Қаламгерлер журфактықтармен кездесті

Кеше білім қарашаңырағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің № 5 жатақханасында оқу жылының бастамасы ретінде факультет деканы Есберген Алаухановтың ұйымдастыруымен келелі кеш өтті. Мазмұнды шараға елімізге есімі белгілі қаламгерлер, «Қазақстан» ұлттық телеарнасынан Нұртілеу Иманғалиұлы, «Заң» газетінен Бекжан Әшірбаев, Аманхан Әлім, «Үркер» жастар журналынан Қуандық Түменбайлар келді. Жиынның мақсаты – биылғы жаңа оқу жылына бағыт алған болашақ журналистерге алғы буын ағалардың дәрісін тыңдатып, ақыл кеңесін алу. Басқосуды ашқан журналистика факультетінің деканы мұндай тәлімі мен тәрбиесі мол кештің бізге өте қажеттігін айта келіп, қаламгерлерге сөз берді.
Әуелгі сөзді тележурналист Нұртілеу Иманғалиұлы алып, студенттік жылдарында көрген қиындығы мен қызықтарын баяндай келіп, журналистерге екі қажеттілік, бірі – білім, екіншісі – мінез керектігін тілге тиек етті. Ал, «Үркер» журналының бас редакторы Қуандық Түменбай құзырындағы басылымға журналистика факультетінің студенттерінің де атсалысқаны жөн екенін айтты. Бұдан кейін Заң газетінің бас редакторы Бекжан Әшірбаев студенттер қауымын жаңа оқу жылымен құттықтай отырып, «Қазіргі көзіміз ашық, көкірегіміз ояу кезеңде журналистер түрлі себептермен бұқара халықтың мәселесін шешіп, олардың құқығының қорғалуына себепші болады. Өкінішке қарай, сөз киесін арқалап жүрген қаламгерлер өз құқығын өзі қорғай алмай жатады» деп қынжылыс білдірді. Журналист, ақын Аманхан Әлімнің тұщымды пікір, салмақты сөзі болашақ журналистердің көзқарасын айқындап, сөз өнеріне өзім деп қарауға тәрбиелегендей болды.
Факультет басшысы һәм ұстаздар қауымы алдағы мезгілдерде де мұндай ғибратты шаралардың көптеп өткізілетініне сөз берді.
Бөлісу:

