық, көкірегіміз ояу кезеңде журналистер түрлі себептермен бұқара халықтың мәселесін шешіп, олардың құқығының қорғалуына себепші болады. Өкінішке қарай, сөз киесін арқалап жүрген қаламгерлер өз құқығын өзі қорғай алмай жатады» деп қынжылыс білдірді. Журналист, ақын Аманхан Әлімнің тұщымды пікір, салмақты сөзі болашақ журналистердің көзқарасын айқындап, сөз өнеріне өзім деп қарауға тәрбиелегендей болды.
Факультет басшысы һәм ұстаздар қауымы алдағы мезгілдерде де мұндай ғибратты шаралардың көптеп өткізілетініне сөз берді.
Әрі қарай

Абылай хан

Алтай мен Атыраудын арасындаfы Уланfайыр алкап Кошпендi казак журтынын баfзыдан бергi iрге тепкен ата конысы.Уланfайыр атырап, Ертiс пен Едiлдiн, Арка мен Алатаудын арасы казактын алтын бесiк ата журты. Агараки, кiм де кiм осынау касиеттi жерiмiзге коз алартып, шыркымызды бузар болса, оз канына озiн туншыктырарымызды бiлiп койfан абзал.Тосекте басымыз косылмаса да тоскейде малымыз косылfан кай коршiмiзге де айтарымыз осы. Дос болfанfа кушаfы ашык туыспыз, кас кылfанfа, киып тусер кылышпыз.болса, оз канына озiн туншыктырарымызды бiлiп койfан абзал.Тосекте басымыз косылмаса да тоскейде малымыз косылfан кай коршiмiзге де айтарымыз осы. Дос болfанfа кушаfы ашык туыспыз, кас кылfанfа, киып тусер кылышпыз.
Әрі қарай

Есімде еді

Есімде еді, есіңде еді,
Бізбен бірге талдардың шешінгені.
Қимылымды құп алып, қарсы болмай,
Кінәлі ғып тастадың сосын мені.
Әрі қарай