44 пікір

satibaldi
Мазмұнды шараға елімізге есімі белгілі қаламгерлер, «Қазақстан» ұлттық телеарнасынан Нұртілеу Иманғалиұлы, «Заң» газетінен Бекжан Әшірбаев, Аманхан Әлім, «Үркер» жастар журналынан Қуандық Түменбайлар келді.
Мына есімдерді бұрын естіген болсам, тасым атылып кетсін нақ.
patick
аха, декан таныр, бірақ студенттер тошны танымайд
e_zhalgas
статистикалық дәлдікпен алатын болсақ, олардың есімін жазушылар одағының 700 мүшесімен, бір 500 журналист білетін болуы керек
Tarazkyzy
бұл журналист қауымына аса таныс есімдер:-)
e_zhalgas
әрине, оналты миллиондық адамның есебінен процентке шағып жіберсең, әрине белгілі бір дәрежеде олар «танымал»
Tarazkyzy
Басқасын қойш, Нұртілеу Иманғалиұлы есімі танымал ма десем
e_zhalgas
телек қарамайтын адам болған соң ештеңе айта алмаймын
konvict
Халықтың арасында жүріп, солардың тыныс-тіршілігін тыңдаған адамдай болмаш
e_zhalgas
солардың тыныс-тіршілігін тыңдаған адамдай болмаш
мынауыңды сіңіре алмадым, нақтырақ…
konvict
негізі саған жазылып кетіпті. жалпыға айтқым келген. халықтың қасында жүрген адамдай сөйлейд да ше, ой ол танымал адам емес, ой ол андай-мындай деп. рас, мен жоғарыдағының біреуінің де атын естімеппін. бірақ мен естімедім екен деп ол адамның танымалдығына нұқсан келмейді ғой(егер ол танымал болса)?!
meirzhan
дебатщиктер  қойыңдар
Zako
Мен сол кісіні ғана таныдым. Қалғандарының жұмыс орындарын ғана таныдым
AKY
Ия, 2 жұлдызға қатысты ғой, ия?
belgisiz_birey
Нұртілеу Иманғалиұлы… Ол белгілі адам.Хм.
Zako
«Бай-қуатты болайық, ағайын»
meirzhan
Бәрі де көзі қарақты оқырман үшін танымал адамдар.
Zako
Танымасаң, көзің қарақты емес дегені ме?
meirzhan
Танымасаң қазақ журналистикасын оқымайсың деген сөз.
Zako
Дұрыс журналистіканың жоқ екенін ескерсек, оқуға тұрарлық дүниелердің де болуы екі талай екенін жазбаның аптыры ескермегенге ұқсап тұр.
meirzhan
Талғамға талас жоқ, кейбірі оқиды, оқуға тұрарлық санайды. Кейбірінде басқа таңдау да жоқ.
Zako
Иә, оқитыны рас. Шымкенттік ұры газеттерді сүйып оқитын оқырмандары бар екен.
meirzhan
Әркім деңгейіне, талғамына, мүмкіндіктеріне (интеллекуалдық, қаржылық) байланысты оқиды.
Zako
«Қазіргі көзіміз ашық, көкірегіміз ояу кезеңде журналистер түрлі себептермен бұқара халықтың мәселесін шешіп, олардың құқығының қорғалуына себепші болады.
Хобор мен ЭльАрна телеарналарының журналистеріне қатысы жоқ тіркес деп түйдім.
e_zhalgas
тұщымды пікір, салмақты сөзі болашақ журналистердің көзқарасын айқындап, сөз өнеріне(?) өзім деп қарауға тәрбиелегендей (?) болды.
e_zhalgas
мәңгілік сұрақ: «журналистика — призвание или ремесло?!»
Журналистика мамандығын оқу барысында оқытушылармен осы төңірегінде көп айтатын. Олар сөз өнеріне баулығыш келетін еді. Көзқарасты анықтауға ешкім көмектесе алмайды, итермелеуі, тықпалауы мүмкін, бірақ көмектесе алмайды.
meirzhan
сен орысша оқыдың ба?
e_zhalgas
жоқ, қазақша, анау сөзді қазақша аудара алмадым  «призвание» дегенін
patick
Бұрын бірінші курста біздерді топырлатып кездесулерге алып баратын. Ақын не жазушы екенін білгенде, бұтағыңа дейін толқып қолтаңба алуға асығасың
qisyq
бұтағыңа дейін толқып
edige
Ой талібтер ай десейш. Өлтіресің нақ...
qisyq
Олжас, түсінемін, бұл сен үшін бір пайдалы, ерекше кездесу болған шығар. Жоғарыда аты алаған адамдардың да «бекер жаратылмағанына» күмәнім жоқ.
Бірақ! Бірақ…
Көзімізді тырнап ашқаннан бері естіп келе жатқан, сыдиып, сыриып, сықиып қалған ресми тіркестерді қолданбай-ақ жазуға болады ғой. Әлде, сен шынымен де өзіңмен-өзің оңаша қалып, ойға батқанда немесе шабытың келіп, шалқып өлең жазғанда
оқу жылының бастамасы ретінде факультет деканы Есберген Алаухановтың ұйымдастыруымен келелі кеш өтті
,
Басқосуды ашқан журналистика факультетінің деканы мұндай тәлімі мен тәрбиесі мол кештің бізге өте қажеттігін айта келіп, қаламгерлерге сөз берді
,
Факультет басшысы һәм ұстаздар қауымы алдағы мезгілдерде де мұндай ғибратты шаралардың көптеп өткізілетініне сөз берді
деген тіркестерді қолданасың ба?
Егер жоқ болса мұндай кездесу, тек кездесу ғана емес, кез келген шара жайында, ол мейлі «Арлан» элиталы бөлімшесінің оқу-жаттығу жиыны, жезөкшелерге қарсы күрес, "Әл-Қаиданың қатарына қосыл!" акциясы немесе «Ночь с пятницы на понедельник» жастар кеші болсын, әдемі, қызықты етіп жеткізудің ондаған жолы бар. Суреттер қайда? Өзіңнің ойың, пікірің қайда?
Журналист, ақын Аманхан Әлімнің тұщымды пікір, салмақты сөзі болашақ журналистердің көзқарасын айқындап, сөз өнеріне өзім деп қарауға тәрбиелегендей болды
Мұндай емес шынайы, адами пікір.
Ақыл айтып, көсемсімей, тігілші десең де еркің, бірақ, мұнда отырған ел де бұттарына тамызып, бұтақтарын салбыратып қана отыратындар емес, кәдімгдей қарайған ел-жұрт…
Жеке өзіме мына жазбаңнан да, ана «Омырау мен бөксе» туралы өлеңің көбірек ұнайды. Онда, қоть, табиғи сезімдер бар.
Zako
Егемен газетіне баратын баланың бетін қақпа.
konvict
Қой и, егеменге бара алмас Олжас. Немесе сенің сөзіңді егеменді мысқылдап қалу деп ұқсақ та егеменге жарияланатын мәселеге үкімет амалсыз назар аударады
Zako
Мен патырдың тұщымды, сөз маржаны мен жақұттарын тере отырып, клавиатура тербей отырып жазған кей тіркестерін айтып едім. Ол тіркестер Қисықтың жоғарыдағы мақаладан да ұзақ пікірлерін туғызды.
Zako
патырдың емес,аптырдың
Zako
Егеменді мысқыдағаным да бар.
edige
Ел тіршілігі көтерілген етек пен шайқатылған омырау емес дешиш…
e_zhalgas
ескі мен жаңа, дәстүр мен новация, өнер мен креатив шайқасқа түскен мезет. Қайтпаңдар, жаңа шайқас басталып келе жатқандай ма?!
Tarazkyzy
Бекжан Әшірбаев бізге бір дәріс оқыған кезінде.Жақсы ағай:-)Айтпақшы ол «Көршінің қызы» әнінің авторы
meirzhan
«универден біздің неге кетеді, декан ағай ма жақпаған?».
Tarazkyzy
жаңа декандар жақпады ғой әйтеуір
qisyq
зачот!)))))))))))))))))))))))))))))